Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Жас балаларды азғындық жолға түсіру (ҚР ҚК 124 б.)



бет45/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

6 Жас балаларды азғындық жолға түсіру (ҚР ҚК 124 б.)

Жас балардың өздерінің қорғансыз, әр нәрсеге әуесті, өздеріне қатысты жасалатын сексуалдық әрекеттердің сипаттарын дұрыс түсінбеулеріне байланысты қылмыстың құрбанына оңай айналуының мүмкіндігі берілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігін білдіреді. Жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасау олардың психикасына өте жағымсыз әсер етеді.
Жас, яғни он төрт жасқа толмаған балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі болып табылады. Аталған жас шамасына толмаған қыздар және ұл балалар қылмыстың жәбірленушісі болады.
Қылмыстың объективтік жағы көрінеу жас балаға күш қолданусыз, яғни ерікті түрде азғындық әрекеттерді жасаудан көрініс табады. Ерікті түрде дегенді бұл ретте, табиғи не анайы түріндегі жыныстық қатынастан бөлек сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жас баланы мәжбүрлемей, оған күш қолданусыз жасау деп түсінген дұрыс.
Азғындық әрекеттер тәндік, сондай-ақ интелектуалдық сипатта болуы мүмкін. Тәндік сипаттағы азғындық әрекеттер ретінде жас балаларға өзінің жыныстық мүшелерін жалаңаш түрінде көрсету, оларды қолдарымен ұстау, сипау, әдепсіз, бейпіл түрде жанасу және т.б. атап көрсетуге болады. Интелектуалдық сипаттағы азғындық әрекеттерге сексуалдық тақырыптарға ұятсыз әңгімелер айту, порнографиялық суреттерді көрсету және т.б. жатады. Азғындық әрекеттерді жасау басталған сәттен қылмыс аяқталған болып табылады. Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасқаналықпен жүзеге асады. Кінәлі адам он төрт жасқа толмаған адамға қатысты азғындық әрекеттерді жасайтындығын сезінеді және осындай әрекеттерді жасауды тілейді. Қылмыстың мотиві жыныстық құмарлық, сондай-ақ өзге де әуейі пиғылдар болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған еркек немесе әйел жынысты адам.
Соңғы жылдары қылмыстың аталған түрінің тым жиі кездесе бастауына байланысты қылмыс үшін жаза қатайтылған. Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша берілген қылмыстың ауырлатылған құрамдары төмендегідей:
- жас балаға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбилеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге адам жасаған азғындық жолға түсіру әрекеттері үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айруға жазаланады (ҚК 124 б. 2 б.);
- бірнеше жасалған азғындату әрекеттері он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚК 124 б. 3 б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет