Тақырып: Тұлғаны қалыптастыру және дамыту. Тұлғаның қорғаныс механизмдері


Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі19,01 Kb.
#84218
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Тилеуберди Хыргауыл

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабылеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.
Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруіңде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқамыз.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық заңдардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, «жеке тұлға» деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде «Көре алмас іші тар, несі артық менен»деушілердің көп болатыны дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.
Жеке тұлғаға тән қасиет – ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз – миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.
Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет