науқастың жағдайын әр 30 минут сайын АҚ қалпына келгенге дейін бақылау (сырт көрінісін қарау, ТАЖ, АҚ, пульс).
Жүрек шаншуы.
МАҚСАТЫ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.
Әзірле: тонометр, дәрі – дәрмектер, қыша қағазы, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі: дәрігерді дереу шақырту;
науқасқа көлденең қалыпты қамтамасыз ету;
физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;
валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40
тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нитроглицерин тамшы
түрінде болса, онда қантқа 1-2 тамшы;
жүрек тұсына қыша қою;
таза ауа жіберуді қамтамасыз ету;
дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;
науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу.
Асцит МАҚСАТТАР: қысқа мерзімді- емделуші жағдайының жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Емделуші- тамақтану маңыздылығы және сұйықтықты тәртіп сипаты туралы білімдерін көрметеді.
Әзірле: тонометр, дәрілік заттар, медициналық таразы, зәр қабылдағыш, дез ерітінділер
Іс-әрекет алгоритмі: тұз бен сұйықтықты шектеумен калий және уызға бай диета сақтау қажеттілігін науқастарға түсіндіру және қамтамасыз ету, күніне 3-4 рет бөлшекті тамақтану, аптасына 1 рет жеңілдететін күн;
дәрігер нұсқауларына сәйкес науқас дәрілік заттарды қабылдауын қамтамасыз ету;
науқастың күнделікті су тепе-теңдігін анықтауды қамтамасыз ету;
үш күнде бір рет науқасты өлшеушіні өлшеуді қамтамасыз ету:
науқасқа төсек жайлылығын қамтамасыз ету;
А) төсекте бас жағын көтеріңкі ету;
Ә) төсекті кірлегенде ауыстыру;
физиологиялық бөлінулер тәртібіне бақылауды қамтамасыз ету. Іш қату кезінде - гипертониялық немесе майлы клизманы дәрігер нұсқауларбойынша қою. Зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету;
науқастың жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылауды қамтамасыз ету;