Қатал (классикалық) немесе тік хриидің құрылымы
Қатал хрия талабы бойынша, тезистің негізгі жобасы осы тезистан келіп шығатын мүмкін болатын қарытынды мен жеке салдардан болу керек: тезис – дәлелдемелер.
Құрылыс 8 бөлімнен тұрады:
Сөз басы – сөздің басы назар аудару мақсатында (мақтау немесе суреттеу).
Парафразис – тақырыпты түсіндіру, экспликация.
Себеп– тезисті дәлелдеу (бұл тезис дұрыс, өйткені …).
Қарсы – егер болмаса, онда…
Сол секілді – осы құбылысты ұқсас салалармен салыстыру
Мысал.
Куәлік (беделге сілтеме жасау)
Қорытынды (тақырыпқа деген қарым-қатынасың).
Қатал емес (тәуелсіз) хрияның құрылымы.
Дәлелдемелер – тезис.
Ереже. Бұл пайымдаудың мынадай түрі, басында жеке дәлелдер жиналады, кейін тезистің өзі қалыптастырылады, индуктивті (сократов бойынша) деп аталады.
Құрылыс 5 бөлімнен тұрады:
Сөз басы
Дәлел немесе негіз.
Байланыс – жасанды байланыстың немесе логикалық көпірдің көмегімен тиісті адамдысендіру үшін, сол ойға жетелейді.
Тезистің қалпы (негізгі ойдың).
Қорытынды.
3. Классикалық риторикалық ереженің кезеңі – иллокуция
Ереже. Иллокуция дискурс гармониясын құру үшін белгілі сөздік жағдайға байланысты тілдер мен сөздер құралдарын дұрыс таңдауды жобалайды.
Дискурс гармониясы троптар мен сөз фигураларын қолдану арқылы пайда болады.
Ереже. Троп – бұл сөз оралымы, сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы. Сол себепті айтушы мен тыңдаушыда екі мағына пайда болады: тура және ауыспалы.
Троптарға жататындар: метафора, метонимия, синекдоха, катахреза, оксюморон, аллегория және басқалар.
Ереже. Сөз фигуралары – синтаксистік құрылымдардың ерекше формалары, сол арқылы сөз мәнерлі әрі экспрессивті қалыпқа ие болады
Сөз фигураларына мыналар жатады: антитеза, парадокс, парафраз, градация, риторикалық мәселе.
Мәтінді риторикалық талдау.
Ол 3 аспектіде жүргізіледі: 1) мағыналық құрылыс аспектісімен 2) осы идеялардың орналасу аспектісімен 3) риторикалық форма (троптар мен фигуралар) арқылы.
3.4. Образ риторикасы
Ереже. Троп – бұл сөз оралымы, сөздердің ауыспалы түрде қолдануы.
Риторика үшін қос мағыналығын жоғалтпаған, ауыспалы мағынада қолданатын сөздер қызығушылық тудырады.
Троптардың негізгі ерекшеліктері мен олардың мағыналары.
Риторикалық троптар адамның танымдық қызмет тәртібін көрсетеді. Қоршаған ортаға қарай адам одан мыналарды көреді:
ұқсас жағдайлар мен заттар, сөйтіп оларды бір сөзбен біріктіреді (метафора солай пайда болады)
жағдайларды жақындығына, бір-бірімен араласуына қарай топтайды (метонимия солай пайда болады)
көзге көрінбейтін жағдайларды байқайды (сезімдер әлемі, интеллектуальды әлем)
Троптар өмірге деген субъективті көзқарасты көрсетеді, оның эмоцияларын, көңіл-күйін, бағасын көрсетеді.
Риторикалық троп мағыналық өлшемге ие, соның көмегімен күрделі мазмұнды қысқаша жеткізеді.
Образды оралым көрнекті, есте жақсы сақталады, жақсы қабылданады.
Риторикалық троптар мәтіннен қанағат алуға мүмкіндік береді және тыңдаушыны шығармашылық процесіне қосады.
Метафора, оның құрылысы және риторикалық қызметтері (функциялары)
Ереже. Метафора – осы заттардың қасиеттеріне қарай атаулардың бір заттан екіншісіне ауысуы.
Метафора құрылысы.
Метафора – жасырын теңеу, «сондай», «сол секілді» деген сөздермен айтылады.
Заттың екі түрлі теңеуі бар:
объект және субъект
үшінші белгі, соның көмегімен заттар теңеледі.
Ережелер:
Теңеу элементтері әртүрлі болуы керек – пропорцияға негізделген ереже. Парадокс шебері – Гераклит.
Теңеу термині кез-келген белгіні емес, теңеу кезіндегі маңызы бар белгіні табу керек.
Сөз мәнінің бағасы теңеуге байланысты болады
метафораны жақсарту үшін теңеу іздегенде;
метафораны нашарлату үшін теңеу іздегенде.
Жаңа метафора алу үшін ерекше теңеулерді пайдалануға болады.
Метафоралар қысқартылған және кеңейтілген болу мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |