Тақырып Шешендік өнер және риторика



бет5/7
Дата29.01.2022
өлшемі143,11 Kb.
#115597
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шешендік өнер және Риторика

Қысқартылған метафора – сөздер жаңа түсінікте теңеледі, «сол секілді» оралымы жоғалады.  

Кеңейтілген метафора – метафора ішіндегі фраза. Зат құрылысын қиындаттырады, мәтін қабырғасына айналады.  

Метонимия және оны риторикалық мақсаттарда пайдалануы



Ереже. Метонимия – (қайта атау) араласуына және жақындығына байланысты зат атауының бірінен келесісіне ауысуы. Метонимияның көмегімен көбіне мыналар аталады: 

заттың жасалған материалы бойынша

қасиетіне қарай

шығарушыға, авторына қарай 

зат затына қарай аталады 

затына немесе жағдайға қарай уақыт айтылады, осы уақытты сипаттайды   (өлгенше жақсы көру)

метонимияның жекелей бір жағдайы - синекдоха

зат бөлігінің аты затқа бүтіндей ауысады  

көпше түр жекеше түрмен ауысады 

метонимияны дамыту үшін риторикалық қабылдау перифраз құрылады, мұнда зат аты оның белгілерін сипаттаумен ауысқан кезде. 

Басқа да троптар және сөз фигуралары, олардың мәтінде қолдануы 

Жандандыру (олицетворение) – жансыз заттарды адамның белгілері мен қасиеттерімен көрсету   (көбінесе табиғатты суреттеу кезінде қолданылады).



Аллегория (басқаша айту – “емеурін”) – нақты көркем образдарда тармақты ұғымдарды білдіру, мысал, әпсана, ертегілерде қолданылады.

Антономасия (қайта атау) – белгілі бір жалқы есімді жалпы есім мәнінде қолдану

Эпитет – затты немесе іс-қимылды образды  анықтау.

Гипербола – мөлшерді, күшін, әдемілілікті асырып жіберу.

Литота (қарапайымдылық) – кері гипербола, мөлшерді, күшін, әдемілілікті әдейі кішірейтуші.   

Мейозис (литота секілді) – сөз фигурасы, бір нәрсенің қасиеттерін,  дәрежесін кішірейтуші.   

Парафраза (әңгімелеу) – суреттеу оралымы, қандай да бір сөз, сөз затының орнына қолданылады.   

Дисфемизм – троп, нормативті, табиғи сөздің дөрекі, анайы сөзге айналуы.   

 Эвфемизм – бір нәрсені әдепті, сыпайы атау. 

 Катахреза – троп, оларға жатпайтын мағынада айтылатын сөздерді қолдануымен байланысты, көбінесе гиперболалық (әсірелеу) метафора түрінде қолданылады. 

Каламбур (сөз ойыны) – бір сөздің әр түрлі мағынада қолдануы немесе екі бірдей айтылатын (дыбысталатын) сөздердің қолдануы.   

 Оксюморон – бұл сөз фигурасы, екі антонимнің бірігуінен құралады (мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер), содан мағынасы біріккен жаңа сөз тіркесі пайда болады (тірі өлік). 

 Анафора – сөз фигурасы, әр сөйлемнің басындағы сөздің қайталануынан тұрады. 

анафора лексикалық

анафора синтаксистік

Ирония және парадокс риторикалық құралдар ретінде 

Қалай тапқыр болу керек?

Анық. Тәлкек – риторикалық троп, ол метафора, метономия секілді айтушы мен тыңдаушы санасында екі мағына ұсынады: тура және ауыспалы. Осы екі мағынаның ойыны (қосындысы) әзілді тудырады.  

әзіл


юмор

ой өткірлігі

сарказм – келемеждеу

Күлкілінің түрлері:  

Күлкілі нәрсе абстракты түсініктен шындыққа өткен кезде пайда болады. 

Дұрыс түсінбеген жағдайларда. 

Ой өткірлігі жағдайды ұтады, трагедияда комедияның көрінуі. 

Қасақана күлкілі ету -  әзіл

егер әзіл түбі шындық болса – тәлкек;

егер шындық түбі әзіл болса - юмор;

өзін-өзі тәлкек ету.

Тәлкек түрлері мен құралдары:

антифраз – әлдебір сөз қарсы мағынада жұмсалады

парадокс – алғаш қарағанда дұрыс пікірге қарсы келеді, соңында терең мән жатады.

гипаллаг – сөздерді тұрақты сөз тіркестеріне келтіру

антомакласис – көп мағыналы сөздерге негізделген троптар тобы, сандық нәтижеге әкелу

каламбур – жаңа сөздің ескісінде көрініс табуы, мағыналардың қайта берілуі:

полисемия – көп мағыналы сөздер;

омонимия – мағынасы жуық сөздер;

омофония – сөздердіңдыбыстық ұқсастығы.

Сөзге шығуға дайындық

Сөзге шығу – бұл мәтіннің қарапайым, шапшаң бірлігі. 

Сөйлеуші (айтушы) сөзге шыққан кезде сөз мәдениетіне көңіл бөлмейді, оның барлық ойы мазмұнында болады, ал сана тәжірибеге сүйеніп ең керекті лексикалық вариантты береді   

Ауызша сөйлегенде сөздердің санын қысқартатын шектеу болады. Үйреншікті  жағдайда сөз автоматты, бақылауға бағынбайтын болып шығады.     Егер жағдай қиындаса, онда сөзде «бағдарламалық деңгей» қолданылады.   Сөзде ойлау механизмі өте қиын.  Айтылатын сөзді қалыптастыру процесі сөздік қарым-қатынас жағдайына байланысты. 

            Сөзге шығудың келесі мақсаттары былай бөлінеді:  

Ассертивтік – фактіні көрсету (айқындау), қандай да мағлұматты хабарлау.

Коммесивтік – бір нәрсені орындауға міндеттеме беру. 

Директивтік– бір нәрсені орындауға көндіру.

Декларативтік– ниетін білдіру

Аксиологиялық – бір нәрсеге баға беру.

Сөз ойлау механизмінің сызбасы   

Мотивация – әрбір сөздің басында себеп (мотив) жатады, осы кезеңде айтушыда әрекеттер қорытындысы пайда болады, бірақ әрекеттер жоспары жоқ. 

Ішкі бағдарлаудың кезеңі – оның белгілі жағдайы тілдік негізде екінші көрермендік бейненің пайда болуы.   

Лексико-грамматикалық кезең – бұл жерде ішкі сөздердің лексико-грамматикалық тарқалуына өту іске асырылады. 

Ауызша сөзге шығудың келесі кезеңдері бөлінеді: 

Докоммутативтік– аудиторияға шығудың алдында.   

Коммутативтік– жұртшылық алдында шешеннің өзін-өзі ұстауы. 

Посткоммутативтік – сөзге шыққанын талдау және оның кемшіліктерін есепке алу: 

ойлардың іске асуының толығуы   

баяндаудың логикасы

Сөздік қарым- қатынас жағдайларын талдау  

Сөзге шығуға дайындық тақырыпты таңдаудан басталады, ұсынылған, тапсырылған болуы да мүмкін.  Барлық уақытта да айтатын нәрсе болған кезде ғана сөзге шығу керек, негізгі риторикалық ережеге сүйену қажет.  Тақырып көкейкесті, нақты және қабылдауға түсінікті болуы қажет.  Тақырыптың аты тартымды болуы қажет.  

Бағытына қарай ауызша сөз сөйлеу екі түрге бөлінеді: 

үгіттеу


насихаттау

Үгіттеу сөздердің мақсаты – аудиторияға тез әсер ету, эмоционалды түрде тыңдаушыларды қандай да бір шешім қабылдауға шақыру. 

Насихаттау сөздердің мақсаты – қандай да бір факті, мағлұматтарды ағартушылық жолмен беру.  

Сөзге шығудың түріне, тақырыбына және оның бағытына байланысты, шешендердің сөзге шығуы бірнеше түрлерге бөлінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет