Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстарды жүйелеу



бет91/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

1.3. Экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстарды жүйелеу
Шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметтері әртүрлі өрістерде орын алады: кәсіпкерлік, ақша-несие, қаржы, сауда, халыққа қызмет көрсету және т.б. Экономикалық қызметтің әлдебір өрісіне тәуелді түрде барлық қылмыстар өндіріс үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың қалыпты түрде жүзеге асуына қол сұғады. Тауарларды және қызметтерді бөлісу, айырбастау және тұтыну дәстүрлі түрде бірнеше топтарға бөлінеді. Б.В. Волженкиннің пікірі бойынша экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар жүйесі өзіне мыналарды кірістіреді: 1) Конституциямен және заңдармен кепілдік берілген кәсіпкерлікті қоса алғандағы, экономикалық қызметті жүзеге асыруға, олардың қатысушыларының құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын лауазымдық қылмыстар; 2) кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асырудың бекітілген жалпы принциптерін бұзатын қылмыстар; 3) кредиторлардың мүддесіне қарсы қылмыстар; 4) монополизм және адал емес бәсекелестік көріністерімен байланысты қылмыстар; 5) ақша және құнды қағаздар айналысының бекітілген тәртібін бұзатын қылмыстар; 6) сыртқы экономикалық қызметтің бекітілген тәртібіне қарсы қылмыстар; 7) валюталық құндылықтар айналысының бекітілген тәртібіне қарсы қылмыстар (валюталық қылмыстар); 8) салық және өзге де төлемдер өрісіндегі қылмыстар; 9) тұтынушылардың құқықтары мен мүдделеріне қарсы қылмыстар.
Н.А. Лопашенконың пікірі бойынша экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар жүйесі мынадай қағидаларға негізделген қоғамдық қатынастарға қол сұғушылықтар болып табылады:
- экономикалық қызметтің бостандығы;
- экономикалық қызметті заңды негіздерде жүргізу;
- экономикалық қызмет субъектілерінің адал бәсекелестігі;
- экономикалық қызметтегі жүріс-тұрыстың әдейі қылмыстық нысандарына тыйым салулар.
Оқулық әдебиеттерде экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстарды жүйелеудің өзге де мысалдары кездеседі және олар әртүрлі негіздерге сүйеніп тұжырымдалады.
Қылмыстың тікелей объектісіне, яғни қылмыстық құқық бұзушылық орын алған экономикалық қызмет өрісіне сәйкес оларды шартты түрде мынадай қылмыс түрлеріне ажыратуға болады:

1) кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет өрісіндегі қылмыстар: заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет (214 б.); Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (216 б.); Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (217 б.); Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (218 б.); монополистiк қызмет (221 б.); Тауар белгісін заңсыз пайдалану (222 б.); Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану (223 б.); оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер (237 б.); әдейi банкроттық (238 б.); төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу (239 б.); Жалған банкроттық (240-бап.); Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу (241 б); мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (248 б.); Рейдерлiк (249 б.).

2) ақша-несие өрісіндегі қылмыстар: Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану (219 б.); Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану (220 б.); Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзуы (224 б.); Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi (225 б.); Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған мәлiметтер енгiзу (226 б.); Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi (227 б.); Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу (228 б.); Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау (229 б); Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (231 б); Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу (232 б.);

3) қаржы қызметі өрісіндегі қылмыстар: Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану (233 б.); Экономикалық контрабанда (234 б.); Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (235 б.); Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару (236 б.); Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну (242 б.); Банктiң ақшасын заңсыз пайдалану (243 б); Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы (244 б.); Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару (245 б.);




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет