Тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтық тәрбие берудің мән-мағынасы



бет3/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,55 Mb.
#7793
1   2   3

Музыка сабағындағы іс-әрекет.

Ән орындау. Балаларды әнді орындау ережелерімен таныстыру. Әншілер ұжымын тәрбиелеу – біркелкі дауыстардың ұласуын, мәнерлілікті қалыптастыру (унисон, фразировка, ансамбль). Дирижердың негізгі қол қимылын түсіне білу: зейін, тыныс алу, әннің басы, аяғы. Дыбысты таза, күш салмай жеңіл меццо-пиано және меццо-форте аралығында орындау. Ортаңғы дауыс диапазонын (ми-ля 1-октава) қалыптастырып, біртіндеп кеңейту. Жыл аяғында (до, ре 1-октава: до 2-октава) жеткізу. Дауыс аппаратымен дұрыс жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды мәнерлі орындау, әннің мазмұны мен сипатын түсіну негізінде шығарманы мәнерлеп орындау (көңілді, нәзік, көңілсіз, ойнақы, т.б.). Үйретілетін әндерді және дауыс жаттығуларын сүйемелсіз орындауға дағдыландыру (капелла).

Орындауға арналған әндер «Бала уату»- Қазақтың халық әні. «Бесік жыры» - Қазақтың халық әні. «Әліппе» - Б.Ғизатов. Ж.Нәжімеденов. «Менің Отаным» - Ө.Бәйділдаев. Б.Ысқақов. «Зырлайды шанамыз» - Д.Мацуцин. Қ.Ыдырысов.. «Домбырасыз сән қайда» - И.Нүсіпбаев. Х.Талғаров, «Наурыз» - Қ.Адамбалинов. Ж.Нұрқанов. . «Жаз келеді, алақай» - Қазақтың халық әні.



Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, жетіген, баян және т.б.) музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу.

Музыкалық  сауаттылық.. Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,ойнақы,жай, т.б. Музыкалық  қарапаиым  көркемдеуші  құралдарды ажырата алу; дыбыс күші – динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән – шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем – фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс – төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу.

Ұғымдар: халық әні, композиторлық әні, сал, сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші-композитор, қазақтың халық аспаптары.

2.2.1 Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу-біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді. Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат. Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал. «Бұлақ көрсең - көзің аш» - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты. Осы маңызды міндетті орын-дау үшін бшіаның жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек. Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Екіншіден баланың тыңдау кабілетін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Мүның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту.



Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды. Мы-салы, бала салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға т.б. тән бейнелі қимылды іздейді, өзі орындайды. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімдеушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Мысалы, «Туған жер» туралы, «Қазақстан» туралы әндер Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни балалардың дыбыс үніне зейінді байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді. Өнер баланың әлемді тануына, саналылыққа, халықтың мәдени мүрасы байлығынан рухани сусындауына, батылдық сезімдеріне, азаматтық, адамгершілік касиеттеріне бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді. Күй - қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Халық композиторларының күйлері үлы оқиғаларды, өмір шындығын суреттеген. Халық күйшілері әр түрлі ортада, әрқилы тұрмыста өмір сүргендіктен күйлердің айтайын деген ойы-мағынасы сан алуан. Ұлттық мәдениетіміздің түрлеріне: халық билері мен ән-күйлеріне, халық аспаптары арқылы төл мәдениетке ерекше көңіл белдік. Мақсатымыз балалардың бойына музыкалык тәрбие беріп қана қоймай, халқымыздың ғасырлар қойнауында қалыптасқан педагогикалык тәлімімен қиюластыра отырып, үлттық мәдениетіміз бен өнерімізге деген сүйіспеншілігін оята білу.

Ол адам бойындағы барлық асыл қасиеттерді қастерлеп, мәпелеп, аялап баптау арқылы мысқылдап жиналады да біртіндеп кәсіпке, одан шеберлікке ұласады.



2.2.2  Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жөніндегі Заң негіздерінде оқыту мен тәрбиелеудің басты принциптері: оқыту мен тәрбиенің бірлігі, балалар мен жастарды тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың өзара ынтымағы; жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің, өмірмен байланысы; білімнің ғылыми сипаты, ғылымның, техниканың, мәдениеттің ең жаңа жетістіктері негізінде ұдайы жетілдіріліп отырылатындығы айтылған. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысынын, нақты мазмұны мен әдістемесі осы принциптердің негізінде жасалады.

Балалар бастауыш мектепте мәдени мінез-құлықтың негізгі ережелері жөнінде аса үлкен көлемдегі білімдерді игеріп, оларды саналы түрде орындауға әдеттенуге тиіс. Бала біртіндеп нақты ережелерді адамгершілік көзқарас түрғысынан орындау қажет екендігін түсініп, бағалай бастайды. Әдет пен дағдының бірлігі тұрақты мінез-құлыққа ие болуға, жеке бастың белгілі бір қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Әрқашанда сыпайы, міндетті, дәл болу дегеніміз - сыпайылық, дәлшілдік, міндеттілік сияқты қасиеттерді игергендік деген сөз. Баланын, өз мінез-қүлқын түсінуі мүғалімнің басшылығымен, ұжымның қапыптасып келе жатқан қоғамдық пікірінің әсерімен біртіндеп жүзеге асатын болады.

Адамгершілік тәрбиедегі сабақтастықтың педагогикалық негізі мынада: баланың мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болған мінез-құлық, ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынас формалары, моральдық білімі, қарым-қатынасы және сезімі бастауыш сыныптарда дамуға тиісті жаңа формалардың негізі болып табылады."Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз игі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады" - деп жазған Әл-Фараби. Бастауыш сынып оқушыларының жағымсыз қасиеттері: бір беттілігі, ашушаңдығы, ұяңдығы, әдепсіздігі, тынышсыздығы, тәртіпсіздігі, дөрекі сөйлеуі және т.б. жағымсыз жақтармен ерекшеленеді, мүғалім бұлармен күрес жүргізуі қажет. Бұл сапалардың көбісі әлі берік орнықпаған, тек уақытша психикалық ерекшеліктері болып табылады, бұл салалар келешекте олардың мінез-құлқына сіңісіп кетпеуі тиіс.

Кейбір мектеп оқушылары өтірік айтуға бейім тұрады, бір нәрсені өте өсіріп, әдемілеп, мақтап сөйлейді. Мұның себебінің бірі - ойлап тапқанына өзін сенуге мәжбүр ететін баланың күшті қиялы болып табылады. Бірте-бірте бүл қасиет жоғалады. Кейде оқушы жасаған жағымсыз істердің ізін жауып, өзін кінәлі санамай, жалған үялушылық сезімімен ғана біреуден кешірім сұраудан бас тартады. Осындай себепке байланысты бір беттілік танытып, жан түкпірінде өзін теріс деп есептесе де, өз айтқанынан қайтпайды.

Балалардың тәртіп ережелерін орындамаудың үлкен бір себебі оларды қоршаған ортаға байланысты. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелейтін үлкендердің өзі тәртібін қатал және міншілдікпен қадағалап, балаларға үлгі болуға тиіс. Мектептегі мұғалімдер оқушаларға қойылатын талаптарға біркелкі қарамайды. Сол сияқты жанұяда да үлкендер де педагогикалық көзқарасқа келгенде өзара ынтымақ емес. Осыдан келіп баланың үйде сыпайы, мектепте дөрекі немесе бұған керісінше болуы мүмкін. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балалардың мінез-құлқына бірдей талап қойып отырса, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу табысты болады.



2.3 Шығармашылық тапсырмалар.

Орындалатын музыка ырғағын және әуендік қозғалысты қолмен, сатлай немесе қол шапалақтап көрсету, тыңдалған және орындалған музыкаға сурет салу, жұмбақтар шешу, ертегі тыңдап, тақпақтар оқу, әннің, күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелеу, т.б. Бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеігін ескере отырып (тұрақсыз зейін, еріксіз есте сақтауының басым болуы, ойынға бейімділігі, т.б.) музыка сабағында би қимылдары, бейнелеу, ойын элементтері, тақпақтар, жұмбақтар енгізілген. Сипатын ажыратып, қандай сезімді білдіреді, есту арқылы дыбыстарын биіктерін ажырату, қандай көркемдік, мәнерлік құралдар



3  ЖАС ҰРПАҚТЫ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ

3.1 Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы, кәсіптік шеберлігі

Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Музыка пәні мұғалімінің де жеке тұлға ерекшеліктері бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Музыка мұғалімі өз сабағында шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.



Музыка мұғалімінің қызметі – ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық т. б. біршене бағытта жүргізіледі.

Ұйымдастырушылық бағыт - мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процесін жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру т. б.  Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:

а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі  формаларын;

ә) ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін; б) музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін; в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;

г) оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың ормалары мен дістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;

Танымдық бағыт мұғалімнің, оқушылардың ой-қызметін басқаруына байланысты құралады.

Бұл үшін мұғалім: а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін білуге; ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға; б) танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге; г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;



ҚОРЫТЫНДЫ Халық тағылымы арқылы музыкалық өнер – балаларды тәрбиелеу құралы. Халық музыкасы сезімді, көңіл-күйді оятады, ал көңіл-күй психологиялық күйді тұрақтатады. Психологиялық күй адам санасында өмірге деген белгілі дәрежелі қатынасты бекітеді. Музыка өмір қозғалысында даму динамикасында шындықты бейнелейді. Музыканың мазмұны сезім, эмоцияға көңіл-күй болып табылады. Рухани дүниетанымын дамыту және пән әдістемесін үйрету дегеніміз ол балалармен музыкалық тұрғыдан жұмыс жасайтын, мақсат-міндеттерден, мазмұны, нысандары мен әдіс-тәсілдерді үйрететін пән. Ол музыканың өмірі мен байланысын ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін, әдебиет пен халық ауыз әдебиетін, бейнелеу өнері мен тарихтың байланысын сол аймақтың, халықтың тұрмысы мен салт-дәстүрінің байланысын оқып үйрететін пән. Әдістеме – дидактикалық қағидалар негізінде әдіс-тәсілдер, мақсаттар мен міндеттер оқу-тәрбие үрдісін құратын педагогиканың бір саласы болып табылады. Халық музыкасы, халық әуені мен әуезі – тұлғаны оның сана-сезімін, құндылық қондырғысын, мінез-құлқын, адамгершілік қабілетін қалыптастырудағы ең күшті құрал. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті – ұлттық ерекшелік болып саналады. XX ғасырдың музыка – тануында бүкіл дүниежүзінің музыкалық мәдениеті дамуы жағынан алуан түрлі екендігі бәрімізге мәлім, әрбір мәдениеттің музыка феномені әр түрлі болады да, тарихи жағында да әр түрлі болды. Мысалы, Еуропада ортағасырлық кезеңде тек шіркеулік музыканы қаласа, жаңа дәуірде шіркеулік музыкамен қатар театрлық музыка таныла бастады. Қазақ музыкасы – ислам дүниесіне жақын болғандықтан, оның концептуалдық жанры-күй, жыр және айтыс. Жалпы қорыта келе айтқанда оқушыларда музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың  үлкен маңызы бар. Ал балалардың қаншалықты музыканы қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Оқушылар музыканы қоршаған ортаны, өмір мен адамның сезімін бейнелейтін құралы ретінде түсінеді.

Әдебиеттер тізімі 1. Асқарбекова Ғ. Қазақстан мектебі «Айтыс өлеңдерінің тәрбиелік мәні»  2001 ж, №2, 40-43 б. 2. Ғабдуллин Ж. Таңдамалы 2 бас. – А., «Жазушы» 1985, 177 б. 6.. 3.Есжанов Г. «Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш   мектеп». 2000 ж. №3 9-10 б. 4.Жұбанов А. «Ғасырлар пернесі». Алматы, 1969, 15 б. 5.Жұмабаев М. «Педагогика». Алматы, 1992.

6. Казыханова Б.Р. «Эстетическая культура казакского народа. Алматы, 1973». 7. Қалиев С., Базилов Ж.  «Қазақ халқының салт дәстүрлері және демократ ағартушылары», Алматы, РБК, 1993.. 8.Қалиев С., Жарықбаев Қ.  «Қазақ тәлім – тәрбиесі», Алматы, «Санат»,  1995. 9. Қалиев С, Ш.Майғаранова,Г.Насынбаева «Жеке тұлға.Оның ерекшелігі қандай?», «Ұлағат», 200-№40-58 б. 10. Қалиұлы С. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы», Алматы, «Білім», 2003. 11.  Қалиев С. «Халық педагогикасын насихаттаудың маңызы мен мәні». Мұрагер, 1992, том 2, 24-38 б. 12. Музыкалық-эстетикалық тәрбие туралы. //Қазақстан мұғалімі. 1989 ж. 21 апрель. 13. Мұқанов С. «Халық мұралары», Алматы, «Қазақстан», 1994. 14. Нилибаев «Педагогические взгляды Абая», Халық мұғалімі, 1946. 15. Райымбергенов А., Райымбергенова С., «Мұрагер бағдарламасы» Алматы, 1994. 16. Скатеризиков В. Х. Табылдиев  Ә.«Қазақ этнопедагогикасы», Алматы, «Санат», 2001.  17. Табылдиев Ә.  «Халық тағылымы», Алматы, «Санат», 1992 ж. 18.Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие», Алматы, «Білім», 1995. 19. Ұзақбаева С.А. Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1998. 20. Ұлт тағылымы №3. 2004.  25-бет. 21.Ұлт тағылымы №4.  2004.  45-бет.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет