Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет51/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар

  1. 1997 ж. ҚК танысыңыз онда адамның жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген бе?

  2. Бостандық ұғымына түсінік беріңіз.

  3. Жеке бас бостандығына қарсы қылмыстардың объективтік жақтарын сипаттаңыз.

  4. Адамды ұрлаудың аса ауырлатылған құрамы (ҚК 125 б.) қылмыстың қандай санатына жатқызылады?

  5. Жеке бас бостандығына қарсы қылмыстарды қандай құрамында марапаттаушы норма қарастырылған?

  6. Жеке бастың бостандығына қарсы қылмыстардың субъективтік жағы қалай сипатталады?

  7. Адамды ұрлау қай сәттен бастап аяқталған деп танылады?

  8. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру деп нені түсінеміз? Бұл мәселе қандай заңнама актісінің нормалары арқылы реттеледі?

  9. Адамды ұрлау (ҚК 125 б.), Бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б.) қылмыстарын Адамды кепілге алу (ҚК 261 б.) қылмысынан қалай ажыратуға болады?

8 АДАМНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ МЕН АР-ОЖДАНЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

  • 1 Жала жабу (ҚР ҚК 130 б.)

Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы атап көрсетілген.
ҚР ҚК 130-бабында жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер таратуқаны үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген.
Жеке адам және оның қызметі туралы оның айналасындағы адамдардың, қоғамдық пікірдің жағымды бағаларына селкеу түсіретін ойдан шығарылған өсек-аяңды таратуды этикалық, құқықтық, кәсіби критерийлерге сай келмейтін әрекет ретінде бағалау қажет. Адамның беделін түсіретін көрінеу жалған, яғни шындыққа сәйкес келмейтін, ойдан шығарылған мәліметтерді тарату (олардың ішінде ресми құжаттарда, мысалы, бұйрықта, сұранысқа берілген жауаптарда және т.б.) жала жабу ұғымының міндетті элементі ретінде қарастырылады.
Адамның абыройы мен қадір-қасиеті жала жабудың объектісі болып табылады.
Адамның абыройы мен қадір-қасиетін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату әрекеттері қылмыстың объективтік жағын құрайды. Ол әртүрлі нысандарда жазбаша, ауызша, телефон, телегераф арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. ҚК 130-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық үшін осындай әрекеттердің бір адамға болса да белгілі болуы жеткілікті деп саналады.
Кінәлі адам өзінің біреу туралы таратып жүрген мәліметтерінің көрінеу жалған екендігін сезінеді және оларды таратуды тілейді, яғни қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Сонымен бірге таратушының өзі жалған мәліметтердің авторы немесе негізгі көзі болуының тиістілігі талап етіледі.
Өшпенділік, қызғаныш, жеккөрушілік жала жабудың мотивтері болуы мүмкін.
Егер мәліметтердің көрінеу жалғандығы «деп айтып жүр», «шындығын білмеймін» деген ескертпелермен бүркемеленген жағдайларда, сондай-ақ таратылған мәліметтердің белгілі бір бөлігі көрінеу жалған болып, ал қалған бөлігі шындыққа сәйкес болған реттерде де қылмыстық жауаптылық жоққа шығарылмайды.
Басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер шағымдарда, көрсетулерде, өзге де жалған құжаттарда білдірілуі мүмкін. Осындай реттерде кінәлінің пиғылы көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға бағытталған.
Басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасау ҚК 130-бабының екінші бөлігімен сараланады. Әңгіме бұл арада жария түрде, яғни көпшілік алдында (жиналыста, митинг, қоғамдық орындарда) сөз сөйлегенде, жала жабылған мәліметтер бар туындыны көпшілікке көрсету кезінде және т.б. жағдайларда жүзеге асырылған жала жабулар туралы айтылып отыр.
Сонымен қатар адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптау, олардың ауыр зардаптарға әкеп соғуы жала жабудың ерекше сараланған белгілері ретінде бекітілген.
Жала жабуды диффамациядан, яғни негізінен шындыққа сәйкес келетін, бірақ біреудің беделін түсіріп, масқаралайтын мәліметтердің баспасөзде жариялануынан ажырату қажет. Көптеген елдерде диффамация жала жабудың бір нысаны ретінде қарастырылғанымен, біздің қылмыстық заңнамада ол қылмыстың дербес құрамы ретінде бекітілмеген. Алайда ол қорқытып алу, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу сияқты қылмыстарды жасаудың тәсілі болып табылуы мүмкін.
Жала жабудың мақсаттары, мотивтері мен салдары іс-әрекетті саралауға ықпал етпегенімен, бірақ жазаны дербестеуде маңызға ие болады. Оларды анықтау нақты орын алған жағдайда қылмыстардың жиынтығының бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешу үшін де қажетті болады.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет