Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет49/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

4 Адам саудасы (ҚР ҚК 128 б.)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық қодексінің 128-бабы адам саудасы үшін қылмыстық жауаптылықты бекіткен. Адам саудасына берілген сипаттама бойынша, адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау.
Адам саудасының объективтік жағы формалдық сипатқа ие болады және келесідей әрекеттердің кез келгенін жасаудан көрініс табады:
- адамды сатып алу-сату жәбірленушіге қатысты мүліктік сипаттағы кез келген қайтарымды мәміле жасаудан, жәбірленушінің мәміленің объектісі, меншіктің атрибутына айналуынан көрініс табады. Берілген іс-әрекет сатып алу-сату туралы келісім жасалған және келісілген ақшалай соманы немесе мүліктік сыйлықтарды не осындай соманың бөлігін төлеген сәттен аяқталған деп саналады. Осындай қорытынды ҚР ҚК 128-бабының диспозициясынан туындайды адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, яғни саудаға салынған тұлғаны бір тараптың беруі және екінші тараптың оны алуы адам саудасының объективтік жағын құрайтын дербес іс-әрекеттер болып табылады.
- адамды азғырып көндіру – бұл тұлғаны оған қатысты мүліктік сипаттағы мәмілелер жасауға келісім беруге көндіру болып табылады. Азғырудың тәсілдері әтүрлі болуы мүмкін: уәде ету, иландыру, көндіру, бопсалау. Жоспарланған мәміленің жүзеге асқаны немесе аспағанына тәуелсіз түрде оған қатысты сауда актісін жүзеге асыруға азғыруға ұшыраған тұлғаның келісімін алған сәттен, азғыру аяқталған деп саналады.
- адамды тасымалдау мүліктік мәміленің объектісі болып табылатын адамды кеңістікте көлікпен тасымалдаудан көрініс табады. Оны жүзеге асыруды бастаған сәттен тасымалдау аяқталған деп танылады: жәбірленушіні тасымалдаудың қашықтығы және ұзақтығы заңи маңызға ие болмайды.
- адамды беру және алу екі дербес іс-әрекетті құрайды. Мәміленің объектісі болып табылатын тұлғаны беру осындай адамды сатып алушыға немесе оның өкілдеріне тікелей «тасыру» болып табылады. Осыған сәйкес мәміле бойынша «серіктестің» тарапынан жасалатын жауап әрекет, осындай тұлғаны алу болып табылады.
- адамды жасыру – бұл жәбірленушіні оның еркінен тыс сатылған адамды құқық қорғау органдарының, туысқандарының, жақындарының тауып алуын болдырмау үшін жасырып ұстау болып табылады. Сонымен бірге жасыру тек жәбірленушіні тәндік тұрғыдан алғандағы тығып ұстауды (мысалы, арнайы үй-жайда жасыру, әлдебір аймақтан шығуға мүмкіндік бермеу) ғана білдірейді, сонымен бірге жәбірленушіні табуға қиындық келтіретін өзге де әрекеттерді (құжаттарынан айыру, сырт келбетін өзгерту, жәбірленушінің тәндік немесе психикалық белсенділігін дәрілеу арқылы басу) жасауды да білдіреді.
- адам саудасының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде тікелей қасақаналықпен қатар, оның объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттердің кез келгенін сипаттайтын адамды қанау сияқты мақсаттың да болуын атап көрсету қажет. Адамды қанау дегенді өзге адамдардың жезөкшелікпен айналысуға және сексуалдық қанаудың өзге нысандарына пайдалануы, құл еңбегін (қызметтерін), кіріптарлық жағдай, сондай-ақ оның ағзаларын және тіндерін алу деп түсіну қажет. Адам саудасының субъектісі жалпы субъект, яғни 16-жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыс құрамының субъективтік белгілері тікелей қасақаналықпен және заңда көрсетілген адамды қанау мақсатымен сипатталады.
