Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған


Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау тәртібі.Микроскоп оның құрылысы және микроскоппен жұмыс істеу ережелері



бет2/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа

Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау тәртібі.Микроскоп оның құрылысы және микроскоппен жұмыс істеу ережелері
Құрал-жабдықтар: микроскоп, жарық бергіш, иммерсиялы май.

    1. Техника қауіпсіздігін сақтау ережелері:

  1. Зертханада темекі тартуға, тамақтануға болмайды.

  2. Қопарылыс болдырмас үшін спирт шамдарын бір-бірінен тұтан-дыруға болмайды, ол үшін сіріңке немесе тұтатқыш пайдалану керек.

  3. Химилық және басқа реактивтермен жұмыс істеу ережелерін сақтау қажет.

    1. Зертханада жұмыс істеу ережелері.

Микробиологиялық зертхана ауасынды, зертханадағы заттардыың беткі қабатында, зертханадағы жұмыс істейтін адамның киімінде, қолында көптеген әртүрлі микроорганизмдер болуы мүмкін. Сондақтан микробио-логиялық зертханада жұмыс істеген кезде бірқатар ережелерді сақтау қа-жет:

  1. Микробиологиялық зертханаға тек халатпен кіру және жмыс істеу керек.

  2. Микробиологиялық зертханада белгілі бір өзіне бекітілген орында және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу қажет.

  3. Жұмыс барысында тазалық және ұқыптылық сатау қажет. Жұмыс соңында жұмыс орынын және құрал-жабдықтарды ретке келтіріп, тазалап қою керек.

    1. Микроскопиялық техникамен танысу.

Микробиологиялық практикада МБИ-1, МБИ-2, МБИ-3 және т.б. микроскоптары кеңінен пайдаланылады. Олар микроорганизмдердің формасын, құрылымын, мөлшерін және басқа кейбір белгілерін зерттеу үшін қол-данылады. Микроскоппен жұмыс істеу үшін препартқа жарық дұрыс түсуін қамтамасыз етіп және оны әртүрлі обьективтермен микроскоптау қажет. Жарықтың түсуі табиғи және жасанды болуы мүмкін. Жасанды жа-рық түсіру үшін арнайы жарық көздері, мысалы ОИ-3 жарық бергіші қолданылады.
Иммерсиялы обьектілі препараттарды микроскоптауда төмендегі ере-желерді сақтау қажет:

  1. Дайындалған препаратқа иммерсиялы майдың аздаған тамшы-сын тамызу және заттық үстелшеге орналастыру керек.

  2. Револьверді бұрап, 90 иммерсиялы обьективті қою керек. Мик-роскоп трубасын төмен түсіріп, иммерсиялы обьективтің фронтальды линзасын май тамшысына батыру керек.

  3. Макрометрлік винт көмегімен бағдарлаушы фокусты орнату керек.

  4. Бір айналым жасау арқылы микрометрлік винт көмегімен соң-ғы фокусировкасын орнатады.




Жұмыс аяқталған соң микроскопты ретке келтіріп қою қажет. Арнайы шүберекпен иммерсиялы обьектитің майын мұқият сүртеді, револьверді бұрау арқылы кіші ұлғайтқышты құрғақ
обьективке қою керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет