Бір сөйлеммен жауап беріңдер: Жапырақтың негізгі қызметтерін атаңдар.
Жапырақ — өсімдіктер денесінде фотосинтез жүретін, яғни органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілетін, ауа алмасатын (тыныс) — көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын (транспирация) маңызды вегетативтік мүше. Осы негізгі кызметтерімен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ қор заттарын жинау қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін атқарады.
Сағақты жапырақтың негізгі бөліктерін атаңдар.
Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады.
Жапырақ тақтасының пішінінің 5 формасын атаңдар.
Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі. Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді; бидай, қарабидай, жүгері, арпа таспа тәрізді. Жөке, гүлшетен жүрек пішінді; құсықшөп бүйрек пішінді; шырмауық жебе тәрізді.
Жапырақ тақтасының жиегінің 5 түрін атаңдар.
Жапырақ тақтасы жиегінің ерекшелігіне байланысты жапырақтар бүтін жиекті және бүтін деп бөлінеді. Бүтін жиекті жапырақтардың тақта жиегінде ешбір кедір-бұдырлары және тіліктері жоқ (серігүл, терек, қараған, жүгері және т.б.). Бүтін жапырақ тақтасының жиегінде азды-көпті кедір-бұдырлар бар, олардың пішіндері: үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті (дөңес), ойыс жиекті және т.б. болып келеді. Үшкір түсті жапырақ тақтасының жиегіндегі тісшелерінің ұшы үшкір, әрбір тісшенегізгі жүйкеге біршама перпендикуляр өседі. Жиегі ара тісті жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір, тіс-тісшелердің сыртқы қабырғасы ұзындау.
Жапырақ тақтасының тілімделу деңгейіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
қауырсын тәрізді жалпақ(перистно-лопастный) 2қауырсын тәрізді бөлшектенген(перисто-раздельный) бөлшектелген(перисто-рассеченный) 4қауырсын тәрізді күрделі (перисто-сложный) 5саусақ тәрізді жалпақ(пальчато-лопастный) 6саусақ тәрізді бөлшектенген(пальчато-раздельный) саусақ тәрізді ширақталған(пальчато-рассеченный) саусақ тәрізді күрделі(пальчато-сложный)
Жапырақтың орналасуының қандай түрлері болуы мүмкін
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.
Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, кезектесіп орналасу дейді.
Қарама-қарсы орналасу – сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз).
Егер бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді (сарыағаш, қызылбояу, талгүл (олеандр), қарғакөз). Жай жапырақтар дегеніміз не?
Егер жапырақтағы тақта саны біреу болса, онда олжай жапырақдеп аталады
Күрделі жапырақтар дегеніміз не?
Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады
Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерге жүйкеленудің қандай типтері тән?
Жапырақтақтасыныңжүйкеленуіәртүрліболады.Оларқарапайым, дихотомиялы, торлы, доғатәріздіжәне параллель жүйкелену.
Жапырақ жұмсағы қандай ұлпаларға бөлінеді?
Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай бағаналы және борпылдақ деп 2-ге бөлінеді
Жапырақ жүйкесінде ксилема және флоэма қайда орналасады?
Жапырақ жүйкесінің құрамында әртүрлі жасушалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады
Жапырақ жүйкесі қандай қызмет атқарады?
Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Лептесік аппараты қандай механизмде жұмыс жасайды?
өсімдіктердің қоршаған ортада суды шамадан тыс жоғалтудан, төменгі температурадан және т.б. жағдайлардан қорғайтын күрделі жүйесі – жабындық ұлпалары мен лептесік аппараттары болады. Лептесік аппараты газдардың алмасуын және транспирация (су булану) кезінде судың булануын реттеп отырады.