Тақырып Кіріспе


Тақырып 2.12.Араб елдері және Африка елдері



бет11/12
Дата21.11.2019
өлшемі244,84 Kb.
#52192
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
d-nie zh-zi tarikhy


Тақырып 2.12.Араб елдері және Африка елдері.

Азиядағы АРАБ ЕЛДЕРI Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, одан кейінгі жыл- дарда Азиядағы араб елдері біраз дами түсті. Негізгі өндіріс орындары, көлік, порт жабдықтары, банктер шетел капи- талына тәуелді болғанымен, жергілікті кәсіпкерлердің де қимылдары жетіле берді. Жұмысшылар саны өсті, халық қалаларға шоғырланды. Араб елдерінің шығысына Англия мен Франция билік жүргізді. Соғыс кезінде АҚШ-тың ықпалы ұлғая түсті. Америка компанияларын бұл аймақтағы шексіз мұнай-газ қорлары қызықтырды. Бұл стратегиялық маңызды аудан болғандықтан оны өзіне қаратуға әркім-ақ мүдделі болды. Азаттық күрестің барысында алғашқы жеңісті тойла- ған Сирия мен Ливан (1946 ж.) елдері араб әлеміндегі ең алғашқы республикалар болды. Ливандағы жағдай халықтың діни ұғымына қарай да- мыды. Ел тұрғындары христиан-католиктер, марониттер (католиктер), мұсылман-сүнниттер, мұсылман-шииттер, мұсылман-друздар және т.б. болып бөлінді. Христиандар басым кезде президент қызметі — марониттерге, премьер- министр — сүнниттерге, парламент төрағасы қызметі ши- иттерге тиесілі болды. Иракта 1947 жылы парламент сайлауы өтіп, монархия- ны жақтаушы партиялар басым орын алды. Келесі жылы Англия-Ирак шартына қол қойылып, басып алу тәртібі аяқталды. Халық қозғалыстары үкіметті сескендіріп, шарт күшіне енбей қалды. Англияның қолшоқпарына айналған Фейсал әулеті мен оңшыл күштер көрші елдерді ұйымдастырып, Бағдад пактін құруға қатысты (1955 ж.). 179 Сауд Арабиясындағы жағдай мұнайға тікелей байла- нысты болды. АҚШ-тың 5 мұнай компаниясының көме- гімен Сауд Арабиясы ең ірі мұнай сатушы елге айналды. Түбектегі көптеген елдер (Оман, Аден, Кувейт, Бахрейн, Катар, Бiрiккен Араб Әмірліктері) тәуелді болып қала берді. Иордания 1946 жылы наурыздағы Трансиордания тәуелсіз мәліктікке айналды. Оның ресми аты — Иордан Хашимит мәліктігі. Тақта отырған Абдулла Англияның айтқанынан шықпады. 1947 жылы жаңа Конституция қабылданып, мәліктің қолына барлық билік шоғырланды. 1945—1952 жылдары Египет халқының ағылшындар- дың кетуін талап еткен ереуілдері мен толқулары баста- лып, 1946, 1951 жылдары Суэц каналы мен Дельта аудан- дарында қарулы қақтығыстар болды. Египет социалистік елдермен жақындаса бастады. 1956 жылы жазда Египет Суэц каналын өзіне қаратты. Бұған Англия мен Франция келіспей, Израильмен бірігіп Египеттен Синай түбегін басып алды. КСРО басшылары Египетті қорғады. Асуан суқоймасын салуға жәрдем беріп, басқа араб елдеріне қолдау көрсету нәтижесінде КСРО-ның бұл аймақтағы беделі едәуір өсті. Палестина. Арабтардың өмірінде Палестина мәселесі маңызды орын алып келеді. 1947 жылы қарашада БҰҰ оны екіге бөлу туралы ше- шім қабылдады. 1948 жылы 15 мамырда Израиль ресми түрде жарияланды. Арабтар Израильге қарсы соғыс баста- ды. Бірақ бұл соғыста арабтар жеңіліс тапты. Азиядағы араб елдерінің 1950—1960 жылдардағы да­ муы. Бүкіл араб әлемі Египетті арқа тұтты. 60-жылдары елде саяси-әлеуметтік реформалардың мемлекеттік секто- ры күшейді. Халық бұқарасының саяси-қоғамдық өмірге қатысуы кеңейді. Жаңа кәсіпорындар құрылды. Жаңадан жерлер жыртылды. Египет капиталистік емес жолмен да- муды көздеді. Ол кезде бұл бағытты көпшілік тиімді деп бағалаған болатын. Сирия 1958 жылы ақпанда Египетпен бірігуге келісіп, Біріккен Араб Республикасы құрылды. Оның президенті Г. А. Насыр болды. Бірақ 1961 жылы күзде Сирия қарулы күштері толқып, өз елін бөлек шығарып алды. 180 1963 жылы 8 наурыздағы кезекті төңкерісте билік БААС-шылдарға (БААС — арабша — Араб социалистік өркендеу партиясы) тиіп, олар жеке билік орнатты. 1958 жылы Таяу Шығыс кезекті дағдарысқа тап болды. Бұл жолы ол Ливан мен Ирактағы оқиғаларға байланысты еді. Ливан “Эйзенхауэр доктринасын” қабылдап, Батыс- тың соңына ерді. Оған ұлтшыл және демократ топтар көнбеді. Президент Шамунға қарсы ереуілдер, шерулер ұлғайып, қарулы қақтығыстар басталды. Иорданияда да дәл сондай толқулар өрістей түсті. Соны басу үшін Ирак әскер жібермек болды. Аймақтағы жағдай асқынып тұрғанда Ирак әскери күштері көтеріліп, Ирак Республикасы құрылды. Оны ге- нерал А. К. Қасым басқарды. Бұл оқиғадан сескенген АҚШ Ливанға, Англия Иорданияға қарулы күштерін кіргізді. Бірақ олар Иракқа басып кіруге батпады. Күзге таман АҚШ пен Англия әскерлерін Таяу Шығыстан алып кетті. Ливанда президенттік орынға Ф. Шехаб келді. А. К. Қасым билікті өз қолына алды. Ирактағы күрдтер- ге қысым жасалды. Саяси тартыстардың аяғы 1963 жылы қарашадағы көтеріліске ұласып, билікке А. С. Ариф келді. Арабия түбегінде ағылшындар билеген отарлар тәуел- сіздік алып, Бахрейн, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері құрылды. Оңтүстік Йеменде социалистік бағыт ұстаған топтар 20 жылдай бір-бірімен араздасып, елдің берекесін кетірумен болды. 1990 жылы екі Йемен елдері бірігіп, ішкі жағдайы біраз тынышталды. Сол кезде Палестина босқындары есін жинап, арала- рынан бірнеше ұйымдар құрып, қарулы күреске шықты. Олар Батыс жағалауда, Газада, Ливанда, Сирияда, Иор- данияда дайындық жүргізіп, еврей еліне қарсы шықты. Израиль басшылары күшке сүйеніп араб елдеріндегі лагерьлерді атқылады. Осыдан Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, дүниежүзі елдерін алаңдатты. 1967 жылы көктемде Израиль Сирия мен Иорданияға бірнеше рет оқ жаудырып, сес көрсетті. Египет бауырлас елдерді жақтап шықты. Бұл жолы Г. А. Насыр жарты миллионға жуық жақсы қаруланған армиясына сеніп, батылырақ қимылдады. Израиль кемелерін Суэц каналы- на жауып, Синай түбегіндегі шекарада орналасқан БҰҰ 181 Ирак. 2004 ж. 182 қарулы күштерін қайтарды да, әскерлерін сол түбекке шоғырландырды. 1967 жылы маусымда Израиль шабуылға шығып, Египет аэродромдарын істен шығарып, танкілері Суэц каналына қарай беттеп 6 күн ішінде араб елдері бірінен соң бірі талқандалды. Египет, Сирия, Иордания әскерсіз қалды. 1 млн-нан астам арабтар тұратын 170 мың шаршы шақырым жер жау қолында кетті. Палестина босқындары екінші рет қашуға мәжбүр болды. Сол кезде солшыл БААС-шылдар төңкеріс жасап, екі елде: Иракта (1968 ж.) және Сирияда (1970 ж.) билікке келді. Иракта С. Хусейн 1979 жылы шілдеде билікті өз қолы- на алды. Х. Асад (1971—2000 жж.) Сирияда билік құрды. 1972 жылы Ирак пен КСРО “Өзара достық пен ынты- мақтастық туралы” шартқа отырып, Кеңес Одағынан 32 млрд долларға қару-жарақ алды. Франциядан да қару сатып алынды. Ирак президенті Саддам Хусейн ядролық- химиялық қару жасау бағдарламасын ашық жария етті. Бағдад түбіне шетел мамандарының қатысуымен ядролық орталық салынды, бірақ 1981 жылғы шілдеде Израиль ұшақтары оның күл-талқанын шығарды. 1970—1980 жылдардағы Азиядағы араб елдерінің жағдайы. Арабтардың өмірінде бұл жылдар өте күрделі кезең болып есептеледі. Израиль басып алған жерлерінен кетпеді, Палестина мәселесі реттеусіз қалды. Египет президенті орнын басқан Әнуар Садат 1971 жы- лы мамыр айында КСРО-мен достасу туралы шарт жа- састы. КСРО-дан келген қаруды пайдаланып, Египет жауынгерлері 1973 жылы 6 қазанда Израильге шабуылға шықты. Израиль генералдары бұл жолы қатты қателесіп, көп шығынға ұшырады. Екі күндік шайқаста жаудың 400 танкісі өртеніп, Синайдағы бірнеше қалалар азат етілді. Израиль премьер-министрі Голда Меир АҚШ-тан жедел көмек сұрауға мәжбүр болды. Сирия әскерлерін шегіндірген, Израиль барлық күш-қуатын Синайға жи- нап, египеттіктердің қорғанысын бұзды да, Суэц — Каир тасжолына шықты. Египеттің жағдайы мүшкіл болып тұрған кезде АҚШ пен КСРО араласып, 24 қазанда соғыс аяқталды. 183 Соғыс күндері Израильге көмектескен Батыс елдеріне мұнай сату тоқтатылды. Бұл қадам дүниежүзілік энерге- тика дағдарысын туғызып, мұнай құны қатты өсті. Батыс мемлекеттері жанжалды реттеу ісіне қатысып, арабтармен санасуға бет бұрды. АҚШ-тың президенті Р. Никсон А. Са- датпен келіссөзге барды. Осы бағыт біртіндеп күшейді. Садат шетел капита- лына жеңілдіктер жасап, инфитах — ашық есік саяса- тын қолдады. Ел жекеменшік кәсіпкерлікке, нарықтық экономикаға бет бұрды. КСРО-мен қатынас саябырлай түсті. 1977 жылы қарашада А. Садат Израильге сапар шегіп, онымен жақындасуға тырысты. Кейін АҚШ президенті Дж.Картердің қатысуымен Египет — Израиль келісімдеріне және бітімшартына (Кэмп-Дэвид процесі, 1978—1979 жж.) қол қойылды. Сөйтіп, Египет өз жерін қайтарып алды. АҚШ-пен экономикалық жағынан ынты- мақтасып, әскери көмек алып тұрды. Египеттің бұл саясатын КСРО мен араб әлемі қабылда- май, Садатты сатқын санап, Египетке бойкот жариялады. 1981 жылы қазан соғысына арналған әскерилердің сал- танатты шеруінде мінбеде отырған Садат атып өлтірілді. Билікке келген Х. Мүбарак Израильмен, АҚШ-пен қатынастарды сақтай отырып, КСРО-мен және басқа араб елдерімен байланыстарын дамыта түсті. Сирия, Алжир, Сауд Арабиясы, Марокко және т.б. мемлекеттер Египетпен табысып, ел қайтадан араб әлемінің тірегіне айналды. Ирак 1980 жылдың күзінде Иранға шабуыл жасап, екі ел 8 жыл соғысты. Осы озбырлықтан екі елдің көптеген қалалары қиратылды, 1 млн-ға жуық адам қаза тапты. Қаржы шығыны 600—800 млрд долларға жетті. Ақыры, 1988 жылы тамызда екі жақ соғысты тоқтатуға келісіп, шекара бұрынғы қалпына қайта келтірілді. Ливанда 1975 жылы азамат соғысы басталып, оған Сирия өз әскерін жіберді. Соған қарамастан, қақтығыс өрши берді. 1981—1982 жылдары оған АҚШ пен Израиль араласып, Ливан мәселесі одан әрі шиеленісті. 2006 жылы жазда “Хизбаллаһ” (Аллаһ партиясы) жауынгерлеріне қарсы еврей мемлекеті соғыс ашып, оңтүстік аумағын басып алып, Бейрутқа оқ жаудырды. Бірақ “Хизбаллаһ” күштерін жоя алмаған Израиль кейін шегінді. 184 90-жылдардағы және XXI ғасыр басындағы араб елдерінің жағдайы. ХХ ғасырдың соңында араб елдерінің дамуында социалистік бағыт түбегейлі тоқтатылды. Ресей ықпалы бәсеңдеп, АҚШ-тың ықпалы жоғарылай түсті. Израиль — Иордания бітіміне қол қойылды. Палестина- ны азат ету ұйымы мен Израиль арасында келіссөздер басталып, алғашқы келісімдер жасалды (1993 ж.). Газа және Иорданның батыс жағалауына автономия беріліп, енді Палестина мемлекеті жарияланбақ болды. Бірақ сио- нистік оңшыл күштер оған жол бермеуге тырысты. Олар палестиндіктермен келісімге келген Израиль премьер- министрі И. Рабинді өлтірді. ХХ ғасыр соңында Палестина автономиясы жария- ланды. Оны “Фатх” ұйымының жетекшісі М. Арафат қайтыс болған соң М. Аббас басқарды. 2007 жылы пар- ламент сайлауы өтіп, үкімет басына “Хамас” ұйымы келді. Ол Израильді мойындаудан бас тартты. Көп ұзамай “Хамас” пен “Фатх” арасында жанжал шығып, азамат соғысы басталды. Аяғында “Хамас” Газада, “Фатх” Иор- дан өзенінің жағалауында билік орнатты. 2008 жылдың желтоқсанында Израиль Газаға қарсы шабуыл жасап, арабтар қатты шығындалды, бірақ “Хамас” ұйымы жо- йылмады. Қазір Палестина мүшкіл жағдайда. Неше дүр- кін өткен халықаралық конференциялар оның тағды- рына қатысты тиімді шешімге келе алмай отыр, өйткені Израиль 1967 жылғы шекараға қайтқысы жоқ. 2011 жылы Палестина тәуелсіздігін жариялау жоспары іске аспады. 1990 жылы 2 тамызда Ирак әскерлері Кувейтті ба- сып алды. С.Хусейннің бұл озбырлығын Ливия, Иор- дания, Палестинаны азат ету ұйымы, Йемен мемлекеті қолдағанымен, басқа арабтар қарсы болды. БҰҰ Қауіпсіз- дік Кеңесі шешім шығарып, АҚШ бастаған Батыс елде- рі Ирак қарулы күштерін талқандап, кері шегіндірді (1991 ж., қаңтар). Содан бастап Ирактың экономикасы құлдырап кетті. Соғыс бітісімен халықаралық атом қуатына қатысты агенттіктің (МАГАТЭ) атынан Иракқа арнайы тексеруші- лер жіберілді. Олар БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қабылда- ған шешімі бойынша Ирактың ядролық, химиялық және 185 бактериологиялық қарулар шығаратын өндіріс орындарын жоюға, кейін тіпті Ирак зымырандарын қысқартуға да құқылы болды. Ал С.Хусейн араб елдерінің бірқатар бөлігі мен Ресей көмегіне сүйенді. 2003 жылдың наурыз айында АҚШ пен Англия Ирак- тың жасырып қойған жаппай қырып-жоятын қаруы бар, ол дүниежүзіне қауіп төндіруде деген сылтауымен Иракқа қарсы соғыс ашты. Оған Ресей, Қытай, Франция, Герма- ния елдері наразы болды және БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі де қолдай қоймады. Әйтсе де 1 мамырда АҚШ-тың әскері Бағдадқа дейін жетіп, БААС-шылдар тәртібі жойылды. Ал С. Хусейн қолға түсіп, сот үкімімен дарға асылды. Елде 2004 жылдан бастап шетел әскерлеріне қарсы қозғалыстар жүріп жатты. 2004 жылы 28 мамырда Ирак уақытша үкіметі құрылып, билік солардың қолына беріл- ді. Парламент сайланды. Бұдан былай елдегі жағдайды реттеуге БҰҰ да қатысуға келісім берді. Шииттер мен сүнниттер арасында қарулы қақтығыстар жиіледі. АҚШ-қа қарсы әрекеттер де ұлғая түсті. Бұл соғыс ел бірлігіне қатты нұқсан келтірді. Солтүс- тіктен күрдтер автономиясы шықты. Батыс елдерінің әскерлері де шығынданды. Африка араб елдерiндегi болған оқиғалар — “араб рево- люциясы”, “араб көктемі” деген атаққа ие болып, басқа елдерге үлкен әсер тигізді. Толқулар мен көтерілістер Йеменде, Египетте, Бахреинде, Сирияда, Мароккода, Иорданияда өршіген. Х. Мүбарак биліктен қуылып, сотқа тартылды. Бахреиндегі билікті Сауд Арабиясы қорғап сақтап қалды, ал Йемендегі азаматтық соғыс 2011 жылдың соңына дейін созылып, президент Али Салехтің кетуімен тоқтаған, бірақ ел ішіндегі қақтығыс- тар әлі жалғасуда. Сириядағы Б. Асад басқарған үкімет Ресейдің Қытайдың, Иранның көмегіне сүйеніп бiр жыл бойы өз халқымен соғысуда. 2012 жылдың наурызында БҰҰ мен араб мемлекеттері лигасының арнайы өкілі болып тағайындалған К. Аннан елдегі жағдайды бейбіт түрде реттейтіндей жоспар ұсынған. Оны екі жақ қабыл- даған еді, бірақ қақтығыстар тыйыла қоймады. Көптеген елдер Сириямен дипломатиялық қатынастарын үзіп, көте- рілісшілерді қолдауда. 186 Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Соғыстан кейінгі кезеңдегі арабтардың ұлт-азаттық күресінің бары­ сымен танысып, негізгі оқиғаларды қайталаңдар. 2. Таяу Шығыс жанжалының шығуына не себеп болды? 3. Араб елдері мен Израиль арасындағы соғыстардың барысы мен оларды реттеу жолдарын түсіндіріңдер. 4. Ирактағы оқиғаларға баға беріңдер. 5. Қазіргі кездегі араб революцияларын баяндаңдар.

Тақырып 2.13.70-90 жж. халықаралық жағдай. ЕҚЫҰ.

1970—1980 жылдардағы халықаралық қатынастар­ дың дамуы және аймақтық жанжалдардың өршуі. Еуропа үлгісінің басқа құрлықтарға тигізген әсері шамалы еді. Азия, Африка, Латын Америкасында жанжалдар ұлғая берді. АҚШ пен КСРО арақатынасы қайтадан нашарлады. Шығыс Еуропа елдеріне орта қашықтықтағы зымыран- дарын орналастыру арқылы КСРО-ның Еуропа халықта- рын үрейлендіру әрекеті НАТО-ның қарсылығын туғыз- ды. Америка Еуропаға қанатты зымырандарын орна- ластыруға кірісті. Олар КСРО қалаларына радар қабылдай алмайтын төмендікте 5—7 мин-та ұшып жетіп, қирата ала- тын еді. Содан сескенген Мәскеу Вашингтонмен келісімге келіп, екі жақ та қаруды қысқартуға кірісті. Бірақ АҚШ пен КСРО шиеленісі мұнымен аяқталмады. КСРО Африкадағы оқиғаларға килігіп, Сомали-Эфио- пия соғысына араласты. Анголадағы азамат соғысына әскери кеңесшілерін жіберді. Таяу Шығыста Египетпен, Сириямен, Иракпен достасқан болып, оларға түрлі соғыс жабдықтарын, әскери техника және қару-жарақ сатты. Египетке мыңдаған кеңестік әскери кеңесшілер барды. 1973 жылы қазанда Египет Израильге қарсы соғыс бастап, алғашқыда үлкен жеңіске жеткенімен, кейін сәтсіздікке ұшырады. Бауырлас елді жақтаған мұнайға бай араб елдері Батыс елдеріне мұнай сатпау туралы шешім қабылдады. Бұл дүниежүзілік энергетикалық дағдарыс туғызды. Со- дан соң Египет те, АҚШ-та Таяу Шығыс жанжалын шешу мақсатында бейбіт жолдар іздестірді. 1977—1979 жылда- ры Египет — Израиль — АҚШ Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойып, жауласқан екі ел татуласты. Оны КСРО мен араб елдері мойындамады. Израиль алған бетінен қайтпай, Палестина арабтары- ның тағдырын әділ шешуге көнбеді. Палестина күрескер- лері 1970 жылы Иорданиядан Ливанға ауысты. Бұл елде 1975 жылы азамат соғысы басталып, оған Сирия 30 мың әскер жіберді. 80-жылдардың басында Ливан оқиғалары 191 әлемді алаңдатты. Оңшыл күштерді сақтау үшін АҚШ пен Израиль 1982 жылы Ливанға әскер енгізіп, Палестинаны азат ету ұйымы (ПАЕҰ) бұл елден де кетуге мәжбүр бол- ды. Содан бері Ливанның оңтүстік аудандары Тель-Авив бақылауында қалып, тек 2000 жылы қайтарылды. 1980 жылы күзде Ирак жетекшісі С. Хусейн Иранға шабуыл жасады. Оның мақсаты қарулы күштері әлсіре- ген елден жер тартып алу еді. Соғыс 8 жылға созылып, екі елдің де халқын титықтатты. Бұл соғыс аяқталысымен, Ирак өзіне көмектескен Кувейтке тиісіп, оны басып алды (1990 ж., тамыз). Бұл зұлымдыққа дүниежүзі елдері қарсы болды. БҰҰ Бас ассамблеясының қарарларын мойындаудан бас тартқан Иракты АҚШ бастаған көп елдер армиясы Кувейт жері- нен күшпен шығарды (1991 ж., қаңтар). Батыс оны- мен тынбай, ядролық, химиялық, бактериологиялық қару шығару мүмкіншілігін құрту мақсатымен Иракты бақылауға алды. 1998 жылдың соңында АҚШ “Шөл дала түлкісі” атты әскери операциясын жүзеге асырып, Иракқа тағы шабуыл жасады. Бойкот жарияланған ел халқы күйзеліске ұшырап, азап шекті. 70-жылдары Камбоджа мәселесі дүниежүзін алаңдат- ты. Бұл елде бірнеше төңкерістер болып, 1975 жылы Қы- зыл кхмерлер (қытай үлгісіндегі коммунистер) билікке жетіп, өз халқының үштен бірін қырып тастады. Оған қарсы Вьетнам әскер жіберіп, Камбоджада азамат соғы- сының өрті тұтанды. Бұл жанжал 90-жылдардың ортасын- да көршілес елдердің қатысуымен реттелді. 80-жылдары Ауғанстандағы оқиғалар халықаралық дағдарысты өте қатты өршітті. Бұл елде 1978 жылы сәуірде Халықтық-демократиялық партия төңкеріс жасап, билік- ті жеңіп алды. Ол бірден социалистік құрылысқа көшіп, КСРО-ға арқа сүйеді. Бірақ халық оны қолдамай, елді көтерілістер жайлады. Келесі жылы төңкеріс жетекшілері Таракиді өлтіріп, елді Х.Амин басқарды. Оған сенімсіздік білдірген Кеңес Одағы арнайы қарулы жасақ жұмсау арқылы Аминді құлатып, өздеріне қолайлы Б.Кармальді билікке әкелді және оған көмек ретінде әскер жіберді. Халықаралық қатынастарға әсер еткен жанжалдар (Англия — Аргентина соғысы, Ливия — Чад, Марокко — 192 Алжир қақтығыстары, Оңтүстік Африкадағы Намибия мәселесі, т.б.) 1980—1990 жылдары шешімін тапты. Ядролық қаруды шектеу және қарусыздану мәселесі. “Қырғиқабақ соғыстың” аяқталуы. 70-жылдары қол қойылған ірі шарттар (ОСВ-I, зымырандарға қарсы қару- ларды шектеу, т.б.) соғыс құралдарын біршама азайтуға және шектеуге қол жеткізді. 1980—1990 жылдары оған тағы бірнеше АҚШ—КСРО және т.б. халықаралық келі- сімдер қосылды. 1987 жылғы қарашада Р. Рейган мен М. С. Горбачев шарт жасасып, орта және шағын қашық- тықтағы зымырандарды жоюға кірісті. 1989 жылы Венада қол қойылған шартқа орай Еуропадағы қарапайым қару- лар қысқартылды. КСРО тараған соң АҚШ пен Ресей стратегиялық қару- ларды шектеу туралы келісімге қол қойды. Қазір ядролық қаруларды қысқарту, таратпау, сы- натпау, жою мәселесі бірінші орында тұр. 90-жыл- дары ядролық сынақтарды тоқтату үшін халықтар арасындағы қозғалыс ұлғая түскен. Оған қазақ халқы да өз үлесін қосқаны белгілі. Өйткені 1949—1989 жылдары Қазақстанда 498 рет ядролық сынақ жарылысы болған (КСРО-да 715), оның 456-сы тек Семей полигонында өткен. 1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы үкім шығарды. Бұдан кейін Ресей, АҚШ, Англия, ал 1996 жылы Франция және Қытай сынақтарын тоқтатты. Ядролық қаруды таратпау туралы келісім 1986 жылы жасалды. Бірақ оған қосылмай жүрген Израиль, Үндістан, Пәкстан елдері ядролық қаруға ие болды. Дүниежүзі елдерін үрейлендірген “қырғиқабақ со- ғыс” 90-жылдардың басында аяқталды. Варшава тобы таратылды, социалистік лагерь ыдырап кетті. КСРО 1991 жылы тарап, ТМД құрылды. Бұрынғы екі полюстік әлемнің орнына АҚШ жетекшілік еткен бір ғана полюстік жағдай қалыптасты. Ресей қарапайым ірі мемлекет- тер қатарында қалды. Экономикасы жедел дамып келе жатқан Қытай 1971—1972 жылдары АҚШ-пен, Жапо- ниямен, 1980—1990 жылдары Ресеймен арақатынасын ретке келтіріп алды. Қазақстан Республикасымен де қалыпты қатынас жасауда. 193 ХХI ғасырға ұмтылыс және халықаралық қаты­ настардың дамуы. “Қырғиқабақ соғыс” аяқталып, КСРО сияқты империя ыдыраған кезде көпжылдық тыныштық заман орнайды деген үміт ақталмады. 90-жылдар мен ХХI ғасырдың бас кезінде аймақтық жанжалдардың көбеюі салдарынан миллиондаған адам қырғынға ұшы- рады. Бұған ертеректе басталған Таяу Шығыс, Ауғанстан мәселелеріне Югославия, Кавказ, Орта Азия, Парсы шығанағы, т.б. қосылды. Африкадағы жағдай нашарла- ды, өйткені онда Эфиопия-Эритрея соғысы, азаматтық соғыстар Анголада, Мозамбикте, Конгода, Либерияда, Суданда өрши түсті. Кавказ, Орта Азия, Днестр маңы аймақтары ірі қарулы қақтығыстар ошағына айналды. Сондай-ақ олардың қатарына Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан мен Армения араларындағы соғыс, Грузиядағы Абхазия, Оңтүстік Осетия және Аджария мәселесі, Молдавиядағы Шығыс Днестр маңы тартысы, т.б. жанжалдар халықаралық жағдайды шиеленістіре түсті. Тәжікстандағы азаматтық соғыс маңайындағы елдерге қауіп төндірді. Өзбекстанда, Қырғызстанда исламшыл топтар жанданып, ескі тәртіпті орнатпақ болды. Ресей Шешенстанға қарсы соғыс ашып, оның тәуелсіздікке деген ұмтылысын тұншықтыруға әрекеттенді. Бірінші соғыс (1994—1996 жж.) Хасавюрт келісімімен аяқталып, Шешенстан өз тағдырын рефе- рендум арқылы шеше алатындай дәрежеге жетті. Бірақ 1999 жылы Ш. Басаев пен Хаттаб (араб азаматы) Дағыстан- ға жорық жасап, онда да исламшыл тәртіп орнатпақ болды. Осы кезде Ресей екінші рет соғыс ашып, шешен халқын оқ астына алды. Он мыңдаған адам құрбан болды. 2008 жылы Косовоның тәуелсіздік жариялауын Ре- сей, Қытай, Үндістан қолдамады. Кавказ аймағындағы шиеленіс көп жылдар бойы басылмауда. Ресей мен Грузия, Ресей мен Украина қатынастары да сыр білдіріп отыр. Ал 2008 жылы тамызда Ресей Грузияға қарсы соғыс бастап, оның аумағына әскерлер енгізді. Сол оқиғадан соң Абхазия мен Оңтүстік Осетия тәуелсіздіктерін жариялады, бірақ оны Ресейден тыс тек Латын Америкасындағы Венесуэла мен Никарагуа қолдады. НАТО-ның Шығыс Еуропа елде- рін қосып ұлғаюы, АҚШ-тың Чехия мен Польша жерінде 194 радиолокациялық станция салу жоспары, Ресейдің қара- пайым қаруларды қысқарту туралы шарттан шығуы, Солтүстік Кореяның, Иранның ядролық бағдарламала- ры, әскери шығындардың ұлғая түсуі — халықаралық жағдайды шиеленістіріп тұр. ХХI ғасырдағы кең өріс алып отырған басты қауіп халықаралық лаңкестік. ХIХ ғасырда лаңкестікті қару ретінде саяси күресте жиі қолданылған, ал ХХ ғасырда оны жеке топ емес, жекелеген мемлекеттер сыртқы елдердегі жауларын құрту үшін қолданатын болды. 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаң- кестік әрекеттен соң БҰҰ мен аймақтық ұйымдар лаңкес- терге қарсы бірігіп күрес жүргізуге келісті. АҚШ-тың лаңкестікке және жаппай қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы тұру саясатын желеу етіп, басқа елдердің ішкі істеріне араласатындығы көптеген елдердің наразылығын тудырды. Айталық, Югославия президенті С. Милошевич Босния мен Герцеговина мұсылмандарын қырған кезде АҚШ бастаған НАТО оны әскери күшпен тізе бүктірді. Оған Ресей, Қытай қатты наразылық білдірді. 2003 жылы АҚШ пен Англия Иракқа қарсы соғыс ашып, өз халқын зар қақсатқан С. Хусейнді биліктен кетірді. АҚШ-тың осы саясатына Франция мен Германия, Ресей мен Қытай қарсы болды. Ал келесі жылы осы мемлекет- тер БҰҰ-ның Ирак мәселесіне қатысуын көздеп, АҚШ-қа қолдау көрсете бастады. Қазір қуат мәселесі, қуаттық қауіпсіздік әлемді алаң- датуда. Қуатсыз даму жоқ. Оның ең ұтымды қайнар көзі мұнай мен газ болғандықтан, солардың табиғи қорларын иеленуге, болмаса бақылауға әрбір ел құштар. Аса ірі мем- лекеттер өздерінің ұлттық келешегін мұнайға бай аймақ Таяу және Орта Шығысты (кейінгі кезде оған Орталық Азияны да қосатын болды) өз ықпалында ұстаумен тікелей байланыстырып отыр. Ол үшін халықаралық қатынастар- да түрлі әдіс-амалдар қолдануда — келісімдер, одақтасу, экономикалық, әскери көмек беру, күш қолдану, т.б. Дамуы жеделдей түскен Қытай, Үндістан, Бразилия сияқты елдердің мұнай мен газға сұранысы артуынан бірден “қара алтынның” бағасы көкке көтерілді. 70-жыл- дардың басында шикі мұнайдың баррелі 2,9 доллар еді. 195 Египет-Израиль соғысы (1973 ж., қазан) және мұнай экспорттайтын араб елдерінің батыс елдеріне мұнайды сатпау туралы шешімдері әлемдік энергетикалық дағ- дарысты туғызып, көптеген қиыншылық әкелді. Содан бастап мұнай бағасы 11,65 доллардан 40-қа дейін жеткен. 80-жылдары ол көрсеткіш 13—34 доллар арасында болды. Қазіргі заманда аймақтық және дүниежүзілік ық- палдастық және жаһандану процесі үдей түсуде. Ол шаруа- шылық, саяси-әлеуметтік салаларын байланыстырып, елдердің жақындасуын көздейді. Сонымен қатар көпұлтты мемлекеттер ыдырап, ұлттық мемлекеттер құрылуда. Осы екі заңды құбылыс ХХI ғасырда да өздеріне тән ха- лықаралық қатынастар тудырмақ. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Халықаралық шиеленістердің себептері неге байланысты болды? 2. Еуропада қандай өзгерістер орын алды? 3. Қаруларды қысқарту туралы қандай келісімдер жасалды? 4. “Қырғиқабақ соғыстың” аяқталуына қандай себептер көмектесті? 5. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда қандай процестер байқалуда? 6. Жаһандану процесін қалай түсінесіңдер? §

Тақырып 2.14.ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. халықаралық және аймақтық дау-жанжалдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет