Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет12/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Жұмыс барысы:
Бактериялардың спораларын «Циль» әдісімен бояу
Таза заттық шыны бетіне ілмешекпен «жұғынды» препараты жасалынып, спора қабаттарын босату үшін 5%-ті хром қышқылының ерітіндісін 5 минутқа тамызамыз.
«Жұғындыны» сумен шайып, төрт бұрышты фильтр қағазы орнатыл-ып, оның үстіне карбол фуксині тамызылады. Жалынның үстінде бу шық-қанша 6-8 миут ұстайды. Препарат кеуіп кетпес үшін үстіне фуксин тамы-зу керек.
«Жұғынды» сумен толық шайылып, 1%-ті күкірт қышқылының еріт-індісімен 30-60 секунд аралығында ашық-қызыл түске боялғанша дифференцияланады. Вегетативті клетканың цитоплазмасындағы бояу күкірт қышқылымен шайылып, проспора және спора боялып қала береді.
Дифференциациядан соң препарат сумен шайылып метилен көгімен 10-15 минут боялады. Мазок қайтадан сумен шайылып ауада кептіріледі. МИ-90 объективімен зерттегенде, препараттағы шашылған споралар мен споратүзуші клеткадағы проспора аймағы қызыл түске, ал вегетативті клетка – көк-көгілдір түске боялады.
5.3. Грам әдісімен клетка қабығын бояу
Грам әдісімен бояу тәсілі бактериялардың түрін анықтаудағы диагностикалық белгілердің бірі болып табылады. Бұл әдістеме кейбір бакте-риялардың генцианвиолет (кристаллвиолет) пен иод арасында күшті қосылыстар түзуіне негізделген. Осы бактериялар этанолмен әсер ету ба-рысында түзілген қосылысты сақтап, күлгін түсті болып, қала береді. Мұн-дай формадағы бактерияларды Грам «оң» деп атайды.
Бактериялардың екінші түрлері 95%-ті этанолмен әсер ету барысында түссізденіп, комплексті сақтамайды. Сондықтан мұндай бактериялар қосы-мша бояудың (фуксин) түсіне боялып–ашық-қызыл түске боялады. Ондай бактериялар Грам «теріс» деп аталады.
Грам әдісімен әртүрлі боялатын бактериячлардың бірнеше өзгешелі-ктері байқалады. Мәселен, цитоплазмамен сыртқы қабаттардың химиялық құрамы, клеткадағы РНҚ мен ДНҚ-ның болуы, цитоплазманың изоэлектрикалық құбылысы, антибиотиктерге сезімталдығы екі топта да өзгеше болып келеді.
Бактериялардың Грам әдісі бойынша боялуы оның жасына, өсіру ортасына қарай өзгеріп отырады.
Грам әдісімен бояу үшін жас, бір тәуліктік культураларды алған дұр-ыс, себебі ересек культуралар Граммен айқын боялмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет