Ереже: Пафос дегенде сөз ойы (пиғыл) түсіндіріледі, сол себепті пафос сөзге жаңалық енгізуді жобалайды, сөздің не үшін құралатынын көрсетеді.
Ереже: Логос дегенде сөздің ауызша толықтырылуы, ойлардың сөз жүзінде іске асуы, сондай-ақ эмоциялар ұғынылады.
Сөз тиімділігі. Сөз тиімді болу үшін ол жаңалаық беруші, орынды және дұрыс болуы қажет.
Әлеуметтік тоқырау – сөздің құлдырауы.
3.2. Риториканың ғылым ретіндегі пәні, нысаны және оның құрылысы. Риториканың негізгі заңдары мен ережелері
Қазіргі риториканың нысанына тек қана ауызша сөз емес, сондай-ақ барлық сөздердің түрлері де жатады. Бұл сөздердің түрлерін риторика стилистикадан алады, ал стилистиканың негізгі бөлімі ауызша сөз теориясы деп есептеледі.
Риторика құрылысы: риторика жалпы, жеке, тақырыптық болып бөлінеді. Ол эпосты, пафосты, логосты зерттейді. Стилистикамен қосыла осы сөз түрлерінің бір түрін зерттейді (жеке ауызша сөз).
Тақырыптық риторика бір тақырып төңірегінде араласқан ауызша сөз түрлерінің ережелерін зерттейді (Америка үшін).
Одан басқа риториканы теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады.
Теориялық – сөз заңдарын дедуктивті әдіспен зерттейді, кейін олар тарих фактілерімен риторикалық тәжірибемен сендіріледі (түсіндіріледі).
Тәжірибелілік – сөздің көмегі туралы ережесін зерттейді: тәжірибеде қабылданатын және мақұлданатын ережелер.
Мыс. 1. Егер диалог ауызша сөз түрінің бірінде жүргізілсе және тақырып бірнеше адамдардың қатысуымен және ұзақ уақытқа созылса, онда бос сөз болғаны (энтропия).
Мыс. 2. Егер диалог ауызша сөздің бірнеше түрінде жүргізілсе және тақырып түрлендірілсе, онда мазмұны толықтырылады.
Мыс. 3. Әдістемелік шығармалардағы мағына қабаттары белгілі тәртіппен орналасады -– автор бейнесі, сөздің жалпы мазмұны, сөздің бейнелі мазмұны, сөздің эмоциялық мазмұны, логикалық мазмұны, композициялық, немесе стилистикалық мазмұнмен құрылысы басқа мазмұнды сөз құрауға болмайды.
Гемилектика ережесі: Егер сөз автор бейнесі атынан айтылса немесе керісінше болса ғана, мәтінді толық түсінуге болады.
Риторика ережесі: риторика заңдарын жеке пайдалану, сөйлеушінің мақсатына байланысты.
Диалектика – сөздің негізгі мақсаты – шындықты іздеу (Сократ).
Эристика – шындыққа қарамастан қоғамда өз позициясын бекіту.
Софистика – сөз мақсаты – диалектиканың ережелерін қолдануымен өз позициясын бекіту немесе тиімді көзқараспен шындықты қамтымау.
3.3. Риторикалық талдау және сөздің риторикалық эскизі (нобайы)
Риторикалық талдау – дайын сөздің қалай құрылғанын түсінуге көмектеседі, ойдан сөзге дейінгі жолды көрсетеді. Ол үшін риторикалық ереже (канон) деген түсінік қолданылады.
Классикалық риторикалық канон кезеңдері:
Инвенция – жаңалық ашу (жасаушы) (айтылатын нәрсені табу) .
Диспозиция – жаңалықтың орналасуы
Элокуция – ойдың ауызша көркемделуі
Меморио – есте сақтау
Actio hypocrisis – сөздің айтылуы (орындалуы)
Инвенция сөздің мағынасын түсінуді жобалайды, оларды бірнеше тақырыпшаларға бөлуді көздейді. Бірінші кезеңде (инвенцияның) ойдың болуы мен байлығы есепке алынады. Ол үшін «жалпы орындар» деп аталатындар бар. (топ – сөзді дамытудағы мағыналық моделдер).
Топ – түсініктер жүйесі, кез келген сөз туралы ойлар әдісін жобалайды.
Диспозиция идеяларды қайта топтау және олардың сөздің негізгі міндетін орындайтын тәртіпте орналастыру. Сөз келесі құрылымға ие:
кіріспе;
сөйлем;
мазмұндау (баяндау);
растау;
теріске шығару;
қорытынды.
Элокуция – бұл сөзді ауызша көркемдеу кезеңі. Сөздер мен сөз тіркестерін таңдау өте маңызды; сөздерді мағыналық, семантикалық, стилистикалық, дыбыстық таңдау. Осы жерде троптар мен сөз фигураларын таңдау қажет.
Actio hypocrisis – көпшілік алдында сөзге шығу бұл сөз техникасы мен дағдыларын (машықтарын) білу қабілеттерінің бар екенін көрсетеді (дауыс, интонация, қимылдар).
Инвенция – идеялар іздеу, болашақ сөздің мазмұны, мағынасы.
Ломоносов бойынша идеялар құрылысына қарай жай және күрделі болып бөлінеді.
Мағыналық модель: топ, түр
Топ, сөйлеу мен ойлаудың, пайымдай білудің, жалпыдан жалқыға өтудің (дедукция), жалқыдан жалпыға өтудің (индукция) әмбебап заңын білдіреді.
Мағыналық моделі: Сөз мәнін жуық тектік және түрлік айырмашылықтар арқылы анықтауға болады.
Классикалық риторикалық дәстүр бойынша сөзді анықтау (дефиниция, экспликация) кіріспеден кейін жүреді.
I тәсіл – жалпы түсінікке апару.
II тәсіл – қарама-қайшылық арқылы сөз мәнін анықтау.
III тәсіл – метонимияны қолдана отырып – заттардың араласуы арқылы.
IV тәсіл – қасиеттерді жүйелі атап шығу арқылы
Троп: бүтін, бөлік
Анықтау үшін қолданылады:
Сөз мәні бүтіннің бөлігі ретінде қаралады және ол туралы бүтін түрінде айтылады;
Сөз мәнінің элементтері қаралады және олар туралы жеке айтылады –талдау; және қайтадан бүтінге жаңа таныммен қайта оралады – синтез.
Заттың функционалды маңызы бар бөліктері ғана ерекшеленеді немесе атап көрсетіледі. Ең көрнекті белгілері және қасиеттері.
Классикалық риторикалық ереженің (канон) екінші кезеңі - диспозиция.
Диспозиция (Ломоносов бойынша) – идеялардың бір тәртіппен орналасуы.
Риторикалық ереже (канон) сөз идеяларының орналасуы арқылы европалық сөз мәдениетін көрсетеді. Дәстүрге сүйене отырып қазіргі заманғы ұсыныстар шешенге ештеңе жүктемейді, тек қана белгілі үлгілерді ұсынады.
Ескі (көне) риториканың ұсыныстары:
Ломоносов бойынша топтардың орналасу тәртібі келесідей:
жансыз заттарды сипаттау:
заттың сипаттамасы беріледі, тек - түрдің мағыналық моделі қолданылады;
бүтін-бөлік мағыналық моделі;
сыртқы қасиеттері (формасы, дерек, мағлұмат);
зат кездесетін орын;
заттың қызмет ету аясы (функция);
куәлік (дәйектемелерге сілтеу жасау, басқа авторлар осы зат жайлы не айтады.
жаны бар заттарды (жануарларды) сипаттау сызбасы:
сипаты, қолданылуы, топ, тек, түр;
қасиеттері, сыртқы көрінісі;
іс-қимылдары, өмір сүру салты;
ішкі қасиеттері: мінез-құлқы, адамгершілігі;
көмегі;
техникалық затты сипаттаудағы талаптар (инструкция);
Сипаттау түсінікті, толық, дәл болуы қажет.
Затты шығармашылық сипаттау үшін сипаттама үш бөлімге бөліну керек – басы, ортасы, соңы.
Басы: 1) сипатталатын затқа арналғанқаратпа сөз (Адамдар!); 2) күннің немесе жылдың уақыты туралы айту 3) заттың қай жерде екендігін немесе қайда кездесетінін айту.
Ортасы: 1) егер зат қимылсыз болса (өзен, дала), сыртқы жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер сипатталады (уақыт, ауа-райы); 2) жансыз физикалық заттар, бөлімдерден тұрса - әрбір бөлім сипатталады; 3) адамгершілілік (ар-ождан, кеңпейілдік) – топ, түр, текке жүгіну, әртүрлілігі, сол секілді қарама-қайшылығы.
4) қозғалыстағы жек тұлға (киноактер) – қасиеттері сипатталады. Ортасы, соңының орналасу ережелері бар: а) ең қызық жері сипаттаманың соңына жақын орналасады; б) артық деталдаудан қашу керек (ең керекті, негізгілерін алу керек); қайталаудан қашқақтау қажет.
Соңы: 1) сөз затына эмоциялы түрде арнау, өз сезімдерін, тілектерін білдіру; адамгершілік идеяларын, моралдық ойларын білдіру.
Әңгімені қалай айту керек:
Әңгіме жүргізудің әртүрлі стратегиясы бар.
Ұсыныстар:
Мазмұндаудың басы:
а) тиісті адамға арнау (назар аудару);
б) әңгіменің негізгі ойы, мазмұндау;
в) жалпы бекітілген шындық беріледі, афористік түрде айтылады;
г) оқиға болып жатқан жердің орны, уақыты, жеке тұлғасы (бейнесі ).
Мазмұндаудың ортасы:
а) кульминацияға жақындап оқиғаның табиғи қалпын сақтау.
Мазмұндаудың соңы: а) әңгіменің шешімі, соңы, қорытынды; осы кезде әңгімені айта отырып нені, кімге, не мақсатпен айтқанды есте сақтау қажет.
Қызық әңгіме құрастырудың принциптері:
Қарапайымдылық, түсініктілік, қысқалық.
Шындық түрінде.
Біртіндеп қызығушылықтың артуы.
Пайымдау (хрия) – сөздің классикалық үлгісі
Ереже. Хрия – сөз немесе пайымдау және ойға салу, қандай да бір тезисті түсіндіреді немесе дәлелдейді.
Хрияда біз тек бір ойды (сөйлемді, тезисті) ғана аламыз, соны шындық ретінде немесе өтірікті теріске шығаруын дәлелдеуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |