Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет14/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Қайнату арқылы стерилизациялау. Металл аспаптар мен резеңке түтіктерді қайнату арқылы стерилизац-иялайды. Кейбір бактериялыардың споралары суда бірнеше сағат қай-натқанда өз тіршілігін сақтайтын болғандықтан, қайнату арқылы стерили-зациялауды 2%-ті карбонат натрий ерітіндісінде 10 минут көлемінде қайнату арқылы жүргізу ұсынылады. Бұл жағдайда споралар өледі.
Құрғақ ыстықпен стерилизациялау
Құрғақ ыстықпен негізінен шыны ыдысытарды стерилизациялайды. Бұл кезде пробиркаларды, колбаларды алдын-ала мақта тығынмен жабады. Стерилизацияланған заттарға ауадағы микробтардың жұғуын болдырмас үшін, оларды стерилизациялау алдында сыртынан қағазбен орайды және оралған қағаздан тек жұмыстың алдында ғана шығарады.
Пипеткаларды ені 2,5-3,0 см болатын қағаз тілімдерімен орайды. Ал-дын-ала ауызға алатын пипетка ұшына мақта тампонын тығады. Пипет-каның капиллярлы ұшын қаға тіліміне 450 бұрыш жасап орналастырады және спираль бойымен орайды.
Петри табақшаларын шаршы түріндегі қағазға орайды. Петри табақ-шасын қағаз ортасына қойып, оны екі қарама-қарсы жағынан жоғары қарай қайырады., шеттерін екі рет тігіс жасап қайырады. Екі бос шетін төмен қайырады. Бұлай орағанда табақшаның жоғарғы және төменгі жағын оңай айыруға болады. Осылай оралып дайындалған ыдысты кептіргіш шкафқа қойып,160-1700Стемпературада 2 сағат бойы қыздырады. Осылай қыздыру барысында тек бактериялар ғана емес,олардың споралары да өледі. Кептір-гіш шкафтағы температура 1750-дан жоғары болып кетпеу керек, себебі он-дай кезде мақта тығындар қарайып кетеді, ал қағаз ораулар күйіп кетеді.





Сурет 16. Құрғақ ыстық шкаф
Бу ағынында стерилизациялау. Бөлшектеп стерилизациялау немесе тиндализациялау.
Қоректік орталарды (сүт, солод, желатина), суды, резеңке түтіктерді және құрғақ ыстықтан бүлінетін т.б.заттарды бу ағынымен стерилизациялайды.
Бу ағынында стерилизациялауды Кох аппаратында немесе ашық вентильді автоклавта жүргізеді. Олардағы суды қайнауға дейін жеткізеді және түзілген бу стерилизацияланатын обьекттерді стерилизациялайды.
Стерилизацияланған қоректік орталардың температурасы 1000С-ге дейін жетеді. 30-45минут мөлшерінде қыздыру бактерияның вегетативті клетка-ларының өлуіне әкеліп соғады, бірақ бұл кезде олардың споралары өлмей-ді. Келесі күні қыздыруды қайталайды. Осы кезде спорадан дамыған вегетативті клеткалар өледі. Толық стерильденуі үшін сұйықтықты тағы бір тәулікке қалдырып қыздыруды қайталайды. Мұндай стерилизациялауды бөлшектеп стерилизациялау немесе тиндализациялау деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет