Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау (ҚР ҚК 122 б.)



бет44/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

4 Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау (ҚР ҚК 122 б.)

ҚР ҚК 122-бабында көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Көрсетілген бапта жәбірленушінің келісімі бойынша күш қолданусыз табиғи немесе анайы нысандағы жыныстық қатынастар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген. Осы аталған әрекеттерді он алты жасқа толмаған тұлғамен жасайтындығын кінәлі адамның білуі, осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізі шарты болып табылады.
ҚК 122-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсудің бірлі-жарым оқиғалары үшін де, сондай-ақ нақты неке сипатындағы бірге тұрған жағдайларда да туындайды.
Жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын жасауға жәбірленушінің келісімі болмаған реттерде жауаптылық зорлау немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін туындауы тиіс.
Қылмыстың берілген құрамын жәбірленуші өзінің тым жас болуы немесе психикалық дамуы жағынан артта қалуы не психикалық ауытқушылықтарына байланысты өзіне қатысты жасалып жатқан әрекеттердің мәнісін түсінбей, «келісім берген» немесе қарсылық жасай алмайтын жағдайлардан ажырату қажет. Егер кінәлі адам жыныстық қатынасқа түсу, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын жасау кезінде жәбірленушінің осындай жағдайда екендігін сезінген болса, онда оның әрекеттері ҚК 120 немесе 121 баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануы тиіс.
Берілген қылмыс түрінің ауырлатылған құрамы 122-баптың 2 және 3-бөліктерінде бекітілген. Он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбилеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге адам жасаған адам дәл сол әрекеттер (ҚК 122 б. 2 б.) жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттер бірнеше рет жасалған жағдайда (ҚК 122 б. 3 б.) он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  • 5 Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (ҚР ҚК 123 б.)

Қолданыстағы қылмыстық заң адамды бопсалау, оған мүлкін жою, бүлдіру немесе алып қою қатерін төндіру арқылы не жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасауға мәжбүр еткені үшін қылмыстық жауаптылық бекіткен.
Қылмыстың объективтік жағы жәбірленушіні жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүр етуден көрініс табады. Кінәлі адам жәбірленушінің жоғарыда аталған әрекеттерді жасауға құлықсыз екендігін сезіне отырып, оған жүріс-тұрыстың өзге нұсқасын ұстануға мүмкіндік қалдырмайды және оның сексуалдық сұраншақтығын қанағаттандыруға мәжбүр етеді. Заң мәтінінде қандай нақты әрекеттердің жәбірленушіні мәжбүрлеудің тәсілдері болып табылатындығы және сол себепті де жазалануға жататындығы атап көрсетілген: бопсалау, оның мүлкін жою, бүлдіру немесе алып қою қатерін төндіру, жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдалану. Қызметі бойынша бағынысты болып табылатын тұлғаға жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау туралы тек ұсыныс жасау және осының барысында мәжбүрлеу орын алмаса, қылмыс құрамы болмайды.
Бопсалау дегенді жәбірленушіге қатысты және оның атына кір келтіретін шынайы немесе жалған мәліметтерді жариялаймын деп қорқыту ретінде түсінген дұрыс. Бопсалаудың барысында кінәлі адам, жәбірленушінің өзінің атына кір келтіретін мәліметтердің таратылуына мүдделі емес екендігін түсінеді, осы жәйтті ол жәбірленушіні өзімен сексуалдық сипаттағы қатынастарға түсуге мәжбүрлеудің құралы ретінде пайдаланады.
Оған мүлкін жою, бүлдіру немесе алып қою қатерін төндірумен қорқыту дегенді кінәлі адамның осы аталған әрекеттерді жүзеге асыратындығы туралы айтқан сөздері, жасаған ишараттары немесе жазған жазбалары деп түсіну қажет (мысалы, тонау, қарақшылық кезінде), немесе меншікті жәбірленушінің иелігінен құқыққа қайшы алып қою (автокөлікті айдап әкету) немесе мүлікті жою не бүлдіру (өртеу, жарылыс жасау). Осы тақілеттес қорқытулардың жүзеге асатындығына қауіптенуге нақты негіздердің бар екендігі анықталған ретте жауаптылық туындайды.
Жәбірленушінің материалдық немесе өзгелей тәуелділігін пайдаланып сексуалдық әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу барысында кінәлі адам жәбірленушінің заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайтын әрекеттерді жүзеге асыратындығын айтып қорқытады. Балалары ата-анасына, қызметкер бастыққа, студент оқытушыға, аспират ғылыми жетекшісіне, спортшы жаттықтырушысына, қатардағы азамат билік өкіліне, қарыз алушы кредиторға және т.б. тәуелділіктер болуы мүмкін. Мәжбүр ету лаузымын төмендету, жұмыстан шығарып жіберу, жалақысын азайту, емтиханда орынсыз төмен баға қою, тұрғын үйден, материалдық қамтудан, қамқорлықтан айыру туралы қорқытуларды айту арқылы көрініс табуы мүмкін.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналық арқылы сипатталады. Кінәлі адам заңда көрсетілген тәсілдерді жәбірленушіні өзімен сексуалдық сипаттағы қатынастар жасау үшін пайдаланылатындығын сезінеді және оларды жасауды тілейді.
Берілген қылмыстың субъектісі болып, қылмысты жасау сәтінде он алты жасқа толған еркек немесе әйел адам табылады. Жәбірленушіні сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасауға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттерді жасаған сәттен аяқталған деп саналады. Қылмысты аяқталған деп тану үшін жәбірленушімен сексуалдық сипаттағы әрекеттердің нақты түрде орын алғандығы немесе орын алмағандығы маңызға ие болмайды.
Жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу тұлғаның жеке өзінің жыныстық құмарлықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ өзге тұлғалардың мүддесі үшін (мысалы, бастықпен немесе кінәлі адамның туысқанымен) жасалуы да мүмкін. Осыған байланысты, жәбірленушіге психикалық ықпал жасаған немесе сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасауға жеке өзі мәжбүрлеген тұлғалар ғана емес, сонымен бірге жәбірленушіні мәжбүрлеуге өздері қатыспаған, бірақ ол туралы білген және содан кейін онымен жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған тұлғалар да берілген бап бойынша жауаптылыққа тартылады.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет