Тақырып. Мәдениет морфологиясы сағат (1 апта) Дәрістің жоспары



бет12/13
Дата25.12.2021
өлшемі96,5 Kb.
#104991
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1 daris
21 ғасыр ШТ (копия), Сансызбаева Улпан (виды пересказа), Сансызбаева Улпан (виды пересказа)
Тіл және мәдениет.

Дискурс-тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени-тілдік контексті.Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүиетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады. Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды., екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие, үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.


Тіл-бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз.Өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда мынаны байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен.

Рухани болмыс- мағыналы белгі, таңба болмысы.Өйткені, белгі қашанда ,,материалдық», ,,заттық,, белгі. Белгілік шығармашылықтың жемістері- өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.

Жалпы, ұғыну мәселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек болады. Осы мәселеге сонау Ф.Шлейермахерден , В. Дильтейден бастап М.Хайдеггер, Х.Г.Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В.Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминология бойынша, ,,рухани ғылымдардың, өзіндік ерекшеліктерін» түсіндіру деп білді.

Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.

Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады.

Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейкесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал – саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен – тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) “Палеолит”термині гректің “палайос” – көне, “литос” – тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5 – 2,6 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.

Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі – б.з.б. 1-2 млн. жыл мен б.з.б. 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші – көне тас дәуірінің орта кезеңі б.з.б. 140 мыңыншы жылдан б.з.б. 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі – көне тас ғасырының соңғы кезеңі – бұл б.з.б. 400 мыңыншы жылдан – 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың екінші және үшінші кезеңдері – қола ғасыры – б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Алғашқы қауымдық құрылыс өнерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі – синкретизм (гректің “қосылу” деген сөзінен шыққан) болды. Алғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып – білуі стихиялық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар – пикантроптар, синантроптар және т.б. жануарлар дүниесінен біртіндеп бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталды. Ертедегі адамдар тобыры біріге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналысты. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі – неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып,тас индустриясынның шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті.Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді.

Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және т.б. жерлерден кездестіруге болады.

Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар.Ең бастысы- аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Жартастағы графикалық алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады.Оған дәлел ретінде Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венералармен» салыстырып көрелікші.

Тассили-Аджар өнерінен гүлденген , ашық бояулы, ғажап жұмбақ дүние ашылды. Сурет мазмұнында – жайылым және мал табындары. Келісті сиырларды бақташылар бағып жүр. Адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген.

Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге бөлуге болады.Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл- иелену экономикасы болып табылады.

Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар, деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы- көне Египет болды.Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері – аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндер-анимизм болды.Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.

Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі-фетишизм болып саналады.Фетишизм- табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді.Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті – дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды.Ол негіздер - әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және т.б. болды.Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән- мағынасына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет