Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың түсінігі және құрамы



бет90/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2 Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың түсінігі және құрамы

Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар дегеніміз материалдық және өзге де құндылықтарды және қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Экономика қызмет өрісіндегі қылмыстар үшін жауаптылық туралы нормалар ең алдымен, біздің мемлекетіміздің экономикасының еркін, қарқынды дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталғандығын айта кеткен орынды. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі мынада - осындай қол сұғушылықтардың нәтижесінде мемлекеттің және басқа да субъектілердің экономикалық қызметпен байланысты мүдделеріне ғана зор шығын келмейді, сонымен бірге, біздің мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне де үлкен қатер төнеді. ҚР ҚК-нің қарастырылған тарауының маңыздылығы осыдан көрініс табады. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар бірегей топтық объектіге ие болады – экономикалық қызмет барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар. Қарастырылып отырған тарауға кіретін бірқатар қылмыстардың міндетті белгісі ретінде қылмыстың заты табылады. Мысалы, тауар белгісі (ҚК 222 б.), құнды қағаздар (ҚК 224, 231 бб.), жалған ақшалар (231 б.), төлем қарточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттары (232 б.), акциздік маркалар (233 б.). Берілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың көпшілігінің объективтік жақтары әрекет арқылы сипатталады, алайда кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару (236 б.), азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы (244 б.), ұйымдарға салынатын салықты және(немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы.
Заңда көзделген қоғамдық қауіпті салдардың орын алуы экономикалық қызмет өрісіндегі бірқатар қылмыстардың міндетті белгісі болып табылады. Олар материалдық құрамға ие. Мысалы, 214-222 бб. қарастырылған қылмыстар осындай қылмыстарды аяқталған деп тану заңда көрсетілген салдардың орын алуымен байланысты болады, әдетте олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштастырылады. Құрамдары материалдық құрам ретінде құрастырылған экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарда іс-әрекет және қылмыстық нәтиженің арасындағы себепті байланысты анықтау қажет болады. Осы тарауға кірістірілген кейбір баптар бланкеттік сипатқа ие болады. Мысалы, 228, 241 бб. Осындай қылмыс құрамдарының объективтік жағының белгілерін анықтау үшін құқықтың өзге салаларына жататын нормативтік актілерге жүгінуге тура келеді.
Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстардың барлығы да субъективтік жағынан кінәнің қасқаналық нысанымен сипатталады. Қылмыстық ниет және мақсат жекелеген қылмыстардың субъективтік жағының міндетті элементі болып табылады (237, 238, 245 бб.).
Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстың субъектісі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс тұлға болып табылады. Экономикалық қызмет өрісіндегі кейбір қылмыстардың субъектісі тек лауазымды тұлғалар болып табылады (237, 238, 240 бб.), банк қызметкері (242, 243 бб.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет