Тақырып Ізгілік мәдениеттің феномені: негізгі өкілдері және идеялары


Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі - өз-өзін ұстауы. қандай көңіл-күйде болсаң да – шаттық, қайғы-қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп ұстауы қажет



бет5/16
Дата06.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#80959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
№3 Ізгілік ӨТМ-107

Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі - өз-өзін ұстауы. қандай көңіл-күйде болсаң да – шаттық, қайғы-қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп ұстауы қажет.

  • Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі - өз-өзін ұстауы. қандай көңіл-күйде болсаң да – шаттық, қайғы-қамығуда да, неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп ұстауы қажет.
  • Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. «Менің ойымша тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам пиғылды - әрқашанда бақытсыз».
  • Сократ адамның жан-дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония мен маевтика. Ирония дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығын ашып, ең ақырында оны «Менің білетінім тек қана ештеңе білмейтінім»,- деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді.
  • Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Ол сәбидің Дүниеге келуіне көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ сәби емес, Дүниеге ақиқат келеді. Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.
  • Сократтың мақсаты – одан да әрі тереңдеу. Қандай мәселе талқыланбаса да әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағнасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір сүріп жатырмын, не істеп – не қойдым, менің ар-ұжданым таза ма т.с.с. деген сұрақтарға әкеледі. Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытқа дейін өзінің жан-дұниесі жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай бастайды.
  • Олай болса, адамның өз-өзін танып-білуі – оның ең биік мұратына айналуы керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам күнделікті өмірдегі “ұсақ мәселелердің² жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттық ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан “Сіздің туған жеріңіз қайда? – деп сұрағанда, ол «Мен ғарыштанмын» – деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне, осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет