Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет42/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2 Зорлау (ҚР ҚК 120 б.)

Қылмыстың, солардың қатарында зорлаудың объектісіне қатысты мәселелер ғылым өрісінде қызу пікірталас туғызып отырған мәселе болып табылады.
Қылмыстың сипаты, оның қоғамдық қауіптілігі ең алдымен, ол қол сұғатын объектінің маңыздылығына сәйкес анықталады. Заңшығарушының қылмыстық құқықпен қорғауға алынған әлдеқандай объектіні таңдап алуынан және оларды қорғаудың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілікте мемлекеттің қылмыстық саясатының басым бағыттары, адам қоғамының дамуының деңгейімен, мәдениеттің, өнегеліктің, моральдың жай-күйімен айқындалатын құндылықтардың мемлекетпен қорғалуының маңыздылық деңгейі туралы болжам жасауға болады.
Қылмыс объектісі айтарлықтай негізде қылмыстық қол сұғушылықтың бір түрін басқаларынан ажыратуға мүмкіндік береді, осының барысында сырттай ұқсас келетін аралас қылмыс құрамдары мысалы, іс-әрекеттің үлгісі бойынша ұқсас, бірақ бірдей емес әлеуметтік мазмұн мен бағытқа ие болатындары әртүрлі құқықтық саралауға ие болады. Осындай жұмыстың маңыздылығы ешқандай дау туғызбайды себебі, жазаны жасалған іс-әрекетіне сәйкес дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді. Сондықтан қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңызы өте жоғары.
Зорлаудың барысында қылмыстың топтық объектісі болып табылатын «жеке тұлғаға» қол сұғу жүзеге асырылады. «Жеке тұлға» ұғымы қарастырылып отырған қылмыстың түрлік және тікелей объектісін кірістіретін қоғамдық қатынастардың жиынтығын қамтиды.
Егер түрлік объекті дегенді «қылмыстың жекелеген түрі (бұл жағдайда – жыныстық қылмыстар) қол сұғатын қоғамдық қатынастар» - деп қарастыратын болсақ, зорлаудың түрлік объектісі болып мораль мен өнегелік нормаларына негізделген біздің қоғамымыздағы жыныстық қатынастардың әлеуметтік салты танылуы тиіс. Осындай салттың шеңберінде әйелдің жыныстық бостандығы және әйел жынысты кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты рухани және тәндік дамуы қорғауға алынады.
Сондықтан 16-жасқа толған әйел адамдардың жыныстық бостандығын, сондай-ақ 16-жасқа толмаған әйел жыныстылардың жыныстық қолсұғылмаушылығы мен қалыпты түріндегі рухани және тәндік дамуын зорлаудың тікелей объектісі деп санау қажет.
Қазақстанның әрекет етуші қылмыстық заңнамасы бойынша 16-жасқа толған әйел адаммен күш қолданусыз (ерікті түрде) жыныстық қатынас жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделмегендіктен осындай жас өлшемі бекітілген.
Жыныстық қатынастар салты, адамдардың жыныстық жүріс-тұрыстарына қатысты қоғамда үстемдік құратын көзқарастар мен қағидалардың айнасы іспеттес. Жыныстық қатынастар салтының мазмұнын жыныстық мораль және өнегелік мәселелерінен тыс қарастыруға болмайды. Жыныстық мораль және жыныстық өнегелік қоғамда қаншалықты жоғары болса, жыныстық қатынастар салты да соншалықты бекем болады, оған қолсұғу да сирек кездеседі.
Өз кезегінде жыныстық мораль және өнегелік қоғамның жалпы моральдық жай-күйіне, оның имандылығының деңгейіне тікелей тәуелді болады, себебі олар қоғамның өнегелік нормалары жүйесінің бөлшегі болып табылады. Жыныстық өнегелік ұғымы адамдардың тек сексуалдық жүріс-тұрыс ережелерін ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы сексуалдық қатынастарға қатысты көзқарастарды, әдет-ғұрыптарды да кірістіреді.
Кез келген қылмыс өнегесіз жүріс-тұрыс деп танылады, барлық қылмыс бірдей жыныстық мораль және жыныстық өнеге нормаларын бұзбайды.
Жыныстық мораль және жыныстық өнеге ұғымдары бірмәнді түсініктер болып табылмайды. Жыныстық өнеге – жыныстық мораль ұғымынан кеңірек түсінік. Жыныстық өнеге қоғамдағы жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға жалпы қабылданған көзқарастарды көрсететін және адамдардың сексуалдық жүріс-тұрыстарының барлық жақтарын реттейтін мораль нормаларының жүйесінен құралады. Қоғамда орын алып отырған жыныстық қатынастар салты жыныстық өнегенің ахуалына тікелей тәуелді болады. Қоғам мүшелері басшылыққа алатын мораль деңгейі жоғары, өнегелі қоғамда орын алып отырған жыныстық қатынастар салты, сексуалдық құқық бұзушылықтар деңгейіне тежеушілік ықпал етеді. Керісінше, беймораль, өнегесіз, имансыз қоғамда сексуалдық құқық бұзушылықтардың деңгейі де жоғары болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жыныстық бостандық зорлаудың тікелей объектісі болып табылады. Жыныстық бостандық – адамның жеке бостандығының құрамдас бөлігі болып табылады, ол сексуалдық қажеттіліктерін қалай қанағаттандыруды тұлғаның жеке өзінің анықтайтындығынан көрініс табады. Оған психикалық тұрғыдан алғанда дені сау, 16-жасқа толған тұлға ие болады. Осының барысында 16-жасқа толмаған, сондай-ақ психикалық ауытқушылықтары бар тұлғамен ерікті түрде немесе күш қолдану арқылы жыныстық қатынасқа түскен жағдайда ҚР ҚК 120-122 баптары бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды. Осындай реттерде жыныстық қолсұғылмаушылық ҚК 120,121 және 124 баптарында көзделген қылмыстардың объектісі болып табылады. Жыныстық бостандық құқығына кім ие болады деген сұраққа қатысты әдебиеттерде өзге де пікірлер бар. Жекелеген ғалымдардың пайымдары бойынша, жыныстық тұрғыдан алғанда балиғатқа толған (пісіп жетілген) тұлғалар жыныстық бостандыққа ие болады.
Тұлғаның сексуалдық жүріс-тұрысы өзге тұлғалардың мүддесін немесе қоғамның мүдделерін бұзбаған кездегі ғана жыныстық бостандық, зорлаудың объектісі бола алады. Зорлау кезінде кінәлі оған күш қолданып немесе оның дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жыныстық қатынас жасау жолымен жәбірленушінің жыныстық бостандығын бұзады. Бірақ жыныстық бостандық өзінің сексуалдық қажеттіліктерін тек заңды жолдармен ғана емес, сонымен бірге құқыққа қайшы әдістермен де қанағаттандырудан көрініс табуы мүмкін. Оларға кедергі келтіруді қылмыстық жүріс-тұрыс деп бағалауға болмайды. Мәселен, біреуді зорламақ болған немесе өзінің жыныстық құмарлығын қоздыру үшін жыныстық мүшесін ашық күйінде қарсы жынысты тұлғаға көрсетпек болған (эксгибиоционизм) адамға кедергі жасау.
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас болып табылады (ҚК 120 б.). Қылмыстың объективтік жағының белгілері баптың дипозициясында барынша анық сипатталған.
Жыныстық қатынас – «бұл ұрпақты жалғастыруға бағытталған және еркектің жыныс мүшесін әйелдің жыныстық қынабына кіргізуден көрініс табатын физилогиялық акт. Жыныстық қатынас – бұл ең алдымен, тек жыныстардың ғана қатынасы. «Жыныстық қатынас» заңи емес, медициналық термин болып табылады және бұл ұғымды сексология қалай түсіндіретін болса, нақ солай түсінген дұрыс.
Егер кінәлі адам жыныстық қатынасты әйелдің еркіне қарсы, күш қолданып, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану қатерімен қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасайтын болса, онда ол зорлау деп танылады. Әйелдің өзімен жыныстық қатынасқа түсуіне алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен қол жеткізген тұлғаның әрекеттері зорлау болып табылмайды.
Күш қолдану – адамға тәндік тұрғыдан әсер ету болып табылады. Зорлаудың барысындағы күш қолдану денсаулыққа әртүрлі дәрежедегі зиян келтіруден, ұрып-соғудан денсаулыққа ауыр зиян келтіруге дейін орын алуы мүмкін. Ол тәннің ауруынан, бостандықты шектеуден, байлап тастаудан, жәбірленушінің алқымынан қысып қылғындырудан, яғни әйел адамның қарсылығын тойтаруға көмектесетін немесе қарсылық жасауға мүмкіндік бермейтіндей кез келген күш қолдану түрінен көрініс беруі мүмкін.
Зорлаудың кезіндегі тәндік күш қолдану тек механикалық жолмен ғана емес, сонымен бірге химиялық және биологиялық әсер етулер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңнама зорлауды жүзеге асырудың тәсіліне күш қолданамын деп қорқытуды да, яғни психикалық күш көрсетуді де теңестіреді. 
Қорқыту - психикалық күш қолдану болып табылатын және өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін не мүлікті өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге қауіпті тәсілмен құртамын деп айтулардан көрініс табатын әрекеттерден құралады.
Зорлаудың немесе сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерінің барысындағы қорқыту ретінде, жәбірленушілердің қарсылығының бетін қайтару мақсатында оларды осындай әрекеттер немесе ауызша айтылған сөздермен кінәлінің нақты жүзеге асыратындығын, яғни жәбірленушілердің өздеріне немесе олардың жақындарына күш қолданатындығын білдіруін түсінеміз. Қорқыту ҚР ҚК 120 және 121 баптарының диспозицияларында көрсетілген зорлауды немесе сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерді жүзеге асырудың барысында жәбірленушінің қарсылығын басудың тәсілдерінің бірі болып табылатындықтан кінәлінің әрекеттерін ҚР ҚК 115-бабымен қосымша саралау талап етілмейді.
Зорлауды немесе сексуалдық сипаттағы өзгедей зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асырғаннан кейін мысалы, жәбірленушілерді үрейлендіру немесе болған жайды жария етпеу мақсаттарында өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін не мүлікті өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге қауіпті тәсілмен құртамын деп қорқыту, егер осындай қорқытулардың нақты жүзеге асатындығына қауіптенуге жеткілікті негіздер болған реттерде олар ҚР ҚК 115-бабымен дербес сараланады, ал тұтастай алғандағы іс-әрекет көрсетілген норманың және ҚР ҚК 120 немесе 121-баптарының тиісті бөліктерімен қылмыстардың жиынтығымен сараланады.
Мүлікті құртамын деп қорқыту және жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқыту жолымен, яғни бопсалауды пайдалану арқылы жыныстық қатынас жасау зорлау деп таныла алмайды. Көрсетілген әрекеттерді жасаймын деп қорқыту әйелді дәрменсіз күйге түсірмейді, себебі оның өзін қорғау шараларын қарастыруға немесе көмекке шақыруға уақыты болады.
Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру тек жәбірленушіге ғана емес, сонымен бірге өзге адамдарға да (туыстарына, жақындарына, таныстарына) қолданылуы мүмкін, осының кезінде қорқыту жыныстық актіден бұрын орын алуы тиіс. Егер тәндік немесе психикалық күш жыныстық қатынас басталғаннан кейін, күш қолданумен жасалып жатқан жыныстық қатынастың аяқталуына кедергі келтірудің алдын алу мақсатымен немесе көрсетілген тұлғаларды олар құқық қорғау органдарына хабар бермесін деп қорқыту үшін қолданылған болса онда оларды сот төрелігіне қарсы қылмыстар (ҚК 422 б. «Жалған айғақтар беруді емесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу») немесе қасақаналықтың бағытталуы мен нақты түрде орын алған салдарға тәуелді түрде жеке тұлғаға қарсы қылмыстар ретінде саралануы тиіс.
Субъективтік жағынан зорлау әрқашан тікелей қасақаналықпен жасалады. Зорлауды жасау барысында кінәлі жыныстық қатынастың күш қолданудың немесе оны қолданамын деп қорқытудың немесе жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланудың нәтижесінде орын алғандығын сезінеді және осыған қарамастан жыныстық қатынас жасауды тілейді. Зорлауды жасудың негізгі мотиві – бұл өзінің немесе өзге тұлғалардың жыныстық қажеттілігін қанағаттандыру. Бұзақылық ниет, жәбірленушіні масқара ету немесе одан кек алу зорлаудың жанама мотивтері болуы мүмкін. Зоралаудың мақсаты кінәлі адамның немесе өзге адамның жыныстық құмарлығын қанағаттандыру.
Күш қолдану арқылы әйелмен жыныстық қатынас жасаған тұлғалар сондай-ақ жәбірленушіні зорлау сәтінде оған тікелей көмектескен адамдар зорлаудың субъектісі болып табылады. Зорлаудың бірігіп орындаушысы әйел адам да болуы мүмкін. Зорлау үшін қылмыстық жауаптылық 14-жастан басталады.
Зорлаудың ауырлатылған және ерекше ауырлатылған құрамдары ҚК 120-бабының 2,3,4 бөліктерінде бекітілген.
1) адамдар тобы, алдан ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен жасалған;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;
4) бірнеше рет жасалған зорлау (120 б. 2 б.).
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;
5) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбилеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адам жасаса;
6) қылмыстық топ жасаса (120 б. 3 б.).
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қастысты жасалса.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет