Болжамы – оң мәнді. Қазіргі таңдағы заманауи препараттарды дер кезінде тиімді қолдану аурудың болжамын жақсартады.
Ротавирус инфекциясының алдын-алу. Ішек жұқпалы ауруларында қолданылатын жалпы эпидемияға қарсы шаралар.Ротавирусты инфекция бүкіл дүние жүзінде тіркелетін ауру болғандықтан және бір зерттеушінің айтуынша бұл ауру "үлкен демократ — дамыған елдердеде балаларда кездеседі, бай және кедей тұратын кварталдардағы балаларды да аямайтын ауру" болғандықтан ротавирусты инфекцияға қарсы Қанада мен АҚШ-та шығарылған вакцинамен егу ұсынылды. Вирустың ішкі антигеніне қарсы иммунитет түзетін вакцина зерттелу сатысында.Спецификалық емес профилактика санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау(қолды жуу, ішуге тек қайнатылған суды пайдалану).
Қорытынды
Кез келген ауруды тудырушы қоздырғыш болады. Сол қоздырғыштың морфологиясы, эпидимологиясы, этиологиясын, патогенезін, лабороториялық диагностикасын, клиникалық белгілерін айқын ажырату керек. Сол кезде ғана ауру адамды дер кезінде анықтап, ауруын асқындырмай, емдеп, алдын алуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғ.Ғ.Құттықожанова. Балалардың жұқпалы аурулары оқу құралы,-Алматы,2003.-358с
Дүйсенова А.Қ., Жұқпалы аурулар: Оқу құралы. - Ақтөбе, 2009,
Тимченко. Диагностика, дифференциальная диагностика и лечение детских инфекций
Нисевич Н.И, Учайкин В.Ф Инфекционные болезни у детей 1985