Мысалы мынадай схема бойынша
СН4 + СО2 → СН3СООН
Метан мен көмір қышқыл газынан сірке қышқылын алу өте оңай болып көрінеді ,бірақ практика жүзінде бұл реакция жүрмейді.Бірақ жанама жолдар бар ,нәтижесінде қорытынды реакция жоғарыда келтірілгендей күйде болады.
Қазіргі уақытта органикалық синтез «кез келген заттан кез келген затты» синтездейтіндей дәрежеге жеткен.
Бірақ органикалық синтездің құдіреттілігі органикалық реакциялардың өту заңдылықтарын білуде жатыр.Сондықтан болашақ синтезді жоспарлаудың маңызы ерекше.
Органикалық синтез – әртүрлі аспектілерді (тәсілдер, әдістемелер, теңестіру, аспаптар және т.б.), органикалық қосылыстардың, материалдар және бұйымдардың алынуын зерттейтін органикалық химия мен технологияның бөлімі, сонымен қатар өзі заттарды алу процесі.
Органикалық синтездің мақсаты – заттарды бағалы физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен сақтап алу және теориялық айтуларды тексеру. Қазіргі заманғы органикалық синтез көп қырлы және барлық практикалық органикалық молекулаларды алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |