Жетісай -2005 ж
2. Лекция сабақтарының жоспары
4,5-кредит семестр 2
1-тақырып:
Қиялдың түрлері. Қиял және ғылыми техникалық прогресс.
Қарастырылатын мәселелер:
Қиялдың түрлері.
Қиялдың жасалу жолдары.
Қиялдың дара айырмашылықтары.
Қиялдың түрлері:
Ырықсыз (пассив) қиял
Ырықты (актив) қиял деп болады.
Ырықсыз қиял - деп, адам алдына ешқандай мақсат қоймай, өздігінен, пайда болып алдында біраз уақыт билейтін ой көрінісін айтамыз.
түс көру
адамның бір нәрсені қатты ойлауы.
Адамның шала ұйықтауы жатады.
Түс көрудің жан - жақты физиологиялығын түсіндіріп берген И.Т.Павлов.
Үйқы кезінде ми клеткаларының барлығы тежелмейді, кейбір бөлімдерді (тежелу) қозу жағдайында болады.
Мидың мүндай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды.
Үйқы дегеніміз физиологиялық жағынан алатын болсақ, адамның күнделікті өмірде жұмсаған энергиясын қалпына келтіру болып саналады.
Үйқы 3 фазадан түрады:
үйықтай бастау фазасы.
Қатты йықтау фазасы.
Ояна бастау фазасы.
Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі, өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді де 1- сигнал жүйесі жүйесі ғана жүмыс істейді. 2 - ші сигнал жүйесі толығымен тежелуге үшырайтындықтан адамның ойлау қабілеті ете төмен болады.
Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралады.
Бүлардың негізі адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы, арманы, көрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т.б.
Ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын факторлардың есебі жоқ.
Мысалы: ми клеткаларына көшедегі транспорттың тырсылы да, ағаш жапырағының сыбыры да, иттің үргені де, есіктің ашылып-жабылғаны да әсер етеді. Тіпті органның ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т.б.). жүмысына бір жайсыздық жүйе де адамның түсінеқай-қайдағы бірдеңелер кіреді.
Мысалы: үйқыдагы адамның жүрегіне бір салмақ түссе де адамның жүрегі қатты соға бастайды. Барлық адамның түсі деп жазды. И.П.Павлов "1-ші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы". Түс көруді үйқыдағы мидьщ фантазиясы деуге болады, ырықсыз қиял адамның ояү кездерінде де болады. Мысалы:
Адам аспандағы бүлттарға қарап, оны адам бейнесіне
немесе жануарларға үқсатуы.
Адам әңгіме айтып отырғанда оның басынан өткен
оқиғалары сенін көз алдыңа елестеп отыруы.
Ырықты қиял - деп адам алдына белгілі бір мақсат қоюы мен жасалынады.
Ырықты қиял - қайта жасау, шығармашылық, арман болып бөлінеді.
1. Қайта жасау қиялы - деп, суреттеп сызғанға немесе
жазғанға адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын айтамыз.
Қайта жасаушылық арқылы адам шындыққа сай, дүрыс образдар беріп отырады.
Қайта жасаушылық тәрбиелеудің басты жолы бар.
Көркем әдебиетті оқып үйрену — оқығанда кітаптың тек қызық
жерлерін ғана оқығанмен қиял дамымайды, сен - жан кітап
мазмүнын ойға түйіп, оны көрегендей-естігендей болып отыруы
қажет. Егер М.Ауезовтың "Абай" романын қиялы бай адам оқыса,
онда кейіпкерлерімен бірге жүргендей болып түрлі оқиғаларды
басынан өткізеді. Бұл қайта жасау қиялының көрінісі.
Географиялық карталарды оқып үрену - Карта бетінде саяхат
жасау бала қиялына планетаның түрлі түкпірін елестетеді.
Творчествалық қиял - деп, өмірдің қай саласында
болмасын жаңалық алуды айтады. Жазушының, суретшінің,
ғалымның, композитордың творчествалық қиялға жатады.
Творчествалық қиялға ғалым саласында неше түрлі жаңалықтардың
ашылуы жат. Ғылым мен техника саласында көптеген жаңа нәрселер
әр түрлі заттардың бөлшектерін қүрастыру арқылы пайда болған.
Мысалы: трамвай мен автобус аэероплан мен шана т.б.
Арман - деп, болашаққа келешекке бағытталған қиялды
айтамыз.
Арман дегеніміз, өз қалауымызша жаңа образдар жасау. әрбір адам алдындағы жарқын болашағы туралы армандамай білуі қажет. Сондықтан да халық "Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ" -өте тауып айтқан.
Арман адам әрекетімен тікелей байланысты. Адам әрекет етудің орнына бос қиялдаса, ол келешектің қиялы болмай, қүрғақ қиял болып шығар еді.
Мысалы. А.И.Куприннің "Жекпе-жек" повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, қүрғақ қиял.
Қиялдың жасалу жолдары
Қиял түрлі елестетудің негізінде жасалып отырады. Қиялда анализ, сентез әдісі, агглютинация, схематизация тәсілдері жиі қолданылады.
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі - агглютинация деп аталады.
Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер мен (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) және түрлі машинаның конструкциялары (судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана, суға қонып үша алатын самолет) қүрастырылады.
Бұлардан басқа қиял бейнелерін жасайтын әдіс - гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіп көрсетілуін айтады.
Ертегілерді қиял-ғажайып бейнелеуді жасауда осы әдіс көп қолданылады.
Мысалы: "7 басты (жылан) айдаһар". Кеміте көрсету "бармақтай бала".
Карикатуралар мен достық әзілдер
Адамның орасан ақылдылығын, ақылының аздығын бейнелейді.
Схематизация - деп, заттардың айырмашылықтарын ескермей, анық үқсас болса, соны айтамыз.
Мысалы: Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою құрастыруы.
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз - түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру. Мысалы: Орыстың үлы жазушысы М.Горький айтады - бір топтың жүмысының образын жасау үшін 100 не 200 деген топпен жүмысшыны қадағалап қарауымыз керек - дейді.
"Ана" - романы да мысал болады.
2-тақырып
Сөйлеу
Қарастырылатын мәселелер:
Сөйлеу туралы жалпы түсінік.
Сөйлеудің мазмүндылығы мен мәнерлілігі.
"Сөйлеу", "тіл", "қарым - қатынас" ұғымдары туралы
түсінік.
Адам өзінің қажеттігін өтеу үшін басқа біреулермен пікірлеседі, ой бөліседі. Адам баласының сана сезімінің дамуына дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организм! анотомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін мән — мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды.
Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Сөйлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы алғашқы (революция) төңкеріс болды. Сөйлеу белгілері жоғары жүйке жүйесін, қызметін жетілдіреді, соның
нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.
Рас, даму сатысында жоғарғы дәрежеге жеткен маймылдардың 52 — мәнерлі дыбыс шығаратындығы анықталған. Бірақ, маймылдың басқа да жануарлардың дыбыс шығаруы, дауыстауы — ойлауды білдірмейді, ол инстинктік мүқтаждығын сыртқа шығаратын сигнал. Бүның санамен ешқандай байланысы жоқ. Мысалы, шимпанзе баласына тідді үйрету тәжірибесі,
Мыс. Кеңес психологы Н.Н.Ладыгина "Адамның баласы мен шимпанзнің баласы" — деген кітап жазып шыққан. Жануарлардың дыбыс шығаруы қатынас жасауы ретінде
қолданылмайды. Ондай құрал - тіл - тек адам баласының тарихында тек еңбекпен байланысты худы. Ф.Энгельс өзінің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі" — деген еңбегінде былай деген болатын: "сөз үжымдық еңбек процесінде қалыптасып келе жатқан адамдардың бір - біріне бірдеңе айтқысы келу мүқтаждығынан туған болатындығын айтты."
Тіл де, ойлау сияқты, еңбек нәтижесінде туды. Тіл, тек адамға тән психикалық процесс.
Сөйлеу деп - адамдардың тіл арқылы бір - бірімен қарам -қатынас жасау процесін айтамыз. Яғни тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Немесе ол коздеген мақсатына жете алмайды. Қазақтың ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" -деп тауып айтқан. М.Жүмабаевтың айтқан сөзі "Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт:
Сөйлеудің мазмүндылығы
Сөйлеудің мәнерлілігі
Сөйлеудің мазмүндылығы - дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.
Сөйлеудің мәнерлілігі — дегеніміз адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын біддіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы."
Мысал2. "Сөйлеу", "тіл", "қарым - қатынас" үғымдарының мән — мағынасы жақын болғанымен, ғылыми түрғыдан бүлар бір - бірінен ажыратылады. Қарым - қатынас адам іс - әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс тіршіліктің негізгі арқауы. Адам тек сөйлеу арқылы ғана қарым - қатынас жасамайды, ол айналасындағылармен түрлі ым — ишара (жест), белгі, таңба арқылы да бір — біріне ақпарат бере алады. Тіпті қас қағу, иекпен иық қозғалту, басты шайқау т.б. осы секілді атрибуттар да қарым қатынастық қызмет атқарады.
Халқымыз "Ымға түсінбеген дымға түсінбейді"деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым қатынастық қызмет атқаратыны да белгілі.
Сөйлесу қарым қатынастың негізгі түрі. Мүның неше түрлі нүсқалары болады. Мыс, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы - қүрдастармен сөйлескендегісі басқа формада болады. "Тіл" үғымының да ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қүбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойы жинақтаған рухани мүрасы үрпақтан үрпаққа жеткізіліп отырьыады. Ал, сөз сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек адамдарда, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Сөйлесу - табиғи яғни пікір алысуға байланысты қажеттілік. Осы қажеттілікті өтеуде сөйлеудің, пікірлесудің маңызы ерекше. Сөйлеудің адам өмірі үшін маңызы ерекше екендігін мына аңыз әңгімеден көруге болады. "мысал келтіру."
3-тақырып
Сөйлеу түрлері. Сөйлеу мәдениеті
Қарастырылатын мәселелер:
Сөйлеудің түрлері.
Сөйлеудің физиологиялық негіздері.
Сөйлеу мәдениеті.
Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді;
1. Сыртқы және ішкі сөйлеу
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып
Ауызша сөйлеу диалогты және монологты болып
Монологты сөйлеудің өзі 3 — ке бөлінеді:
Ауызша әңгіме
Баяндама жасау
Сөз сөйлеу
Диалогты сөз дегеніміз — екі не бірнеше адамның тілдесуі.
Диалогтық сөйлеу — сөйлесудің ең қарапайым, ең байырғы түрі.
Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері мынадай:
Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып
жатуды тілейді.
Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек
әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.
Диалогтық логикалық жағы (жоспарлығы, дәлдігі т.б.)
кемдеу болады.
Диалог сөз ым — ишаралармен бет пен көздегі мәнерлі
қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың
қозғалысы т.б.) толықтырылады.
Монологтық сөйлеу дегеніміз — бір адамның сөзі яғни
баяндамашының лектородың сөздері. Монолог сөздерге тән кейбір
психологиялық ерекшеліктер мынадай:
Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес қүрылады, бүл
алдын - ала даярлықты тілейді.
Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар
қойылады.
Монолог сөз мәнерлі, адамга эсер ететін моменттерді
(сөзді сазына келтіріп айту) көбірек қажет етеді.
Ауызша сөйлеуде актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер — күнбе — күнгі жиі қолданылатын создер. Пассив сөздер — тілімізде сирек пайдаланылатын мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мысалы, ғылыми — техникалық атаулар және ескірген создер жатады. Актив сөздердің мол болуы адамның сойлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000 — 7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, галымдардың актив сөздері 10000 — 13000 сөзге жетіп отырады. Мыс, Шекспирдің сөздік қоры 12000 — дай болған.
Монологтың байырғы алғашқы түрі алғашқы әңгіме. Ауызша әңгімеде сөйлеуші өзінің корген білгендерін не естігенін яғни көңіліне түйген жайттарды бүдан бейхабар тындаушыларға суреттей айтып береді. Халықтың ертегілері мен аңыз әңгімелерін айтушы жыраулар
Баяндама жасау дегеніміз — белгілі бір қүжаттарға негізделіп жасалады яғни белгілі бір мәселе тоңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мыс, оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама.
Радио, теледидар сияқты көпшілік коммуникация қүралының дамуы монологты сөйлеудің анағүрлым қиын формасы -микрофон және теледидар камерасы алдында сөз сойлеуді туғызды. Сабақ беру практикасында мүғалім монологты сөйлеудің барлық формаларын пайдаланады.
Жазбаша сөз сөйлеу — ауызша сөз сойлеудн кейін пайда болды. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің өзінде - ақ адамдар белгілі бір оқиғалар туралы деректерді үзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сөз сөйлеудің алғашқы қадамы сурет арқылы берілген. Жазу — сызу дамуының бүл кезеңін — идеографиялық сөз сөйлеу деп атаған. Идеографиялық сөз сөйлеу — айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды. Кейінірек иероглифтік жазу пайда болды. Бүл да айтайын деген ойды толық жеткізе алмайды.
Қазір біз пайдаланып жүрген жазу көп кейінірек туған. Оны ойлап табушы ежелгі финикийлер деседі. Ол алфабетикалық
жазу деп аталады. Ол графаме мен (әріппен), фонема мен (сөйленген сөздің дыбысы) белгіленеді.
Іштей сөйлеу адамның өзімен - өзі сөйлесуі. Іштей сөйлеу адамдармен қарым - қатынас жасауға арналмайды. Іштей сөйлеудің негізгі белгісі оның дауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сөйлеу - ішкі күбірлеуден және іштей сөйлеуден түрады. Іштей сөйлеу мен сыртқы сөйлеудің айырмашылығы бар, іштей сөйлеу тым қысқа келеді. Ішкі сөйлеу сыртқы сөйлеу негізінде қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру — интериоризация деп аталады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады.
Сөйлеудің физиологиялық негізін И.В.Павлов жан — жақты дәлелдеген. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік — синтездік қызметінің нәтижесі. Сөйлеудің физиологиялық негізі 2 - ші сигналдық жүйенің қызметін қүрайды. Мида 1 және 2 сигнал жүйелері болатындығы өткен лекциядан белгілі. 1 — сигналдық жүйе адамдарға да жануарларға да тән. 2 — ші сигналдық жүйемен тікелей байланысты жүмыс істейді. 2 -сигнал жүйесінің жүмысына егерде зақым келсе, адамның сөйлеуі мән — мағынасыз болады. Мысалы, Француз ғалымы Брока. Егер ми сыңарларының сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын дәржеге жетеді. Мүндай қүбылыстарды психология афазия деп атайды. Мүның 3 — түрі бар.
Сөйлеу органдары толық сақталғанымен, қиналып сөйлейді,
тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады.
Адам өзі сөйлей алғанымен, басқа біреудің айтқанына
түсінбейді.
Мидың бір жеріне қан қүйылу, оның тамырларының
тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісуі т.б. мүның емін
логопед дәрігерлер жасап отырады.
4-тақырып
Зейін жөнінде түсінік. Зейіннің түрлері.
Қарастырылатын мәселелер.
Зейін туралы жалпы түсінік.
Зейіннің түрлері.
Зейіннің физиологиялық негіздері.
Зейін - деп, адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Зейін - деп, айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін есітіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер, біздің зейініміз басқа бір затқа, нәрсеге аударылып отырса, сол сияқты бір жеріміздің де ауырғанында сезбеуімізде мүмкін.
Оқу жұмысыда зейіннің маңызы, өте үлкен белгілі бір затқа зейін аударсақ, ол біздің санамыздан орын алады да, қалғандары нашар қабылданады яғни шетке қалып қояды.
Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.О. Ушинский зейннің маңызын былайша көрсетеді.
Зейінді психикалық процестің тобына жатқызу дұрыс болмас еді, өйткені алам өз өмірінің әрбір моменттерін де бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бір нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына, бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық қүбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Мыс: сезім зейінді күшейте түсуге, не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мыс: бір объект жағымды сезім туғызып, зейінді күшейтеді де, ал көрші бөлмеден естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің түрлері мыналар:
Ырықсыз зейін.
Ырықты зейін.
Үйреншікті зейін.
Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез-келген объектілері кейде ырықсыз
біздің назарымызды аударады.
Мыс: ауаның күркіреуі, ысқырық, мылтықтың дауысы, бояулы афиша т.б. Сонымен ырыксыз зейін дегеніміз - сананы объектіге, сол объектінің тітіргендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасынрда шоғырландыру. Тітіргендіргіштің өзін зейін объектісіне айналдырып жіберетін кейбір қасиеттерін карастырайық: басқалардан күші басым тітіргендіргіш өзіне еріксіз зейін аударады.
Кызығу - ырықсыз зейін арқылы да болады. Мыс: қызыққан нәрсемізге зейініміз тез ауады. Қызықты кітап оқу үшін де.
Ырықсыз зейін кез-келген тітіргендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жагдайлар себеп болады:
Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде белгілі бір ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Ырықты зейінде - белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салуды қажет етеді.
Мектепте оқу ырықты зейінді қалыптастыруы керек. Ол үшін бастауыш кластарда оқушыньщ әліне сай, оқуды қызықты, тартымды үйымдастыру қажет, берілген тапсырманы орындап щығу табысы, баланы рахатқа бөлейді, ынтасын арттырады. Сонымен қатар сабақ кезінде бір әрекетген екінші әрекетке тез ауыстырып отыру керек. Сонда бала тынығып қана қоймайды, баланың ырықты зейіні оянады.
Педагог зейінді ұйымдастыру барысында ырықты зейіннің шоғырлануы үшін мына шарттарды ескеруі тиіс. Мыс: 1) Ғылыми кітап оқығанда конспектілей отыру.
Лекция мен сабақтарда тыңдағанын қысқаша жазып отыру.
Картадан шекараны көрсеткенде сызық бойымен көрсеткішті жүргізу.
Кітап оқығанда кейбір керекті жерлері сызып қою т.б.
Зейінді дұрыс ұйымдастыруға кейде адамның психикалык күйі де әсер етеді. Мыс: шаршап шалдығып отырған адам бір нәрсеге зейін қоюы қиын. Көптеген зерттеулер - жұмыс күні аяғында жүмыста қате көбейетінін, шарашағандық әсерінен зейінді шоғырландыру киынға соғатынын дәлелдеген. Мыс: сабақ кестесін жасағанда (суббота) сенбі күдерге және ылғи ой жұмысын керек ететін пәндерді бір күнге қоюға болмайды. Күрделі есептер шығару, жаңа терминдер, тақпақ жаттау, шетел сөздерін есте үстау т.б. ырықты зейін іске аспайды.
Ырыкты зейін мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
Үйреншікті зейін - ырықты зейіннен кейін пайда болады. Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мыс: бала оқуға төселсе, ол түрақты әдетіне айналады да зейіні де үйреншікті болады. Қандай нәрсеге болсада үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады.
Зейіннің 3 түрі де бірімен-бірі байланысып, араласып, практикалық әрекетте бір-бірін сүйемелдеп отырады. Бүлардан басқа:
Үжымдық зейін.
Топтық зейін.
Даралық зейін түрлері болады.
Ужымдык зейін - бір сыныптағы барлық оқушының зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жүмылдыру. Бүған мүғалімнің сабақ өтуі жат.
Топтык зейін - бір үжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру қажет. Бұл -зейінді ұйымдастырудың оқушы үшін де қиын түрі. Өйткені, топтар жүмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мүқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралык зейін - өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап, зейінін шоғырландырады. Бұл - зейіннің кісі өзі оқығанда, есеп шығарғанда қолдануға тиісггі аса қажетті түрі.
5-тақырып
Зейіннің негізгі қасиетгері.
Қарастырылатын мәселелер:
Зейіннің негізгі қасиеттері.
Зейіннің физиологиялық негіздері.
Зейінді тәрбиелеу жолдары
Зейіннің қасиеттері мыналар:
Зейіннің бөлінуі. Зейіннің шоғырлануы. Зейіннің тұрақтылығы. Зейіннің ауысуы.
Зейіннін көлемі - адамның бір көргенде - ақ қабылдаған нәрселерінің
саны. Зейіннің көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Зейін көлемін анықтау үшін
уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар мен әр
түрлі 5-9 әріпті қамти алатынын көрсетіп отыр. Мектепте оқушыларға
әсіреше бастауыш сынып оқушыларына бір мезгілде сан жөнінде, сапа
жөнінде де белгілі бір зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды.
Зейіннін бөлінуі - адам санасының белгілі бір мезгілде бірнеше әрекетті
атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінуі дейміз. Мыс: оқушылар
өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушылардың
тақтаға шығарган есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б.
Студенттер бір мезгілде лекция тыңдайды әрі түсінігін жазфп отырады.
Зейіннін шоғырлануы - адам санасының белгілі бір объектіге ерекше
бағытталады. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса,
шоғырлауы соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетгі дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек.
Зейіннің түрақтылығы - адамның зейіні бір объектіге немесе бір
жұмысқа үзағырақ түрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейміз.
Зейіннің ауысуы - оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін
айтамыз.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында кошті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы)
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атанған. Мидың осы кошті қозғыш алабы қалған алапат арадағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып альп отырады. Осыдан мидың кошті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, салат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені,жоғарыда айтылғандай, мидағы басынқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П. Павловтың “Қозудың оптимальдық алабы” дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П. Павловтың оптималдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
6-тақырып
Эмоциялар мен сезімдер.
Қарастырылатын мәселелер:
Сезім туралы жалпы түсінік.
Сезім мен эмоцияның айырмашылықтары.
Күрделі эмоциялар.
Адам өзін қоршаған дүниені тек танып қана қоймайды,оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады,ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды, яғни өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының адам қажеттеріне сәйкес келу келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психологиялық процестің түрін сезім деп атайды.
Қажеттерін түрлі жағдайға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген үнамды және үнамсыз сезімдерді туғызып отырады.Мыс:абыржу, шошыну, наздану, жек көрушілік, іш пысу, зерігу т.б.бүлар сезім мен эмоцияның сан алуан түрлері. Сезімдер өте күрделі психикалық процестерінің бірі.
Сезімдер мен эмоцияларды дүрыс айыра білу керек .Бүларды ажырата білмеушілік, кейде қате түсініктерге әкеп соқтыруы мүмкін.Мыс:осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін.Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы қүбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісін әртүрлі шартсыз рефлекстерінен, және инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері болады.
1. Қарама-қарсы, полярлық сапалар.
Мыс: сүйсіну - сүйсінбеу, көңілдену - қажу, шаттық - уайым.
2. Актив(қажырлы)және пасив(солғын) болып бөлінуінен көрінеді.
Адамға күш беріп, әрекетке үмтылдыратын, көтерінкі сезімдер мен
эмоцияларды стеникалық(грек сөзі - күшті), ал бүлардьщ баяу Турін
астеникалық (грек сөзі - әлсіз) деп атайды.
Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т.б. жатса,
екіншісіне:уайым, енжарлық, көңілсіздік т.б. жатады.
З.Жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Балда сезімдердің
қарама - қарсы сапаларының бірі. Мыс: студенттердің емтиханнан өтуі,
спортсменнің мәреге жетуі.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.
Адам ылғи қинала берсе оның діңкесі қүрып, берекесі кетеді.
Адамның осылайша шамадан тыс зорлануьш психологияда стресс дейді. (ағылшын сөзі - шамадан тыс зорлану). Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады.
Мазасыздану кезеңі.
Зорлану кезеңі.
Титықтау кезеңі.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады.
Жағымды, үнамды эмоция. Мыс: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштык
т.б.
Жағымсыз, үнамсыз эмоция. Мыс: қорқыныш, қайғы, абыржу, налу,
үрейлену, үнісіздену т.б.
Бүлардан басқа эмоциялар қарапайым және күрделі болып та бөлінеді.
Қарапайым эмоциялар - адамның органикалық қажеттерінің өтелу - өтелмеуіне байланысты туып отырады.
Күрделі эмоцияларға: көңіл, эффект, құмарлық эмоциялар жатады.
1. Көңіл. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдарлы, жылы жүзді, ақжарқын, не көіңілге кірмен кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратылады.
Адамның қызметі жақсы жүріп жатса, үжымы, ынтымақты болса отбасы жағдайы(жүріп жатса) жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекше әсер етеді. Сол сияқты адамның көптеген айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе(мысалы: жоғарғы оқу орнын бітірсе, диссертация қорғау т.б.) шат - шадымен күйге түседі.
Керісінше, адам ылғи да сәтсіздікке үшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мүндай кезде қабағы қатыңқы, ренішті күйде болады. Сондықтанда "Көңілсізден күлкі шықпас ", "Адам көңілден азады"-деген мақалдар тегін айтылмаған.
Ерік жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар аур жағдайда да көңілді жүреді.Өз көңілін меңгере білу - Мүғалім үшін өте қажет. Егер мүғалім көңілсіз болса, оқушының оқу материалдарын менгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Әсіресе төменгі класс оқушылары мүғалімнің қас -қабағына қарап отыратыны белгілі.
2. Аффект. лат. жан ұшыру, күйіп - пісу .
Аффект дегеніміз_- қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Мыс: зәре үшу, қорқу, долылық, жан түршігу, қамығу, торығу т.б. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп есептеу керек. Бүл адамның өзін еңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі.
Ерік - жігері күшті адам мүндай үшқалақтыкка, лепірмелікке бара бермейді. Ондай адам не істесе де ойланып істейді.
3. Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із
қалдыратын кошті, терең, түрақты эмоция. Қүмарлық өзінің қоғамдық мәнімен (сипатталады) бағаланады.
Ол екіге бөлінеді.
Үнамды (ғылым мен өнерге еңбекке).
Үнамсыз (дүние, бақ, ойын қүмарлық).
Ұлы ақын Абай атамыз, адамға қажетті қүмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсетсе, А.С.Пушкин "сараң сері" драмасында Альберттің образы арқылы қүлқынын ақша тескен адамның қүмарлығын былайша суреттейді.
7 – тақырып
Сезімнің түрлері . Күрделі эмоциялар.
Қарастырылатын мәселелер:
Жоғары сезімдердің түрлері.
Сезім саласындағы дара айырмашылықтар.
Жоғары сезімнің түрлері мыналар :
Адамгершілік - моральдық
Эстетикалық
Интеллектік (ақыл - ой)
Адам мінез - құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да күрылымы да күрделі келеді. Бұлар:
Қоғамдық мәнді сезімдер.
Жеке көңіл күйге байланысты сезімдер болып бөлінеді.
Соның біріншісіне мына сезімдер жатады: достық, жолдастық, адалдық, ар -намыс, борыш, жауапкершілік, үят т.б. жатады.
Ар - намысты коргау - адамға өте жарасымды сипат, бүл көбінесе қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамның ғана қолынан келеді. Ар - намысты қорғау дегеніміз - сонымен бірге айнала қоршаған адамдарды да силай білу деген сөз. Ар үятты қастерлеу намысқа тырысушылық екенін бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мүның адам психологиясына әсер ететін соша кісі кейде "кірерге жер таппай, кісі беті не қарай алмай... үйқыдан, тамақтан қалатыны да болады.
Үлы ақын Абай атамыз үяттың екі түрі бар дейді.
надандықтан туатын.
Жағымсыз іске, теріс қылыққа ялу
Үялмас нәрседен ялу, бүл надандық, ынжықтық, жігер - қайрат
осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы.
Шын үят ақыл парасаттың ісі "өлімнен үят күшті" деп халқымыз тегін айтпаған.
Адамның ары мен үяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса мүндай адам үятты болады дейді Абай.
2. Эстетикалық сезімдер дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын
бір сүлулықты сезінуі.
Мыс: табиғаттағы әдемі көріністі тамшалау, көркемөнердегі, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат Алу. Сол сияқты архитектуралық, музыкалық, сахналық шығармалардың шебер орындалуынан ләззат алуға да байланысты туып отырады. Мыс: "Әсем әнмен тәтті күй" ...
3. Интеллектік сезімдер - адамның ақыл - ой әрекетімен тану процестерімен
тығыз байланысып жатады.
Мыс: таңсықтау білуге қүмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, т. б. жатады. Сезімнің бүл түрі оқу процес інде, ғылыми, зерттеу жүмыстарында адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мүғалімнің бастр міндетінің бірі - оқушылар санасында интелектік сезімді қалыптастыру болып табылады Ол үшін көп оқу керектігін оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтыныын түсіндіру қажет "Оқу инемен қүдық қазғандай" ол оңайлықпен қолға түспейді. "Адамның көңілі шын мейірленсе ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі" - дейді, үлы ақын Абай. 5. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар. Адамның сезім саласындағы дара айырмашылықтары түрліше болып келеді. Отбасы тәрбиесіне, тұрмыс жағдайына, денсаулығына, жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктеріне, білім қорына, өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне, жас ерекшелігіне т.б. қарай неше түрін кездестіруге болады. Өмірде көңілі көтеріңкі, жағдайлары шат – шадыман адамдар мен қатар, сәл нәрсеге уайымдағыш, қабағы қатулы, не өзін ұстай алмайтын, тиянақсыз болар-болмас нәрседен асып-сасып жұрттың үрейін алатын адамдар да кездеседі.
8-тақырып
Ерік жөнінде түсінік.
Қарастырылатын мәселелер:
Ерік туралы жалпы түсінік.
Ерік туральг теориялар.
Еріктің физиологиялық негіздері.
Адам өз қажеттілігіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Сол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдарды қарастырады. Бұл үшін қимыл-козғалысқа түсіп отырады. Адамдардағы қимыл-қозғалыс есепсіз көп, оларды үлкен екі топқа бөледі:
Еріксіз қозғалыстар (көздің ашылып-жүмылуы, жөтелу,
шашалу, түшкіру т.б.) яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар.
Ерікті, яғни мақсатты қозғалыстар. Мысалы, жерге түскен
нәрсені көтеріп алу.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен, ерік дегеніміз - адамның өз мінез-кұлқын саналы түрде меңгере алуын айтамыз.
Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатына байланысты түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: үйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін түру керек.
Ерік қоғамдық ерік процесінде пайда болып қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттіліктерін өтей алады.
Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Біз көп адамдардан " не тілесем соны істеймін" деген сөзді көп естиміз
Кейбір философиямен психология ғылымының өкілдері
осындайжеке пікірлерге жас кенедей жабысып: "адам не істеймін
десе де ерікті өз қылығына өзі қожайын дейді. Ал еріктің
айналасын қоршап түрған дүниеге, жағдайларға
Байланысты болатындығына жете мән бермейді. Сөйтіп ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, ми қызметіжемісінің бірі болып есептелінетінпсихикалық процесс деп түсінуіміз қажет. Ерік-жігер туралы теориялар мыналар: 1. интеллектуалдық немесе ассоциациялық теориялар. Мүны жақтаушы Германияда өткен ғасырда өмір сүрген Мейман. Мұның айтуынша ақыл-ой интеллектпен байланысып, соның нәтижесінде пайда болады, яғни ерік адамның мүқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады. Ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады.Адам ерікті әрекет жасау үшін өзінің бұрынғы көрген білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік-жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретіндеқарастырмайды, ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
2.Неміс психологы В.Вундт оның көзқарасы бойынша ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффекттілердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оны тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені, ерік пайда болу үшін оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше, адамның мүктаждықтары себеп болады.
З.Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Мысалы: адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке (тигізген) тізген тасты жай айналдырам деп ой -ласа жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. Бұл айтылған ойдың барлығыда ерікті әрекеттің пайда болу табиғатын, мазмұнын аша алмайды.
Еріктің физиологиялық негізін дәлелдегендер И.П. Павлов пен И.М.Сеченов болды. Еріктің физиалогиялық механизмі мен қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше.
Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатты қозғалыс, яғни күрделі шартты рефлекстер.
Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса , ерікті қозғалыстар өмірде жере-бара қалыптасады. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалынады.
Мүндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, көптеген қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар.
Адам сөз арқылы нұсқау алады не тоқтамға келеді, алдана қойған мақсатына сәйкес, қимыл- қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан . Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клеткалары бар. Бұлар жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады.Қозғалыс анализаторын құрайтын жүйке талшықтарын пирамидалық жол деп атайды.
Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесі кетеді, мұндай да оны паралич ауруын шалдықтыруы мүмкін.
Қозғалыстарды тезей алу , тек алда тұрған мақсатқа сәйкес қозғалыс жасау - I және II сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
9-тақырып
Ерік сапалары
Қарастырылатын мәселелер:
Еріктік амалдарды талдау.
Ерік сапалары.
Ерікті тәрбиелеу жолдары.
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушының алдындағы мақсаты арнаулы оқу орнына түсу. Оның алдына бұл мақсатты қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы-тілек немесе ниет деп атайды.
Тілек - келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мыс: газетке мақала жазсам, домбыра тартып үйренсем т.б.
Осы тілекті жүзеге асыру үшін адам тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады.
"Жақсы ниет, жарым ырыс" деп халық тегін айтпаған. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау - күрделі процесс. Ол адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау- мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.
Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай қайшы келіп отырады. Мыс: орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтың институтқа түсіп, мүғалім болып шыққысы келсе, бірде ауыл-шаруашылық маманы болғанды да қалайды. Бүл арада ол екі мамандықтың бірін қалауы керек, ол қайсысын қаларын білмей әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай да тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік болады, мұны психологияда мативтер күресі дейді. Мүндай түрлі мативтердің ішінен ақылға қонымдысы- нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңіп шығады, тек содан соң ғана адам тоқтамға келе алады.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мативтер күресі, тоқтамға келу
бәрі жиналып еріктік қимылдың "даярлық кезеңі" деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады.
Ерік сапалары.
Адамның ерік сапаларының бірнеше түрі бар.
Ерік күші (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық).
Адамгершілікке сыйымды ерік сапалары (жеке мүддені үжым еркіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары). Еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б. бөлінеді).
І.Тоқтамға келгіштік.
Тоқтамға келгіштік дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.
Тез тоқтамға келу үшін адам әрбір ісін ой таразысынан өткізіп, асығып-аптықпайды. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
2.Табандылық.
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді.
3. Ұстамдылық.
Ұстамдылық дегеніміз - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан,
орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
4. Тәртіптілік пен жинақылық.
Тәртіптілік дегеніміз - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті.
5. Ерлік.
Ёрлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.
10-Тақырып
Темперамент . Темперамент туралы түсінік.
Қарастырылатын мәселелер:
Темперамент туралы түсінік.
Темперамент туралы (теориялар яғни) ілімнің дамуы
Жүйке жүйесінің типтері және темперамент.
Өте ерте кезден бастап адам өзін-өзі байқай, бақылай отыра, өзін басқа адамдармен салыстыра келе адамдардың арасында болатын айырмашылыктарды біліп, түсінгісі, зертгегісі, дәлелдегісі келген.
Бұл дәлелдеу жолы ертедегі грек оқымыстыларынан бастап әлі күнге дейін зерттеліп келеді.
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктермен сипатталатын 3-түрлі нәрсе бар.
1) Бір түп ағаштағы 200000-ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешелігімен көзге түсетіндігі.
Темпераменті, мінез-қүлқы жағынан бірдей екі адам болмайды.
Дүние жүзіндегі 6 млрд. адамдардың әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды.
Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі адамдардың өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі осы темперамент. Мұның шығу тегі-«красис» деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұның мәні-заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті береді.
Адамдардың арасындағы осындай айырмашылығының болуын денедегі сұйықтарға байланысты-деп алғаш дәлелденген грек дәрігері ғалымы Гиппократ болды. (б.ғ.д. 460-356) Олар: денені жьшытьш тұратын қан. Салқындататын – шырын. Құрғататын – бауырдағы сары өт. дымқылдық беретін – қара өт.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттің әр түрлілігі организмдегі осы 4-түрлі сүйықтардың аз-көптігіне байланысты деп түсінген.
Мысал: организмде қанның пропорциясы басым болса – сангвиник, ал шырын басым болса – флегматик, қара өт басым болса – меланхолик, сары өт басым болса – холерик темпераменті деп атаған.
Сонымен темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі.
Темперамент деп - - әр адамның сезім көрінісінің, ойлау өрісінің және қимыл әрекетінің өту, сыртқы көріну жолын айтамыз. Темперамент адамның жалпы
қозғалысынан да (біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, біреулер жай қимылдап, асықпай істейді).
Психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше сылбыр жігерсіз болады).
Адамның көңіл-күйінің ерекшелігінен де (салмақты, түрақты, жеңіл, түрақсыз т.б.).
Эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т,б.) жақсы байқалып отырады.
Қазіргі кезде темпераменттің 4-түрі туралы психологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалымы Гален темпераменттің санын 13-ке жеткізді.
Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, ол адамдардың темпераменті күшті болатынын денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтады. Ал медицинада ғылымдарының өкілдері темперамент жанындағы ілімді ықшамдап, оның бұрынғы 4-типін сол күйінде қалдырады.
Неміс философы И. Кант 1798 жыл жарық көрген «Антропология»деген еңбегінде темпераменттің үш түріне психологиялық сипаттама беріп, оларды психологиялық қасиеттер – деп анықтады.
ХІХ-ғ. Соңында неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның «жан дүниесі тебіреністерінің» күш қуаты мен жылдамдығының арақатынастарына тәуелді болады деп есептеді.
Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе орыстың антрополог ғалымы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты дейді. Ал көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт темпераменттердің қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп түжырымдады.
Темперамент жайында, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез – құлқы мен әр алуан қимыл әрекеттегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен үштастыра отырып іздестірген қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов болды. Ол өзінің «Жан жүйесі» және «өнер таңдау « деген еңбегінде айтты.
Неміс психологы Э. Кречмер мен американ психологі Шелдонның пікірлері. Темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санады.
Темпераменттердің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыдан делелдеген академик И. П. Павлов болды.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелудің күші, тепе –теңдігі, қозғалғыштығы жиынтығынан қүралады.
Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жүмыс істеу қабілеттілігі
немесе сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе – теңдігі қозу мен тежелудің бір – біріне теңдігін көрсетеді.
Жүйке процестерінің қозғалғыштығы – деп қозу мен тежелудің бір-бірімен алмаса алу қабілетін айтады
11-тақырып
Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беру.
2. Темпераментті зерттеу әдістері.
3. Темпераментті тәрбиелеу жолдары.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты.
Темпераменттерді лабораториялық жағдайда зерттеу қиынға соғады, жай байқаулар арқылы да оның ерекшеліктерін танып - білу оңай емес. Дегенмен де адам темпераменті туралы мәліметтерді алуға болады. Мысал: адамның жүріс тұрысын жүйелі түрде сырттай бақылап, олардың психикалық әрекеттерінің жылдам не баяу екенін, дене қимылдарымен, бет әлпетінің қозғалыстарын жігерлі не жігерсіз екендігін, эмоциясы әлсіз не күшті, көңіл - күйінің тұрақты не тұрақсыз екенін байқауға болады.
Оқушы темпераментін зерттеу үшін мұғалім оның өмірбаянын зерттеу, әңгімелесіп, танысу арқылы олардың мінез - құлқын таниды. Эксперементтік әдіс арқылы да адам темпераментін зерттеуге болады.
Темперамент жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатындығы психологиялық ерекшелік. Темперамент типтерін жақсы, жаман деп ажырату дүрыс емес. Өйткені, әрбір темпераменттің жарамды, жарамсыз және үнамды, ұнамсыз сипаттары болады.
Темперамент ерекшеліктерінің, үнамды қасиетгерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп, мінез құлықтарының жағымды жақтарын қалыптастырып отыру ата - аналардың, үстаздармен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Тәлім - тәрбие істерінде бала бойындағы темперамент типтерінен хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізудің маңызы зор. Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақ үстінде басында қадағалаған жөн. Сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Меланхоликке мұндайда үстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек.
Тәлім тәрбие ісінің басты мақсаты шәкірттердің темперамент типтерімен толық танысып, олардың үнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.
Темперамент типтерін тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмоцияларын дамыту мен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізіп отырмаса болмайды.
Мысалы: тілі мен жағына сүйенген холериктерді тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнің асқан байсалдылығын талап етеді.
Ал меланхолик бала хәртіп бүзса ( мүндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспеиді.) оны жүрт алдында қызартып, үялту дүрыс емес. Мүндай баламен оңаша сөйлескен дүрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластыру қажет. Сангвиниктерді қатты бақылау қажет, өйткені олар жүмысқа жылдам, жүмылып кіріскендерімен жылдам суып қалатын балалар.
Әрбір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, ол адамның жасына, білім мен тәжірибесіне, тәлім - тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізіп отыру қажет.
Мысал: Оқушының жасына қарай сабақ үлгерімін, тәртібін, басқа балалармен қарым - қатынасын, қоғам жұмысына қалай араласатындығын үнемі қадағалау, олардың ата - аналармен байланысын жасау, қатынастырып отыру қажет. « Темпераментгі тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек » ( М. Жүмабаев.)
Меланхоликтер мен флегматиктердің шамалы жетістіктері болса да атап өту керек. Егер ол екеуіне көңіл бөлмесе, өзі сылбыр, ұялшақ ақырын қимылдайтын бала жалқау, салақ балаға айналып, кетеді. Сол үшін баланы жайбарақаттыкка салындырмай, үлкендердің өзі үлгі көрсетіп, шамалы кемшіліктері болсада түзету жасап отыру қажет.
Ал холериктердің қайрат – күшін, шапшаңдығын, тиімді іске пайдалана білуге бағыттап, тыныш ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйрету керек. Сангвиниктерді асықпай жұмыс істеп, бастаған ісін тиянақты аяқтауға бағыттау керек.
Меланхоликтер үнемі көңіл аударғанды, мейрімділікті, жылы үнмен сөйлегенді ұнатады. Бұлар жүйке процесінің әлсіздігінен тез шаршайды. Олардың үялшақтығын, қорқақтығын ескеріп, белсенділікке, батылдыкка тәрбиелеп, мейірімділікпен сөйлеп, іс әрекетін қолдап, мадақтап отырғанды жақсы көреді.
12-тақырып
Мінез жөнінде түсінік. Мінез туралы теориялар.
Қарастырылатын мәселелер:
Мінез туралы жалпы түсінік.
Мінез туралы теориялар.
Ұлттық мінез.
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады.
Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсету мен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның ұйреншікті әдетіне, мінезқұлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әртүрлі мінез бітістерінің болуы, оның сыртқы орбамен түрліше қарым - қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысу ұшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Мінездің негізгі сапалары болады;
мінездің адамгершілік жағынан тәрбиелілігі;
бірқалыптылығы;
толықтылығы;
күші мен айқындығы;
салмақтылығы;
Мінездің сапасының негізгі компаненттері (бөліктері):
Ұжымшылдық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, жауапкершілік пен адалдық т.б. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой- өрісі кең адамдарды толык мінезді адам дейді:
«Адамның басына қонған бақыттың түрақты болуы жақсы мінез құлыққа байланысты» (Әл - Фараби). Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам қүйындай үйытқып түрмайды, оның қастерлейтіні сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Мінездің бүл екеуі егіз қозыдай, бірінен екіншісі ажырамайтын қасиеттері.Мінездің түрақтылығы адамның саяси моральдық үғымынан, түсініктерінен туындайды.
Бір қалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез -қүлқы болады, ол қауіп - қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.
Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады.
«Байда қайрат, айда көз, болмаған соң айтпа сөз» - деп ұлы ақын Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылыгы жатады.
Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық өзегшілігімен ерекшеленеді, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады.
«Мінез» грек сөзі «характер» деген сөзінен шыққан. Ол «белгі, ерекшелік, өзгешелік, із қалдыру» - деген мағына береді.
Мінез деп - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Адамның ісі мен қылығынан көрінетін оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты жәнетұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады.
Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады. Мінез білістері адамның дуниеге көзқарасына, сенім мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы ортаның әсері мен адамның өзін өзі тәрбиелеумен көрінеді:
2. Мінез туралы ілім Грек елінен шыққан. Бұдан 2500 жыл бұрын Грек ғалымы, философ Теофраст Афини жұртының 30 - дан астам мінез бітістерінің нашар жақтарына талдау жасаған. XVII - ғасырда франсуз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500 - ден астамына сипаттама берген. XIX - ғ. Аяқ кезінен бастап мінез туралы психологиялық теориялар көріне бастады. Зерттеушілер адамдардық мінезін дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Осы кездері френология, графология деген ағымдар пайда болды.
Френология ағымын жақтаушы Ф.Галлет, адамның бас сүйегіне, формасына жүйке саласына қарап адамның мінез -құлқын, ақыл - ойының дәрежесін анықтауға болады дейді.
Графология ілімін жақтаушы Аристотель, Гефаст т.б. адамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады дейді.
ХІХғ. Француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік дара адамның ақыл - ойы мен сезімінің және ерік ерекшенің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді. И.Кант мінезді темперамент пен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болады десе , ал Малапер, Фулье т.б. мінез туа пайда болуымен қатар жүре де пайда болатын ерекшеліктері бар дейді . Полан - мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады .Сонымен мінез жөніндегі көзқарас осы күнге дейін өзара талас - тартыс туғызып келеді.
3. Ұлттық мінез – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтарды бір саналатын этностық , ұлттық , халықтық өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады .
Әрбір халық пен ұлттық этностық өзіндік мінез - құлықтары болады . Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп түратын өзіндік сипат- қасиеттері бар .
Ыбрай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез -қүлқына тән қасиеттерді атап көрсеткен .
Қазақ халқының қарапайымдылық пен кішіпейілдік .
Ашық жарқын көңіл мен кеңпейілдік,
өзге тәсілді адамдарға деген достық және сыйластык ,
қонақжайлық т . б . қасиеттер ,
өз Отанына , туған жеріне ,еліне деген сүйіспеншілік ,
мал шаруашылығына икемділік ,
балажандылығы,
сөз өнерін ардақтауды ,шешендік қабілеті,
еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы ,
т . б. Жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады .
13- тақырып
Типтік мінез бітістері.
Қарастырылатын мәселелер:
Мінездің физиологиялық негіздері.
Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
Типтік мінез бітістері.
3. Мінезді тәрбиелеу жолдары.
Мінездің физиологиялық негізін зерттеген , дәлелдеген И . П . Павлов болды. Ол жоғарғы жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс арқылы дәлелдейді.
Қандай сигнал жүйесінің басты екендігіне қарай адам мінезінің типтерінің 3 түрге бөледі. 1) Ойшыл тип - сөзбен байланысты 2 - ші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы .
Көркем тип -- 1- ші сигналдың шартты рефлекстің
басымдылығы. Орташа тип мұнда 2 сигнал жүйесі бірде- бір басымдың көрсете алмайды .
Адамның көпшілігі осы орташа типке жатады.
Адам мінездегі әрбір ерекшелік белгілі бір жағдайларға
сәйкес көрініс береді.
Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық механизмі бар. Ол -
динамикалык стереотип. Бұл жоғардағы жүйке қызметіндегі шартты
рефлекстердің жасалу жүйесі.
Динамикалық стеротип - сырттан келген тітіркендіргіштерге белгілі бір
жағдайға байланысты реакциялар беріп отырады.
5. Адам мінезінің кұрылымы әртүрлі қасиеттер жиынтығынан
тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара
байланысты болып келеді.
Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған бір түтас бірлікті мінез құрылымы дейді.
Мінездегі қасиеттер жүйесі-мынандай 4 түрлі жүйеге бөлініп қарасады.
1) Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері.
Мысалы: еңбек сүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, жемқұрайдалық т.б.
Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер:
Қайырымдылық, сергектік, асқақтық, талап қоюшылық,
менсінбеушілік.
Өзіне - өрінің қатынасы:
Өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т,б.
4) Заттарға қатынасы:
Ұқыптылық, салдыр-салақтық, ұқыпсыздық, т.б.
Типтік мінез бітістері, оларға жататындар:
Отан сүйгіштік, мақсаткерлік, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік адалдық пен шыншылдық, достық.
Мінезді зерттеу әдістері:
Мінезді лабораториялық жағдайда зерттеу қиын. Бітістерін оның көріністерін табиғи жағдайда танып білуге болады. Окушылар мінезін зерттеу үшін әрбір мүғалім байқау әдісін пайдаланғаны дүрыс. Зертеуші оқушы мінез-құлкының сан алуан жақтарын сырттай бақылап, күнделікке жазып отыруы қажет.
14-тақырып
Қабілет жөнінде түсінік. Қабілет туралы теориялар.
Қарастырылатын мәселелер:
Қабілет туралы жалпы түсінік.
Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.
Қабілеттің түрлері.
Күнделікті сөзімізде "қабілет"деген атауды жиі қолданамыз. Мысалы: Мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, мына бала математикаға , мынау суретке, ал мынау музыкаға қабілетті деп жатады.Сол сияқты қоғамдық жұмыстарды атқару барысында да ұйымдастырушылық қабілетінің зор екендігі байқалады. Бұл мысалдардан әр адамның әрекеттің бір түріне икемділігін көрсететін дара ерекшеліктері.
Қандай болмасын әр нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды, ол біреуде күшті, екінші біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің /түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі, мызыкалық саңылау т.б. қиысьш келуін яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды .
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мысалы: Оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін, техникалық конструк-ң қүрлысын жақсы білуі оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.
Оқу тәрбие процесінде қабілет білім, дағды, ептілік т.б. сияқты психологиялық үғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мүғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мысалы: 0-карточкасында /Суриков туралы/
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Жалпы қабілет.
Арнаулы қабілет, болып.
Адамның ақыл - ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Мысалы: Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық материалды тез есте қалдыра алу т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды.
Бүған суретшінің, музыканттың актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездерде қабілеттің 3- түрлі де айтылып жүр, ол ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілет. ХІҮ-ХҮІ ғ-ң аралығы ғылымда "Қайта гүлдену дәуірі"-деп аталды. Сол кездерде Ф. Энгельстің берген сипаттамасында алысқа сапар
шекпеген ,4-5 тілде сөйлемеген, творчествоның бірнеше саласында жарқырап көзге түспеген бірде -бір ірі адам болған жоқ. Мысалы: Леонардо да Винчи ұлы художник болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге ұлы математик, механик, инженер, физик болды.
Сол сияқты ХХғ. бас кезінде қазақ қоғамында да бар еді. Олар: А.Байтүрсынов ,М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев т.б. болды.
Қабілет туралы ілімнің пайда болуы.
Психология ғылымында қабілет жайлы бірнеше пікірлер кездеседі.Соның бірі - қабілеттер тұқым қуалау арқылы дамып отырады дейтін ілім.
Мысалы: Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын тарихқа белгілі көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген.
Америка психологы У.Эшби "мың рет сәтсіздікке үшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан, адам қабілетті де, осыны шешпей тастап кеткен адам қабілетсіз"-дейді.
ХҮІІІ-ғ. Гельвеций "Қабілеттің түгелімен қоршаған ортамен тәрбиеден туындайтынына ерекше мән берген." ,
Қабілет жөнінде және бір ілім яғни пікір-ол Маркстік диалектикаға сүйеніп түжырым жасайды. "Қабілеттердің дамуын да табиғи, биологиялық және әлеуметтік жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасының диалектикасына сүйенеді."
Шындығында, қандай қабілет болса да қолайлы әлеуметтік жағдайларда, іс-әрекет, еңбек үстінде қалыптасып отырады.
15-тақырып
Қабілет және нышан. Бейімділік, талант, дарындылық туралы.
Қарастырылатын мәселелер:
Қабілет және нышан
Дарындылық, данышпандылық, бейімділік туралы түсінік.
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.
Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасына және туыстарына үқсап тууы, Бүны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мүны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілетінің дамуында белгілі орын алады. Мысалы: Баланың есту анализаторларының жетім дамуы музыкалық қабілетті байқатады, көру анализаторының өзгешілігі суретке қабілетін байқатады.
Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін-дарындылық. дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге көрінеді. Мысалы: Осыдан 200 жыл бұрын
Германияда "Үстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік 4
жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хайнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі-деген кітап жарық көрді."
Мысал: Дарынды адамдардың қабілеті ерте ашылатынын зерттеу
жұмыстары дәлелдеп жүр. Дарынды балалар мектептің оқу
бағдарламасын ерте меңгереді. Кейде дарынды балалар мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де болады.
Мысалы: Ч. Дарвин, . В.Скотт, Д. Байрон бала күндерінде түк
білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын өлең
жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинауға немесе
химиялық тәжірибе жасауға жұмсаған.
Мысалы: Моцарт 4 соната жазып үлгерген 7 жасында, Дюрер
З жасында өз портретін салған. Лист, Шопен мен Иегуди Менухин
11 жасында үлкен концерт қоюға қатысқан, Гете 9 жасында неміс,
латын, грек тілдерінде өлең жазған. Небары 30-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уәлиханов аз ғана ғүмырының ішінде ғылымға, оның көптеген саласына әдебиет, тіл этнография, геогрифия, шығыстану т.б./ баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет,
публицистика мен жазушылық өнерде де биіктен көріне білді.
Шоқан жөнінде С. Мүқанов былай деп жазады.
Мысал: 6 жасар Таня Федина музыкаға дарынды болды.
Мысал: Әйгілі математик С.Мергелян 16 жасында университеттің
бірден екінші курсына қабылданды. 20 жасында ғылым докторы
атағын алды.
Мысал: 8. Академик Л.Ландаль мектепті 13 жасында үздік бітіріп, 14
жасында университеттің екінші курсына түседі.
Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін талант дейді. Талант - деп бір әрекетті творчествалық пен орындау мүмкіншілікті қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуін айтады. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерді көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білу мен еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А.М.Горкий талантты өсіретін нәрсе - істі сүю деп бекер айтпаған.
Мысалы: М.Әуезов "Абай жолының" кейінгі үш кітабын машинкаға жатқа айтып бастырған.
Бүл айтылған эпизодтан біз үлкен талант иелерінің шығармалары оп-оңай өзінен-өзі жазыла салатындай етіп көрсетуі мүмкін. Ал шындығында бүлар инемен қүдық қазғандай еңбектенеді. Ақын жазушылар, ғалымдар өз еңбектерін бірнеше рет өңдеп қайта жазып, қажымай талмай еңбектенеді. В.Маяковский осылай еңбекті былайша көрсеткен.
Мысал: "Жыр маржан-ғой теңіздің түбіндегі, алу үшін қадалған миллион көз дәл осындай жыр жолына ілігеді, миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз".
Әрбір адам ізденіп еңбек етсе, оқып үйренсе өз талантын көрсете алады. Жалқау, еріншек, бейнеті көп жұмысты онша сүймейтін адамнан талант иесі шықпайды.
Тарихи әлеуметтік маңызы бар творчества беретін қабілеттің ең жоғарғы түрін данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналасқан іс-әрекет . саласында бүрын сонды болып көрмеген жаңалықтар ашады.
Мысал: Жаратылыстану ғылым саласында. Н.Ньютон, Ч.Дарвин, И.П.Павлов, Г.Галилей, А.Эйнштейн, Н.Винер т.б. Әдебиет тарихында - В.Шекспир, В.Гете, А.С.Пушкин, Л.Н. Толстой. Музыкадан - В.Моцорт, Л.Ветховен, П.И. Чайковский т.б. Аристотель, Платон, Абу-Насыр Әль-Фараби, Үлықбек сынды ғүламалар, Абылай хан, Бүхар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абай т.б. Әртүрлі ғылым саласынан көрінген энциклопедиялық білімді данышпандар болды.
Бейімділік
Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділгіне орай қалыптасады. Бейімділік адамның белгілі бір әрекетімен айналасуға бетбүрысы оған көңілі аууы, оны келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Баланың бейімділіктерін жақсы қалыптастырып, дамытып отыру, оның жалпы дамуына ақыл-ой қабілеттінің жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтай мүғалім дер тәрбиешілер балалардың бейімділігін уақытында дүрыс көре біліп соған сәйкес келетін қабілеттерді дамытып отыру керек. Бала айналасындағы нәрселерді танып білуде, өзі белсенділік көрсетпейінше оны дүрыс үғына алмайды. Бала қабілеттінің дамуы үшін де оның белсенділігі қажет. Іс-әрекетсіз, белсенді кимыл қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес.
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар.
"Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын" дегендей адамның қабілет саласындаңғы дара айырмашылықтары да әртүрлі болады. Мысалы: Біреу іске күшті жігермен кірісіп, екінші біреу керісінше баяу, сапасын төмендетіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі зеректігімен, екіншісі бақылампаздығымен, байқағыштығымен, үшіншілері материалдарды есте үстағыштығымен ерекше көзге түседі. Бүл айтылғандар кейде бір адамның басында тоғысатын, кездесетін кездері болады. Мысалы: Мүғалімге үйымдастырғыш қасиетпен қатар, байқағыштық, ақыл-ой белсенділіктері мен сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т.б. қасиеттерге тән. Жастық шақта түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген кезінде көрінуі де мүмкін. Жастық шағында сөзге олақ адамдардың есейе келе ақын, жазушы болғандары: -Көрген нәрсесін есінде жақсы ұстай аламайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар.
Адам психикасының басты ерекшелігі бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілеттің орнына басқа қабілетпен алмастыра алатындығы.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы-2002 ж.
Ә.Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы-1992 ж.
Қосымша:
Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. Алматы-1992 ж.
Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы-1993 ж.
Ж.Аймауытов. Психология. Алматы-1995 ж.
В.В. Богословский редакциясымен. Жалпы психология. Алматы-2002 ж.
С.Елеусізова. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы-1995 ж.
А.Құдиярова. Ортақтасу психологиясы. Алматы-2002 ж.
Қ.Жарықбаев,О.Озғанбаев. Жантануға кіріспе. Алматы-2000 ж.
Қ.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы-1996 ж.
11. Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.
М.Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Алматы-1980 ж.
В.Шабельников.Психика функциялық жүйе. Алматы-1998 ж.
Қ.Жарықбаев. А.Абдрахманов.
Психологиялық қазақша-орысша сөздік. Алматы-1976 ж
Ұлттық психология. Нәби Елікбаев Алматы 1992ж.
Лазерлі, магнитті дискідегі әдебиет.
Электронды оқулық.
Достарыңызбен бөлісу: |