Қылмыстық кодекстің 128-бабының 2, 3, 4-бөліктерінде адам саудасы құрамының ауырлатылған және ерекше ауырлатылған белгілері бекітілген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 29 желтоқсан 2012 жылғы № 7 «Адам саудасы үшін жауаптылықты бекітетін заңнаманы қолдану тәжірибесі турады» нормативті қаулысында іс-әрекетті ҚК 128-бабының бірінші бөлігімен және 135-бабының бірінші бөлігімен (кәмелетке толмағандар саудасы) саралау үшін осы баптардың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуінің болса да жасалғандығы фактісін анықтау жеткілікті болатындығы көрсетілген.
Сонымен қатар жоғарыда аталған қаулыда адам саудасымен байланысты қылмыстардың объектісі болып, адамның бостандығы, оның жеке басының қауіпсіздігі, құқықтары мен заңды мүдделері, ар-намысы мен қадір-қасиеті, тұрғылықты жерін, қызмет түрі мен мамандықты еркін таңдау құқығы болып табылатындығы аталып көрсетілген.
Адамды сатып алу-сатудың немесе оған қатысты өзге де мәмілелерді жасаудың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады. Сондықтан әрекетті ҚК-нің 128-бабының бірінші және 135-бабының бірінші бөлігі бойынша саралау үшін осындай мәмілелердің қандай мақсатпен жасалғаны маңызды емес. Адамды азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру кезінде қылмыстың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады, ал қылмыстың мақсаты адамды пайдалану болып табылады.
Жәбірленушіні жыныстық сипаттағы іс-әрекеттерді жасау (азғындық іс-әрекеттер, порнографиялық түсірілімдер, бейне-клиптер жасау) үшін мәжбүрлеп пайдалану ҚК-нің 128, 135 баптарының диспозициясының қамтылады және ҚК 134 – бабы бойынша не ҚК 308 – бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. 
Қылмыстық кодекстің 128-бабының 2, 3, 4-бөліктерінде адам саудасы құрамының ауырлатылған және ерекше ауырлатылған белгілері бекітілген.
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;
4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып;
5) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты;
6) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
7) транпланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алып қою мақсатында;
8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып;
11) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚК 128 б. 2 б.).
Адамды саудаға салу екi және одан да көп адамға қатысты бір мезгілде не әртүрлі уақытта жасалуы мүмкін. Кінәлі адамның іс-әрекеттерін қылмыстардың бірнеше мәрте қайталану не екі және одан да көп адамға қатысты жасалу белгілері бойынша саралау кезінде оның ниетінің бағытын, нақты іс-әрекеттерінің сипа­тын, қылмыстар арасындағы уақытты және жасалған қылмыстың басқа да мәнжайларын негізге алған жөн. Әр түрлі уақытта бірнеше жәбірленушілерге қатысты бірыңғай ниетпен қамтылмаған іс-әрекеттер ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 2) тармағы бойынша және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 2) тармағы бойынша саралауға жатады.
Кінәлі адамның бірыңғай ниетпен екі және одан да көп адамға қатысты жасаған іс-әрекеттері ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы бойынша және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 5) тармағы бойынша саралауға жатады. Адам саудасына байланысты аяқталған қылмысты жасаған, қылмысты жасауға дайындалған және оқталған адамның іс-әрекеттері қылмыстардың жиынтығын құрайды.
Кінәлі адамның іс-әрекеттерін ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 7) тармағы және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы бойынша саралау үшін адамды саудаға салудың ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында жасалғанын анықтау қажет. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр етуге немесе заңсыз алуға байла­нысты іс-әрекеттер ҚК-нің 116-бабының тиісті бөлігі бойынша бөлек сараланады. 14.
ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 8) тармағы, ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 7) тармағы бойынша адамды саудаға салғаны үшін жауаптылық жәбірленушіні алдаған немесе оның сенiміне қиянат жасаған жағдайларда туындайды. Жәбірленуші осының нәтижесінде кінәлі адамның оны сату, оны пайдалануға бағытталған өзге де мәмілелер мен іс-әрекеттерді жасау ниетімен әрекет жасап жүргенін білмегендіктен еріксіз күйде қалады.
Мемлекеттік не мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істей жүріп өзінің қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған лауазымды адамның іс-әрекеттерін ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 9) тармағы және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 8) тармағы бойынша саралаған жөн. Лауазымды адамның адамдарды саудаға салуы осы қылмыстың саралаушы белгісі болып табылады және ҚК-нің 361-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Кінәлі адамға материалдық немесе өзге де тәуелдiлiкте болған жәбірленушіге қатысты әрекеттер ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 10) тармағы және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 10) тармағы бойынша сараланады. Жәбiрленушiнiң материалдық тәуелдiлiкте болуы, мысалы, оның кінәлі адамның асырауында толық немесе ішінара болуынан, кінәлі адамның тұрғын үй-жайында тұруынан байқалуы мүмкін. Жәбірленушінің кінәлі адамға кез кел­ ген материалдық емес тәуелділікте болуын (мысалы, отбасылық қатынастар, бағыныштының басшыға, оқушының оқытушыға тәуелді болуы) өзге тәуелділік деп түсіну қажет.
Адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету (жөнелту), Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен басқа мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу (тран­зит) мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен басқа мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасып, адамды саудаға салу әрекеттері үшін ҚК-нің 128 және 135-баптарының үшінші бөліктері бойынша жауаптылық көзделеді.
Қылмыстық топ - бiр немесе бiрнеше қылмысты жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаған адамды саудаға салу ҚК-нің 128-бабы төртінші бөлігінің 1) тармағы және 135-бабы төртінші бөлігінің 1) тармағы бой­ынша сараланады. Ұйымдасқан топты алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан тұрақтылығы мен ұйымдасу белгілері бойынша ажырата білген жөн. Екі және одан да көп адамның өзара ұзақ дайындалуымен не қылмыстық әрекеттің орындалуының күрделілігімен ұштасқан бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін салыстырмалы түрде алғанда ұзақ уақыт бойы бірігуі топтың тұрақтылығын білдіруі мүмкін.
Топтың ұйымдасуы – бұл топқа қатысушылардың бір немесе бірнеше адамдардың нұсқауларына бағынуы, қылмыстық мақсаттарды жүзеге асыруға ұйымдасқан түрде қол жеткізуге ұмтылуы. Адамды саудаға салған ұйымдасқан топтың әрбір қатысушысының ісәрекеттері, оның рөліне қарамастан, ҚК-нің 31-бабына сілтеме жасалмай, ҚКнің 128-бабы төртінші бөлігінің 1) тармағы бойынша саралануға тиіс. Бұл ретте ұйымдасқан топ құру, сондай-ақ оған басшылық жасау немесе қатысу ҚК-нің 262 бабының тиісті бөліктері бойынша бөлек саралануға жатады.
Абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды саудаға салу кінәнің екі нысаны бар қылмыс жасауды көздейтінін ескеру қажет. Абайсыздан жәбірленушінің өліміне не өзге де ауыр салдарға әкеп соққан, ҚК-нің 128-бабында немесе ҚК-нің 135-бабында көзделген әрекеттерді жасау қосымша саралауды талап етпейді.
Өзге де ауыр зардаптар деп психикалық күйзеліс және басқа да ауыр сырқаттар танылуы мүмкін. Егер жәбірленушіні пайдалану барысында оған қатысты басқа қасақана қылмыстар жасалса (мысалы: кісі өлтіру, зорлау, АИТВ/ЖИТС-ты, венерологиялық ауруларды жұқтыру, заңсыз аборт жасау және тағы басқалар), онда жасалған әрекет қылмыстар жиынтығы бойынша саралауға жатады.
Адамды пайдалану мақсатында ұрлау немесе бас бостандығынан заңсыз айыру және адам саудасына байланысты одан кейінгі қылмыстық әрекеттер ҚК-нің 125-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы немесе ҚК-нің 126-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы бойынша және ҚК-нің 128 немесе 135-баптарының тиісті бөліктерімен қылмыстар жиынтығы бойынша саралануға жатады.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет