Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет5/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Зертханалық жұмыс №4
Ашытқылардың морфологиясы.


Ашытқылардың морфологиясы, бояу әдісі
Ашытқылар – бір клеткалы, мицелий түзбейтін, қимылсыз эукариоттар. Ашытқылардың клеткалары дөңгелек, таяқша немесе сопақ тәрізді, диаметрі 4-12 мкм аралығында болады.
Сәулелі микроскоппен ашытқының клетка қабығы, цитоплазма, вак-уольдері анық көрінеді. Арнайы бояумен цитоплазмада жекеленген ядро, гликоген түйіршіктері, май тамшылары және волютин дәндері көрінеді.
Тығыз қоректі ортада ашытқылар төмпешік, дөңгелек, үшкір, беті тегіс немесе қатпарлы (складка) колониялардан тұрады. Ашытқылардың колониялары түссіз, сары-қызғылт немесе ашық-қызыл түске боялады.
Вегетативті көбеюге байлансты ашытқылар үш тұқмдасқа бөлінеді: Saccharomycetaceae арқылы көбейетін ашытқылар; Schizosaccharomycetaceae–клеткалары жақтау арқылы бөлінетін ашытқылар; Saccharomycodaceae –бөліну процесі бүршіктенумен басталып, түзілген жас клетка аналық клет-кадан жақтау арқылы бөлінеді.
Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар, микробиологиялық ілмешек, спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культурасы, пробирка, мақта, агар-агар, зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, метилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, спирт.
Жұмыс барысы: Ашытқының клеткалары көптеген қосымша компоненттерден тұрады: волютин дәндері, гранулеза, гликоген, май тамшылары.
Ашытқылардың морфологиясын зерттеу үшін оларды 6-7% сұйық Баллинг ортасында немесе сусло агарда (СА) өсіріп зерттейді. Егер клетканың пішіні мен көлемін анықтау керек болса, 2-3 тәулік өскен ашытқы клеткасынан «тірі» препарат дайындалып, зерттелінеді.
Ашытқының ядросы, бактериялардыкімен салыстырғанда ядролық мембранамен қоршалған.

А



Б
Сурет 6. А. Ашытқы клеткаларының құрылысы: 1) клетка қабығы, 2) Бөлініп жатқан ядро, 3) гликоген дәндері, 4) цитоплазма, 5) метахроматин, 6) вакуоль, 7) митохондриялар 8) клетка мембранасы, 9) рибосомалар.
Цитоплазмасында көптеген құрылымдық элементтер бар:

  1. Митохондриялар – ұсақ, әртүрлі пішінді жеке қабаттар;

  2. Рибосомалар – белок синтезі жүретін ұсақ денелер;

  3. Вакуольдер – клетка шырыны бар дөңгелек формалар. Вакуоль деңгейінде белок, электролит,май, формиаттар және метахроматин (волю-тин) еріген. Метахроматин кейбір мәліметтерге қарағанда, көбею, өсу про-цестеріне әсер етеді.

Ашытқылар пішініне қарай эллипс, сопақ пішінді, лимон тәрізді бо-лып келеді. Оларды морфологиялық және көбеюерекшеліктеріне байла-нысты үш тұқымдасқа жатқызады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет