Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (248 б.)



бет98/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (248 б.);


Күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде ҚР ҚК-нің 248-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстың құрамы, яғни мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу орын алады.
Әртүрлі сипатттағы мәмілелерді жасаудың бостандығы аталған қылмыстың объектісі ретінде орын алады. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуден қылмыстың объективтік жағы көрініс табады. Мәміле жасау немесе оны жасаудан бас тарту азаматтық заңнамамен реттелетін әрекеттер болып табылады олар азаматтық құқықтар мен міндеттердің орнатылуына, өзгеруіне немесе олардың тоқталуына алып келеді. Жәбірленушінің өзінің еркін білдіруіне қысым көрсетіп ықпал жасау мәжбүрлеу болып табылады. Ол ауызша, сондай-ақ жазбаша да болуы мүмкін. Жәбірленушіні мәжбүрлеу келесідей тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін: 1) күш қолданамын деп қорқыту; 2) бөтеннің мүлкін құртамын немесе бүлдіремін деп қорқыту; 3) сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп қорқыту.
Жәбірленушінің жеке басына немесе оның жақындарына қатысты психикалық күш қолдануды күш қолдану қатерін төндіру деп түсіну қажет. Мысалы, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл, орта, ауыр дәрежедегі зиян келтірумен, өлтіремін деп қорқыту. Күш қолдану қатері нақтыланбауы да мүмкін, тұлға жалпы алғанда күш қолданамын деп қорқытады бірақ оның сипатын және ауырлық дәрежесін нақтыламайды. Қорқыту нақты орын алуы тиіс. Мүлікті жою немесе оны бүлдіру туралы қорқыту жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүлкіне қатысты болуы тиіс.
Жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіру жеке басқа қатысты немесе коммерциялық сипаттағы мәліметтерге қатысты болуы мүмкін. Олар жалған немесе шындыққа сәйкес келуі де мүмкін. Ең бастысы – оларды таратуды жәбірленуші қаламауы тиіс. Берілген қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі бұл жерде қорқытып алу белгiлерi болмауы тиіс, яғни қылмыс мүліктік сипаттағы талаптар қоюмен ұштаспауы тиіс. Егер кінәлі адам, жәбірленушіге психикалық күш қолдана отырып, мүлікті немесе мүлікке деген құқықты беруді немесе мүліктік сипаттағы әрекеттерді жасауды (мысалы, алынған тауардың, көрсетілген қызметтің құнын төлеуді, кінәлі адамның қарызын төлеудің есебінен тауар жеткізу туралы шартқа қол қою) талап ететін болса, онда іс-әрекет қорқытып алушылық ретінде саралануы тиіс.
Қылмыс құрамы – формальдық. Ол мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеген, яғни жәбірленушіге психикалық қысым көрсетілген сәттен аяқталған деп танылады. Егер мәжбүрлеудің нәтижесінде көрінеу жалған мәліметтер таратылса немесе дәрігерлік құпия, бала асырап алу құпиясы немесе коммерциялық немесе банк құпиясын құрайтын мәліметтер жария етілсе іс-әрекетті саралау 248 бап және ҚК 130, 321,138, 223 баптарының жиынтығымен жүзеге асырылуы тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Субъект жәбірленушіні мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлейтінін сезінеді және осы әрекеттерді жасауды тілейді. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін және қылмысты саралауға ықпал етпейді. Қылмыстың мақсаты - жәбірленушіні азаматтық-құқықтық сипаттағы мәмілені жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу.
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға болады.
Қылмыстың ауырлатылған құрамы мынадай белгілерді қамтиды: 1) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді бiрнеше рет жасау; 2) дәл сол іс-әрекетті күш қолданып жасалған жасау (248 б. 2 б.).
ҚР Қылмыстық кодексі 12-бабының 1-бөлігі бойынша ҚК-тің Ерекше бөлiгiнiң (Ссылки на внешний сайт.) дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.
Жәбірленушінің ұрып-соғу, қинау, оның денсаулығына жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде зиян келтіру күш қолдану деп танылады. Егер аталған қылмысты жасау барысында жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келсе немесе ол қаза табатын болса, онда іс-әрекет ҚК 248 және 106 немесе 99-баптарының жиынтығымен саралануы тиіс.
ҚК-тің 248-бабының 1, 2 бөліктерінде көзделген әрекеттерді қылмыстық топтың жасауы қылмыстың ерекше ауырлатылған құрамын құрайды.
ҚР ҚК 3-бабы 24) тармағына сәйкес қылмыстық топ дегеніміз – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет