Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет96/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Монополистiк қызмет (221-бап)
Нарық субъектiлерiнiң монополиялық жоғары (төмен) немесе келiсiлген бағаларды белгiлеуi және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгiлеуi, тауар нарықтарын аумақтық белгiсi, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) ассортиментi, олардың өткiзiлу немесе сатып алыну көлемi, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуi, сондай-ақ бәсекелестiктi шектеуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не нарық субъектiсiнiң iрi мөлшерде табыс алуымен ұштасса монополистік қызмет ретінде бағаланып, қылмыстық жауаптылық көзделген.
ҚР ҚК-нің 221-бабында көзделген қылмыстың сипаты нарықтық экономиканың орталық қағидасы «тауар өндірушілер арасындағы еркін және заңды бәсекелестік» қағидасына қол сұғу болып табылады. Сондықтан берілген қылмыс құрамын кәсіпкерлікке қарсы қылмыс ретінде бағалауға негіз бар. Осыған байланысты монополиялық қызметтің және адал емес бәсекелестіктің алдын алудың, шектеудің және жолын кесудің ұйымдық және құқықтық негіздері заңнамада айқындалған. Оның күші отандық және шетелдік заңды тұлғалардың, атқарушы билік органдарының, жергілікті басқару органдарының, жеке тұлғалардың қатысуымен Қазақстанның тауар нарықтарындағы қатынастарға да, сондай-ақ аталған тұлғалармен Қазақстанның шегінен тыс жасалған әрекеттер мен келісімдерге де тиісті болып табылады. «Адал емес бәсекелестік туралы», «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңдары монополияға қарсы реттеудің құқықтық базасы болып табылады.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 221-бабында бекітілген. Нарықта басымдыққа ие болатын шаруашылық субъектілерінің адал бәсекелестігін және қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар қылмыстың тікелей объектісі ретінде қарастырылады.
Бір немесе бірнеше шаруашылық субъектісінің тауар нарығында ерекше жағдайға ие болуын басымдыққа ие болуы деп түсіну қажет. Ол жағдай ұқсас тауарды өзге ешкімнің өндірмеуіне байланысты оның нарықтағы айналысына шешуші ықпал ету немесе өзге шаруашылық субъектілерінің нарыққа кіруіне қиындық туғызуға байланысты қалыптасады. Осының барысында тауар нарығындағы оның үлесі 65% немесе одан жоғары болуы тиіс. Шаруашылық субъектісі осыған қарамастан оның нарықтағы жағдайы басымдыққа ие емес екендігін дәлелдей алмайтын болса. Егер бұл монополияға қарсы органмен, берілген тауарлар нарығының тұрақтылығы, жаңа бәсекелестердің нарыққа кіру мүмкіндігі есепке алына отырып бекітілген реттерде, үлесі 35% дан 65% құрайтын субъектінің жағдайы да басымдыққа ие жағдай деп танылуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген табиғи монополиялар туралы Заң ережелеріне сәйкес субъект монополист-кәсіпорындар реестріне кіру арқылы да нарықта басым жағдайға ие болушы деп танылуы мүмкін. Қарстырылып отырған қылмыс объективтік жағынан монополияға қарсы заңнаманы бұзудың дербес екі түріне ие болады: монополиялық жоғары (төмен) немесе келiсiлген бағаларды белгiлеуге бағытталған монополиялық әрекеттер және бәсекелестікті шектеу. Бәсекелестік бұл – шаруашылық субъектілерінің нарықтағы жарыспалылығы олардың әрқайсысының дербес әрекеттерінің олардың тиісті нарықтағы тауарлар айналысының жалпы шарттарына біржақты ықпал етуіне тиімді түрде шектеу қоюы.
Коммерциялық не банктiк құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану (223 б.)
Коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария ету рәсімін өткізуге байланысты ақпаратты құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын параға сатып алу немесе оларды қорқыту, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлмен жинау –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Өзіне коммерциялық немесе банктік құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтер қызметі немесе жұмысы бойынша сенiп тапсырылған адамның оларды иеленушісінiң келiсiмiнсiз, пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде жасаған және ірі залал келтірген заңсыз жария етуі немесе пайдалануы –
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен жасалған операциялар туралы қаржы мониторингi субъектiлерiнен алынған мәлiметтер мен ақпаратты заңсыз жария етуi немесе өзге де заңсыз пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мемлекеттiк органдар лауазымды тұлғаларының, ұйымдар қызметкерлерінің "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (Ссылки на внешний сайт.) белгіленген қызметтік міндеттерді орындауы кезінде алған ақшамен және (немесе) өзге де мүлiкпен жасалған операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты олардың заңсыз жария етуі немесе өзге де заңсыз пайдалануы –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет