Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен



бет101/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-арнаулы субъект. Қылмыстық кодекстiң баптарында мемлекеттiк орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.

  1. 251-бап. Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы.

Қылмыстың негізгі тікелей объектісі - жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi заңға сыйымды атқаруын реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша тікелей объектісі болып-азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғайтын мүдделері болып табылады. Осы қылмыс құрамының объективтік жағының белгілеріне: жекеше нотариустың, бағалаушының, же 55 ұйым басшысының өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруі. Істелген іс-әрекеттер мен заңда көрсетілген зиянды зардаптың арасында себепті байланыстың болуы. Елеулі зиян келтіргеннен бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Қылмыс құрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен істеледі. Қылмыстың субъектісі- арнаулы субъектілер- жеке нотариус, бағалаушы, жеке сот орындаушысы, медиатор, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитор немесе аудиторлық ұйым жетекшiсi. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 2 бөлігінде осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар, көпе-көрінеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті жоқ адамға қатысты не бірнеше рет жасалған дәл сол әрекет.

  1. Жекеше күзет қызметі басшысының немесе қызметшісінің лицензияға сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктерін өз қызметінің міндеттеріне қайшы асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса Қылмыстық кодекстің 252-бабында көрсетілген қылмыс құрамына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет