Мәтінді редакциялау.
Мәтінді жазу тәсілдері:
сөзге шығудың толық мәтіні жазылады;
сөзді толық логикалық жоспар түрінде жазу;
қысқаша жоспар жазылады.
Мәтінді редакциялау мәтіннің логико-композициялық құрылысымен танысуға алып келеді. Мазмұндық байланыстың белгілерін елемеу ақпаратты мазмұндау логикасының бұзылуына алып келеді.
Мәтіннің қалыптастыру қасиеттерінің көрсеткіштері:
дискреттік – мәтіннің мазмұндық блоктарға бөлінуі, олардың саны тыңдаушының есте сақтау қабілетінің көлемімен анықталады;
мәтіннің бірізділігі – оның компонентерін уақыт ішінде қарап жүйелі баяндау;
байланыстылығы – жеке сөздердің жалпы мазмұнға қосылуы.
Мәтіннің логико-композициялық құрастырудағы кемшіліктері:
композициялық жұмсақтық – төмен ақпарат, төмен мағыналық мазмұнның концентрациясы;
өте үлкен мәселелерді қамтуға ұмтылу, ол мазмұндауды үстірт жүргізуге алып келеді;
берілген уақытты пайдалана алмау;
жағдайды, мақсатты, аудиторияны ескере отырып мағлұматтарды ұйымдастыра алмау;
мазмұндаудың жеткіліксіз жүйеленуі, логикалық көпірлердің болмауы.
Сөзге шығудың тәсілдері.
сөз мәтінінің оқылымы;
мәтінді есте сақтаған күйде жаңғырту, бірақ жеке фрагментерді оқумен;
жинақтап импровизациялау.
Мәтіннен ауытқуға болмайтын сөздер оқылады: дипломатиялық сөздер, салтанатты құттықтаулар, ресми мазмұндағы баяндамалар.
Сөзге шығу мәтінін ұмытсаңыз не істеу керек:
соңғы сөйлемнің соңғы сөзін келесі сөйлемнің басына қою керек;
негізгі мағыналық блоктың негізгі сөздерінен тұратын мнемоникалық сөйлем құрастыру керек;
мәтінді есте сақтау үшін есте сақтаудың 3 заңына сүйену қажет: әсер, қайталау, ассоциация.
Әсер алу – оқыған мәтіннен күшті әсер қалдыру, қайталау – жаңа мағлұматты (тақырыпты) есте сақтағаннан 8 сағаттан кейін қайталау, ассоциация – бізге жақын деген ассоциациялармен байланыстыру.
Сөзге шығудың режиссурасы
Сөз техникасы: фонациялық тыныс, дауыс, дикция, интонация.
Фонетикалық мәдениет.
Қарым-қатынастың невербалды амалдары: мимика, ым-ишарат, тұрыс, қалып. Шешендік сөзге шығудың стилдері.
Шешеннің психофизикалық дайындығы. Шешен қорқыныштылығы. Стресспен күресудің амалдары және оның сөздегі салдары. Жария жалғыздықтың түсінігі. Образды құрастырудағы Станиславский және Брехт жүйесі.
Шешеннің этикалық образы және имиджпен жұмыс істеу: эмоционалды жай-күйі, демалысы, тамақтануы, киім-кешегі.
Сөзге шығу режиссурасының басқа да ұсыныстары және аудиторияда атмосфераны құрау.
Ұсынылатын сөзге шығу жылдамдығы минутына 100-200 сөз. Сол себепті сөз техникасы келесі әдеттерді енгізеді: сөйлеу тынысы, дауыс жүргізу, дикциялар, интонациялар. Осы дағдыларды шебер пайдалана білу сөйлеу аппаратына қысымға алмайды, шаршаудан құтұарады, тыңдаушылармен барынша тығыз байланыс орнатуға және сөз екпінінің жоғары сапалы болуына көмектеседі.
Сөз техникасы мыналарды қамтиды:
дауысқа күш беретін фонациялық тыныс
қатты шығатын, күші, мәнерлілігі бар дауыс
дикция – әрбір дыбыстың және дыбыс тіркестерінің анық айтылуы
интонация – сөздің ырғақ - әуендік және логикалық мүшеленуі
Интонация:
тон жоғарылығы
дауыс күші
сөйлем ішіндегі кідірістер
темп
тембр – дауыстың эстетикалық реңі.
Интонацияны жаттықтыруға енгізіледі:
тыныс белгілерінің интонация бойынша қойылуы
қарқынмен (темп) және сөз стилімен жұмыс істеу работа
кідірістердің түрі: физиологиялық, грамматикалық, мағына ажыратушы, психолингвистикалық, мәтінге эмоциялық қатынасын білдіретін.
дауыспен жұмыс істеу.
Фонетикалық мәдениет.
сөздердің дұрыс айтылуы;
сөздерге екпіннің дұрыс қойылуы.
Қарым-қатынастың невербалды тәсілдері.
Мәтінге эмоциональды қарым-қатынас невербалды қатынастың тәсілдерін көрсетеді: мимка, тұрыс, қалып, ым-ишарат. Бұл көмекші тәсілдер. Бұлар мәтінді жандандырады, сөздерді үнемдейді, айтылмағандарды жеткізеді
Ым-ишарат: мәнді, суреттелген, көрсетуші, еліктеуші, мылқаулардың тілі, – анықталмаған ым-ишарат.
Шешен мінез-құлығының екі стратегиясы бар: сығылған жұдырығы және созылған қолы.
Шешендік сөзге шығудың үш стилі бар: тиімділік - талдау, эмоциялық-экспрессивтік, синтетикалық.
Шешен қорқынышының табиғаты мен себебі: сәтсіздікті сезіну, аудитория жағынан негативті (дұрыс түсінбеу) баға.
Стресс (есеңгіреу) – бейімделу механизмімен байланысты физиологиялық және психологиялық реакциялардың жиынтығы, құтқаруға арналған барлық қасиеттерді жандандыру және мобилизациялау.
Есеңгіреу жағдайымен күрес: Қорқынышты айыра білу қажет – жәбірлілік пен толқуға байланысты негативті эмоциялар – пайдалы, позитивті эмоциялар.
Қорқыныш не тудырады: сөйлеушінің тәжірибесіздігін, жеке мінез-құлқын, күтпеген жағдайлар, аудитория жағынан негативті қарым-қатынас, жеткіліксіз, нашар дайындық.
Күрес әдістері:
- өзіндік бақылау;
- аутотренинг;
- бір қалыпты жүру;
- терең тыныс алу және шығару;
- өзіндік дұрыс баға беруді қалыптастыру;
- істен нәтижелі шығу үшін жағдай жасау;
- өз эмоцияларымен шын ниетпен бөлісу тілегі;
- бұның үлкен қуаныш екеніне өзін сендіру;
- ойын ситуациясын қалыптастыру.
Керекті эмоциялық жағдайды жасаудың екі жүйесі бар: Станиславский жүйесі – образға кіру, Брехт жүйесі - образдан бөлектену.
Шешеннің этикалық образы: демалыс, тамақтануы, киімі.
Ұсыныстар:
аудиторияны топтау
аудитория алдында көп отыруға болмайды
сөзге шығу уақытын есепке алу керек
алаңдататын кезеңдерді жою.
Тақырып 3. Ежелгі Грециядағы сот шешендік өнердің тарихынан
3.1. Ежелгі Грециядағы сот шешендік өнері
Сөз ділмарлығының ғылым және риторикалық тәжірибе отаны ретінде Ежелгі Греция болып танылады, шешендік өнерді Египет, Ассития, Вавилон, Үнді елдерінде де таныс болсада. Бірақ көне Грецияда ол тез дамиды, нақ сол жерде риторика теориясынан арнайы ғылым ретінде алғашқы жұмыстар шығады ( Аристотель, Платон , Горгий, Протагор , Исократ , Фрасимах және т.б. жұмыстары).
Неге осы кезеңде (б.д.д.V ғ. – б.д. IV ғ.) осы елде риторика бұрын соңды болмаған жетістіктерге жетті? Оның себебі – елдің демократиялық ерекшелігі мен мемлекеттік құрылымы риториканың көркеюіне қажет жағдайлар жаратты. Мемлекеттің жоғарғы органы Халық мәжілісі болатын, оған саяси қайраткер тікелей бағынатын. Халықтың көңілін өзіне аудару үшін шешен өзінің идеяларына әсерлі түр беруі керек, өзінің қарсыласының дәлелдемелерін жоққа шығара отырып. Өз кезегінде Горгий – сот шешендігінің теоретигі және тәжірибешісі айтқан сөздері: «Сөз дегеніміз ұлы билеуші, өзінің кішкентай және көзге көрінбейтін түріне қарамай керемет істерді атқарады» (көне поэтика). Ол қорқыныш әкелуші, қайғыны жоюшы, қуаныш әкелуші де.
Шешендік өнердің көптеген сұрақтары Ежелгі Греция шешендерінің теориялық жұмыстарында бірінші рет қаралған: сөздің нанымдылығы (сенімділігі), шешен міндеттері, сөз классификациясы, сөз композициясы және басқалары. Аристотель риториканы көз жеткізу білу өнері ретінде анықтаған, сондықтан да ол нақты шындық жеткіліксіз болған және болмаған да жағдайларда да қолданылған.
Ежелгі Грецияда көптеген риторикалық трактаттардан басқа шешендік өнерге профессионалды түрде оқытатын белгілі Горгий және Исократ мектептері пайда болды.
Ежелгі гректердің пікірі бойынша шешен міндеті үш жақты: 1) түсіндіру, 2) оятушы (қозғаушы), 3) қанағат алып келу. Сөздерді ақылдасуға (саяси), сот және мадақтау түрлеріне бөлу де осы кезеңге жатады. Сөз композициясыда бірінші рет Платон еңбектерінде кездеседі: «Әрбір сөз тірі зат секілді құрастырылу қажет. Оның да денесінің басы мен аяғы болуы керек, денесі мен аяғы бір-біріне сай, бүтінге ұқсас болуы қажет» (Көне поэтика).
Осыдан келіп сөзді кіріспе, дәлелдемелерді баяндау, шындыққа жанасатын қорытынды ретінде бөлеміз.
Көне Грекияда сот тілі ең көп таралған жанр болды, саяси және салтанатты сөздер сот тілі үшін үлгі болып танылды.
Айыптаушы ретінде кез-келген адам сөзге шыққан, сол себепті айыпталушы өзін-өзі қорғайтын болған. Айыптаушының сөздері айыптаудың арызда көрсетілген түсініксіз жайттарын нақтылауға алып келген, нәтижесінде айыптаудың дерексіз жайттары қайта құрастыру жолдарымен «дәлелденеді». Сот құрамының көптігімен ерекшеленетін. Афина өкілетті алқалы соты (гелиэя) 501 сот құрамымен қылмыстық істерді қараған. Шындығында да айыпталушы өзінің кінәлі емес екендігін дәлелдеу орнына аянышты халге түсіп өзінің жағына шығаруға тырысқан. Ешқандай да логикалық дәлелдерге үміттенбей-ақ, ол кез-келген тәсілмен сезімге әсер етуші болған. Осы мақсатта әр түрлі тәсілдер қолданылды. Егер айыпталушының отбасы балса, онда ол балаларын алып келіп олардың әкесін есіркесін, аясын деп жалынған; егер айыпталушы әскер адам болса, онда ол кеудесіндегі соғыстан алған жарақаттарының орнын көрсеткен; егер айыпталушы ақын болса, онда ол өзінің өлеңдерін оқып өнерін көрсеткен.
Сонымен, Ежелгі Афинада шатасқан сот құқығында соттасу онай болған жоқ, өйткені ол жерде барлығында тыңдарманды өзіне қарататын сөз өнері болған жоқ. Айтушының тағдыры тыңдаушы-соттарды өзінің айыпты емес екендігіне қаншалықты сендіруінде болды. Соттардың дарыны бұл өздерінің қол астындағыларға жеңіс әперу және тыңдармандарды қандай да жағдайда, дұрыс немесе дұрыс емес істе де жаулап алу еді. Сол себепті шешендік дарыны бар, тәжірибелі адамдардың көмегіне сүйенген. Бұл адамдар істің барысымен танысып, ақы үшін клиенттерге сөз дайындаған, ал олар оны жаттап сотта айтқан. Ондай құрастырушыларды логографтар деп атаған. Логографтың жағдайы мәз болған жоқ, өйткені ол өзінің автор екендігін жасырып, клиент стилімен жазатын болған. Оның сөздері жәй, тәжірибесіз адамның аузында табиғи болуы керек. Ереже бойынша, шешеннің мақсаты ол дауласу затын жоғары көтеру немесе жәбірлеу, оны тек өзіне керекті жағынан ғана көрсету. Ежелгі Грецияның белгілі логографтары, сондай-ақ сот шешендері – бұл Дeмocфeн, Лисий, Коракс, Исократ. Лисийдің дайындаған (б.э. 445-380 жж.) соттық сөз ділмарлығы өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті. Сот сөзінің негізін құраушы (қорғаушы) 400 сөз жазған, оның 34 қана сақталған. Лисий сөздерінің басты жеңісі клиент образының, мінез-құлқының шындық түрінде жасалуында болды. Әрбір сөзге шығушы ол өзінің жәй адам, адал екендігін, мемлекет алдында еңбектерінің бар екендігн айтқан. Сондықтан, олардың сөздерінің тілі «жәй стилдің» классикалық үлгісі ретінде көрсетілген. Лисийдің ең жақсы көретін тәсілдерінің бірі – типтендіру тәсілі, анықтаушы мақсатты бағытпен қолданатын – қарсыласты соттағы қаралып жатқан ісі бойынша ғана емес, сондай-ақ жеке өмірін, шығу тегін де қаралау. «Агоратқа қарсы» сөзінде Агораттың жағымсыз мінездерінің фактісі ретінде ұдайылылық (тиянақтылық) көрсетіледі, ол айыптаушы жақтың дәлелдемелерін күшейтеді: «... Бұл құрметті адамдар қандай, бұлардың бір бөлігін Агорат өлімге алып келді, бір бөлігін отанынан қашуға жеткізді, оның өзі қандай адам? Сіздердің білулеріңіз керек ол құл, құлдардан шыққан, бұндай нұқсанды, зиянды қандай адам келтіріп отыр. Оның әкесі Евмар, ал Евмар Никокл мен Антиклдің құлы болған... Сондай-ақ ол өзінің шыққан тегіне қарамай заңсыз байланыстар жасап және адамдардың бос әйелдерін азғырып, алдап-арбаған, сөйтіп қылмыс үстінде ұсталған, ол үшін өлім жазасы беріледі» (Көне поэтика).
Лисий дайындаған барлық сөздердің, сот сөз ділмарлығы ережелеріне жауап беретін, құрылысы болған: 1)кіріспе, оның мақсаты тыңдарманның көңілін аудару; 2)сөзге шығудың мәнісі түсіндіру – оқиғаның барлық жағдайын көрсету, бұл қазіргі заң тәжірибесінде істің фабуласы ретінде анықталады; 3)қарсыластың дәлелдерін өз пайдасына шешу аргументтерімен жоққа шығару.
Лисийдің дайындаған сөздері Ежелгі Грецияның риторикалық мектептерінде оқытылды, өйткені ол риторикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.
Ежелгі Грецияның сот шешендік өнерін қорытындылай отырып түйгеніміз, қазіргі заманғы заңгерлерге қажетті сол кезеңдердегі шешендік шеберліктің белгілері – қарапайымдылық және мағлұматты баяндаудың ойға қонымдылығы, сөздерді құраудағы қысқалылық және симметриялылығы, әдемі де таңдаулы шешендік тәсілдер – шешендік тілдік образды қалыптастыру үлгісі бола алады. Ежелгі грек кезеңінде сот сөзі жанрының негізі, стиль эталоны, сөз композициясы қаланған.
3.2. Лисий. Эратосфен өлімінің ісі бойынша ақтап шығару сөзі
(Бұл сөзді Лисий пайдакүнемділікпен Эратосфенді өлтірген
Афина азаматы Евфилетке арнап жазған).
Сот төрелері, егер сіздер өздеріңізді мені соттағандай қарағандарыңызда, мен көп беретін бе едім, егер сіздер осы жағдайда болғандарыңызда; егер менің ісіме өздеріңіздің ісіңіз секілді қарасаңыздар, онда әрбіріңізді заңда қаралғандай берілген жаза өте жеңіл екендігі ашындырған болар еді. Тек қана сіздер ғана емес бүкіл Эллада да келісер еді, өйткені бұл жалғыз қылмыс масқаралылық өте ауыр, бұл қандай да мемлекетте болмасын, қандай да адам болмасын, бай ма кедей ма барлығы осы қылмысы үшін жауапқа тартылу керек. Сол себепті сіздердің үкімдеріңіз бірауыздан болады деп ойлаймын, және де сіздердің ешқайсыларыңызда менің ісіме немқұрайды қарап, бұндай қылмыскерді жазасыз қалдырып немесе жеңіл жазалау керек деп есептемеймін. Ал маған, сот төрелері, қалғаны осыны дәлелдеу, өйткені Эратосфен менің әйелімді азғырды, жолдан тайдырды, менің балаларымды масқаралады, қорлады және де мені абройымнан айырды, оған деген менің қастығымның себебі осы ғана, бұл ақша үшін де, пайдақорлық үшін де емес, мен бұны тек заңға сәйкес жазалау үшін істедім
Мен бұның барлығын рет-ретімен айтып өтейін, өйткені менің бостандығым қалай сипаттап жеткізуге байланысты. Мен үйленіп, әйелімді үйге алып келген кезде өзіме оның қатты қаталдықта емес, сонымен қатар оған ерікте бере бермеу керек деп шештім, оны өзімше бақылап жүрдім. Ал бала дүниеге келген кезде мен оған бүтіндей сендім, өйткені бала - бұл жұбайлар арасындағы ең мызғымас сенім. Афиндіктер, алғашқы кездерде менің әйелімнен керемет жан болмайтын: ең таңдаулы үй егесі, ұтымды, ынталы, құнтты, ыждағатты. Барлық жаманшылықтар менің анамның өлімінен басталды. Жерлеу кезінде менің әйелім марқұмды сапарға алып шыққанда, сол жерде ол адам оны көреді. Содан шамалы уақыт өткен кезде ол менің әйелімді азғыра бастады: базарға зат сатып алуға барған қызмеші әйелді аңдып, сол арқылы әйеліме сөз салып дегеніне жетті.
Сот төрелері, менің үйім екі қабатты, жоғарыда әйелдерге арналған, төменде ерлерге арналған бөлмелер бірдей орналасқан. Бізде сәби дүниеге келген кезде оны көкірегімен емізе бастады, сол себепті әр уақытта түсіп шыға бермес үшін, мен екінші қабатқа орналасып, ал әйелдер төменгі қабатқа орналасты. Сөйтіп әйелім баланы жұбату үшін немесе емізуге төменге жиі түсетін болды. Бұл ұзақ уақытқа созылды, мен жаманшылық болады деп ешқашанда сезіктенбеппін; мен бұрынғысынша әйелімді қаладағы ең адал әйел ретінде санадым.
Бірде мен күтпеген жерден ауылдан қайттым. Кешкі тамақтан кейін бала бақырып жылай бастады: өйткені кейін анықтағанымыздай, қызметші әйел әдейі жылатқан, себебі ол адам сол кезде үйде болған. Мен әйеліме төмен түсіп баланы жыламас үшін баланы емізуді сұрадым. Ол менің келгеніме қуанышты және зеріккенін айтып төменге түсуден бас тарта бастады. Мен ашулана айтқанды орындау керектігін айттым, ал ол болса маған: «Бұл саған қызметшімен шолжаңдау үшін қажет. Сен бұрын да ішіп алып оған тиіскенсің» деді. Мен оған жауап ретінде күлдім, ал ол орнынан тұрды да, ойнағансып есікті құлыптап, кілтті өзімен алып кетті. Мен бұған ешқандай мән берместен қатты ұйықтап қалдым, өйткені жолдан шаршап келген болатынмын. Таңертең әйелім оралып есікті ашты. Мен одан түнде неге төменде есіктер сықырлады деп сұрадым, ол баланың бөлмесіндегі жарық сөніп қалыпты, сол себептен көршілерден от сұрауға тура келді деді. Мен солай болған шығар деп үндемедім. Ағасының қайтыс болғанына бір ай уақыт өтпесе де, мен оның боянып алғанын көрдім. Мен бірақ бұған да үндеместен үйден кеттім.
Біраз уақыт өткеннен кейін,- менің басыма келген жаманшылықтан хабарсызбын, - маған белгісіз қария әйел келді. Енді маған өсектер жете бастады: Бұл әйелді маған Эратосфен азғырған, еліктірген әйел жіберген, оған аз барып жүргеніне жәбірленген, қорлық санаған ол оны аңдып себебін түсінгеннен кейін жіберіп отыр. Осы әйел мені үйімнің жанында күтіп маған мынаны айтты: «Евфилет, өсекші болғым келмейді, бірақ сені және сенің әйеліңнің масқарасын шығарып жүрген адам маған да менің ханымның да жауы. Егер сен базарға барып жүрген үй қызмешіңді жақсылап тергесең, оның барлығына көзің жетеді. Эиден келген Эратосфенді айтамын, ол сенің әйеліңді азғырды, жолдан тайдырды, оған дейін қаншасы болған. Ол бұл тірлікте шебер». Осыны айтып ол кетіп қалды, ал бұл маған найзағай секілді, сөйтіп мен бұрынғы күдікті дегендердің барлығын есіме түсірдім,- мені жатын бөлмесіне құлттап кеткені, түнде сыртқы және ішкі есіктердің сықырлануы, бұрын ешқашан болмаған, әйелімнің бетіндегі бояу, -мен көп есіме түсірген сайын, өзімнің күдіктерім растала бастады.
Үйге келіп мен қызмешіге базарға барамыздеп, оны өзімнің таныстарыма апарып, оған менің үйімде не болып жатқанынан хабардар екенімді айттым. Мен оған екеуінің біреуін таңдауды ұсындым: өтірік айтып жазаланасың немесе шындықты айтып кешірім аласың. Ол маған ештеңе білмейтінін айтып ақтала бастағанда, мен оған Эратосфеннің атын атағанда, оның менің әйеліме келіп жүргенін айтқанда, ол мені барлығын біледі екен деп қорықты. Сол кезде ол менің аяғыма жығылып, менің уәдемді алып барлық уақиғаны айтып берді: Жерлеуден кейін Эратосфеннің келгенін, кейін бикесіне оның сөздерін жеткізгенін, оның оған ергенін, мен ауылда жүргенде кездескендерін, оның анасымен храмға барғандарын жеткізді. Мен оны тыңдап, былай дедім: «Бұл туралы ешкімге айтушы болма, енді сен маған оларды ұстап беруге көмектесесің, маған дәлелдер керек»,-дедім. Сөйтіп үй қызметшісі келісті.
Арада төрт – бес күн өткенде мен барлық дәлелдер таптым. Сол күні күн батқаннан кейін мен көшеден өзімнің ауылдан қайтқан досым Состратты кездестірдім, Сөйтіп оның үйінде тамақтанатын ештеңе жоқ екенін біліп үйге шақырдым. Біз үйге келіп,жоғары көтеріліп тамақтандық, содан ол рахметін айтып үйіне қайтты, ал мен ұйықтауға жаттым. Осы кезде Эратосфен келеді; қызмеші мені оятып оның келгенін айтты. Оны есікті күзетуге қалдырып өзім төмен түсіп достарым мен таныстарымды шақыруға кеттім. Соларды жинап, үйімнің жанында алау жағып қызмеші ашып қойған есіктен кірдік.
Жатын бөлмесіне баратын есікті бұзып, оны менің әйеліммен төсекте ұстадық: бірінші кіргендер оларды жатқан жерінде; кейінгі кіргендер оның төсекте жалаңаш тұрғанын көрді. Жұдырықпен аяғынан құлатып, қайырып, қолын арқасына қайырып менің үйіме қалай кіргенін сұрадым. Ол өзінің кінәсін мойындаған да жоқ, тек қана жылап өлтірмеуін және ақша ұсынды. Мен оған: «Сені мен өлтірмеймін, сен бұзған заң, сен оны өзіңнің қанағаттануың үшін пайдаландың. Сен менің әйеліме, менің балаларыма, маған қарсы қылмыс жасадың, заңдарды сақтаудың және адал азамат болудың орнына». Сот билері, ол сондай қылмыскерлермен заң қалай қараса сондай жаза алды деп ойлаймын. Менің айыптаушыларым айтқандай, оны менің үйіме көшеден алып келген жоқ; ол менен қорған сұраған жоқ. Ол оны қалай істер еді, егер мен оны жатын бөлмесінде аяғынан ұрып құлатып, қолын байласам, егер ол жерде қаншама адам болған, олардың арасынан қолында қаруы, не таяғы жақ ол ештеңе де істей алмайтын еді. Сот билері, өздеріңіз біліп отырғандай, заң бұзушылар кінәсін мойындамайды, олардың өтірік дәлелдері тыңдаушыларды заң бойынша істегендерге тыңдаушыларды қарсы қою. Мына заңды оқыңыздар (заң оқылады). Сот билері, ол өзінің кінәсін мойындады; оны өлтірмеуді сұрады. Ол ақшамен істі жабуды сұрады, бірақ мен көнгенім жоқ. Мен заңның маңызды екенін есептедім, қылмыстың осы түріне сіздер беретін жаза бойынша жазаладым. Куәгерлердің осында көтерілуін сұраймын. (Куәгерлердің жауаптары оқылды.) Маған Ареопагтың бұйрығымен тасқа қашалған заңды да оқыңыз (Заң оқылады). Сот билері, сіздер тыңдағандай Ареопагтың өзі сол кезде өлтіру қылмыстарын қараған, осы күндері бізге де берілген құқық секілді, егер де кім де кім әйеліңді бұзса, еліктірсе жазасы өлім екенін анық көрсеткен.
Сот билері бұл мені тек қана ақтап қана қоймайды, сондай-ақ осы берілген жазаны орындауға шақырады, ал енді осы заңның күшінде қалуы немесе оның мәні жоғалуы сіздерге байланысты. Мен ойлаймын, мемлекет заңдары даулы жағдайларды шешу үшін және қандай жағдайда қолдану үшін. Менің жағдайымда заң кінәлілерді жәбір көргендер дәл осылай жазалау керек деп ойлаймын. Сіздер менімен келіседі деп ойлаймын, өйткені әйелді азғырғандарды жазалау қажет; немесе ұрылар да өздерін ешкім де жазаламайтынын біліп, ашынасымен кездесуге бөтен үйге кіретін болады; олар сіздің үкіміңізден қорқу қажет, өйткені ол осы мемлекеттегі барлық нәрсені шешеді.
Афиндықтар, мені қызметшіме Эратосфенді алдын-ала шақыртқаным үшін айыптап отыр. Сот билері, мен әйелімді азғырушыны қандай амалмен ұстасам да құқықтымын деп ойлаймын. Егер ол менің әйелімді енді азғыра бастаса, онда мен кінәлі болар едім. Ол өзінің дегеніне жетіп, менің үйіме жиі-жиі келіп жүргенде оны қылмыс үстінде ұстау үшін кез-келген амалды қолданар едім. Байқасаңыздар, олар осы жерде де алдап отыр. Өздеріңіз ойланыңыздар: мен айтқандай, Досым Состратты күн батқаннан кейін кездестіріп, менің үйімде кеш қалып тамақтандық. Енді айтыңыздар, егер мен сол күні Эратосфенге қастандық ойласам, мен қайсысын таңдар едім: қонаққа барып тамақтануыма, әлде үйге қонақты алып келуді ме?
Бұл Эратосфенді менің үйіме кіруге сескендірер еді. Мен сонда қонағымды жіберер ме едім, бір өзім қалу үшін бе, көмексіз? Мен одан да оның қалуын сұрап, азғырушыны жазалауға көмек сұрар едім. Мен егер алдын-ала ұйымдастырсам, онда достарымды күндізден жинап, бір жерде болуларын сұрар едім. Ал мен болсам Гармодияға және басқаларына жүгіріп, оларды іздедім. Мен үйлерінде барларын ғана жинадым. Егер алдын-ала болғанда, мен қызметшілерімнің, достарымның барлығын жинап отырар едім, өйткені ол қаруланған болуы да мүмкін еді немесе оны көптеген куәлермен ұстар едім. Мен қайталап айтамын, мен оның осы түнде болатынын білгенім жоқ, мен тек қана тапқан адамдарымды шақырдым. Куәгерлерді осында шығуын өтінемін. (Куәгерлердің жауаптары оқылды).
Сонымен, сот билері, куәгерлерді тыңдадыңыздар. Енді мынаған көңіл аударыңыздар: Эратосфенмен менің қастасуға басқадай себебім болды ма? Ешқандай себебі жоқ. Ол мені қаралауға тырысқан да жоқ, мемлекетке қарсы қылмыспен айыптаған жоқ және отанымнан кетуге мәжбүрлеген жоқ. Жеке іс бойынша соттасқан жоқ. Ол менің ешқандай қылмысқа қатысым жоқ екенін, әшкереленуден қашу үшін оны өлтірудің қажет емес екенін білмеді. Мен оны ақша үшін өлтірген жоқпын; біздің арамызда ешқандай ұрыс-керіс, тартыс болған емес, мен оны осы түнгі оқиға дейін көрген емеспін. Егер ол мені осылай қорламағанда мен бұған бармас та едім. Және де мен бұл қылмысты куәгерлер алдында емес жасырын жасар едім ғой.
Сот билері, мен оны өзім үшін ғана емес, мемлекет үшін де жазаладым. Енді осы сияқты адамдар өзінің жақындарына жаманшылық жасаудан қорқатын болады, өйткені оның жазасы ауыр болады. Егер сіздер менімен келіспесеңіздер, онда қолданыстағы заңдардың күшін жойыңыздар және жаңасын қабылдаңыздар, олар әйелдерін қатал ұстайтындарды жазалайтын, ал азғырушыларды ақтайтын болады. Сол кезде ол шындыққа жанасатын болады, қазіргіден басқа, заң әйелдерін азғырғандарды емес, жәбірленушіні үкімімен қорқытады. Мен тура осы жағдайда қалып отырмын: мен заңға бағынғаным үшін, өмірім мен мал-мүлкіме қауіп төніп тұр.
Тақырып 4. Ежелгі Рим сот шешендік өнердің тарихынан
4.1. Ежелгі Римдегі сот шешендік өнері
Рим мемлекеттік (б.э. III ғ. – б.э. II ғ.) өмірінде заңгерлер белгілі рөл атқарған. Сот форумда өткізілді, төраға трибуналда жайғасты. Әр түрлі жақтан айыпталушы қорғаушысымен және айыптаушы отырған. Айыптаушы (ол кез-келген рим азаматы болған) сотқа дәлелдерді өзі жинайтын болған және де куәлердің келуін өз мойнына алған. Классикалық рим құқығына жалпы нормаға сәйкес айту техникасының жоғары дәрежесін, айту дәлділіктерін, шешімдердің негізділігін қамтитын, дамыған шешендік өнер сәйкес келген. Ежелгі Римнің көптеген құқықтық нормалары афоризмдерге айналды: «Құқық ұқыптыларға арнап жазылған»; «Заңдарды білу – олардың сөздерін ұстап тұру емес, бірақ олардың күші мен мағынасын түсіне білу керек».
Ежелгі Грециядағыдай шешендік өнер тәрбие жүйесінен бастау алған: бірінші кезеңде әдебиет мұғалімі негізгі фигура болған, екінші – грамматика мұғалімі, одан кейін риторикаға оқытқан. Оқытудың өзі шешендік өнердің теориясынан және тарихтан, мифологиядан, әдебиеттен, қоғамдық өмірден берілген тақырыптарға сөз құрауды қамтитын практикалық жаттығулардан құралған. Бұл жаттығулардың бірнеше түрлері болған: декламация – ойдан құрастырылған тақырыптарға сөз құрау, контроверсия – ойдан құралған сот казустары жайлы сөздер және свазория – ақпарат сөздері, ол қиын жағдайдағы мінезді таңдау кезіндегі ойланып тұрған адамға арналған. Сондай ақ сөз ділмарлығы өнері рим аристократтарына лайықты деп саналған.
Ежелгі Рим шешендік өнер теориясы көбінесе ежелгі грек салт-дәстүрлеріне сүйенген. Одан әрі дамуын классикалық риториканың бес бөлімі қамтыған (материал табу, оның орналасуы, ауызша жеткізу, есте сақтау және айту). Табуды оқыту сот контроверсиясының (жағдайларды) барлық варианттарын бір жүйеге келтірді, оларды жалпы типке жинақтайды. Орналасуды оқыту сөз композициясына жатады. Ауызша жеткізуді оқыту рим риторикасының орталық бөлімі болып табылған және риторикалық фигуралар мен тәсілдердің теориясын құрастырған. Есте сақтауды оқыту шешеннің кәсіптік есте сақтау қабілетін дамытқан. Айтуды оқыту, көбіне актерлік өнерге және шеберлікке сүйенген, сөз мағынасына және сөз жеңісіне әсер етуге сәйкес келетін дауыс интонациясын, бет-әлпетіне, шешен денесінің қозғалысын қараған. Римдегі сөз ділмарлығы теориясының елеулі жинағы бұл 12 кітаптан тұратын атақты рим шешені Марк Фабия Квинтилианның «Риторикалық ақыл-кеңестер». (35–б.э. 100 ж. шамасында). Сот сөзінің классикалық схемасында берілген Квинтилианның ескертпелері көңіл аударарлықтай: «Шешен мен айтқан бөлімдерді (кіріспе сөз, айту, жеткізу, дәлелдер, жоққа шығару, қорытынды) сол тәртіппен беруді ойламау керек, ол істің қай түрге жататынын, ол неден тұратынын, оған не көмектесетінін немесе не зиян келтіретінін, одан кейін нені жақтау немесе айыптау керек екенін, кейін қалай жеткізу керек екенін, соттарды өздеріне қалай қарату жақтарын іздестіруді ойлауы қажет. Барлық бөлімдерді, істің негізін қарамай оның бізге қандай көмегі бар екенін білмейміз». Квинтилиан жұмыстарының ең негізгісі – сот сөз ділмарлығына қатысы бар статустар туралы білім. «Адамға айып тағылды деп алайық: «Сен адам өлтірдің – сен жазаға тартыласың». Айыпталушының міндеті – «Мен жазалауға жатпаймын» дегенді дәлелдеу. Ол өз орнында отырып «Мен адам өлтірген жоқпын» деп жоққа шығаруы мүмкін». Бұл жағдайда соттағы негізгі мәселе мынадай болады: «Қылмыс жасалған ба еді?» Бұл ақиқатты белгілеу мәртебесі. Айыпталушы бір қадам артқа жылжып, былай айтуы мүмкін: «Мен кісі өлтірдім, бірақ ол ойламаған жерден кездейсоқ болды». Бұл жағдайда сот алдында «қылмыстың себебі неде?» деген сұрақ туады. Бұл – анықтау мәртебесі. Айыпталушы тағы бір қадам артқа жылжып «Мен адам өлтірдім, ол Отанымыздың жауы еді?» деп айтуы мүмкін. Бұл жағдайда сот алдында «қылмыс әрекеті неден көрінеді?» деген сұрақ пайда болады. Бұл – бағалау мәртебесі. Сөйтіп айыпталушы бағалау құралы ретінде былай деп айтуы мүмкін: «Мен кісі өлтірдім, әдейі өлтірген жоқпын, тіпті оны ақтаудың қажеті де жоқ. Бірақ айыптаушы мені айыптауға құқы жоқ. Өйткені ол менің сыбайласым болды». Бұл жағдайда сот алдында келесі сұрақ туындайды: «Айыптау заңды ма?» Бұл – аластату мәртебесі (Антикалық поэтика).
Сот сөзінің шеберлігі Тацита, Квинтилиан, Цецилия, Цицерон сөз орындауларында анық көрсетілген. Ежелгі Рим сот сөз ділмарлығы тарихының көптеген бөлігі Марк Туллий Цицеронмен (106 — б.э.43 ж. дейін) анықталған. Цицерон жас кезінен бастап, атақты заңтанушы Квинт Сцеволлдың шәкірті және тыңдаушысы бола жүріп өзінің шешендік өнерге қызығушылығы және қабілеті бар екенін білген. Цицерон рим сөз ділмарлығының теоретигі деп саналады. Шешендік өнер туралы үш трактат жазған: «Шешен туралы», «Брут», «Шешен». Бұл жұмыстарында Цицерон шешен қызметі мен қолбасшы қызметін салыстырды. Цицерон ойынша, шешен пәлсапалық білімі бар адам болуы керек, заңтану мен тарихтан білімі, такт, сезу қабілеттері және техникалық тәсілдердің белгілі бір жинағын білуі қажет.
«Шешен туралы» трактатында Цицерон сөз ділмарлығын алғаш рет үш типке бөледі:
1. Жоғары дәрежеде, әрі салтанатты мәндегі ой беретін шешендер;
2. Ұстамды, бәрін түсіндіріп беретін дерек шешендер;
3. Орташа тип – шамасын білетін шешен.
Цицерон бойынша нағыз шешен – бұл мардымсыз нәрселер туралы жай ғана сөйлейтін, құнды нәрселер туралы ерекше екпінмен сөйлейтін, осы екі аралықтағы нәрселер туралы тиісті шамада сөйлейтін адам. Сот сөзінің композициясы Цицеронның өз сөздері мен трактаттарында анықталады және толықтырылады. Ол келесі құрылыстан тұрады: 1) кіріспе – ол үш жақты мақсатты қарайды: тыңдаушының көңілін өзіне аудару, алдын-ала түсінушілік және алдын-ала жаны ашу, есіркеу; 2) баяндау – айтушы жақтан қаралып жатқан іс туралы жүйелі әңгімелеу. Баяндауға қойылған негізгі талаптардың бірі бұл жүйелілік, саралық (барлық толықтырылуларды қамту), қысқа және шындыққа жанасқан; 3) айыптаудың немесе қорғаудың орталық пунктын қарау, ол өзіне затты көрсететін және орталық пункті қамтитын, шешен көзқарасының дұрыстығын көрсететін дәлелдемелерді, және қарсыластың көзқарасы мен ой-пікірлерін жоққа шығару. Бір нәрсені дәлелдеу үшін ой-пікірлер мен қарсы ой-пікірлер топтарын қарастыру ұсынылатын: сүбелі, ықпалды ой-пікірлер басында және соңында, өте нашарлары – ортасында; баяндаудың пропорционалдылығы және оның ішіндегі ең керектілерін «әдемілеу», «қобалжыту» тәсілдері арқылы үшін; 4) қорытынды, ол екі мақсатты көздеді: тыңдаушылардың санасына айтылған нәрсенің барлығын жинақтау және айтушыға керекті жақтарын қозғау. Соңғысы соттардың ақыл-есіне, түсінуіне және де сезімдеріне есептелген ой-пікірлердің арқасында қол жеткізілді.
Сот процесінде Цицерон айыптау сөзімен де (Верлес ісі), сондай-ақ қорғау сөзімен де (Росция ісі) шыға білген. Біздің байқағанымыздай, Цицерон өзінің көптеген сот сөздерінде көбінесе сот шешені емес мемлекеттік қорғаушы ретінде шыға білген. Цицеронның шешендік тәжірибесінде «Каталинарии» негізгі орын алады – 4 сөзден (речи) тұрады, Цицеронның саяси қарсыласы Луция Катилинді әшкерелейтін. Катилинның астыртын әрекеттерін басуды Цицерон өз өміріндегі басты ерлік деп санаған. «Каталинге қарсы» атты бірінші сөзі б.э. 63 ж. айтылды. Осы жерде Цицеронның сөз стилдерінің барлығын бақылауға болады: жоғары (қатты) дыбысталуы, айтылуы, жоғары буын, барлық шешендік тәсілдердің шекті араласуы.
Цицерон өз замандастарының естеліктерінде қарама-қарсы бейнеде берілген: бір жағынан оның таланты, кең білімі, өткір ақыл-ойы туралы, басқа жағынан атаққұмарлығы, екіжүзділігі, мақтаншақтығы туралы. Жаңғырту гуманистері Цицеронның негізгі философиялық тезисін тапты – адам мен қоғамның қарама-қарсы және айрылмас бірлігі идеясы. Сот сөз ділмарлығының тарихын цицерондық шешендік бейнесіз елестету мүмкін емес – адам-азамат, сөз және іс қорғаушысы ретінде, білімнің философиялық тереңділігін және іс-қимылдың практикалық машықтарын біріктіре отырып.
4.2. Цицерон Марк Туллий. Марк Целий Руфты қорғау
Осы жерде біздің заңдарымыз, соттарымыз, әдет-ғұрыптарымыздан хабардар емес адам қатысып отырған болса, ол сұрар еді, соншалықты бұл қандай қылмыс осындай мереке күндері, қоғамдық ойындар жүріп жатқанда, сот істері тоқтатылған кезде соттарды жинайтын; егер де бұл қылмыскермен тез арада айналыспаса, онда мемлекет құрдымға кететіндей ол сенімді болар еді...
Егер бұл істі мұқият қарап және бағалайтын болса: егер де таңдау еркі болса, онда бірде-бір адам өзіне бұндай айыптауды алмас еді, егер алған жағдайда ешқандай да жеңіске үміттенбес еді.
Марк Целийді айыптайтындар, оның ең негізгі жаулары (қастастары) емес: оған қанжар сұғатындар – көрсетіп, көлеңкеде көрсетпей оны алып келетіндер. Мен сіздерді куәлерден алыс алып кетпекшімін, соттың әділ де соңғы шешімі жауаптарға байланысты болмасын, оларды ойлап табу оңай және оларды басқаша жеткізу де қиын емес. Ал бізде бұл айыптауларға қарсы ашық күн секілді дәләлдер мен ой-пікірлер бар, айғаққа айғақ, түсінікке түсінік, тұжырымға тұжырым.
Міне, сол себепті де осы жерде Марк Красе айтқан сөздер негізді, дәлелді – Неапольдегі тәртіпсіздіктер, Путеоладағы александрлықтырды ұрып-соғу, Паллдың мүлкі туралы бір шетке жеңіл тастай саламын. Бір өкініштісі ол Дион туралы ештеңе де айтқан жоқ. Ол туралы не айтуға болады? Дионды кім өлтірді, ол айыптаудан қорықпайды және өз мойнына алуға дайын, немесе ол – патша, ал оның қасында бірге болған, Публий Асиций, сотта ақталған. Айыптау деген осындай! Қылмыскер жоққа шығарып отырған жоқ, жоққа шығарушы ақталған, ал қорқынышты болу қажет, кімде кім істе күдектелінсе, ол туралы өзі де күдіктенбесе де!
Оны екі қылмыста да айыптауда: біреуі алтынмен байланысты, басқасы у мен байланысты, екеуі де – сол бір адаммен байланысты. Алтынды да Клодийдан алған секілді, және де уды да Клодийға қарсы алған сияқты. Одан қалғанының барлығы – айыптау емес, ол соттағы сөз айтуға емес ұрыс-керіс, төбелеске келетін сияқты. «Қаңғыбас, ұятсыз, алаяқ» - бұл айыптау емес, олардың сүйенетін, ұстанатын ештеңесі жоқ, бұл тек құтырған айыптаушының алған ұрыс сөздері. Ал негізгі екі айыптау – олардың қайдан екенін білемін; оның кім құрастырғанын да білемін – түрін де, атын да білемін. Алтын керек болды – Клодийдан алды, куәлерсіз алды және қанша қажет болса сонша ұстады – ең кезіктірмес қысқаша байланыстың белгісі емес пе? Клодийді өлтіргісі келді – уды тапты, қолдан келгенін қатыстырды, барлығын дайындады, орнын белгіледі, улағыш затты әкелді – бұл қатал айырылысу мен дұшпандықтың белгісі емес пе? Бұл жерде сот билері барлық іс Клодийдің өзінде, ол өзі – атақты ғана емес, әрі таныс емес, белгісіз. Мен ол туралы ештеңе де айтпаймын, тек қана Целийді қорғауға қажетті нәрселерден басқа...
Ал сен,әйел, - мен өзім сенімен сөйлесіп тұрмын, басқа біреудің атынан емес! – егер сен өзіңнің істеріңе, сөздеріңе, қорқытуларыңа, дәлелдеріңе сенімділік сұрасаң, онда бізге сендердің жақындықтарыңды, байланыстарыңды, одақтарыңды түсіндірші... Сен жоқ нәрседен үлкен жанжал шығарып отырсың? Сен жас көршіңді көз астына алдың, сені оның аппақ терісі, түзулігі, беті және көздері ұнады, сен оны жиі көргің келді, сөйтіп сен атақты әйел ол қыдыратын бауға жиі бардың; сен ол баланы байлықпен қызықтыра алмадың: ол сеннен қашты, сенің бергендеріңді де есептемеді. Сен онда басқа біреумен айналысуың керек еді! Тибрда сенің бау-бақшаң бар ғой – сен барлық жастар шомылуға келетін жерді әдейі таңдағансың; осы жерден әр күні қалағаныңды таңдай бер. Ал егер саған кімде-кім қарағысы келмесе, онда жабысудың қажеті қанша?
Марк Целий туралы айту мен үшін енді жеңіл – оның жақсы жақтарын айтамын, мен оның кейбір әлсіздікті мойындадым, - Марк Целийдің бүлдірген ештеңесі де жоқ екенін, қарыздары жоқ, тойлар мен қаңғыруларға жоқ екенін айта кетемін. Сіздер бұдан да бұрын оны тыңдадыңыздар, ол айыптаушы ретінде сөзге шыққан кезде, тәжірибесі мол сіздер, оның сөз ділмарлығын, қабілетін, сөзі мен ой байлығын бағалай алмайсыздар дегенге сенбеймін. Сіздер көргендей: оның сөздерінде тек қана табиғи қабілет жарқыраған жоқ, оның сөздерінде ұйықтамай және дем алмай оқудың арқасында жеткен шеберлік бар.
Клодия, мен саған деген өкпелерімді кешіремін. Бірақ мен сенен сұрймын: айыптаушыларға сенетін болсақ, қылмыс туралы сен айтқансың, сен оған куә болдың; енді сұрайтыным, егер де мен айтқан әйел, саған мүлдем ұқсамайтын, бірақ өміріне және әдеттеріне байланысты қыдырғыш бола жас жігітпен жүрсе, сен оны үлкен ұят, масқара деп ойлайсыз ба? Егер де сен, ондай болмаса, онда Целийді не үшін кінәлі деп ойлайсың? Егер де сен сондай болсаң, сені олар ойлағандай түріңде, онда біз не үшін айыптаудан қорқуымыз қажет, егер сен оны елемесең? Сен жауап бер, біз қалай қорғанатынымызды білейік: егер де сенде ұят болса, онда ол Марк Целияны барлық өсектерден қорғайды, егер де ол жоқ болса, онда оған және басқалардың қорғануы жеңіл.
Алдымызда екі айыптау тұр, екеуінде де сол бір қылмыскер әйел жайлы; алтынды да Клодийдан алған тәрізді, улағыш затты да сол Клодийға қарсы жасаған секілді.
Алтын, сіздер айтқандай, Луция Лукцеяның құлдары үшін алынған, өйткені олар Лукцеяның үйінде тұратын александрлық Дионды өлтірулері қажет еді. Өте қорқынышты қылмыс – елшінің өміріне қауіп төндіру және құлдарды егесінің қонағын өлтіруге жұмсау. Бірақ мен осы қылмыс жайлы сұрауға рұқсат сұраймын: ол Клодийға алтынның не үшін қажет екенін айтты ма әлде жоқ па? Егер де айтпаса, онда не үшін берді? Егер де айтса, қылмыс екенін біле тұра, ол оның сыбайласы. Сен дүкеннен алтынды алуға, өзіңнің Венераңның әшекейін алып, тонауға шешім қабылдар ма едің? Егер де сен алтынның қандай қылмыс үшін қажет екенін білгенде – елшіні өлтіру үшін, таза, тура Луция Лукцеяның абыройына өмір бойы дақ түсіру үшін, - онда саған сыбайлас болудың қажеті жоқ еді, Бальб бұны жібермейді, ол айтты, Клодия ештеңе де білмеді, Целий бұл істі алтын қоғамдық ойындарды әшекейлеу үшін қажет деді. Бірақ сен айтқандай ол Клодиймен аралары соншалықты жақын болса, онда ол алтынның не үшін қажет екенін айтар еді. Егер де ол оған соншалықты жақын болмаса, онда алтынды бермес еді. Сондықтан да, сен әйел біліп ал: егер Целий саған шындықты айтса, онда сен алтынды қасақана бердің, егер де айтпаса, онда сен де алтынды бермес едің.
Осыдан кейін маған бұл айыптауға дәлелдер қажет пе? Оларға сан жоқ. Мен айта аламын, бұндай қылмыс Марк Целийге жат нәрсе; сондай байқағыш, әрі ақылды адамның басына бұндай істі танымайтын, жат құлдарға тапсыруға сенуге болмайтыны туралы келмейді дегенге сенбеймін. Мен де басқа қорғаушылар секілді, Целий қай жерде Лукцеяның құлдарымен кездесті, қалай, кімдер арқылы және т.с. – бұл не үшін?
Ешқандай себепсіз, орынсыз, мүмкіндіксіз, сыбайлассыз, жазасыз қалуға деген үмітсіз, ешқандай есепсіз, ешқандай да ізсіз сондай ұлы қылмыстың! ... Одан да сіздер ант астындағы куәлердің жауабын тыңдаңыздар, - әрбір сөзіне назар аударыңыздар! Оқы. (Лукцеяның жауаптары оқылады). Бұдан артық не керек? Міне кінәсыздықтың қорғануы, міне істің сөзі, міне шындықтың дауысы! Айыптау негізсіз, дәлелсіз, іс дәлелденбеді: қылмыс ұйымдастырылған деп айтады, бірақ ештеңе де ұйымдасуға, орны мен уақытына көрсетпейді, куәгерлердің де, сыбайластардың да аттары аталмайды. Антпен берілген жауаптардан ол үйден сіздердің естігендеріңіз, енді барлығына да түсінікті шығар: бір жағынан – ерке, ұятсыз, есірген әйел өтірік айыптауды ойлайды, басқа жағынан – ақылды, ұстамды және лайықты күйеуі ар-ұятымен үміт күттірер куә жауаптарын беруде.
Енді улау туралы іс қалды. Бірақ мен оның не басына бара алмаймын немесе соңын шеше алмаймын. Целийға бұл әйелді улау не үшін қажет болды? Алтынды қайтармас үшін ба? Ол оны сұрады ма? Айыптаудан қашу үшін ба? Бірақ оны кім кінәлады? Басқа бір істі қарамағанда бұл туралы кім айтарБұндай қасақаналық себепсіз істелінбейтін шығар? Көрініп тұрғандай, бұл жерде бір қылмыс ойдан шығарылған, оны басқа қылмыстың себебіне шығару үшін?
Сонымен Целий бұл жұмысты кімге тапсырды, кім оның көмекшісі, сыбайласы, кімге ол соншалықты осы істі, өзін, өз өмірін сеніп тапсырды? Осы әйелдің құлдарына ма? Айыптау осыған келіп тіреледі. Бірақ Целий соншалықты ақымақ емес шығар, өзініңтағдырын жат құлдарға тапсыруға? Және қандай? Онда ол өзінің қожайын әйелінің қасында құлдар сияқты емес, еркін, азат өмір сүретіндіктерін білгендіктен тапсырған шығар.
Улаудың өзін бізге қалай суреттейді? У қайдан алынған? Қалай дайындалған? Кіммен келіскен, кімге және қай жерде берілді? Айтуларынша, Целий уды өзінде ұзақ уақыт сақтаған, сөйтіп оны сынақ ретінде әдейі сатып алынған құлға береді; құл сол жарде қайтыс болады, сөйтіп удың күшін байқайды. Онда неге аспаннан бұндай қорқынышты әрекеттер жіберіп, ертеңіне жазаны дайындап қояды?...
Бұл жерде ешқандай да тура айғақ жоқ, күдікке негіз жоқ, айыптауға қорытынды жоқ. Бұл істе айыптаушылар дәлелдер келтіре алмайды, жағдайды салыстырмайды, белгілерін көрсетпейді, шындықты шешудегі, тек қана куәлерді шығарады. Мен бұл куәлерден қорықпаймын. Олар осында шығатын болса, мен олардан барлық осы әзілдерін, керістерін суырып алар едім! Егер олар мені тыңдаса, мен оларға басқа жұмыспен айналыссын, өздерін басқа жақтан көрсетсін дер едім; осы әйелдің үйінде жүре берсін, оның ақшасын шаша берсін, жабыса берсін, оған қызмет етсін, бірақ кінәсіз адамның өміріне қауіп төндірмесін.
Іске қатысты барлық нәрсені айттым, осымен сөзімді аяқтаймын. Сіздер өздеріңіздің шешімдеріңіздің, сіздерге тапсырылған істің қаншалықты жауапты екенін білесіздер. Сіздер зорлық-зомбылыққа қарсы заңдардың білгірісіздер, ал сол заңмен билік, отанның ұлылығы, жақсылығы байланысты...
Бірақ Марк Целий бұл сотқа не үшін шақырылды? Оның ісі сотқа тікелей қатысы жоқ, оның артында анау айтқан нәрсе жоқ, заң араласатын, бірақ сіздердің қаталдықтарыңыз бар. Жас шағында Марк Целий өзін сондай ғылымдарға арнады, соттарда орындалатын еңбектерге, мемлекетті басқаруға, даңққа, аттаққа алып келетін жолдарға. Ол өзінен үлкендермен, кімдерге талпынса болатындармен достаса білді, осыдан анық білуге болады: ол атақты да, лайықты қорғаушылардың соңынан даңқ жолымен жүрді. Үлкен болған кезде ол Африкаға консул жанындағы өте таза адам Квинт Помпейге барды. Ол жақтан Квинт Помпейдің мақтау пікірімен оралды, оны оның өзі растай алады. Іскер, қайтпас адамдар жеткен жеңістерге, ол өзінің күші және тырысу арқылы жетті. Дәл осы кезде жас жігіттің даңқ жолы бұзылды (мен сіздерден ештеңе жасырмаймын, немесе сіздердің адамгершіліктеріңіз бен ақылдарыңызға сенемін): осы жерде осы әйелмен таныстығы, қырсыққан онымен көршілестігі, ләззат пен сезімнің жаңалығы, жас кезіндегі басылып және ұстай білген, барлық уакқытта болатындай, бірден өз еркіне шықты. Ол сол өмірден, барлық болған нәрседен кетті, босады, құтылды; осы әйелмен болған ұятсыз жақындыққа тіптен жат, оның қастастығынан және жек көрушілігінен қорғануы қажет. Егер де, біреулер үшін, Целий қатал болса, соққыны өзіне қабылдап немесе біреулерге беріп, тіптен тік, қасарысқан болса, ол оның барлығын жеңеді.
Сол себепті, сот билері, мемлекет үшін қажетті, жақсы істер мен адамдар үшін тырысатын азаматты сақтаңыздар. Сіздерге және мемлектктке уәде етемін, егер мен сенімге лайық болсам: Целий менің ойымдағы адам бейнесін өзгертпейді. Сол себепті, сот билері, сіздерден өтінемін, бұл мемлекетте Секст әйел арқасында босатылмасын, ал Марк Целий сол үшін жауапқа тартылмасын, сол бір әйел өзінің күйеуі-ағасымен қылмыскерді босатып және лайықты жас жігіттің өмірін құртпасын.
Осы жерде сіздер Марк Целийдің жастық шағын көре отырып, көз алдарыңызға байғұс қартты елестетіңіздер, оның жалғыз сүйеніші – жалғыз ұлы, барлық үміті – оның жеңісіне, барлық құтқарулары – оның тағдырына. Ол сіздердің мейірімдеріңізге жүгінеді, ол сіздердің аяқ астарыңызда ғана емес, сіздердің жүректеріңіз бен жандарыңызда – сіздер өздеріңіздің ата-аналарыңыздың және балаларыңыздың құрметіне оған көмек беріңіздер, жандарыңыз үлкен кісіге ашысын және жастарға жеңілдік жасаңыздар. Сіздер тағы да бір өмір сіздер салған жарадан құлағанына жол бермейсіздер деп ойлаймын.
Әкесіне баласын және баласына әкесін сақтаңыздар, қарттың өкінішін елемегендей, жас жігіттің өмірін жоқ қылғандай болмасын. Оны өзі, жақындары, отаны үшін сақтаңыздар, ол сіздерге, балаларыңызға жауапты, берілген болады, ал оның еңбектері мен талпыныстарының жылдан жылға жемісін көресіздер.
Тақырып 5. Қазақстандағы сот шешендік өнері тарихынан (CVII- CIC ғғ.)
5.1. Қазақстан сот шешендік өнері (CVII- CIC ғғ.)
XVII-XIX ғасырларда Қазақстандағы сот сөз ділмарлығының өзіндік сот түрі – билер сотымен анықталған. Сот билігі кейбір сұрақтарды шешуде халықтық судьяларға: билер мен қазыларға жүгінген. 1871 ж. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзектің басып шығарған қазақ құқығы материалдарында сол сот түрінің ерекшіліктерін көрсете отырып, осыны растайды: «Билер соты – ауызша сот, өзіне тән шындықтары мен жарияланымдары бар, сот – бұл жерде әр түрлі іс қаралады, адамды сөзбен ренжіткен кездерінен бастап ең үлкен қылмыс - өлімге дейін, ең төменгі ұрлықтан ең жоғары қылмысқа дейін істер ауызша қаралып және сотталған, ешқандай да қағаз бен жазу құралынсыз».
Билер шешімдерінің құқықтық негізі дәстүр бойынша кәдімгі құқық (адат) және ислам шарттарының негізіне (шариат) байланысты. Соңғысының түпнұсқасы - бұл араб заңгерлері енгізген Құран және оның қосымшасы. Құранның бір сүресінде былай айтылады: «Мұхаммед, біз саған шындық жазылған, адамдарды соттау үшін кітапты жібердік». Шариат құқығы негізі болған облыс - бұл отбасы-неке қатынастары облысы. Қазақстанда хандық билік кезінде (XV—XIX ғғ.) көптеген сұрақтарды шешуде кәдімгі және шариат құқықтарының тоғысулары әдеттегідей болған.
Билер соты Қазақстанда «Сібір қырғыздары» (1822 г.) жарлығы шыққанға дейін ешқандай да шектеусіз болған, соған сәйкес сайлау жүйесі енгізіліп және билер сотының құқығы шектелді. XIX ғасыр соңына Қазақстан сот құрылымы «Түркістан және Дала өлкесін басқару туралы ережесіне» (1886 – 1891) сәйкес атқарылды, соған сәйкес империя түріндегі соттар құрылды, сондай-ақ «халықтық соттар» құру да қарастырылды.
Билер сотын қарай отырып, оның ежелгі халықтық түрін бөлу қажет. Билер соты жекеше сипатта болған, алқалы билер сотына ұқсас. Мысалы, айыптауға қарсы дәлел болмаса, бірақ қатты, негізді күдік болса, онда олар абыройлы туысқандарын араластырып ант қабылдап сотталушыны айыптаған немесе ақтаған. Алқалы билердің саны қаралып жатқан істің маңыздылығына байланысты анықталған. Сот жария түрде және тек қана ауызша болған, барлық уақытта қорғаушы қатыстырылған. Билер формальды қарым-қатынаста ешкіммен ресми түрде сайланбаған және бекітілмеген. Шешімдердің мағынасы жеке беделді адамның ықпалымен болған, шешім біржақты болуы да мүмкін, егер екі жақта бір биге бағынышты бір жүзден болса және өздері бір судьяны таңдаса. Л.Ф.Баллюзектың материалдарында былай деп айтылады: «Судьялардың міндеттері осы айтылған билерге жатады. Бұл атақ халық санасы бойынша азғантай адамдарға ғана тән, кімдер табиғи ақылдылығымен, сөз ділмарлығы қабілетімен өздерінде қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлердің және тарихи аңыздарды терең білімі арқылы ұштастыра білгендерге». Би болу құқығына, сонымен қатар, екі жағдай арқылы анықталады: сот дәстүрінде терең білім және жеке шешендік шеберлігі есептелген. Терең білімі, танымы сот дәстүрінде кәдімгі және шариат құқығы нормалары білімін болжаған, соның ішінде ең бірінші қазақ заңдары жинағының бірі «Жеті жарғы» - хандық дәуірдегі заңнамалық ескерткіш. Тарихшылардың мағлұматы бойынша, «Жеті жарғыны» құру ойы XVII ғасырдың 70-жылдарына жатады. Әдеттегідей, аңызға сүйеніп бұл заңдар жинағын құрастыру бастамашысы, ұйытқысы ретінде Тәуке ханды атайды. Бір нұсқасы бойынша ол кеңеске үш биді жинаған (Төле би – Ұлы жүз, Қазыбек би - Орта жүз, Әйтеке би – Кіші жүз), сөйтіп солардың көмегімен заң ережелерінің қатары бекітілген. Басқа нұсқасы бойынша Тәуке хан Күл төбенің басына жеті биді жинап, солар Қасым хан мен Есім ханның салт-дәстүрін жаңарған түрде берген. Бұл заңнамалық құжаттың мәтінінде (орыс тілінде А.Левшинның жазуларында) әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқық нормалары қамтылған: «Ол жерде бірінші орында кек алу заңы алады: қанға қан арқылы кек алу, төбелеске сондай төбелес. Ұрлық, тонау, зорлау үшін өлімге асу. Барлық ережелер бойынша өлген адамның туыстары қылмыскерді өлтіруге құқылы; ал қолын, аяғын, құлағын шапқан болса, дәл сол жерінен айрылатын болған. Сондай-ақ жаза судьялардың шешіміне қарай немесе арызданушылардың келісіміне сәйкес жеңіл де болуы мүмкін, онда қылмыскер әрбір қылмысқа бекітілген құн төлеу арқылы жазаланады...». Осы қатарда «Шар ережесі» де айтылуы қажет, баспадан шыққан қазақ тіліндегі бірінші құқықтық құжат. Берілген заңнамалық жоба 1855 ж. мамырда Қарамолада өткен Қарқаралы, Павлодар, Семей уездері мен Зайсан приставының билерінің Жедел шақырылған съезінде талқыланып қабылданған (Съезде төрағалық еткен Абай Құнанбаев).
Тарихта билер сот сөз ділмарлығымен бірқатар атақты шешендер есімдері есте қалды: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Досбол би, Тіленші би, Келдібек би, Сырым би, Есет би, Байдалы би және көптеген басқалар. 1992 жылы шыққан «Билер сөзі» хрестоматиясы билердің шешендік өнерімен танысуға көптеген қызықты мағлұматтар береді. Әрбір шешен-би туралы көптеген ауызша аңыздар қалған. Егер Төле би жайлы айтқанда, үнемі заңдар туралы терең білімі көрсетіледі; Қазыбек би «әділ, тура шешуші, ойлаушы» - ол ақылды дипломат және әділ судья ретінде; Әйтеке би туралы айтылғанда, оның сөздерінің қарапайым мазмұндылығы еске түседі; Досбол би әрбір ауызша жарыста тапқырлығымен ерекшеленді; Тіленші би - өзінің ауызша сөзге шыққанда айтыскерлігімен танылды.
5.2. Билердің шешендік өнердегі ерекшеліктер
Билер шешендік өнерінің айырмашылық ерекшеліктеріне тек қана соттың ауызша өткізілуі ғана емес, сондай-ақ олардың сөздерінің айтыскерлігі, поэтикалығы, аллегориялылығы; халықтық-поэтикалық шығармашылыққа сүйенуі, даулы мәселелерді шешуде ақылдылық, өткірлік және философиялық шешімдер, кейбір күрделі мәселелерді шешуде Толе би айтқан ескертпелер кейіннен қанатты сөздерге айналды: «Егер де тек мақтаншақ адамдарды жинасаң, халық алдында күлкіге қаласың», «Бай халық үшін емес, би – халық үшін», «Досыңды алдама- сенімділікті жоғалтасың», «Жауыңа шындықты айтпа – ол сені жеңіп кетеді». Даулы мәселелерді шешу мысалына келесі аңызды келтіруге болады. Бала кезінде Төле би әкесіне қой бағуға көмектескен. Бір күні оның жанына екі атты кісі тоқтады. Төле бидің олардың әңгімесінен түсінгені әкесінің шешіміне разы еместігі. Сонда кішкентай Төле оларға жақындап сұрады: «Сіздер менің әкемнің шешіміне разы емес көрінесіздер. Мен Әлібектің атын естідім – ол менің әкемнің аты». Атты кісілер жауап берді: «Біз сол шешім жайлы айтысудамыз. Біз шешімге разы емеспіз». Сонда кішкентай Толе әкесіне барып, болған жайды баяндайды. Әкесі баласын тыңдап, былай деді: «Балам, әділ шешімін өзің бер». Ал анау екеуі не істің мән-жайын айтып берді. Олардың біреуі, жас жігіт айтты, көпес (сатушы) оның ботасын ұрлап алған, өйткені ол өзінің ботасын көпестің керуенінен табады. Екіншісі, көпес, бота өзінікі екенін дәлелдейді. Сонда Толе ойланып, былай деп сұрайды: «Ботаның шешесі бар ма?». – «Ия», - деп жас жігіт те, көпесте жауап береді. Төле екі түйені де алып келуін сұрайды. Сөйтіп оларды жіппен байлауды сұрайды. Ботасын көрген кезде түйе, жас жігітке тиесілі, орнында тұра алмай, босағысы келіп, көздерінен жас ағады. Ал көпестің түйесі бір орнынан қимылдамай тұрады. «Бота жас жігіттікі»- деп шешті Толе. «Көпес, шындықты айтшы»,- деп сұрады Толе. Көпес шынын айтты: «Бұдан бес жыл бұрын мен алыс елдерден өз қалама келе жатып жолда жаңа тұған бота мен түйені көрдім. Сөйтіп мен ботасын алып кеттім. Енді, сіздер өздеріңіз мені не істейтіндеріңізді шешіңіздер». – «Төленің өзі шешсін», - деді қатысып тұрғандар. «Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жас жігіт өзінің адал еңбегімен табады, ал көпес ботаны ұрлап, елдің алдында масқарасы шықты. Абыройынан айрылып, масқарасы шыққаннан үлкен жаза жоқ», - деп шешті Төле.
Халық есінде билер даулы мәселелерді шешіп қана қоймай, қанатты сөздерімен де қалған. Бір күні Сырым биден сұраған екен: Дау мұраты неде? Саудагер мұраты неде? Қыз мұраты неде? Жол мұраты неде? Сонда Сырым би тоқтамастан былай деп жауап беріпті: «Дау мұраты – біту. Саудагер мұраты – ұту. Қыз мұраты – кету. Жол мұраты - жету».
Билердің риторикалық мәдениетінің философиялылығы мен поэтикалылығы Келдібек би мен Шоқан Уәлихановтың әкесінің арасындағы әңгімеден көруге болады. Шоқан Уәлиханов қайтыс болады. Шоқанның әкесіне сүйікті ұлының өлімін сөз шеберлігі арқасында жеткізу үшін адам қажет болды. Сол кезде таңдау Келдібекке түсті. Келдібек би сұрайды:
- Төре, өмірде не қымбат?
- Адам, - деп жауап берді Шоқанның әкесі.
- Адам үшін не қымбат?
- Сүйеніш бола білетін бала.
- Тастар арасында не асыл?
- Алмас.
- Теңіз түбінде жатқан алмастың егесі бар мекен?
- Бұл өмірде барлығы да біреуге бағынышты.
- Жаны бардың, жансыздың да барлық уақытта егесі болады. Егер де олар өмірдегі ең асыл – адам үшін күреске шықса, кім жеңеді?
- Ең мықтысы, күштісі, - деп жауап береді Шоқанның әкесі және өзінің кімді жоғалтқанын түсінеді.
XVII – XIX ғасырлардағы атақты билердің ауызша сөз ділмарлығы тарихи-құқықтық және тарихи-филологиялық тұрғыдан ғана қызығушылық тудырмайды, сондай-ақ қазіргі кезеңде алып қарасақ импровизациялық жария сөзге шығудың ең таңдаулы үлгілерін көрсетеді.
Тақырып 6. Ресейдегі сот шешендік өнері (CIC ғ.). Соттық тергеу.
6.1. Куәлерді тергеу
Әрбір сот шешені сот сөзінің бұл сот тергеуіне қосымша екенін білуі қажет, керісінше емес; сол себепті барлық мүмкіншіліктер сөзге шыққанға дейін іске асуы қажет.
Бұл ереже сөз ділмарлығы қағидаларының басында тұруы қажет. Керемет айыптау сөзі – айыптауды қолдаймын; қорғаушының керемет сөздері – ақтауды талап етемін. Осындай сөздер нені білдіреді? Іс сөзбен емес, фактілермен шешілген, кездейсоқтық әсері шеттетілген – бұл шешендік таланттың судьялардың немесе алқалы соттың шешімі.
Қылмыстық процесте шешен табысы тек қана сөздеріне ғана емес, сот тергеуін «жүргізуіне» байланысты, судьялар алдында іс жағдайын шешеді, сондай-ақ шешімдердің әділдігін дәлелдейді және растайды. Сот тергеуіне дейін әрбір куә күдік тудырушы ретінде қаралады. Ол тергеушіде айтылғандарды растауы да мүмкін, берген жауабын одан да көбірек етуі мүмкін немесе одан бас тартуы да, өтірік айтып ұсталуы да немесе жасырып қалғысы келген фактілерді растауға мәжбүр болуы мүмкін. Тоғыстыра тергеу бұл өнер, сол арқылы адамды білетін барлық нәрсесінен бас тартуға мәжбүрлеу, және де өзін басқа есіммен атау. Бұл әділ; бірақ бұл таза және епті адамдар үшін онсыз сотта қолға түспейтін нәрселерді ашу әдісі; сондай-ақ бұл әдіс қылмыстық іс жүргізу негізіне қойылған, бізде заң бойынша белгіленген, және де осы күнге дейін одан жақсысы табылған жоқ. Айыптаушы және қорғаушы сөз ділмарлығы өнерін қалай білсе, сондай дәрежеде сот тергеуінде жүргізе білуі қажет, және де есте сақтай білуі керек, екіншісі біріншісінен де қажеттірек. Егер сот тергеуінде сотталушыны әшкерелейтін немесе ақтайтын фактілер болса және де сол жақтың өкілі ешқандай да сөз айта алмаса, онда судьялар өздері сол фактілерден логикалық қорытынды жасайды. Оған керісінше, фактілерге негізделмеген сөздер, сол берілген сот тергеуінде, ешкімге дәлелдей алмайды.
Процестің жанды негізі - куәлердің және сарапшылардың берген жауаптарында; олардың сөздерінде жұмбақ және істің шешілуі. Сол себепті сот тергеуін жүргізуде жақтардың негізгі сіңірген еңбегі - бұл тергеуді жүргізе білуі. Біріншіден, бізде қылмыстық сотта қойылатын сұрақтардың көпшілігі, сұрақтар негізі оңай; екіншіден, басқасынан азғантай бөлігінің көбі сұраушыларға рахметі жоқ жауаптар беретін сұрақтар; үшіншіден, көбінесе осы соңғысында жақсылығы жоқ жауап алдын-ала сәтсіз сұрақпен шешіліп қояды.
Біздің айыптаушылар мен қорғаушыларымыздың барлық шеберлігі куәлердің алдын-ала тергеуде берілген жауаптарының көшірмесімен шектеледі, сол бойынша түкке тұрмайтын сұрақтармен және хаттаманы жария ету «қарсымын» талабымен куәнің немесе тергеушінің кінәсінен кішкентай бір сәйкессіздік немесе қателік арқылы.
Екінші ережеге: егер сұрақ мағынасы жоқ жауапқа алып келсе, онда көп жағдайда сұраушының пайдасына шешілмейтін жауап болады.
Гарристің кітабынан кейбір үзінділер келтіреміз: «Өте шебер адвокат болу керек, ұзақ, қиылысы көп тергеуде сұраушының пайдасына шешілмейтін сұрақтардың жауаптарына куәлерді апармау керек, айыптауды растайтын фактілерді көрсетпеу керек». Сот практикасында қорғаушылардың жіберілген қателіктерінің арқасында сотталатыны және де күдіксіз қылмыскерлер айыптаушылардың қате жіберуінен бостандыққа шығуы кездеседі. Сәтсіз және дұрыс емес сұрақтар да болады. Таныс сұрақты қою қажет пе әлде жоқ па деп шешу үшін байқау қажет. Мемлекетке мемлекеттік айыптаушыларды қамқорлығына алуға қаражат жоқ, қазір жаңадан бастап келе жатқан қорғаушылар бар, осы жас мырзалар куәлерге кейбір жағдайлар бойынша сұрақтар қою мүмкін, ол туралы айыптаушылардың сұрауға құқы жоқ болса да; ол аз болғандай, аййыпталушыны жеке сұрауға да мүмкіндігі бар, одан кейін куәлерге сұрақ қою арқылы көзбе-көз сөйлесіп білген нәрсесін барлығын айтқызады. Көптеген кінәсіз адамдар осындай қиылысы көп тергеуден (тоғыспалы жауап алу) кеткен».
Жоғарыда айтылғандардан бірнеше практикалық көрсетпелер шығаруға болады, көрініп тұрғандай пайдалы және негізге асатындары немесе сот қызметкерлерімен осы уақытқа дейін түсінбегендері:
1. Куәлерден өздеріне көрініп тұрған немесе даусыз анықталған жағдайлар жайлы сұрамау. Бұл уақытты жоғалту.
2. Қажетсіз жағдайлар жайлы сұрамау. Бұл да уақытты жоғалту.
3. Әрбір сұрақ ойластырылған есеппен негізделуі қажет.
Осы ережеден келесі үшеуі шығады:
4. Жағымды жауапқа үміті аз сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ.
5. Таныс емес немесе күдік тудыратын жағдайлар туралы сұраған кезде абай болу қажет.
Күдік бар кезде, екі жақта өзінің пайдасына қолдану керек; оны жоққа шығарған кезде, сіз жеңе аласыз, сондай-ақ жеңіліске ұшырауыңыз да мүмкін..
6. Балалардың сұрақтарын қоюдың да қажеті жоқ.
7. Әрбір сұрақтың анық мақсаты болуы қажет. Келесі ереже алдыңғы ережеге қосымша:
8. Өз уақытында тоқтау керек.
9. Өтірікке, жалғандыққа итермелейтін сұрақтар қоймау керек.
Куәден әсерлі жауап алу үшін, оған сұрақты дұрыс қоя білу керек, одан тек қана жауап беруі және қажетті қана жауапты күтуді ғана емес, одан да көбірек нәрсені күткендей болу қажет.
10.Куәнің немқұрайлығы туралы кездейсоқ қорытындыдан сақтану қажет.
6.2. Куәлер жауаптарының нақтылығы
Куәлердің жауаптарын бағалау ережелері, басқа да адамгершілік тұрғысынан, әр түрлі болуы мүмкін.
1. Куәгер ойлап таба алмаған жағдайда, шындықты айтады.
Куәлердің жауаптарының мазмұнына байланысты айтар болсақ, деп айтады Уэтли, олбір жағынан хабарланған фактілердің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі, басқа жағынан – Куәландырушылардың түсінікті және түсініксіз ойларын пайымдау ықтимал болады. Белгілі жағдайдың мүмкіншілігі аз болса, оның есептеліп ойлап табылғаны немесе біреудің ойлағанындай кездейсоқтық мүмкіншілігі де аз. Куәгер өзіне түсініксіз фактілерді де беру жағдайы да болады, сол себепті де оның өзі оған сенуге қиналады, сондай-ақ олар басқаларға шындық түрінде және мүмкін болып көрінеді. Ол келесі мысалды көрсетеді. «Ескі тарихшы хабарлайды, кейбір саяхатшылар алыс елге жетіп, күн көлеңкесі өздері көріп жүргеннен басқа, қарама-қарсы бағытта түскенін көреді; тарихшы бұл әңгімені шындыққа жанаспайды дейді, өйткені ол өзіне жазғанын түсіндіріп бере алмайды; біз, бірақ оңтүстікке тән құбылысты біле отырып, оның өзінің жазғанын ойдан шығармағанын түсіне отырып, оның берген фактілеріне сенімділікпен қараймыз. Бұны адам қолжазбаны өзіне түсініксіз тілде көшіріп алуға теңеуге болады». Қылмыстық психопатологияда жасырын эпилепсия ахуалында жасалған қылмыс түрлері кездеседі (психологиялық эквивалент деп аталған); қылмыскердің ауру, жан кернеуі қылмыстан кейінгі басталған ұйқымен шешіледі. Бір дәрігер қылмыскердің басқа адамдармен бірге өлтірілген әйелдің қасында ұйықтап жатқан жерінде табылғанын суреттейді. Дәрігер бұны эпилептиктің ауру ұйқысы екенін біледі; психиатриядан хабары жоқ адам үшін бұл құбылыс түсініксіз ғана емес, сондай-ақ мүмкін емес; бірақ осыны көрген куәгерлер шындықты айтқаны анық: олар өздерінің айтқанын ойдан шығара алмайды.
2. Куәгер әңгімесіндегі азғантай толықтырулар маңызды жағдайлар туралы жауаптарын анықтай түседі.
3. Егер куәгер маңызы жоқ фактіні куәландырса, іске оның маңызы бар екенін білместен, жауап сенімге ие болады.
Куәгер куәландырған жағдай факт ретінде маңызы аз болса, ол өзіндік аз белгілі болады, сондай-ақ ол айғақ, дәлел ретінде сенімді болады, немесе оның ойдан шығару мүмкіндігі аз болады.
Куәгер естіген әңгімесін баяндау кезінде айтылған фразасы (сөзі), оның жауаптарының шындық екеніне кепілдік бере алатын кездері де болады; біріншіден, фраза (сөз) өзіндік, екіншіден, күдік тудырмайтын жағдайларға келеді; тыңдармандар оны бірден сезеді, олай айтылмаса болмайтынын, анық сол, анық осы сөздермен айтушы (баяндаушы) жеткізді.
5. Фактіге деген қосымша нұсқау көңілге қонымды болады, оны тура куәландырғаннан көрі; ол хабарланған фактінің әділдігінің дәлелі ғана емес, сондай-ақ жалпы танымалдылығының да.
6. Әдейі істелінбеген өтірік болуы мүмкін емес. Сол себепті куәгер айтқысы келгеннен көбірек айтқанын, соныменен өзі білместіктен айтып қойған немесе жасырғысы келген нәрсені айтқанын ұстау керек. Осы кезде екі жағдайды айыра білу қажет: 1) куәгер айтып қою арқылы, фактіге деген өзінің бағасын көрсетіп қояды және 2) фактіні берген кезде; бірінші жағдайда оның сөздері шешеннің бірыңғай ой-пікірлерін толықтырады, екіншіде - өзіндік және өте маңызды қорытындылар негізіне қызмет етуге мүмкіндігі бар. Өтірікті санасыз деп айтуға болмайды; кім өтірік айтса, ол өзінің өтірік айтып тұрғанын біледі. Сондықтан, куәгер байқаусызда, кездейсоқ айтып қалса, онда өтірік болмайды; ол қателік болуы мүмкін, бірақ тек адал ниетті.
7. Күмәнсізді жіберіп алу, куәгердің жауаптарындағы маңызды жағдайлардағы оның адал ниетті еместігінің белгісі емес.
Таныс фактіні куәландырушы және мақұлдаушы адам, оны көрген, шындықты айтады, немесе өтірік айтады, немесе адасады, бірақ оның жауаптарындағы кемтіктер басқа себептерге байланысты болуы мүмкін, ол көз алдында болған фактіні байқамауы да мүмкін, байқаса да ол туралы ұмытып кетуі де мүмкін. Бұл өте таныс.
8. Бірнеше куәгерлердің жауаптарындағы түйісу (сәйкестік), әсіресе олардың арасында сотталушының достары және жаулары болса, фактінің толық адамгершілік нақтылығын құрайды.
Егер де осы куәгерлердің әрқайсысы жоғары дәрежеде күмәнді болса, біз онда олардың түсініктерінің кездейсоқ түйісулерін (сәйкестік) жібере алмаймыз. Бірақ екі куәгер фактіні куәландырса, ал қалған екеуі, үшеуі, алтауы, жүздеген басқалары бірінші екеуден естігендерін қайталаса, онда анығында қалғандарының барлығы ешқандай жауап бермейді.
Сонымен куәгерлердің саны маңызға ие болады, егер де басқа жағдайлармен бірдей болғанда. Олардың ішінен біреуін өзгертсе, қорытынды басқаша болып шығады.
6.3. Куәлердің жауаптарын талдау
Куәгерлердің жауаптарына деген шешен қарым-қатынасының негізгі ережесі оларға қарсы мүмкіндігінше аз дауласуға алып келеді. Егер де шешен куәгер мен дауласу қажет деп шешсе, оның қарсылықтары керемет болуы керек. Көбісі жауаптар жайлы бір нәрсе айтып, сенімділік арттыруға болады деп ойлайды; сол себепті қарсылықтар өзінің тапқырлығымен емес, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Міне, оған бірнеше мысалдар келтіруге болады.
Маңызды куәгер жауабы туралы дауласу жүріп жатыр. Куәгер сұрақтарға тез әрі табандылықпен жауап берді. Ол шындықты айтты,- деп хабарлады прокурор. – Жоқ, ол тергеуден тезірек құтылуын ойлады, - деп қарсы болды қорғаушы. – Куәгер батылсыз әрі нашар жауап берді. Ол өзінің жауаптарына сенімді емес және қателесуден қорқады, - деді қорғаушы. – Мүлдем олай емес; ол өзінің түсініктерінің мағынасын түсінеді және әрбір сөзін таразылайды, - деп жауап берді айыптаушы. – Куәгер ештеңе айтпайды. Анық болғаны, ол барлығын ұмытқан... немесе барлығы есінде, бірақ барлығын жасырып қалғысы келеді. – Куәгер толық және нақты жауаптар беруде. Ол іс жағдайын жақсы біледі және қатаң есінде. – Ия... немесе ол жалған жауапты қатты жаттап алған.
Куәлердің жауаптарын талдаған кезде генерал М.И.Драгомировтың афоризмін есте сақтау керек, істің түрін түсінік қатпарлары мен қарым-қатынас өзгешіліктері анықтайды. Бұл жалпы ереже көптеген нәрсені түсіндіреді және бекітеді.
Неге аула сыпырушы дөрекі де, ал газет сатушы сыпайы? – Атқаратын қызмет түріне қарай. Не үшін ақылды және атақты адвокатта сенім қалыптасқан «жеңе алмайтын істі жеңген кездегі жеңістен тәтті ештеңе жоқ» - Атқаратын қызметіне қарай.
3. Куәгерлердің сөздерінен фактілерді куәландырылуынан олардың бағалануын айыра білу қажет.
Куәгер оқиға шындығын куәландыру кезінде, оның жауаптарының дұрыстығы оның адалдығынан, фактілерге деген сенімділік пайда болған жағдайлардан және оны жеткізу кезіндегі нақтылықтан; бірақ оқиғаны бағалауда куәгердің іс туралы дұрыс ойлау қабілетінің қаншалықты екенін есепке алу қажет. Нандыру, қызықтыру арқылы, жоғары әсершіл адам білмейтін нәрсесін білемін, көтмеген нәрсесін көрдім деп соған шын сенуі мүмкін. Ольга Штейн мен фон Д мырзаны ісін еске түсірейік. Ол (она) толық әшкереленді; оған (он) қатысты айғақ аз, сөйтіп ол айыптауды мойындамайды. Ол – бұрынғы алқалы сенімді адам, және адвокаттардың бірнеше куәгерлері оның қорғаушысының сұрағына жауап беруде: «Мен сотталушыны ең адал адам ретінде білемін, ол біздің арамызда құрметке ие және біз оны осы істе Ольга Штейннің құрбаны». Бұл пікірлер шындық айтатын адамдар айтқаны белгілі: алқалы сот олардың іс фактісі бойынша түсініктерін тыңдады және олардың адал ниетті куәгерлер екенін көрді; сотталушы туралы олардың пікірлері үлкен мағынаға ие. Бұған не айтуға болады?
Жалпы ой-пікірді көрсету керек: адамға кімге көмек қажет болса соған көмектесу тән; әрбір адал адам сотта сотталушының пайдасына сөз айта алатын, сонымен қатар азаматтық борышын өтейтін әрине ол соны орындайды; егер де сотталушы – куәгерге алыс болмаса; олар бір корпорацияға жататын болса , онда одан да күшейеді: сотталушыға адал, намысты болысады, куәгер де өзінің жақсы атын қорғайды. Сонымен барлық адамдар фон Д. мырзаның адалдығына сенеді; осыдан келіп олардың қателесуі мүмкін бе деген сұрақ туады? Істен алыс кетпеу үшін сотталушының айналасына қарайық. Сізде адамдардың қалай қателесетіні жайлы сенімді мысал жоқ па? Ольга Штейнге алданғандардың барлығы оның адалдығына сенді ғой, сондай-ақ фон Д мырзаның жолдастары сенген сияқты? Олардың көзін не ашты? Оларды алдағандар. Егер де ол оларды алдамағанда, олар оның адалдығын сотта дәлелдер еді. Сотталушының жолдастарының бірде-бірі оған алданбаған, сол себепті олардың ешқайсысы да оны өтірікші деп санамайды.
Куәгердің адамгершілік ролі нашарлаған сайын, шешенге оның жауаптарын талдауда қызығушылығы аз болады.
Егер сіздің қарсыласыңыз сіздің жақтың адал куәгеріңізге сенімділікті бұзғысы келсе, онда оған көмектеспеңіз. Сотқа айтыңыз, куәландырылған фактілердің маңыздылығы мен күштілігі сондай, қарсылас сот алдында өзінің борышын өтеп тұрған адамға көлеңке түсіруден басқа ештеңесі қалмады.
Гаррис айтады: «Екі адам көшеде келе жатыр; біреуі екіншісін көрсетіп, айқайлайды: міне адал адам, мына адал адамға қараңыздар! Сіздер ойлайсыздар екеуі де алаяқтар деп. Адам үшін асыра мақтаудан өткен жаман кепілдеме жоқ, сотта да одан орындалған кемелдеген жасауға ынталану». Бұл қателіктерге еліктемеңіздер; сотқа үлкен қарсылықтарға тап болмайтын нәрселерді өз күштерімен шешуді беріңіздер.
Егер куәгер жағдайды ақылға симайтындай немесе қосыңқыраса, оны толық жоққа шығаруға уақыт жібермеңіз; сотқа бұл көрініп тұрған нәрсеге тек қана жеке екендігіне қарауға көңіл бөлу керек екенін көрсету қажет.
5. Қарсыластың әрбір куәгерін өзіңізге куәгер етуге күш салыңыз. Әрбір жауаптан процесс кезінде екі жаққа да пайдалы нәрсе табуға болады.
Тақырып 7. Ресейдің сот шешендік өнері (CIC ғ.). Соттағы дау өнері
7.1. Соттағы даулардың кейбір түрлері
Argumenta pro meliora parte plura sunt simper – шындықтың дәлелі үнемі соның жағында (лат.) деп айтады Квинтилиан. Аристотель де жазған: шындық жағында көбіне логикалық дәлелдер, айғақтар және адамгершілік дәлелдемелері.
Шындықты логикалық ретсіздікте баяндауға немесе әдейі жалған айтуға болмайды, өйткені ол осынысымен шындық болып құралады. Жан ділімен шындыққа ұмтылған адам батыл сөйлейді, оның келтірген пікірлерінде кемшілік болмайды. Біздің ақыл-ойымыздың қасиеттері бойынша, түсініктеріміз бен ойларымыздың жиынтығына орай шешен болып өткен жағдайлар туралы өз пікірлерінде, ақиқатты іздеу жолында фактілер туралы өз қорытындыларын растау үшін логикалық негіздемеге сүйенеді; басқаша айтқанда сөйлеу туралы алдын-ала пайымдауларында өз бойымызда дәлелдемелер пайда болады: сондықтан оқырмандарды оларды таба білуге үйрету үшін жоғарыда бесінші бөлімде айтылған жайттарға сүйенуге кеңес беремін. Бір ескертетін жағдай шексіз пайымдай түсу керек.
Тікелей айғақтармен жұмыс істегенде шешеннің негізгі міндеті мыналардан құралады: қылмыс жағдайын түсіндіру үшін, жанама айғақтармен жұмыс істегенде – сотталушының қылмысқа қатыстылығын дәләлдеу немесе теріске шығару қажет. Алайда аталған қос жағдайда да негізгі ереже бірдей болып келеді: meditez, meditez encore, meditez toujours (Ойыңызды түйіндеңіз, ойыңызды түйіндеңіз, тағы да барлық уақытта түйіндей біліңіз – фр.) деп айтады шешенге қазіргі заманғы жазушы. Квинтилиан да екі мың жыл бұрын осылай деп жазған болатын. Өзінен-өзі туындайтын ойларға қанағаттанбаңыз. Non oportet offerentibus se contentum esse; quaeratur aliquid, quod est ultra. Үздік дәлелдемелер әдетте істің түпкілікті мән-жайларында жасырын жатады; оларды табу тіптен оңай емес. Рlurimae рrоbаtiones in ipso causarum complexu rереriantur eaeque sunt еt potentissimae, еt minimum obviae (Квинтилиан). Бұл көгалда өсіп тұрған гүлдер емес сондықтан қолыңызды созып керегінше ала алмайсыз; бұл – жер астында жасырын жатқан қазба байлықтар. Іздеуші таудың қалың қабаттарында жайғасқан қымбат қазынаны немесе құм астындағы шексіз орналасқан алтын құймасын тапқанша ұзақ еңбектену керек. Тапқан кезде мол олжаға кенелесіз, өйткені сіздің қолыңызда алтын жарқырап тұрады. Яғни сотта сөйлегенде де солай болмақ, істің мән-жайлары мен ерекшеліктерінен ең маңыздысын ала білу қажет, барлық ортақ жағдайлардан да сенімдірек жайттар орын алады.
Логика ережелеріне және суфизмге қатысты ретте айтсақ: әрбір заңгер Шопенгауэрдің «Эристика немесе дауласу өнері» кітабын, сондай-ақ Миллдің қателіктер туралы бесінші «Логика» кітабын оқып шығуы тиіс. Бұл өте қажет нәрсе, өйткені кез-келген сотта сөйленетін сөз өз маңызы бойынша дауласу және дауласа білуді білдіреді. Мұның өзі шешенге қатысты аса құнды қасиеттердің бірі. Төменде осы салаға қатысты кейбір риторикалық ережелер келтірілетін болады. Олардың қылмыстық іс жүргізу сотында пайдасы зор. Бұл сотта шайқаса білу тактикасының ережелері болып келеді. Алайда бұл жерде соттағы дауласу мен ғылыми дауласудың ерекшеліктерін атап өту қажет.
Ғылым өз құралдары еркін таңдап алады. Өз пікірлері сөзсіз дәлелдемелермен расталған жағдайда ғана, ғалым өз жұмысын аяқталды деп есептейді. Алайда ол зерттеу құралдары жетіспей жатса немесе зерттеуден шаршаса, өзінің ғылыми жұмбағының жауабын табуға міндетті емес. Ол өз сызбалары мен есептеулерін шетке ысыра салады да, басқа жұмыспен айналысып кетеді. Ақиқат күдік астында қалады, сөйтіп адамзат келесі бір жолы болғыш ізденуші табылғанша жолын тосып отырады. Ал сотта мәселені шетке ысырып қоя алмайсыз. Айыпты ма әлде жоқ па, міне осыған жауап беру керек.
Сотта мынадай бір қанатты сөз бар: ақиқат сотта сөйленген сөздің нәтижесі болып табылады. Бұл сөздің өзі ащы шындықты білдіреді. Сотта сөйленген сөз ақиқатты белгілемейді, бірақ істің мәнін шешеді. Сөз сайысы - қоғамдық қондырғының жетілмеген формаларының бірі. Соттағы сөз сайысы кейбір дәрежеде шартты сипатқа ие: олар адамдардың адамгершілік қасиеттерінен емес, мақсатқа сай келу тұрғысынан туындайды. Сонымен қатар сот шешімі салдарынан әділетті жаза тағайындалмауы немесе қылмыскерге жеңіл жаза берілуі, кейде айыпты емес кісіні жазалаудың өзі айыптаушы мен қорғаушы арасында нағыз шайқас тудырады. Егер семсер сілтей білетін адам ебедейсіз біреумен жекпе-жекке шығатын болса, өзінің басымдығын және жауының әлсіздіктерін пайдаланбай-ақ, оған кешірім беруге ерікті. Ал егер оның алдында тепе-тең қарсылас тұрса, шайқастың нәтижесінде біреуінің тағдыры шешілер болса, онда ол өз өнерін толық шамада пайдалануға міндеттімін деп санайды. Соттағы сайыста өзі үшін емес, өзгелер үшін күресуде тиісті нәрселедің көпшілігі кешіріледі, қарапайым адамды өз өнерін асыра пайдалануға итермелейді. Сот тергеуі мен сөз сайысына дайындала отырып, әрбір шешен өз қарсыласы жеңімпаз атану үшін қолдан келген өнерінің бәрін төгетіндігін, сондай-ақ судьялар да адам ретінде қателікке ұрынатындығын біледі.
Бұндай жағдайларда адам күрестің жасанды тәсілдерінен бас тарта алмайды. Олай етпеген жағдайда қарулы адамға жалаң қолмен қарсы шыққандай болып көрінеді.
Р. Гаррис былай деп айтады: «Адамды соттау үшін ғана жасанды тәсілдерге жүгінудің қажеті жоқ; бірақ сөйлеу құралы қылмыстық әрекет болғандықтан ғана ешкім де бұл тәсілден бас тартуға міндетті емес. Сіздің міндетіңіз мынадай: қолдан келсе әділетті құралдармен сотталушының кінәлі екендігін дәлелдеп шығу. Сіздің міндетіңіз мынадан көрінеді: қолдан келсе әділетті құралдар мен алқалы билер алдында айыпталушының кінәсін дәлелдеу. Оған қол жеткізу үшін фактілерді қысқаша күйде (бұл өнер), логикалық бірізділікті (бұл өнер) өте қарапайым түрде (бұл да өнер) бере білу». Йоркширде болып өткен бір сессияда адвокат Скарлет, ол кейіннен лорд Эбингер атанды, өзінің тұрақты сәтсіздіктері арқасында алқалы билер алдында «вердиктер тонаушысы» атағына ие болды. Ол солай бола тұра от тілді Брумға қарсы бірнеше рет қарсы сайысқа түсті. Сессия аяқталған соң жолдастарының бірі алқалы билердің бірінен сот сайысынан алған әсерін сұрастырып көрді.
- Брум тамаша адам, - деп айтты ол, - ол өз сөзінің шебері; ал сіздің Скарлетіңіз онша бағалы емес. – Солай ма! Таңданарлық жағдай екен. Неге онда сіз әрбір жағдайды оның пайдасына шешіп отырдыңыз? – Таңданарлық ештеңесі жоқ. Оның жай ғана жолы болды. Ол ылғи дұрыс тараптың жағында болып келді. – Шындығында таңданарлық нәрсе жоқ, алайда оның басқа да себебі бар.
Сот дауының негізгі элементтерінің маңызы мынадай: рrоbаtiо — дәлелдеу және refutatio — терістеу.
Prоbаtiо
1. Ойластырылған жағдайлардың ішінен қажеттісін және пайдалысын, сөзсіз кездесетіндігін және қауіптісін айыра біліңіз. Дәлелдемесіз ешнәрсе қалдырмай қажетті нәрсені соңына жеткізе біліңіз, толық айқындалғанша түсіндіріңіз, шаршап – шалдықпай дамытыңыз, күшейтіңіз, безендіре түсіңіз, қайталай беріңіз; пайдалысын еске алудың өзі-ақ жеткілікті; қауіптісін асқан ұқыптылықпен сөз арасынан алып тастаңыз, оны байқаусызда сөз арасында айта көрмеңіз, олай болған жағдайда қарсыласыңыз сізден басым түсетін болады; сөзсіз кездесетін жағдайда шешімді түрде қабылдаңыз және түсіндіріңіз немесе оған мүлдем жоламай-ақ қойыңыз, ол өздігінен-ақ ойға түседі.
2. аrgumentum ad rem және аrgumentum ad hominem арасындағы айырмашылықты ұмытпаңыз.
Аrgumentum ad rem, яғни істің маңызына қатысты ой өзге жағдайлар тепе-тең болған кезде ең жақсы қару болып келеді. Сот ақиқатты іздейді, сондықтан аrgumentum ad rem, идеясында яғни осы адамға немесе бірнеше осы адамдарға қатысты, бірақ даудың маңызын шеше алмайтын ойлар сөз сайысында кездеспеуі тиіс. Қалыпты жағдайларда аrgumentum ad hominem дегеніміз оның ісі бойынша немесе өзіне қатысты ретте берілетін шешеннің жалаң сөздері болып келеді. Алайда сенімді емес судьялар жағдайында аrgumentum ad hominem осы сот құрамына сенімді ретте іске жарайды, мәселен, сотталушы және судьялар әр түрлі әрі бір-бірімен жауласушы топтарға немесе жауласушы саяси партияларға қатысты болса. Бұл жағдайларда осы дәлелдемерді пайдалану орны толмас қателіктерге ұрындырады.
Refutatio (терістеу)
1. Қарсыластың жалпылама пікірлерімен ой бөлісіңіз.
Кейде кері тәсіл – жалпылаудың өзі орынды болып келеді. Квинтилиан былай дейді: айыптаушы сотталушыны қылмысқа итермелейтін кейбір әрекеттерді атап өтеді; мұндай ойларды талдаудың қажеті не? Егер адам белгілі болған әрекетке байланысты негізді себепке ие болса, бұл осы әрекетті жасады деген сөз емес қой.
2. Қарсыласқа қарсы пікір білдіргенде, ерекше талпынысыңызды көрсетпеңіз әлдебір пікірге табанды қарсылық көрсету тыңдаушылардың түсінігіне жаңа бір маңыз беруі мүмкін, олардың бойында шешенге тиімсіз болып келетін жеке пікірлер пайда болады: егер ол бұл жөнінде көп айтса, демек бұның өзі зор маңызға ие. Керісінше, қарсыластың пікірлеріне онша мән бермей ықылассыз қарсылық көрсететін болса, онда олардың екеуі де көңіл аударуға тұрмайды. Классикалық мынадай бір жағдай кездеседі: айыптаушы екі қорғаушыға қарсы қарсылық көрсетуіне тура келді; Алғашқысы екі сағат, екіншісі – бір сағат сөйледі. Айыптаушы алқалы билерге былай деді: «Алғашқысына қарсылық білдірмеймін, қарсылыққа тұрмайды. Екіншісіне көшейік». Әрине өз ісінің әділеттілігіне сенген адам ғана осылай сөйлейді. Егер бұл риторикалық қақпан болатын болса, қарсыласы оның осындай жеңіл ойларының талқанын шығарады.
3. Қарсыластың күшті пікірлеріне қарсылық білдіріңіз. Қарсылық білдіре отырып, оның келтірген дәлелдерін қайталай түсіп немесе дамыта көрмеңіз. Өкінішке орай, бізде бұл жағдай көп кездеседі. Бұның өзі түсінікті де, өйткені айтылған жайттарды қайталау оңай, бұл кезде көрсеткен қарсылығымыз жеңіп шығады деп ойлаймыз. Бәрі де керісінше болады. Қарсыластың ойлары барынша ыңғайлы формада баяндалды, оларды қайталай отырып біздер оны аздап қысқартамыз әрі оңайлатамы; осы ойлардың конспектісін құрған боламыз, оларды қатысушыларға түсіндіреміз, солай ете отырып керемет үлгіде қарсыласымызға өзіміз көмектесеміз. Судьялар қарсыластың пікірін толық түсінбеуі мүмкін, біздер соны жеткізе түсіндіреміз, ұмытып қалса есіне түсіреміз. Осылай ете отырып, қарсыластың жағдайын нығайтамыз. Содан кейін кенеттен қарсыластың пікірлерін терістеуге көшеміз. Біз өз пікірлерімізді соңына дейін дамытуға үлгермей қаламыз. Басымызға алғаш келген ойларға сүйенеміз, ең маңыздыларын жіберіп аламыз, оларды сәтсіз үлгіде баяндай түсеміз. Қарсыластың қысқа әрі нақты ойларынан соң, көпсөзділік пен бұлыңғыр пікірлер айту қарсыластың дәлелдерін айқындай түседі.
4. Терістейтін кезде дәлелдей көрмеңіз. «Егер тұрмыстық немесе заңды презумпция сіздің жағыңызда болса, - дейді Уэтли, - әрі сіз өзіңізге келтірілген дәлелдерді теріске шығарсаңыз, онда сіздің қарсыласыңыз талқандалғаны. Ал егер бұл жолдан түсіп, өзіңізге қолайлы болған презумцияны тыңдаушылардың ұмытуына әкелсеңіз, онда өзіңіз ең үздік дәлелдеріңізден айырыласыз, сәтсіз сөздерге ұрынасыз». Көрнекі мысал келтірейік. Адам айыпталушы ретінде ешбір дәлелсіз қылмыстық іске тартылып отыр. Ол өзін айыпты деп санамайтындығын айтып, айыптаушының кінәсін дәлелдеп беруін талап етуі тиіс. Алайда, ол мұның орнына өзінің кінәлі еместігін өзі дәлелдей бастайды. Бірқатар ойлар айтады. Көпшілік жағдайларда кінәсіздікті дәлелдеу яғни теріс жағдайды орнату мүмкін емес сияқты көрінеді. Күдікті сейілтудің орнына, ол мұны күшейте түседі.
5. Сөздерге фактілермен жауап беріңіз.
6. Қарсыласқа оның жеке дәлелдерімен қарсылық көрсетіңіз.
Ал. Мерк өлімі туралы іс бойынша айыптаушы мынадай бір ой айтады: егер Никифирова морфий тауып беруді Антоновтан сұраған болса, мұның өзі өзін-өзі өлтіру үшін емес, Меркті уландыру мақсатында ғана жасалған. Егер ол әйел өзін-өзі өлтіргісі келсе, едәуір күшті у табар еді. Қорғаушы қарсылық білдірді: «Прокурор мофийдан улануына сенбейді, прокурор кез-келген газетті ашып қарасын. Әйелдердің күнделікті сірке суынан уланып жатқанынан хабардар болады». Айыптаушы осы қарсылықты пайдаланып кетуіне болар еді. Ол өзін-өзі өлтіру үшін уландырғыш затты табу оңай екендігі қорғаушының сөзінен белгілі екендігін айтар еді. Антонова кез-келген қыз сияқты сірке суын улану үшін таба алар еді. Сондықтан өзінің таныс фельдшеріне бұл үшін өтініш жасауының қажеті де жоқ. Басқа бір адамды сірке суымен улау өте қиын. Ал уланушымен бір пәтерде тұра отырып оны қалай уландырасыз, оны байқамай ішіп қою мүмкін емес. Ал осындай жағдайда морфиймен уландыру өте оңай.
7. Күдіксіз дәлелдерге және дұрыс ойларға қарсы дау айтпаңыз. Оның пайдасы жоқ, тіптен адамгершілікке жат нәрсе.
Антоний Цицероннан былай деп келтіреді: «Менің алғашқы ережем мынадай – қарсыластың күшті дәлелдемелеріне және пікірлеріне мүлдем жауап бермеу. Мүмкін бұл күлкілі де шығар. Кім бұлай істей алмайды. Мен өз істегенімді айтамын. Өзгелердің менің орнымда болғанда істей алатындығын айтып тұрған жоқпын. Қарсылас менен күшті болса, шегінерімді мойындаймын. Бірақ қалқанымды тастамаймын және оны қалқаламаймын да. Мен толық реттілікте және жеңімпаз күйімді сақтап қаламын. Демек, менің шегінісім шайқасымның жалғасы болып келеді. Мен бекініс орнына келіп тоқтаймын, яғни қашу үшін емес, қорғаныс орнын иемдену үшін шегінемін». Егер факт анықталған болса, оған қарсы тұрудың қажеті жоқ. Шешеннің негізгі қорытындылары және ережелеріне сәйкес келетін түсініктеме табу қажет.
8. Сенімсіз нәрсені теріске шығармаңыз. Ол семсермен желге қарсы жүргеніңіз сияқты көрінеді. Сотталушы кісі өлтіруге деген екі қастандықта айыпталады. Ол екі адамды жақыннан тұрып мылтықпен атқан. Екеуіне де оқ тиген. Бірде-бір оқ олардың терісіне тереңдеп тимеген. Сарапшы оқ жұмсалған револьверден атылған оқтар киімді тесіп өте алмайтындығын, жай ғана қорқыту үшін қолданылатындығын атап өтеді. Айыптаушы да револьвердің онша зақым келтірмейтіндігін атап өтті. Қорғаушы револьвермен өлтіре алмайтындығын айту керек еді. Сотталушы бала аянышты халде еді, ол туралы жақсы пікірлер бар еді. Шамасы біреудің қожасына айдап салу үшін ересектер ішімдікке тойдырса керек. Сотта ол бұл жөнінде ешнәрсе айтпады, алқалы билерге мұны қорғаушы да түсіндірмеді.
9. Қарсылас мойындаған фактілерді пайдаланыңыз.
Эсхин афиндіктерді бұрын қалыптасқан пікірлер бойынша емес, қазіргі жағдайлар бойынша Демосфенді соттауға шақырды. Демосфен былай деп жауап берді: Эсхин сіздерге мен туралы үйлеріңізден ала шыққан пікірлеріңізден бас тартуға кеңес береді. Мұның өзі дұрыс емес. Демек, менің берген кеңестерім мемлекеттің пайдасына, оның кеңестері Филипке жарағаны. Сіздерді айнытудың не қажеті бар? Демосфен өзіңізге пайдалы орынға өтіп, шабуылға шығу керектігін көрсетіп тұр.
10. Егер қорғаушы сөзсіз дәлелдерге үндемей құтылса айыптаушы судьяға оның жауап бере аламағанын айтуы тиіс. Егер қорғаушы сөзінде қателік кездессе, айыптаушы оны жай ғана түзетуі тиіс. Біздің айыптаушыларымыз мұны біле бермейді. Прокурорлар дөрекі түрде шабуыл жасайды. Мұның өзі қарсы жақтың ашуын тудырады.
Айыптаушы қарсылық көрсетпеуі керек. Қарсылық - әлсіздіктің белгісі. Қарсылық көрсетпеу өзінің әділ екендігін дәлелдейді. Егер сотта сөйлеу кезінде әселі пікірлер келтірілсе, айыптаушы оны аздап теріске шығарып, барынша жан-жақты талқылауы керек.
7.2. Ұлғайту. Қайталау.
Әрбір практикалық ой қорытуда не айтылғаны ғана емес, қалай айтылғаны да басты болып табылады. Риторика ойлауды күшейтудің кейбір жасанды тәсілдерін көрсетеді. Сондай нұсқаулардың бірнешеуін келтіреміз.
Аристотельдің ескертпесі бойынша ұлғайту айыптауды бекіту немесе жоққа шығаруға қызмет етеді. Шешен сотталушының кінәсін дәлелдеу немесе теріске шығарудың орнына қылмыстың зияндылығы туралы айтады. Егер де осыны сотталушының өзі немесе қорғаушы жасаса, тыңдармандарға ол ондай зиянкестікті жасай алмайтындай болып көрінеді немесе керісінше айыптаушы айтқан кезде, ол осы әрекетті жасаған адам болып сипатталады. Бұл тәсіл немесе қолға түсіру тәсілі күнделікті әрбір қылмыстық сотта қолданылады. Аристотельдің көрсетуі бойынша бұл жерде энтимема жоқ, логикалық ой қорытындысы жоқ: тыңдармандар фактілердің бар немесе жоқ екендігі туралы дұрыс емес, күдікті қорытынды шығарады. Бұл тәсілді ла Ронсьераны қорғауда Ше д'Эст Анж қолданады: ол сотталушыны мүмкін емес зиянкес, тозақтың баласы ретінде көрсетеді.
Осы іс бойынша азаматтық арыз беруші Одилон Барро өзінің сөздерін былайша аяқтады: «Бүкіл Франция, бүкіл әлем сіздің жауабыңызды қорқынышпен күтіп отырған болар. Бұл жерде тек қана бір отбасы емес, екі-үш адамның тағдыры шешіліп жатқан жоқ. Бұл жерде жоғары адамгершілік сабағын беру қажет, жалпы отбасы қауіпсіздігін арашалау қажет». Бұл іс, мырзалар, адамгершіліктің бұзылуы сияқты болып көрінеді. Әрбір заманның өзіне тән сәні болған; Людовик XV, регент, империя кезеңдеріндегі бұзылған адамдарды білеміз; оларды біз білеміз, олардың да және басқалардың да өздеріне тән белгілерін білеміз. Біреулер өзінің сыртқы көрінісі астында өздерінің қылмыстарын жасырды; кейін басқа уақыт, біздің уақытымыз келді, және табиғатта кездесетін нәрселердің барлығы, мүмкін болатын нәрсенің барлығы тамаша деп ойлайтын адамдар келді, қылмыста қандай да бір поэзия бар сияқты... Өздерінің іске аспаған жобаларына қарамастан, олар жаңа мүмкіншіліктер іздей бастады. Адамгершілік санасы ауру жұқтырды, және әр күні бұрынғыларына мүлдем ұқсамайтын қылмыстар туралы естуге болады. Бұл қылмыстар өзінің айуандығына қарамастан, өздеріне қорғаушы табады, өйткені олар адамшылық мүмкіндіктерден асып түседі. Егер де біз осыған жетсек, онда мемлекеттік құқық, сіздерге ұсынылған, адамшылық құқық қоғамға қатал ескерту беруі керек, осы жалпы құлдырауда оны тоқтату қажет, отбасы қауіпсіздігіне кепіл беру керек. Бұл бақытсыз отбасы (маған оның жоғары дәрежесі, байлығы, мықтылығы туралы айтудың қажеті жоқ; Моррель отбасындай аяушылық болған, бақытсыз болған отбасы жоқ шығар), оны бұл қорғаннан шығармау керек, ол жерге оны өзінің абыройын қалпына келтіру үшін алып келген, ол жерден сот шешімімен масқарасы шықпауы қажет.
Бұл не деген естімеген, болмаған қаскүнемдік? Бұл күнделікті жасалатын қылмыс және жиі қатал жазаланады. Бұл аяқталған қылмыс та болмаған, ла Ронсьер қыз абыройына қастандық жасағаны үшін айыпталды. Жарты ғасыр өткен кезде де басқа елде бұл сөздер әсер қалдырар еді. Оларда оған қарсы дәлелдердің көлеңкесі де жоқ болса да, олар сотта сотталушыға қарсы күшті жалған сенімдер келтіргені туралы байқауға болады. Өзіміз көріп тұрғандай, қорғаушы да сондай ойда. Алқа билердің қылмыстық зұлымдығы туралы ұлғайтылған түсінігін қолдап отырды. Сотталушы – хайуан да емес, зұлым да емес, ол бұл қылмысты жасауы мүмкін емес.
Қайталау
Бір сөзді әлденеше қайталаған адам мылжың деп саналады; бір мәрте айтылған нәрсе қайталанса, ол әдепсіздік. Ал сотта қайталау – ол ең керекті тәсілдің бірі. Қысқартылып айтылған сөз – шешен үшін қауіпті. Күнделікті көрініп тұрған ойлар тыңдарманға жетпейді. Қиын ойлар миға кіруге үлгермейді. Әрбірі күндізгі жарықтың не екенін жақсы біледі, жарықсыз көру қабілеті жоқ екенін біледі. Бірақ құдай әлемінің көркемдігіне қарап біз жарық туралы ойламаймыз. Бір жағынан аз дамыған адам үшін жаңа ой бұл қиындық. Оған ойлануға уақыт беру керек, қабылдауға, оған оның көңілін бөлдіру қажет. Тютчевтің өлеңін мысалға алайық.
Екі алып күш оған қызмет етті.
Екі күш бойына бітті:
Басында бүркіт шарлады,
Кеудесінде жылан ысылдады...
Кең қанатты шабыт күші
Бүркіттей самғады
Жыланның данышпандығы
Санасын улады.
Осы бір сегіз қатарда бір ғана ой бірнеше рет қайталанады. Бірақ қайталау бізді ақынның терең ойына қарай жетектей жөнеледі.
Шешен қайталау кезінде ойы зерігерлік болмау үшін, қайталанған ойларды әр түрлі сөзбен беру қажет. Уэтлидің ескертуі бойынша бірінші рет тура мағынада беріліп, келесіде метафора түрінде қайталаса болады, антитезада қарама-қарсы түсініктерді орнын ауыстыруға болады, ой қорытындысында – қорытынды және сілтемелеп айтылған ойларды жаңаша жүйеде қайталауға болады.
7.3. Айтылмай қалған жайттар туралы. Мүмкіндік және ықтималдық
Біздің ақыл-ойымызға тән басқа тұлғамен айтылған, әрбір логикалық аяқталмаған қағида, біздің ойлау қызметімізге көрсетілген бағыт бойынша жол көрсетеді. Негізінде, кез келген қорытынды жасауда, екі нәрсені салыстыру қажет. П. Сергеич келесі мысалдарды келтіреді: «Мен былай деп жазамын: кейбір адамдардың шешендік таланты бар; бұл дегеніміз мұндай қабілеттен мақұрым адамдар да бар деген емес, немесе бұл жеке ой логикалық тұрғыда жалпы қағиданың мүмкіндіктерін шығармайды: барлық адамдарда шешендік талант бар. Бірақ ақыл қаламнан жылдам және логикадан күштірек. Сөйтіп менің оқырманым бұл жеке ойды оқып, логикалық тұрғыдан теріске шығармай, оған қарсы шығады: «Бірақ көптеген адамдардың шешендік таланты жоқ». Қарсы шығу біліммен, өмірлік тәжірибемен айтылған болса, басқа ойды толықтыру қажеттілігі немесе оған қарсы шығу күштірек болады. Мен былай деп жазамын: егер оқырман кітапты түсінбесе, онда оған оның өзі кінәлі. Сіз айтасыз: жазушы кінәлі болу да мүмкін. Мен айтамын: егер оқырман кітапты түсінбесе, бұған жазушы кінәлі; сіздер қосасыздар: немесе оқырман. Екі жағдайда да өз сөздерімнің мазмұнын есепке алар едім, бірақ қараймын да және сізді қарама-қарсы қорытындыға алып барар едім. Екінші жағдайда сіздің миыңызда пайда болған ой менде бірінші пайда болған. Бірақ бірінші жағдайда, егер де ол барлық негіздемеден айырылмаған мағыналы ой болса, онда бұл басқа біреудің ойын қайталау емес, бұл сіздің ойыңыз, менікі емес. Осынысымен ол сізге сенімдірек болып көрінеді. Тәжірибелі шешен тыңдармандардан өзінің негізгі ойын жасырып қала алады және де оны аяғына дейін жеткізбей алып баруы мүмкін. Оларда ой құралған кезде, аяқталған шығармашылықтың салтанаты қозғалған кезде және оймен бірге өзінің туындысына деген сүйіспеншілігі туылады. Ол кезде олар сенімсіз болған сыншылар емес, олар оның сөздеріне сүйсінген шешеннің одақтастары. Ой да сезім секілді жұқпалы». Жартының бүтіннен көп екендігін есте сақтау керек. Леонид Андреевтің драмасындағы «Аштық патшасы» сотта аштарға Өлім туралы айтқанда: «Ол ысқырып, қап-қара болып келеді, ұзын әрі қорқынышты...». Соңғы сөзбен әсері нашарлайды.
Вера Засуличтің ісі бойынша Александрованың сөздерінде ешқандай да оқыс сөздер жоқ. Қорғаушы айтады: өкім, оқиға, жаза, іс-қимыл; бірақ сіз бұл сөздерге қарап алқалы билер осы бір мәнсіз сөздерді естіп, іштей былай деп қайталайды «бассыздық, ессіздік, жазасыз қылмыс».
Шешен Фальстаф секілді болу керек: өзі ғана епті болмауы керек, басқалардың бойынан ақылды ояту керек. Егер де сіздер сот сөзінің жағдайын ойлап қарасаңыз, онда сіздер былай деп айтасыздар: аяқтап айтпау тәсілі - бұл тыңдарманның айыптаушы мен қорғаушының сөздерінен алған бүтін әсердің кепілі.
Фактілер өздері үшін айтқанда, сіздер аяқтап айтпаңыздар.
1856 жылы Лондонда Парсон Кукты уландырған деген айыппен Пальмердің ісі қаралды. Кешке, Куктың өліміне бірнеше сағаттар қалғанда, Пальмер оған құрамында стрихнині бар дәрі алып келді. Ауру оны ішуге қарсылық білдіргенмен, Пальмер оны ішуге мәжбүрледі. Одан кейін Пальмер өзінің бөлмесіне ұйықтауға кетті, аурудың жанына оның досы Джонсонды қалдырды. Соңғысы үстінен соңғы көйлегін шешіп үлгерместен, Куктың шыңғырған дауысын естіді. Үй қызметшісі Пальмерге барды; ол сол заматта өз бөлмесінен шықты. Осы жайттарды өзінің кіріспе сөзінде алқалы билер сотына жеткізген генерал-атторней былай деді: «Екі минуттан кейін Пальмер аурудың жанында болды, одан ешкім сұрамаса да ол қызық ескертпе жасады: «Мен өмірімде ешқашан бұлайша шұғыл киініп көрмеппін». Сіздің жауабыңыздан, мырзалар, біздің білгеніміз, оған киінуге тура келді деп ойлайсыздар ма». Шешен өзінің ойын аяғына дейін жеткізбеді, әрине алқалы сот мынадай қорытынды жасамады деп айта алмаймын Уландырушы шешінген жоқ: ол күтті.
Адамды бір нәрсеге лайықты деп дәлелдеу кезінде мақтамаңыз әрі даттамаңыз. Сіз оны қорқақ, сараң,адамзаттың досы деп те атамай-ақ дәлелдеңіз, басқа нәрсе туралы айтыңыз, содан біршама уақыттан кейін сіз оны алқалыларға айтқан сөзіңізбен атайсыз.
Мақтау кезінде ұстамдылық қажет емес. Бұл әсіресе қатысушыларға қатысты айтылады. Айыптаушылар мен қорғаушылар олардың өмірде тәжірибесі мол әрі іске деген пайымды қатынасы туралы соттарға айта береді. Бұл өнердің маңызы мынада: шешен бекерден – бекер қолдауы немесе мақтауы қажет емес. Бәрі жүректен шығуы керек.
Бұндай сөздердің қалайша кенеттен және де керемет болатыны туралы айту үшін Буалоның Людовик XIV Францияға жасаған жеңісті жорығынан кейінгі атақты арнау сөздерін еске түсіру керек.
Ақын, жақсы өлең жазу қиын екенін айтқысы келетін тәрізді; бірақ сонымен қатар кенеттен өзіне басқаша ой айтады: француздар жеңіске жетуді үйренгені соншалықты, олардың қолбасшыларына жауласқан қалаларды алу - бұл ең жеңіл іс.
Аяқталмаған ой соңынан дейін жеткізіліп айтылған ойдан әлдеқайда қызықтырақ. Одан басқа ол тыңдарманға ой кеңістігін береді; олар шешен сөзін әрқайсысы өзінше толықтырады. Егер аяқталмаған ой дұрыс берілсе, онда ол шешеннің пайдасына шешіледі. «Цезарға қажеттісін бергіңіз келе ме, - деп Шекспирде айтылады, - Цезарь деп айт». Ешкім де бұны оның қорқақ, сараң, арам екендігін емес, керісінше әрбір адам зор бағалайтын еңбегі мен адамгершілік қасиеттерін ойлайды.
Мүмкіндік және ықтималдық
Сот шешені егер өзін асыра бағаламайтын болса, сирек жағдайда ғана «дұрыс» деп айтады. Көбіне ол «болуы ықтимал» деп айтуға тиіс. Өйткені сот сізден «ықтимал» сөзін естіп, ішінен «сондай шығар» деп айтуы қажет. Осы сөзді сәтті қолдануға бірнеше мысал келтірейік. Қорғаушылар көбіне тыңдарманға әсер етуі үшін «болуы ықтимал», бірақ «ешбір жағдайда» дегенді жиі айтады.
Сотталушы тонауда айыпталды. Ол көшеде кетіп бара жатқан адамнан темекі сұрайды. Ол адам жоқ деп жауап береді. Сотталушы оның қалтасына қол салып, ақшасы бар әмиянды суырып алады. Міне, темекі деп әмиянды ала қашқысы келеді. Ол сотта өзін айыпты деп мойындаған жоқ, әмиянды темекі қорабы деп ойлағанын айтады. Қорғаушы сотта былай дейді:
«Меніңше, сотталушы тағылған айып бойынша қылмыс жасаған жоқ. Оның түсініктемесі мен үшін ақиқат. Әрине, темекі де ақша сияқты мүлік. Соза берсек, оны тонау деп атауға да болады. Бірақ бұлай түсіндіру сотталушының ниетіне қайшы келеді. Ол жәбірленушіден бір-ақ дана темекі сұрады, бірақ кездейсоқ темекі қорабын суырып алды. Содан соң жәбірленушінің айқайынан сасып қалып, қаша жөнелді. Сөйтіп, ол өз әрекетін осылай түсіндірді. Бұл жерден мен ешбір мүмкін емес, ықтимал емес жағдайды көріп тұрған жоқпын».
Шындығында, мүмкін емес нәрсе болған жоқ, бірақ мүмкін нәрсенің өзі болуы ықтимал нәрсе емес. Ықтимал нәрсе мүмкін нәрседен жақсырақ.
Келесі бір жағдай. Ұры бай көпестің пәтеріне кіріп, малайына оның қожасының әйелі көшеде ауырып қалғандықтан, ауруханаға әкетілді дейді. Қызметші әйел пәтерді жауып, дүкенге қожасын шақыруға кетеді. Тез арада қайта келгенде, есіктің құлпы бұзылғанын көреді. Пәтерде күміс түсті қант салғыш ыдыс пен күміс қасықтар ұстап тұрған ұрыны байлайды. Ұрының жолдасы қыздың келе жатқан дыбысын естіп, қашып кеткісі келгенімен, баспалдақта жолығып қалады. Ұрлық аштық себебінен болды. Ұрланған затқа ұры нан сатып алғысы кеген. «Сотталушылар, - деді ол, - қызметші қыздың тез келетінін білсе, пәтерді тонауды жалғастыра түсер ме еді. Бұл үлкен мәселе».
Сонымен, маңызды бір ереже: әлдебір күдікті жайтқа түсінік сөз таба отырып, оған көңіл толтыра көрмеспіз. Бала да, сәби де, хайуан да солай етер еді. Өз ойыңызға дұрыстап қараңыз. Егер сіз фактілерге мұқият болсаңыз, өз ойларыңыздың дұрыс болуына талап қойсаңыз, онда ықтимал нәрсенің мүлдем күдік келтірмеуіне лайық пайымдай білетін боласыз.
Тақырып 8. Қазіргі заманғы сот тілінің теориясы
8.1. Қазіргі заманғы сот тілі: ұғымы, түрлері
Соттағы сөз сайыстары істерді сотта қараудағы өз алдына жеке бөлімдердің бірі болып келеді. Қылмыстық істерге қатысы бойынша сот қарауының өзі Дайындық бөлімінен, сот тергеуінен, айыпталушының сөзінен, үкімнің тоқтатылуынан құралады. Соттағы сөз сайыстарына айыпталушылардың азаматтық талап етушінің, азаматтық жауап берушінің немесе олардың өкілдерінің, қорғаушылар мен сотталушылардың сөздері жатады. Сонымен қатар оған жәбірленушілер мен олардың өкілдері де қатысады.
Қылмыстық және азаматтық істерді талқылау бойынша сот мәжілістерінде сот сөзінің келесі түрлері болады:
алғашқы инстанциялық соттағы қылмыстық істер бойынша прокурордың сөзі;
алғашқы инстанциялық соттағы қылмыстық істер бойынша адвокаттың сөзі;
өзін қорғау үшін сотталушының сөзі (өзін-өзі қорғау сөзі);
жәбірленушімен оның өкілінің сөзі;
азаматтық талай арыз берушінің және азаматтық жауап берушінің немесе олардың өкілдерінің сөзі (қылмыстық істер бойынша азаматтың талап-арыз беру шегінде);
азаматтық істер бойынша азаматтың талап-арыз берушінің , жауапкердің, олардың өкілдерінің сөзі;
алғашқы инстанциялық соттағы азаматтық істер бойынша прокурор және адвокаттың сөзі;
екінші инстанциялық соттағы қылмыстық және азаматтық істер бойынша прокурор және адвокаттың сөзі;
қылмыстық істер бойынша қоғамдық айыптаушылар және қоғамдық қорғаушылардың сөзі;
азаматтық істер бойынша қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің сөзі;
жауап қату – сот тілінің ерекше бір түрі.
Прокурор (айыптау сөзі) мен адвокаттың (қорғау сөзі) сөздері ерекше орынға ие. Мұнда айыптаушы мен қорғаушы сотта істің қаралуына қорытынды жасап қана қоймай, сондай-ақ алдыңғы жұмысын да қорытындылайды, дәлелдемелерді талдайды, іс бойынша өз ұстанымдарын баяндайды.
Сот тілі дегеніміз – бұл қылмыстық немесе азаматтық істерді талқылау кезінде сотқа және барлық қатысушы адамдарға арналған көпшілік алдындағы сөз. Алғашқы инстанциядағы сотта қылмыстық істер бойынша сот тіліне мыналар кіреді: істің нақты мән-жайлары, дәлелдемені талдау мен бағалау анықталған фактілік мән-жайларға заңды баға беру – қылмысты саралау, сотталушының тұлғасына сипаттама беру, жазалау немесе босату мәселелері
Екінші инстанциядағы сотта наразылық білдіру және шағымдану істері қаралады, соттағы сөз сайыстары болмайды. Сот тілінің сипаты мен мазмұны кассациялық шағым немесе наразылықты негіздеу, үкімнің дұрыстығын негіздеу немесе сынау арқылы анықталады.
8.2. Айыптау сөзі: жалпы ерекшеліктері, құрылымы
Сот тілінің бір түрі – айыптау сөзі, ол сотта прокурордың сөзі ретінде анықталады. Айыптау сөзінде мемлекеттік айыптау қолданылады, жиналған дәлелдемелерге талдау жасалады, қылмыстың саралануына пікір айтылады, жазалау шарасы айтылады. Айыптау сөзі сотталушы жасаған әрекеттің қауіптілігін сотқа, сот талқылауына қатысушыларға көрсету үшін қолданылады.
Логикалық тұрғыдан алғанда, айыптау сөзі – қылмыстық әрекет жасаған адамның жауапкершілігін негіздеу.
Кез-келген айыптаудың негізі – бұл айыптау фабуласы, оның заңды құрылымы мен құқықтық саралануы. Айыптау фабуласы іс бойынша фактілерді анықтайды. Айыптаудың заңды құрылымы әрқашан бірдей болып келеді. Айыптау фабуласын құрайтын фактілерді анықтау мен олардың заңды белгілерін айқындау арқылы қылмыс құқықтық тұрғыдан сараланады.
Құқықтық саралауәлдебір бап бойынша қылмысты негіздеу, тиісті бабын, оның бөлімі мен тармағын көрсету, заң актінің атауын белгілеу.
Сонымен, айыптауда айыптау фабуласы, заңды құрылымы, құқықтық саралануы болуы тиіс.
Айыптау сөзінің композициялық құрылымы әрбір нақты жағдайда қарастырылуынан істің маңызы мен ерекшелігіне, дәлелдемелердің сипатына, сотталушының тұлғасына байланысты болады. Айыптау сөзінің композициялық құрылымының 2 нұсқасы бар. Бірінші нұсқа бойынша айыптау сөзінің құрылымдық элементтері мынадай: 1) кіріспе сөз; 2) қылмыс құамын баяндау; 3) іс бойынша дәлелдемелерді соттық бағалануы мен талдауы; 4) қылмысты саралау; 5) сотталушының тұлғасын, оның жасалған қылмысқа қатынасын, оның себептерін сипаттау; 6) сотталушының жауапкершілігіне қатысты ұсыныстар.
Екінші нұсқадағы құрылымдық элементтер: 1) кіріспе бөлім; 2) істің мән-жайларын баяндау; 3) сот тергеуі барысында зерттелген дәлелдемелерді бағалау; 4) қылмысты заңды саралау; 5) сотталушының мінездемесі; 6) жазалау түрі мен мөлшері туралы, азаматтық талап-арызды қанағаттандыру туралы, материалдық зиянды өтеу туралы ұсыныстар.
Кіріспе бөлімнің негізгі мақсаты – қатысушылармен байланыс орнату. Кіріспе бөлімнің бірнеше тәсілдері бар. Көп жағдайда айыптаушылар сөз басында-ақ істің ерекшеліктерін көрсеткенді жөн санайды: қоғамдық-саяси, моральдық-этикалық, заңды, фактілік. Мәселен, прокурор В.Н.Сажин қарастырылушы істің қоғамдық-саяси бағасын былай береді:
«Жолдас судьялар! Орыс тілінде «жіптің ұшы қанша ұзын болғанымен, бәрібір соңы болады» деген сөз бар. Демек, жаман әрекеттер де құрықталады деп айтуға болады. Сотталушылар С. Және К. өздерін жазасыз боламыз деп ойлады. Олар мемлекет қаржысын талан-таражға салды».
Кейде айыптау сөзінде кіріспе бөлім орын алмай, істің мән-жайлары бірден баяндалады. Кісі өлімі туралы В.И.Царевтің сөзінен мысал келтіреміз:
«Жолдас төраға! Жолдас облыстық соттың халық өкілдері! Біздің облысымыздың түпкі өңірінде – Ковровада өткен жылы күзде Татьяна Исаеваның мәйіті табылды. Оқушы қыздың зорлықпен өлтірілуі ата-анасына, достары мен құрбыларына, мектеп ұжымына зор қайғы әкелді».
Айыптау сөзінің кіріспе бөлімі логикалық тұрғыдан істің мән-жайларын баяндауға қарай көшуі тиіс. Осы бөлімде айыптаушы жалпы түрде істің фабуласын жасайды. Баяндаудың екі тәсілі бар: хронологиялық және жүйелі. Хронологиялық тәсіл қылмыстың әрбір эпизодында нақты бір сотталушының ролі көрсетіледі, уақыттық реттілігі беріледі. Мәселен, прокурор сөзін келтірейік:
«Сонау тамыз айында-ақ Васильченко Тимонинге ақша табуды, дүкенді тонауды ұсынды. Тимонин сол кезде-ақ «Ұсталып қалсақ ше?» деп жауап берген. Келісім болған жоқ. 25 қазанда Васильченко Тимонинге «мерекеге арнап азық-түлік алу керек. Ақшаны қайдан табамыз» дейді. Тимонин көршілері Щербаков деген кәрі кісілерді тонауды ұсынады. Сөйтіп ойластырылған жоспарға дайындық жасалады. 2 күннен соң қылмыс жасалады».
Істің мән-жайларын жүйелі баяндау кезінде әрбір сотталушының қылмыстық әрекеті көрсетіледі. Қылмыскерлердің қылмыстық әрекеттері жеке-жеке баяндалады.
Айыптау сөзінде дәлелдемелерді бағалау мен талдау – орталық орынды иеленеді. Прокурордың осы бөлімдегі сөзі арқылы сот айыптаушының ұстанымының дұрыстығына көз жеткізеді. Сот дәлелдемелері теориясының әдістанымдық негіздері М.С. Строговичтің еңбектерінде жүйелі баяндалған.
Сот тергеуінде қарастырылған барлық дәлелдемелерді талдау мен бағалау негізінде прокурор сотталушының қылмысы мен кінәсін дәлелденуі туралы өз қорытындысын жасайды. Мұның өзі айыптау сөзінің келесі бөлімі – қылмысты заңды саралауға көшуіне мүмкіндік береді.
Қылмысты заңды саралау айқын құрылуы тиіс, сот талқылауы барысында жасалған дәлелдемелерге негізделуі қажет. Қылмыстық кодекстің тиісті бабына ғана сілтеме жасалумен шектелмеуі керек. Мысал ретінде мынаны келтіруге болады: «азамат Халиковтың өлтірілуін растайтын дәлелдемелерге негізделе отырып, сотталушы Гулковтың әрекетін ҚК 102 бабы «г» тармағы бойынша саралауға болады. Өйткені, құрбандығының басына балғамен 24 рет соққы беруді ерекше қатаңдықпен кісі өлтіру деп қарастыру қажет».
Сотталушының тұлғасын сипаттауда айыптаушының сөзіндегі міндетті элемент болып келеді. Мұнда оның әлеуметтік сипаты (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері және жылы, азаматтығы, жұмыс орны, білімі, тұрғылықты жері, отбасы жағдайы, ұлты және т.б. деректер), дене және психикалық жағдайы (темпераменті, қабілеті, дүниетанымы, қылмыс жасау кезіндегі психологиялық жағдайы) келтіріледі.
Прокурор жазалау шарасы туралы сөзінде жаза белгілеу кезінде қандай мән-жайларды ескеру қажет екендігін баяндайды.
Айыптау сөзінің осы бөлімінде жазалау туралы ұсыныспен қатар азаматтық талап арызды қанағаттандыру немесе бұл талаптан бас тарту туралы мәселе қарастырылады.
өзінің айыптау сөзінде прокурор қылмыстың жасалуына ықпал еткен жағдайлар мен себептерге терең баға беріледі, талдау жасалады.
Айыптау сөзінің аяқтаушы бөлімінде айыптау сөзіне қорытынды жасалады. Мұнда айтқан әрі нақты қорытынды жасалады, тыңдаушыларға күшті әсер беріледі. Кісі өлімі туралы іс бойынша өз сөзін аяқтай отырып, В.И.Царев былай дейді:
«Жолдас судьялар! Сіздер аз уақыттан соң кеңесуге кетесіздер. Кеңесу бөлмесінде тұрған кездеріңізде халықтың ашулы даусын ести алмайсыздар. Виноградовтың жасаған қылмысы кешіруге тұрмайды. Сот өз үкімінде сотталушыға қандай жаза қолдануы тиіс деген сұраққа: Виноградов өлім жазасына кесілсін деп» жауап беремін.
Соттағы сөз сайысына қатысушылардың сөздерінен соң, прокурор айтылған сөздерге жауап қатуы мүмкін. Мұнда дәлелді сөздер айтылады.
8.3. Қорғау сөзі: жалпы ерекшеліктері, құрылымы
Қорғау сөзінің жалпы ұғымына қылмыстық істі қарастыру кезіндегі сотталушыны қорғаушының сөзі және жәбірленушінің өкілінің – азаматтық талап-арыз берушінің немесе азаматтық жауапкердің өкілінің сөзі кіреді. Қорғау кезінде айыпталушыны ақтап шығаратын немесе жауапкершілігін жұмсартатын мән-жайлар айқындалады. Егер сотталушының кінәлі еместігі толық дәлелденбеген болса, қорғаушы оны ақтауы тиіс.
Қорғау қызметі үш кезеңге бөлінеді: 1) қорғаудың жалпы тұжырымдамасын құру; 2) қорғау тактикасын әзірлеу; 3) қорғау мен қорғау сөзін іске асыру.
Қорғаушының сөзінде сот тергеуіне қорытынды жасалады, іс бойынша жасалған дәлелдемелер талданады, соталушыға сипаттама беріледі, сол негізде қорытынды жасалады. Француз адвокаттарының мынадай бір сөзі бар: «Сотқа біз бір нәрсені дәлелдеу үшін емес, прокурордың ешнәрсе дәлелдей алмағанын көрсету үшін келдік». Қорғау сөзіне мыналар енеді: дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау, ұсынылған тезиске логикалық негіздемем беру. Прокурор мен қорғаушы өздерінің қарсы ұстанымдарын растау үшін, бір ғана фактілерді және бір ғана дәлелдемелерді келтірілуі мүмкін. Өкінішке орай, қазіргі әдебиетте бір ғана іс бойынша айыптау және қорғау сөздері келтірілген жинақ жоқ. Прокурор мен қорғаушының бір ғана фактілер мен дәлелдемелерді қарама-қарсы бағалауына Я.С.Киселев мынадай мысал келтіреді:
«Өз әйелін өлтіргендігі үшін айыпталушы Муранов өз кінәсін жоққа шығарады, әйелі өзін-өзі өлтірді деп тұжырымдайды. Прокурор айыптай отырып, былай дейді: «Муранов өз әйелін өлтіру туралы ойы болғандығын теріске шығарады, айыптауды теріс» дейді. Муранов наразы болып былай дейді: «менде кісі өлтіру туралы ой болған емес. Әйелін өлтіру туралы ойы болмағандығын басқа адам емес, Мурановтың өзі теріске шығарады. Муранов ты муранов ұстап берді. Істе келесі мазмұндағы хат бар». Галинаның жүріс-тұрысы менің жынымды келтіреді. Мұның немен тынарын білемін. Мен оны өлтіремін». Естіп тұрсыз ба, Муранов? Мүмкін, бұл хатты мен жазбағанмын дерсіз, әйеліңізді өзіңіз өлтіргеніңізді теріске шығармайтын боларсыз».
Мурановты қорғаған адвокат Успенский дәйексөздің дәлдігіне дау келтірмей былай дейді:
«Егер Мурановтың өз әйелін өлтірмегендігі туралы дәлел керек болса, прокурордың оқыған хаты да жеткілікті. Бұл жерде хаттың кімге арналғаны және қашан жазылғаны да зор мәнге ие. Хат Муранованың анасына арналған. Ол қайтыс болардан екі күн бұрын жазылған. Егер Муранов шынымен-ақ адам өлтіргісі келсе, Галина Муранованың өзін-өзі өлтіргендігіне сендіруге әрекет жасар еді. Кім адам өлтірер алдында, қызыңды өлтіремін деп хат жазады. Жазды ма, демек - өлтіруді ойлаған жоқ. Жазды ма, демек ашуға бой берді, одан құтылудың жолы деп түсінді. Жазды ма, демек өлтірген жоқ».
Үкім шығарар кезде келесі мәселелер қаралуы тиіс:
1) қылмыстың жасалу факті даулы болған жағдайда, сотталушыға таңылатын әрекет орын алған ба; салыстырыңыз, айыптау версиясы – кісі өлтіру, қорғау версиясы - өзін-өзі өлтіру немесе бақытсыз жағдайдан алу, айыптау версиясы - өртеу, қорғау версиясы – табиғи жағдайлар себебінен өртену; 3) осы әрекетте қылмыс құрамы бар ма? 4) осы қылмысты сотталушы жасады ма? 5) оның жасалуына қатысты кінәсі бар ма? 6) сотталушы жазалануға жата ма; 7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуы тиіс және ол жазасын өтеуі керек пе?
Қорғау сөзінің жалпы элементтері мынадай: 1) Кіріспе бөлім. 2) Істің фактілік мән-жайларын талдау. 3) Таңылған айыптаудың заңды жағын талдау. 4) Қорғалушының сипаттамасы. 5) Аяқтаушы бөлім.
Қорғау сөзінің кіріспе бөлімінде қорғаушы тыңдаушыларды қызықтыра білуі керек. Кіріспе сөздің бірнеше нұсқалары бар. Онда қоғамдық-саяси, фактілік ерекшеліктер қаралады. Э.О.Рогальскийдің ісі бойынша И.М. Кисенишскийдің қорғау сөзі былай басталады:
«Жолдас судьялар! Сот ісі аяқталып келеді. Алдын-ала тергеуге қорытынды жасалынуда. Сот процесінің аяқтаушы әрі шешуші кезеңі жақындап келеді. Бұл процесс біршама ерекше. Ол әлеуметтік маңызға ие. Цирк өнерінің көрнекті өкілдерінің есімдерімен байланысты. Өйткені осы процесте Ирина Бугримова, Олег Попов, Наталья Дурова, Игорь КИо сияқты танымал актерлерден жауап алынды. Бұл есімдер цирк өнерінде «аңызға айналған». Процесс барысында сіздің тарапыңыздан бірқатар жалпы, цирк мәселелеріне, шығармашылық көркемдік және ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлінеді».
Сот тәжірибесінде прокурордың айыптау сөзінде айтылған жағдайларға жеке-жеке сілтеме жасау да кездеседі. К.Г.Верхавскийдің ісі бойынша (қызғаныштан кісі өлтіру) адвокат О.В.Дервиздің қорғау сөзі былай басталды:
«Құрметті жолдас судьялар! Біздер жаңа ғана менің қорғалушымды қатаң жазалауға шақырған мемлекеттік айыптау өкілінің сөзін тыңдадыңыздар. Жолдас прокурор Верховскийдің менмендігі, жеке инстинктері, әйелдердің құқықтарын құрметтемеуі туралы айтып өтті. Оның қорытындысы бойынша Верхавский қызғаныштан әйелін өлтірді».
Қорғау сөзінің кіріспе бөлімімен кейінгі элементтерінің арақатынасы адвокаттың іс жүргізу ұстанымына байланысты болады. Ақтау туралы өтініш жасау кезінде сотталушының тұлғасына сөз басында сипаттама беріледі. Кейбір жағдайларда қорғалушы адамға берілген дұрыс мінездеме оның кінәсіз екендігіне дәлел бола алады. Оған тағылған айыптың дұрыстығына күдік келтіреді. Содан соң оның кінәсіздігін дәлелдейтін басқа дәлелдемелерге көшуге болады.
«Сонымен қатар басқа да объективті дәлелдемелермен қатар кінәсіздіктің бір дәлелдемесі ретінде оның өмірлік жолы, жоғары адамгершілік бейнесі ескерілуі тиіс.
Мен Кирилинаны парақорлықта айыптау оның тұлғасына дұрыс келмейтіндігіне өте сенімдімін. Вера Кирилина 16 жасында комсомол атанды. Ұлы Отан соғысында әкесі қайтыс болды. Қоршаудағы Ленинградта ол армияға өз еркімен алынып, Волховтан Шығыс Пруссияға дейін радист болып соғысты. Әскерде бөлімшенің комсоргы болды. Соғыстан соң заводта комсорг болды. Сауда техникумын үздік бітірді. Жұмыс орнында беделді қызметкер ретінде сипатталады, көптеген алғыс хаттар мен мақтау қағаздарына ие. Кімнен сұрасаңыз да, Кирилина туралы жақсы пікірлер айтылады».
Дәлелдерді талдау мен бақылау қорғау сөзінің маңызды әрі шешуші бөлімі болып келеді. Бұл бөлімде қорғаушы барлық дәлелдемелер мен олардың дерек көздеріне сындарлы талдау жасайды. Өз қорытындыларына сенімді дәлелдер келтіреді. Осы қарастырылушы бөлімдегі мәселелер істің ерекшеліктері арқылы анықталады.
Дәлелдемелерді талдау кезінде олардың іс бойынша басқа материалдарға сәйкестілігін көрсету қажет: куәлердің, жәбірленушілердің, сарапшылардың айғақтары, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары.
Прокурор М.Ф.Громницкий сотталушы Даниловты былай сипаттайды: «Ол 17 жасынан өз бетінше өмір сүріп, ақша тапқан. Сыртқы түрі сүйкімді, ақылды. Альябеваның күйеуі атанып, Соковниндердің отбасы сеніміне кірген. Осы сенімді қалай пайдаланғанын да білеміз».
Студент Даниловтың тұлғасын қорғаушы былай сипаттайды:
«Прокурор Даниловты жас әрі толық дамыған адам ретінде сипаттайды. Үйлену ниеті кемелденген адамды білдіре бермейді. Ата-анасының үйінде тұруы, танысуы оның тұрмыстық тәжірибесін көрсетпейді. Оны жан жылуы жоқ адам ретінде суреттейді. Бірақ, алқа билер, сіздер оның әкесі мен әпкесін көрдіңіздер. Шешесі сотқа келе алмады. Оның отбасына қарап, жақсы ортадан шыққандығын білуге болады».
Қорғаушының сөзінде адамның ішкі дүниесі, дүниетанымы, психологиясы, жан күйзелісі ашылады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы сот шешендігі осынысымен ерекшеленеді. Ұқсас, жалпы фразалардан бойды аулақ ұстау қажет. К.С.Пиросманишвилидің ісі бойынша («мәжбүрлі пара») И.М.Кисенишскийдің сотталушыны сипаттау сөзін келтірейік: «Пиросманишвили өзінің адами және қоғамдық бейнесі бойынша қылмыскер меес. Бұл инцидент оның өмірінде кездейсоқ болды. Ол оған тән емес әрекет. Оның өмірі, өскен ортасы мұны жақсы дәлелдейді.
Пиросманишвили –баршаға танымал фамилия. Немере ағасы Пиросманишвили – атақты суретші. Тбилиси мен әлемнің басқа қалаларында Нико Пиросманишвилидің есімімен мектептер, көшелер, мұражайлар аталады. Карло өз фамилиясын ардақтайды, атақты Пиросманишвилидің аты жаман аталмау керек деп, ол ондай әрекетке бармайды».
Кейде қорғау сөздерінде жәбірленуші мен сотталушының тұлғаларына саклыстырмалы мінездеме беріледі. Өйткені қорғаушыны жәбірленушінің жүріс-тұрысы мен айыпталушы арасындағы өзара қатынасы қызықтырады (аталған белгілер ҚК жалпы бөлімінде жан-жақты берілген). Мұндай салыстыру арқылы сотталушының тұлғасы жеңіп шығуы мүмкін. Левчинскаяның ісі бойынша Я.С.Киселевтің сөзінен мысал келтірейік:
«Әрине, қазір Левчинская өзінің не істеп қойғандығын еске алғанда, жаны ауырып ұялса керек. Ол өзінің ана екендігін ұмытып кетті. Моховтың еркіне көніп, өз қолымен 6 айлық Юрканы өзі жақсы танымайтын адамдардың қолына берді. Мұны Мохов бағалады ма? Надежда Петровнаның әрекетінен бойы тіксінді ма? Жоқ. Ол мұны жайбарақат қабылдады».
Құрбандық әкелінді, бірақ өмір жақсармады. Емшектегі бала ауырып қалды. Ортада дау туып, Мохов Левчинскаяға былай деді: «Сен оны бір жасқа дейін асыра, оған ана сүті керек. Содан соң баланы алып, сені қуып жіберемін».
Сотталушыға мінездеме беруде қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасау ерекше орынға ие. В.Д.Спасович «қылмыс мотиві анықталмаған қылмыстық іс басы жоқ мүсін сияқты» деп дұрыс атап өткен.
Қорғау сөзінің аяқтаушы бөлімінде қорытынды жасалады. Мұнда адвокат ақтау туралы немесе мардымсыз жазалау жылын беруді өтінеді. Аяқтаушы бөлімде сөз басындағы мотивтер қайталанғаны дұрыс. Адвокат А.С. Экмекчи тубдиспансердің бас дәрігері В.Цыгарованы пара алуда айыптау ісі бойынша былай деп сөйлейді:
«Жолдас судьялар! Осы жерде Вера Михайловна Цыгарова 12 жыл жұмыс істеді. Қыстыгүні боранда, күзгі балшықта, қараңғы түнде алғашқы шалынған қоңырау бойынша алыс елдімекендерге сырқат адамдарға көмек беру үшін жол тартты. Оған берілген мінездемелер, сотта оқылған алғыс хаттар халықтың сүйікті дәрігері болғандығын көрсетеді. Бірақ В.Цыгароваға жала жабылды, ол кінәсіз әрі ақталуы тиіс. Ары қарай А.С. Экмекчи өз сөзінің құрылымында композициялық тұтастық құрады: Тамаша совет дәрігері Вера Михайловна Цыгарова әлі де ұзақ жылдар бойы қар-боранға қарамай, қараңғы түндерде алғашқы қоңыраумен-ақ адамдарға көмек беруді жалғастыра түсетіндігіне сенімдімін».
Қорғау сөзіне арналған тарауда аяқтай отырып, оның құрылымы адвокат таңдаған іс жүргізу ұстанымына байланысты екендігін атап өту керек. Қорғау сөзінің композициялық-логикалық модельдену келесі элементтерден құралады: а) жауапкершілікті жұмсартатын мән-жайлар; ә) өмір сүру және тәрбиелену жағдайын сипаттау; б) отбасындағы, ұжымдағы, достары арасындағы өзара қарым-қатынасты сипаттау; в) жасалған әрекеттің психологиялық сипаттамасы; г) сотталушыға берілген мінездеме; д) едәуір жеңіл жаза тағайындаудың негіздемесі. Айыптауда қайта саралау бойынша бұл құрылымға мыналар енеді: а) күдік келтірілетін мән-жайларда, дәлелдемелерді талдау; ә) жаңа саралауда, процессуалдық шешімнің нұсқаларын талдау; б) сотталушының кінәсіздігіне дәлелдер келтіру; в) қылмыстық заң нормаларын талдау; г) сотталушының ақталуы туралы қорытындыны негіздеу.
9 тақырып. Заңгердің сөйлеу техникасы мен мәдениеті
9.1. Сөйлеу техникасы
Заңгердің шешендік шеберлігінің көптеген құрамдас бөлімдері ішінде (сөйлеу мазмұны, логикасы, композициясы) сөйлеу техникасы ерекше орынға ие, өйткені оған алғашқы кезекте көңіл аударылады.
Сонау Ежелгі Афина мен Римде сөйлеуге ерекше мән берілген. Көне грек шешені Демосфеннен сөйлеу өнерінде не маңызды деп сұрағанда, ол «Біріншіден сөйлеу, екіншіден, сөйлеу; үшіншіден – сөйлеу» деп жауап берген.
Белгілі Римдік сот шешені Марк Туллий Цицерон «Шешен» трактатында былай деп көрсетеді: «Дауыстың жақсы болғаны дұрыс, бірақ ол біздің билігімізде емес. Дауысты меңгеру біздің билігімізде. Сондықтан үлгілі шешен дауысын өзгертіп, түрлендіріп отырады. Дыбыстау дәрежесін жұмсартып әрі қатаң етіп реңк береді».
Шешеннің дауыстық бетпердесі көбіне тыңдаушылардың эмоциялық тұрғыдан қабылдауына арналады да, ал заңгердің көпшілік алдында сөйлеу техникасы екінші дәрежелі сипатқа ие болады, тіпті артық актерлік әрекет деп танылады. Маңыздысы – нені және қалай айту керектігінде. «Нашар сөйлеу ойды шатастырады», - дейді К.С.Станиславский.
Дәстүрлі түрде сөйлеу техникасына мыналар енеді: а) бірқалыпты тыныс алу; ә) мәнерлі дауыс; б) жатық дикция; в) екпінге және сөздің айтылуына көңіл аудару.
Сөйлеу техникасы ішінде тыныс алу мен дауыс таза физиологиялық табиғатқа ие, қажет жағдайда түзетіліп отырады.
Әдетте, кәдімгі және сөйлеу кезіндегі тыныс алу түрлері болады. Егер біріншісінде дем алу – дем шығару – кідіріс кезектесе келсе, екіншісінде терең дем ала отырып, аз ғана кідіріс жасайды. Содан соң баяу дем шығарады. Орташа есепте дем толқыны 8-10 секундты алады, тәжірибелі шешендерде ол 20 секундқа дейін жетеді.
Дауыстың кәсіби қасиеттеріне дыбыстылық, жеңілділік, икемділік, жатықтылық, әуенділік жатады. Сөйлеу мазмұнына сай келетін сөз тиімді болып келеді. Сөйлеу кезінде интонацияны өзгерту арқылы тыңдаушылардың қызығушылығы артады, шешеннің ой жүйріктігі көрінеді.
Өткен ғасырда өмір сүрген ағылшын адвокаты Рихард Гаррис «Адвокатура мектебінде» дауыс модуляциясын «шешендік өнер ішіндегі ең кереметі» деп атаған.
Тыныс алу мен дауыстың ерекшелігі, дикция – дыбыстардың ашық, жатық әрі түсінікті айтылуы – табиғи (физиологиялық) қасиеттерге онша тәуелді емес. Оны арнайы жаттығулар арқылы түзетуге немесе жақсартуға болады: жаңылтпаштар, өлеңдер оқу, фонетикалық тренинг т.б.
Сөйлеушінің дикциясында жиі кездесетін, оңай түзетілетін қателіктерге мыналар жатады: сақаулану, дыбыстарды ауыстырып алу, буындарды дұрыс қоймау. Мәселен, балалар – балдар, керісінше – кесінше т.б.
Екпінді дұрыс қою және сөзді дұрыс айту заңгердің жалпы мәдениетіне жатады. Орфоэпиядағы қателіктен сөз дұрыс қабылданбайды. Бұл туралы П.С.Пороховщиков былай дейді: «Сотта нағыз айыптаушы немесе қорғаушы болу үшін, сөйлей білу керек». Сондықтан «Орфоэпиялық сөздікке» көңіл бөлген дұрыс.
Өз дауысымен, дикциясымен және орфоэпиямен жүйелі жұмыс істегенде ғана, сөйлеу техниекасы тыңдаушыларға әсер ететін шынайы құралға арналады. Сондықтан А.Ф.Конидің кеңесіне құлақ салыңыз: «Дауыстап ашық, жатық, мәнерлеп сөйлеу керек. Дауыс реңкінде сенімділік болуы қажет. Сөйлеу тонын айтылатын ойға қарай қатты әрі баяулатуға болады».
9.2. Сөйлеу мәдениеті
«Криминология» оқулығының авторлары (М., 1993 ж.) ауызша және жазбаша сөйлеуге талдау жасау арқылы тиісті адамның кәсіби білімі мен мәдениеті туралы білуге болады деп көрсетеді. «Осы мәселе шешілген соң, сөздік қорына, стилистикалық-синтаксистік құрылысына, жаргондық оралымдарына, кәсібилігіне көңіл бөлінеді» деп түйіндейді.
Кейбір прокурорлар мен адвокаттардың сотта сөйлеген сөздеріне «криминологиялық» талдау жасайық:
«Ерекше тұрғыда атап өтер болсам, жалпы оның шешімімен таныспыз».
«Бұзақының қорылы мен киіміндегі дақтарынан оның қанша арақ, сыра ішкендігін білуге болады».
«Тайжұмаев көпшілік тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушысы болды. ГАЗ -66 автомашинасына ол үш тас, өрт машинасына бес тас лақтырды».
Мұның өзі заңгердің орашолақ сөйлейтіндігін, әділетті іске асырушылардың кәсіби біліктілігі төмендігін көрсетеді.
Заңгер фонетикалық нормаларды сақтаумен қатар лексикалық нормаларға, яғни сөздерді дұрыс қолдануға да мән беруі қажет.
Өткен ғасырдағы заңгер К.Л.Луцкий өзінің «Сот шешендігі» жұмысында былай дейді: «Сот тілінде дәлме-дәл сөйлеу білу нақтылықты көрсетеді. Мұнда ой өзіне ғана тән сөздермен берілуі қажет. Өкінішке орай, біздің үздік деген сот шешендеріміз нақты сөйлеуге дұрыс көңіл бөлмейді»:
Сөздің нақтылығы, жатықтығы және тазалығы сөздерді өз орнымен пайдаланудан туындайды. Сөздерді дұрыс таңдай алмаған жағдайда, заңгердің тілінде қателік кетеді. Ондай қателіктерге мыналар жатады:
рөл ойнайды деудің орнына маңыз ойнауды, әсер ету дегеннің орнына әсер жасау деп айту;
омонимдерді дұрыс қолданбау;
сөз тіркестерін дұрыс қолданбау;
тавталогия-қайталау.
Кез-келген анықтаманың мақсаты – қолданылушы ұғымдардың мазмұнын нақтылау, айтылған сөзге нақты мағына беру.
Кезінде Аристотель былай деп ескерткен: «Дәлелдемелерден қорытынды шығару керек, ал анықтамалардан – айқындылық көрінуі керек».
XIX ғасырдағы заңнамаларда П.С.Пороховщиков «Нағыз қытай сауаты» деп атаған: «Қылмыстық істер менқызметтік айыптаулар арасында маңызды айырмашылық бар. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері қызметтік міндеттерді бұзудан келіп шығады».
П.С.Пороховщиков мәтінді былай өзгертеді: «Қызметтік кінәлар қызметтік қылмыстардан былай ерекшеленеді. Мұнда қызметтік бағыныстылық міндеті бұзылады немесе биліктің қадір – қасиетін қызметтен тыс жерде сақтамаудан көрінеді. Бұл әрекеттер үшін тәртіптік жауапкершілік белгіленеді».
Заңгер сондай-ақ синоним сөздерді де дұрыс қолдана білуі керек. Синонимдік сөз қатарларын өз орнында қолдану қажет. Өйткені, бір ғана құбылыс, әрекет, заттар бірқатар мағыналық және стилистикалық белгілерге ие болуы мүмкін. Әрбір макғыналық айырмашылық әрбір нақты жағдайда бірден-бір дәлме-дәл сөзді таңдап алуға мүмкіндік береді.
Синонимдер ойды нақтылай түседі. Салыстырып көріңіз: - атты – атып жіберді. Мұнда «атып жіберу» сөзі әрекеттің әдейі істелінгенін көрсетеді.
Синонимдердің көмегімен мағыналық дәлсіздікте жойылады. Мәселен, Р. Және оған қатысушылар. Қатысушылар қылмыстық әрекетте ғана болады. Бұл жерде «Р. Және оның ымыраластары» деп жазылуы керек.
9.3. Мәтін риторикасы
Құқықтық нормаларды жасау, негіздеу және қолдану барысында, заңгер ауызша және жазбаша мәтіндермен жұмыс істейді.
Алдыңғы параграфтарда атап өтілген тіл аспектілері (сөйлеу мәдениеті, сөздің мағыналық типтері, сот дауының логикалық формулалары) мәтінге қойылатын талаптарға да қатысты болып келеді.
Ауызша тілдің жазбаша тілге қалай өзгертілетініне мысал келтірейік:
Куәден жауап алу.
Ч. – Сонымен, 9 қабатты жатақханаға жеделхат апаруға кеттім. Бұл шамамен жұмыс күні сағат 9 кезі еді. Мұнда орман. Ана жерде Беляевскіге жол бар. Мен сол жолмен жатақханаға бара жатып, айқай естідім. Құтқарыңдар дейді. Мен жылдам жүріп отырып, вахтершіге милицияға қоңырау шал дедім татар әйелге.
Тергеуші нақтылай түседі:
Сіз жатақханаға көтерілген кезіңізде, айқай естідіңіз ғой?
Иә, баспалдақпен көтерілген кезде. Қорқып кеттім. Ол қатты айқайлап жатты.
Сіз кім деп ойладыңыз?
Білмедім, қыз болар. Соңынан ол әйелді таныдым.
Не деп айқайлады?
«Құтқарыңдар» деді.
Тергеуші оның сөздерінен хаттаманың мәтінін құрады.
Жұма күні, 13 наурыз 1987 жылы 21 сағат шамасында Окраинная көшесінің маңында жатақханаға бара жаттым. Жатақханаға Беляевский ауылына баратын жолмен жүрдім. Жатақханаға жеткен кезде, бұрынғы балабақша жақтан қатты айқайды естідім. Айқайлаған қыздың даусына ұқсады. «Құтқарыңдар» деп қатты дауыстады. Жатақханаға кіріп, вахтерге милиция шақыруын өтіндім.
Кез келген мәтін бірізді және дәлелді ойлар негізінде құрылады. Мәтін сөздері бір-бірімен байланысуы керек.
Мәтіннің бірізділігі мазмұн элементтерінің ретімен орналасуын көрсетеді. Мәтіннің абстракталы композициялық схемасы келесі түрге ие:
Тақырып
|
Кіші тақырып 1
|
Кіші тақырып 2
|
Кіші тақырып 3
Мәтіннің негізгі бөлімі оның мазмұнын ашады. Бұл бөлім өте маңызды әрі көлемді болып келеді. Тақырыпқа орай жіктеме, типология, мүшелеу, кезеңдерге бөліну үрдістері жүреді. Негізгі бөлім талқыланушы мәселенің гипотезасынан құралады.
Мәтін сызықтық-фактологиялық тізбекте құрылады: Мұнда әрбір үзінді алдыңғысымен логикалық-мағыналық байланысты болады.
Мәтіннің қорытындысында қысқа әрі нақты пішінде негізгі бөлімде негізделген нәтижелер баяндалады.
Көпшілік заң мәтіндері МЖМС талаптарына бағынады. Әсіресе, бұл қызметтік құжаттарға тиісті болып келеді. Кейде қызметтік құжаттың стандарт пішіні болады.
Рубрикация – мәтіннің композициялық құрылымының сыртқы көрінісін білдіреді. Ең қарапайым рубрика – абзац. Ол бір ойдан келесі ойға өтуді көрсетеді.
Абзацтың өзі кейде сан мен әріппен нөмірленуі мүмкін. Нөмірлеу аталған әрбір элементті жеке-жеке қарастыру қажет екендігін білдіреді.
Рубрикацияның маңызды бір құралы – тақырыпшалар. Олар мәтіннің құрылымдық бөлімі ретінде көрінеді. Тақырыпша мәтін немесе құжаттың тақырыбына сай келуі керек.
10 тақырып. Заңгер тілінің лингвогерменевтикалық аспектілері.
10.1. Заңгер тілінің лингвогерменевтикалық аспектілері. Жалпы мәселесі
Бастапқыда герменевтика өнерді талқылауды білдіретін, оған көп мағыналы сөздерді түсіндіру және мәтіндерді нақтылау тәсілдері енеді. Нermeneutike термині (грекше «өнерді түсіндіру») «қарапайым адамдарға құдайдың әмірін жеткізуші» берместің атымен байланысты. Орта ғасырларда герменевтика өнерді түсіндіруші ретте теологиямен, «шіркеу әкейлерінің» шығармаларын түсіндірумен байланысты болды.
Түсіну, түсіндіру мәселесі қарым-қатынастағы түрлі жағдайларға қатысты болып келеді. Өйткені түсіну процесінің өзі адам тұрмысының іргелі мәселесі болып табылады. Сондықтан библиялық, филологиялық, заң герменевтикасымен қатар XIX ғ. Ортасында философиялық герменевтика пайда болады. Оның негізін қалаушы Ф. Шлейермахер герменевтиканы рух туралы барлық ғылымдардың әдісі – гуманитарлық ғылымдардың әдістанымы деп саналады. Неміс философының пікірінше «түсіне білу өнері» киелі жазу үшін де, көркем мәтіндер үшін де, заң құжаттары үшін де бірдей болуы керек. Ф. Шлейермахер атап өткендей: «Герменевтикада берілгеннің барлығы да – бұл тіл, барлығы осы тілден табылуы қажет».
Кейіннен В. Дильтей герменевтиканы «өмірдің жазбаша түрдегі көріністерін түсіну өнері туралы ілім» деп атады.
Өткен ғасырда Савиньи «Рим құқығының жинағы» трактатында герменевтиканы кез келген мәтінді түсіндіру деп анықтады. Ол түсіндірудің жан-жақты типтерін түсіндіреді: сөз мағынасы бойынша (грамматикалық тұрғыдан түсіндіру).
10.2. Сөздердің мағыналық типтері
Сонау көне дәуірлерден-ақ баяндаудың мағыналық типтері оның құрылымында орталық категория ретінде көрінеді. Көне грек риторикасында келесі реттілік бар:
әрекетті хабарлау;
- заттарды суреттеу;
Заттар мен әрекеттердің арасындағы қатынастарды айқындайтын пайымдау.
Қазіргі риторика бұл жіктемені терминологиялық тұрғыдан ғана жаңартты, мәтіндерді бейнелеу және логикаландырылған түрлерге бөлді.
Хабарлау баяндаудың қарапайым тәсілі бола отырып, уақыт ішіндегі әрекеттер мен оқиғаларды бейнелейді. Хабарлаудың қарапайымдылығы алдамшы нәрсе (ритоикада «әңгіме» терминімен, сөйлеу теориясында – «істің мән-жайларын баяндау» терминімен аталады). Қажетті динамизмнің орнына сот шешені оқиғалардың реттілігін, олардың аяқталған түрдегі ауысуын көрсетеді. Мұнда қажетті емес оқиғаларды бірінен соң бірін айтып өтеді.
Көпшілік алдында сөйленетін сөздердің хабарлану түріне мыналар жатады: 1) этикалық тәсіл – болған оқиға туралы жалпылама әңгімелеу;
2) сахналық – көрнекі бейнелеу;
3) кинематографиялық.
Соңғы тәсіл көп жағынан көркем әдебиет стиліне жатады.
Біз үшін сахналық баяндау тәсілі ерекше қызығушылық тудырады. Мұнда құжатты көркем проза стилі ретінде оқиғаға қатысушылардың «тірі» дауыстары, бір-біріне берген жауаптары орын алады.
Саханлық хабарлау мен суреттеу сот тілінде өзара бірлікке, бірін-бірі толықтырып отырады. Левчинскаяның ісі бойынша Я.С. Киселевтің істің мән-жайларын баяндауы осы үлгіде құрылған. Түсіндіріп өтелік. Левчинскаяөз күйеуі Моховты өлтіруде айыпталады. Киселев өз версиясын қорғап қалды: Ол хатты жәбірлену арқасында күшті жан күйзелісінен кенеттен кісі өлтірді. «Осы жерде ең қорқыныштысы болады. Ешнәрсені ойланбаған Мохов сабырлы қалыпта Левчинскаяға «Мен айнып қалдым» дейді».
Мен айнып қалдым, - дейді Мохов, - сен баланы бір жылға дейін емес, 10айға дейін асыра, содан соң көзден жоғал Юркамен бірге.
Егер ол ашумен айтса, Левчинская кешірер еді. Бірақ мұндай сөзді қолына шарап ұстап, жантайып алып айтуы қалай әсер етеді?
Өзін-өзі ұстай алмай, қатты жәбірленген әйел ашуға булығады. Электр үтігін алады да Моховты соғып қалады, содан соң өзі есінен танғанша , соққылай береді.
Суреттеу сот тілінде шындық жағдайда, мейлі ол портрет, пейзаж, интерьер, экстерьер болсын, егжей-тегжей бейнелеуді көрсетеді.
Суреттеудің негізгі мақсаты – болған оқиғаның дәлме-дәл (статикалық немесе динамикалық) картинасын жасау.
Пайымдау – баяндаудың мақсаты мен құрылымы бойынша ең күрделі типі. Пайымдаудың мақсаты – болған оқиға туралы білімді зерттеу, жалпылау, қорытынды мен дәлелдерді, анықталған тезистердің ақақат немесе жалған екендігін негіздеу.
Пайымдаудың құрылымы: кіріспе, алдын-ала хабардар болу, аргументтер мен қорытынды.
Кіріспеде оқиғаға байланысты сіздің қаншалықты хабардар екендігіңізді түсіндіру керек болады. Мұнда тыңдаушылармен байланыс орнатылады.
Алдын-ала хабардар болуда мәселенің маңызы, оның тарихы мен себептері түсіндіріледі.
Аргументтеуде өз ұстанымыздың басымдығын көрсетесіз, балама ұстанымдардың кемшіліктері нұсқалады. Өз шешіміңіздің дұрыстығын түсіндіресіз.
Қорытындыда сіздің аргументтеріңізді қабылдаудан келер пайда түсіндіріледі. Одан бас тарқан жағдадағы теріс салдарлар айтылады.
Пайымдаудың мұндай схемасы немесе оған жақын схемасы сот тіліне қатынасы жағынан орнықты келеді. Көз жеткізе сөйлеуді көрнекті түрде көрсетеді.
Я.С.Киселевтің пайымдауындағы реттілік осы айтылған схемаға жақын келеді. «Неге бір ғана соққы болмады. Бір ғана соққы болса, онда Левчинская өзін ұстаған болар. Көп соққыны бірінен соң бірін жұмсағаннан соң, бұл әйелдің өзін ұстай алмағандығын білеміз. Ашу мен ызадан булыққан ол электр үтігін қолына алып, соққылай берген».
Әрине, пайымдау – бұл баяндаудың мақсаты мен құрылымы жағынан ең күрделісі. Өйткені ол жаңа білім шығару үрдісі. Баяндаудың осы тәсілінде ойлаудың барлық формалары мен әдістері берілген: себеп пен салдардың, болжамның, салыстырудың, қарама-қарсы қоюдың қатынастары.
Пайымдауда қолданылатын полемикалық тәсілдерге мыналар жатады:
пайымдау алдындағы бағалау;
оппоненттің пайымдауындағы алогизмді айқындау;
оппонент сөзінен мысал келтіру;
оппонент пайымдауындағы сенімсіз жайттарды айқындау, оның біліксіздігі, қорытындыларының негізсіздігі;
жалпы пайымдауларды нақты жағдайларға көшіру;
жеке тәжірибеге сүйену.
Қорытындысында айтарымыз, «Вульгарлық стиль» жасау қауіптілігі (риторикада бағалау сипатына ғана емес, сондай-ақ шынайы толығу сипатына да ие). Пайымдаудағы осы стильдің нашар тұстарынан бойды аулақ ұстау керек. Ойдың бір-біріне ұласуы мен байланысы айқындалмайды, пайымдаудағы басты нәрсе көрінбейді.
10.3. Сот дауының логикалық формулалары
Сотта талқыланған жайттардың барлығы белгілі бір шешім қабылдаумен аяқталады. Егер ақиқатты іздеу жолында ұзақ дебаттар орын алмаса, онда бұл шешімнің мәні де жоқ.
Қазіргі соттардағы сөз сайыстары бұрынғыдай қарсыластардың пікірлер күресі ретінде көрінеді. Егер сотта сөйленетін сөз дауласуға әкелсе, ал дауласа білудің өзі - әрбір сот шешімінің маңызды қасиеттерінің бірі болып келеді.
Сотта дауласа білу мәдениеті мен оған қойылатын талаптар неміс логиктері П. Лоренцон мен К. Лоренц ұсынған диалогтан көрінеді:
диалог барысы оған қатысушылар арасында кезекпен жүргізіледі;
диалог нәтижемен аяқталады, мұның өзі кім жеңді және кім жеңілді деген мәселені шешеді;
дддиалогқа қатысушылар оған шектеу қоя алады;
диалог бір қатысушының келесі қатысушыға әсер етуі жағынан жүргізіледі.
Риториканың арнайы саласы – эристика да сот дауында маңызды рөл атқарады. Эристика айтылған көзқарастардың ақиқаттылығына көз жеткізуге үйретеді, тыңдаушыларды өз жағына үйіре білуге бейімдейді.
Қазіргі таңда аргументтеу теориясын, «риториканың нотасы» деп атайды.Жалпы алғанда, даудағы аргументтеу келесі түрде анықталуы мүмкін: Мұнда дәлелдеуге жататын кейбір тезис беріледі, осы тезиске қарсы пікірлер (аргументтер) қаралады. Негіздеу бағаланады және тезис терістеледі, тезистің ақиқаттылығы және антитезистің жалғандығы терістеледі, тезисті қабылдаудың дұрыстығы негізделеді.
Аристотель өзінің риторикасында былай деп атап өтеді:
«Адамға сенім ұялататын сөз айтылғанда, біз осы сөзді айтушыадамға кәміл сенеміз. Өйткені біздер өмірде жақсы адамдардың сөзін тыңдауға үйреніп қалғанбыз».
Этикалық аргументтеуде шешен тыңдаушылардың тұрақты болуына сүйенеді. Тікелей эмоциялық әсер ету үшін, дайын тұжырымдарды келтіреді. Әрине, этикалық аргументтеу алқалы билер сотында немесе саясатшының сөйлеген сөзінде қажет болады. Оған 60-70 жылдардың үздік адвокаты Я.С.Киселевтің сөзін мысалға келтіруге болады. «Жолдас судьялар! Жолдас прокурор өз сөзінде нақты әрі ұстамды болды. Тіпті қорғаудың өзі қажетке жарамай қалғандай. Бұл жағдайда тіке тұрып иілу керек те, «Әділет орнасын» деген ескі үлгідегіәдісті қолдану қажет сияқты.
Жолдас пркурор бізге Лесина қарт әйел, зейнеткер екендігін ескертіп өтті. Жағдайға қарай заң тарапынан жеңілдік берілетін барлық жайттарды прокурор айыптау сөзінде айтып кетті. Ева Михайловна Лесинаның ісі айқындалған сияқты. Мұның өзі тер төге еңбек етуді талап етпейтін қарапайым іс болмайтындығын растайды». (Лесинаны қорғау сөзінен).
Этикалық және патетикалық аргументтеу сотталушының және оның айналасындағылардың психологиясын түсіндіру үшін, оның себептерін талдау үшін қажет.
Сот тілінің келесі бір логикалық схемасы қолданылушы аргументтер мен логикалық қорытындылардың ақиқаттылығын көрсетеді. Секст Росцийдің қорғаған Цицеронның сөзіндегі басты ереже – сотталушы кісі өлтірмеген. Мұнда мынадай негізгі ережелер орын алған:
оның әкесін өлтіруге ешбір себеп болмаған;
ол мұны өзі немесе басқалар арқылы да жасай алмайды;
Тит Росцийдің кісі өлтіруге уәжі болды - өлтірілген кісінің мүлкін алғысы келді.
Логикалық аргументтеу ішінде дәлелдеу мен терістеу аса маңызды болып келеді. Дәлелдеме логикалық тұрғыдан аргументтерден шығарылған ережелерді көрсетеді. Ал терістеу ой қорытындысынан білдіреді. Осыған орай талқыланушы пайымдаудың жалғандығы көрінеді. Әрине, дәлелдеу мен терістеу өзара байланысты. Егер бір нәрсе дәлелденетін болса, сонымен қатар ол теріске шығарылады. Бұл туралы классикалық мысал келтіретін болсақ: «Дәлелденбеген кінә дәлелденген кінәсіздікпен тең».
Дәлелдеу мен терістеуге қатысты мынадай мысал келтірейік: Протагордың Еватлмен дауласуы.
Белгілі софист Протагордың Еватл атты шәкірті болды. Келісім бойынша Еватл өзінің алғашқы процесінде жеңіп шығатын болса, оқу ақысын төлемейтін болады. Бірақ Еватл бұған асыққан жоқ. Ашуға булыққан Протагор шәкіртін сотқа береді.
Протагордың талап арызы бойынша Еватл сотта жеңілетін болса, оқу ақысын толық төлейді. Жеңіп шықса сот белгілеген мөлшерде ақы төлейді.
Терістеуде қолданылатын логикалық тәсілдер мынадай:
қарсыластың жалпылама пікірлерімен санасу;
қарсыластың пікірін өзіне қарсы қолдану;
терістей алатын нәрсеңді дәлелдеме.
Дауласқан кезде «ия солай, бірақ...» деген формуланы қолдану керек. Шешен оппоненттің пікірімен келіскендей болады да, сол жерде оны жоққа шығарады. Яғни шешен оппоненттің кейбір пікірлерімен келіскендей болады да, сыпайылықты ұстанады. «Шындығын да солай-ақ болсын, бірақ...» деген формуланың өзі ары қарай қарсылық білдіруді көрсетеді.
Дауласуда «интеллектуалдық алааяқтық» жасауға болмайды. Софизмде мынадай мысалдар бар: «Ұры жаман нәрсені қаламайды. Жақсы нәрсе алғысы келеді» немесе «Мен менмін, бірақ сен мен емессің. Мен адаммын, демек сен адам емессің?»
Сот дауында ұсынылған ережені негіздеудің орнына басқа бір тұжырымдаудың пайдасына аргументтер келтіріледі.
Сот дауында шешеннің табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы мыналарға байланысты: оның сенімділігі (өзіне сендіре білуі), құзіреттілігі мен динамизмі. Белгілі саясаткер У.Черчилл сөзде келесі компоненттер болуы тиіс дейді:
сөздің күшті басталуы;
3-4 тармаққа бөлуге болатын бір ғана негізгі тақырып;
жатық сөйлеу;
эмоциялық немесе драмалық тұрғыдан аяқталуы;
шешен алдағы сөйлейтін сөз материалына ие болу;
төрт ережені сақтай білу: жеке тәжірибеге сүйену, көрнекі түрде көрсете білу; проблеманың шешімін ұсыну, жағдайды шешуге бағытталған әрекет жасау.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Аверинцев С.С. Риторика и истки европейской литературной традиции. М, 1996 г.
Александров Д.Н. Риторика. М., 1999 г.
Андреев В.И. Деловая риторика: практический курс. Казань, 1993 г.
Баранов А.Н. Парламентские дебаты: традиции и новации. М., 1991 г.
Библер В.С. Мышление как творчество: введение в логику мысленного диалога. №4.,1975 г.
Введенская Л.А. Павлова Л.Г. Культура и искусство речи. Ростов-на-Дону. 1996 г.
Василенко Ю.С. Постановка речевою голоса. М.,1990 г.
Г. Гиздатов. Риторический практикум юриста. Алматы. Жети жаргы. 1998 г.
Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., 1980 г.
Далецкий Ч. Практикум по риторике. М., 1996 г.
Дюбуа Ж. Общая риторика: пер. с фр. Благовещенск. 1999 г.
Ивакина Н.Н. Культура судебной речи. М., 1995 г.
Иванова С.Ф. Специфика публичной речи. М., 1978 г.
Иванова С.Ф. Путь к современной риторике: в 2-х ч. М., 1990 г.
Карнеги Д. Как выработать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично: пер. с англ. М., 1994 г.
Козаржевский А.Ч. Искусство полемики. М., 1972 г.
П. Сергеич. Искусство речи на суде. Тула. Автограф. 2000 г.
Достарыңызбен бөлісу: |