Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер (237 б.)



бет97/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2.3.3 Оңалту және банкроттық кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер (237 б.)
Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, орналасқан жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметін көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттердi құрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, заңды тұлғаның органдары, дара кәсіпкер, сол сияқты борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам оңалту немесе банкроттық кезінде немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, жасаса және олар iрi залал келтiрсе, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн құрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, заңды тұлғаның органдары, дара кәсіпкер, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген адам банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде басқа кредиторларға көрiнеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу (241 б);


Бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адамның iрi залал келтiрген, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы не осы адамның бухгалтерлiк құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметi туралы көрiнеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы олардың сақталу мерзiмi өткенге дейiн жоюы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу қылмысының құрамын құрайды.
Кәсіпорындардағы, мекемелердегі және ұйымдардағы бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу материалдық құндылықтарды жымқыруға, салықтарды және басқа да тиісті төлемдерді төлеуден жалтаруға, сондай-ақ өзге де асыра пайдалануларға жол ашады аталған қылмыс түрінің қоғамдық қауіптілігі де осыдан көрініс табады.
Ұйымдардың ведомоствалық тиістілігіне тәуелсіз Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген бухгалтерлік есепті жүргізудің бірегей тәртібін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар берілген қылмыстың объектісі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті жүргізуді реттейтін Заң актілерінің орындалысын қаматамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазыналық департаментімен республикалық және жергілікті бюджетпен қаржыландырылатын ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібі туралы инструкция бекітілген.
2006 жылдың қараша айында Бухгалтерлік есеп бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының Қаулысымен бухгалтерлік есепті жүргізудің Стандарттары, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспары бекітілген.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 241-бабының диспозициясында атап көрсетілгендей, бухгалтерлік есепті жүргізуге уәкiлеттi адамның заңнамада көзделген мәлiметтердi құжаттаудан жалтаруы, не осы адамның бухгалтерлiк құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметi туралы көрiнеу жалған ақпаратты енгiзуi, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы олардың сақталу мерзiмi өткенге дейiн жоюы қылмыстың объективтік жағын құрайды.
Жоғарыда атап көрсетілген нормативтік актілерге сәйкес бухгалтерлік құжаттарда көрсетілуі тиіс мәліметтер туралы жазбалардың жасалмауын мәліметтерді құжаттаудан жалтару деп түсіну қажет.
Тиісті құжаттарға шындыққа сәйкес келмейтін, бұрмаланған мәліметтерді енгізу ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметті туралы есептік немесе есеп беру құжаттарына көрнеу жалған ақпаратты енгiзу болып табылады.
Қылмыс құрамы материалдық және жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижесінде ұйымның шаруашылық немесе қаржылық қызметіне ірі залал келген сәттен қылмыс аяқталған қылмыс деп танылады.
Қазақстан Республикасы ҚК 3-бабының 38-тармағына сәйкес 241-бап бойынша азаматқа айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомада келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал ірі залал деп танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам заңнамада көзделген мәліметтерді құжаттаудан әдейі жалтаратындығын, ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы есеп немесе есеп беру құжаттарына көрінеу жалған мәліметтер енгізетінін немесе бухгалтерлiк құжаттаманы олардың сақталу мерзiмi өткенге дейiн әдейі жоятындығын сезеді осы әрекеттердің нәтижесінде ұйымның шаруашылық немесе қаржылық қызметіне ірі залал келуі мүмкін екендігін түсінеді және оларды тілейді немесе оған саналы түрде жол береді.
Берілген қылмыстың субъектісі арнайы субъект – ол бухгалтерлiк есеп жүргiзуге уәкiлеттi адам. Ол қатардағы бухгалтер, сондай-ақ ұйымның бухгалтерлік бөлімінің басшысы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргiзуге уәкiлеттi кез келген адам болуы мүмкін.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет