Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет99/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Рейдерлiк (249 б.)


Жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшірмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу анық емес мәлiметтердi енгiзу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дұрыс емес жүргiзу, акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстың, отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы анық емес мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхатпен акционердiң, қатысушының немесе басқару органы мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде қасақана кедергiлер келтіру жолымен заңды тұлғадағы қатысу үлесiне меншiк құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкi мен бағалы қағаздарын заңсыз иемдену немесе заңды тұлғаның үстiнен бақылау орнату не азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтіруге әкеп соққан өзге де заңсыз тәсiлдер – ҚР Қылмыстық кодексінің 249-бабында көзделген қылмыс, яғни рейдерлік құрамын құрайды.
Жалпы рейдерлік туралы айтқанда, әдетте әскери терминология қолданылады (басып алу, шабуылдаушы тарап, компания – мақсат және т.б.), рейдер терминінің өзі де әскери термин болып табылады. Рейдерлер (ағылшын. raider) – ірі әскери кемелердің, көмекші крейсерлердің, немесе қайта жарақтандырылған коммерциялық кемелер олар соғыс кезінде жекелей немесе шағын қолдаумен жаудың коммуникациясын бұзып, көлік және сауда кемелерін суға батырумен айналысқан. Әскери рейдерлер әрекетінің сипаттары аталған терминді экономикада да қолдануға мүмкіндік береді, бұл арада рейдер ретінде шабуылған ұшыраған компаниядағы корпоративтік бақылауды құқыққа қайшы жолмен басып алған тұлға түсініледі. Дегенмен, бұл рейдер дегеннің бірден-бір анықтамасы емес, ол жеткілікті деңгейде көп санды болып табылады. Мәселен, рейдерлікке арналған көптеген зерттеулерде рейдерлік дегенді бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынға заңды, сондай-ақ заңсыз жолмен де толыққанды бақылау орнатуын; бизнес-конфликт жолымен активтерді тартып алуды; құқықтық базаның жетімсіздігін және мемлекеттік, әкімшілік және күштік ресурстарды сыбайлас жемқорлықпен пайдалану арқылы заңсыз жолмен мүлікті, жер кешендерін және меншік құқығын өзіне сіңіріп алуды; шындығында қарашылық жолмен, бірақ нысаны бойынша заңды үдерістердің сипатына ие қыла отырып меншікті қайта бөлісуді атап көрсетеді.
Рейдерлік қатысты көптеген анықтамаларды келтіруге болады, алайда берілген анықтамаларға ортақ бірнеше белгі бар. Біріншіден, рейдердің мақсаты – бөтеннің меншігін және/немесе бақылаудың корпоративтік құқығын басып алу. Екіншіден, рейдердің әрекеттері өзінің мәні бойынша заңсыз, тіпті олар пайдаланған құралдар сырттай қарағанда заңға негізделген сияқты болғанымен (сотқа жүгіну, полицияға арыздану және т.с.с.). Үшіншіден, рейдерлік бұл бизнес – яғни, басып алу, тек басып алу үшін емес коммерциялық табыс үшін жүзеге асырылады.
Рейдерлікті шартты түрде үш типке бөледі: қара, сұр және ақ. «Қара» рейдерлік аталған құбылыстың ең криминализацияланған түрі. Бұл ретте қолданылатын тәсілдер әрқашанда заңсыз және көп жағдайда күш қолданумен тікелей байланысты болады. Бұл параға сатып алу, бопсалау, кәсіпорынға басып кіру, акционерлер реестріне жалған мәліметтер енгізу және т.б. болуы мүмкін.
«Сұр» рейдерлік – бұл ортадағы үлгісі, жартылай криминалды, көп ретте параға сатып алумен байланысты және сырттай қарағанда заңды тәсілдерді қолданған сияқты болғанымен шын мәнісінде адал ниетсіз және құқыққа қайшы тәсілдерді қолдану. Соңында, «ақ» рейдерлік – Батыс елдерінде барынша кең таралған. Бұл ретте тәжірибелі рейдерлер заңнамадағы және корпоративтік реттеудегі олқылықтарды өзінің пайдасына шебер жарата біледі. «Ақ» рейдерлік барысында әртүрлі ереуілдер, кәсіподақтармен астыртын сөзбайласулар жиі қолданылады. «Қара рейдерлік» барлық елдерде нарықтық капитализмге өту кезіндегі «капиталдың бастапқы жинақталу дәурінде» орын алатын құбылыс болып табылады.
Европа мен АҚШ-та рейдерлік проблемасына қатысты жауыздықпен жұтып қою деген барынша кең ұғым қолданылады. Жаулықпен жұтып қою, сондай-ақ достықпен жұтып қою да бірігу және жұтып қою деп аталатын мәмілелерге қатысты болады. 
«Жаулықпен жұтып қою» барысында нысанаға алынған компанияның қаржы-шарушылық қызметін немесе активтерін бақылауға алуға тырысу орын алады және де ол нысанаға алынған компанияның басшылығы немесе негізгі қатысушылары тарапынан қарсылық көрсету жағдайында жүзеге асады.
Рейдерлер өз назарларын келесідей кәсіпорындарға аударады:
- қызықтыратын активтерге ие кәсірорындар;
- бақылаусыз кредиторлық қарыздары бар;
- өзінің ағымдағы қызметінде қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол беретін
- басшылығы кәсіпорынның меншігін тиімсіз басқаратын және кәсіпорынның қызметімен байланысты құжаттардың дұрыс және уақытылы рәсімделуіне бақылау жасамайтын (меншік құқығы, жалға алу шарты, лицензия, рұқсат ету мерзімі және т.б.).
Қазіргі таңда бөтеннің бизнесін сатып алғаннан, тартып алған тиімді болып отыр. Сондықтан кез келген кәсіпорын рейдерлік шабуылдың объектісіне айналуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы рейдерлікті елдің экономикалық қауіпсіздігіне төнген қатер ретінде қарайды. Осыған байланысты заңшығарушы заңды тұлғаға қатысу үлесіне меншік құқығын және заңды тұлғаның мүлкін және құнды қағаздарын заңсыз алғаны үшін қылмыстық жауаптылықты бекіткен.
Одан бөлек, жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардан үзiндi көшірмелерге дауыс берушiлердiң саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу анық емес мәлiметтердi енгiзу не дауыстар санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дұрыс емес жүргiзу, акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстың, отырыстың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстың, отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы анық емес мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхатпен акционердiң, қатысушының немесе басқару органы мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу, шектеу немесе оған қысым жасау, сол сияқты бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде қасақана кедергiлер келтіру жолымен заңды тұлғаға бақылау орнатқаны үшін қылмыстық жауаптылықты бекіткен.
Осы көрсетілген әрекеттер үшін ҚК 249-бабының 1 бөлігінде мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер көрсетілген әрекеттер:
- адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
- бірнеше рет;
- адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған ретте мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер рейдерлік әрекет:
- қылмыстық топпен жасалса;
- мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса мүлкi тәркiленiп, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазіргі уақыттағы шаруашылық қызметтің көптеген тәукелдермен байланысты екендігі құпия емес. Компания қатсушыларының еркінен тыс заңды тұлғаны үшінші тұлғалардың бақылауға алуы болып табылатын рейдерлік басып алулар осындай тәуекелдердің бірі болып табылады.
Корпоративтік қылмыстылықтың сипатының өзгерістерге ұшырауы соңғы уақыттардағы айқын тенденцияға айнала бастады. Қылмысты жасаудағы кәсіптік шеберліктің өсуі, рейдерлердің жеткілікті қаржылық және әкімшілік ресурстары өздерінің жиынтығында бизнес иелері үшін айтарлықтай қауіпті болып отыр.
Бұл жағдайда өз кәсіпорындарының қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне мүдделі кәсіпкерлер үшін, рейдерлік шабуылдың салдарын барынша азайту мен ұйымға корпоративтік бақылаудың қайтадан қалпына келтіруді қамтамасыз етудің айқын тетіктерін белгілеу маңызды міндетке айналып отыр.
Кәсіпорында рейдерлікпен басып алудың тәсілдерінің бірі заңды тұлғаға қатысу үлесіне деген құқықтың өткізілуі туралы жалған құжаттарды дайындау болып табылады. Заңды түлғаға қатысу үлесін сатып алу-сату шарты, заңды тұлға иесі басшысының ауысуы туралы шешім, қатысушылардың заңды тұлғаның құрамынан шығуы туралы мәлімдеулері осындай жалған құжаттар болуы мүмкін.
Аталған құжаттарды жалған жасаудың тәсілдері әртүрлі. Олардың арасында ұйым қатсушыларының қолдарын жалған қоюды барынша кең таралған әдіс ретінде атап көрсетуге болады және осының барысында әртүрлі техникалық құрылғылар жиі қолданылады. Заңды тұлғаның құжаттарын жалған жасау сот тәжірибесінде өте жиі кездеседі.
Мәселен, қылмыстық істердің бірінде қатысушылардың заңды тұлғаның қатарынан шығуы туралы арыздарындағы жалған қолдарды, сондай-ақ, директорды ауыстыру туралы қатысушылардың жалпы жиналысының жалған хаттамасын талдаған жағдай орын алған.
Бұл қылмыстық істің ерекшелігі, қатысушылардың қолдары плоттер деп аталатын ерекше техникалық құрылғының көмегімен жасалуы және оны сырттай олардың рас қойылған қолдарынан ажыратудың ешқандай мүмкін болмауы.
Тек жылдан астам тексеру жүргізу, іс бойынша бірнеше сараптама өткізудің нәтижесінде ғана көрсетілген құжаттардағы қолдардың жалған екендігін дәлелдеу мүмкін болған.
Жалған құжаттарды қолдан жасаудың келесі бір тәсілі, құрылтайшының қолын әртүрлі сылтаулармен таза қағазға қойдырып алып оған кқажетті мәтін енгізу және оны кейіннен жалған құжат дайындауға пайдалану.
Жалған құжаттың осындай тәсілмен жасалғандығын анықтау үшін сараптама қажет болады, оның шеңберінде құжаттағы реквизиттердің оған енгізілуінің кезектілігі анықталады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін оған мәтін енгізілгенінің анықталуы құжаттың жалғандығы туралы қорытынды жасауға негіз болады.
Рейдерлік басып алудың басқа тәсілі заңды тұлғаға құқыққа қайшы бақылау орнату мақсатында дауыс беру қорытындыларын әдейі бұрмалау нәтижесінде дауыстарды дұрыс санамау немесе жоғарғы органмен шешім қабылдау барысында акционердiң, қатысушының, басқару органы мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу арқылы жиналыстың, отырыстың хаттамаларына, олардың көшірмелеріне дауыс беруге қатысқандар туралы, кворумы туралы әдейі жалған мәліметтер енгізу.
Дауыс беру нәтижелерін бұрмалау рейдермен бақылауға алынған есеп комиссиясы мүшелерінің көмегімен дауыс беру нәтижелері туралы мәліметтерді рейдерге жетпей тұрған дауыстарды «қосып жазу» арқылы жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына тигізетін жағымсыз салдарымен байланысты оның қоғамдық қауіптілігі; экономикалық қатынастарға табиғаты криминалды болып табылатын капиталдың қатысуының және оларды жылыстатудың; сыбайлас жемқорлықпен айналысатын шенеуіктердің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуының қылмыстық салдары рейдерлікті криминализациялаудың жалпы негізі болып табылады.
Рейдерлік үшін қылмыстық жауаптылықты енгізе отырып, біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген меншіктің сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге кәсіпкерлердің өздері де өздерінің бизнестерінің қауіпсізідігіне жіті назар аударулары тиіс. Бизнесті дамытудың тиімділігі оның қорғалуының, соның ішінде «қастықпен жұтып қоюдан» қорғалуының дәрежесіне тікелей байланысты болады. Кәсіпкерлер егер меншік иелері және басшылық табысты кәсіпорынан шығару; салықты барынша азайту немесе оларды төлемеу; заңнаманың табиғатты қорғау және өзге де нормаларына мән бермеу сияқты қателіктерге жол беретін болса, рейдерлік шабуылға ұшыраудың қауіпі бірнеше мәрте өсетіндігін естен шығармаулары тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет