Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған


Сурет 3. Микроорганизмдер колониясы



бет4/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Сурет 3. Микроорганизмдер колониясы
2.2. Аспа тамшы препараты
Жұмыс барысы: жабын шыны ортасына бактериологиялық ілмешекпен зерттеу материалының аздаған тамшысын тамызып, оны арнайы ортасында ойығы бар шынының ойығының үстіне аударады. Заттық шыны ойығыны айналасына вазелин жағады. Тамшы заттық шыны ойығының үстіндегі жабын шыныда төмен қарай салбырап асылып тұруы керек. Препарат ұзақ уақыт сақтала алады. Аспа тамшыны жалпақ айнаны пайдалана отырып, микроскоппен қарайды. Диафрагманы бұл кезде тарылтады.
Кіші ұлғайтқышпен қарағанда тамшының шетін тауып ал керек. Сосын тамшы шетін микроскоптың көру кеңістігінің ортасына апарып, үлкен ұлғайтқышқа ауыстырады, бұл кезде диафрагманы кеңейтеді. Осылай зерттеу материалының қозғалғыштығын және қозғалмауын орнатуға болады.


Зертханалық жұмыс №3
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың морфологиясы.
Зең саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар эукариотты организмдерге жатады, мицелиальды құрылысы болады. Көптеген саңырауқұлақтардың мицелийі перделерге бөлінген, ал басқаларының мицелийі перделерге бөлінбеген. Саңырау-құ-лақтар жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді және көбею органда-рының құрылысы жағынан әр түрлі болады. Жыныссыз көбею кезінде споралар ауа мицелийінің ерекше гифаларында, конидийлерінде немесе спорангийлерінде түзіледі. Саңырауқұлақтардың спорангийлері, әсіресе конидийлерінің құрылысы және сыртқы түрі әр түрлі өкілдерінде алуан түрлі болады. Жынысты көбею кезінде спора түзілуге жыныс процесі, яғни екі жыныс клеткалар-ының қосылуы, сонымен бірге олардың ядроларының бірігуі бастама болады. Нәтижесінде арнайы маманданған көбею орган-дары түзіледі. Бұл орг-андардың, жыныс процестерінің формалары саңы-рауқұлақтарда көптүрлі болады.
Материалдар мен құрал-жабдытар: саңырауқұлақ өсірілген Петри табақшалары, бактериологиялық ілмешек, ине, микроскоп, жарық баргіш, заттық және жабын шынылар, фуксин сулы ерітінділі бояуы, иммерсиялы май, сүзгіш қағаз.
Жұмыс барысы:
Гифалы саңырауқұлақтарды, әсіресе олардың конидийлерінің құры-лысын зерттеу үшін «жаншылған тамшы» препаратын дайындайды. Ол препаратты дайындау үшін гифаларымен бірге мицелийдің аздаған бөлігін жанасып жатқан қоректік ортаның жұақа қабатымен бірге инемен алады.

Кесте 1
Саңырауқұлақтар мицелийі


Туысы Мицелийі Спора түзуші гифалары Спора типі Спораларының орналасуы


Mucor Перделерге бөлінбеген Перделерге бөлінбеген спорангий Эндоспоралар Спорангийлерінде орналасады
Aspergillus Перделерге бөлінген Перделерге бөлінбеген конидий Экзоспоралар Конидий ұшта-рында, шашақ тә-різді орналасады
Penicillium Перделерге бөлінбеген Перделерге бөлінген конидий Эндоспоралар Конидий ұштары-нда, саусақ тәрізді орналасады.
Алынған материалды заттық шыныға тамызылған су тамшысына салады, инемен мицелийін жөндейді, бетіне жабын шыны жауып, микроскоптайды. Препаратты алдымен кіші ұлғайтқышты, сосын үлкен ұлғайтқышты объек-тивпен қарайды. Әсіресе зерттелетін материалдың шетіне назар аударады, себебі шетінде көбею органдары жаққсы көрінеді. Кестені пайдалана отыр-ып, зерттелген саңырауқұлақтардың туыстарын анықтайды.
15.1. Актиномицеттер. Берги анықтамасы (1980ж) бойынша 17 топқа белгіленген (Streptomycetaceae тұқымдасы).
Актиномицеттер- бактериялар мен зең саңырауқұлақтардың қаси-еттерін біріктіретін ерекше микроағзалар. Негізінен актиномицеттердің денелері мицелий құрайды. Зең саңырауқұлақтардан айырмашылығы – мицелийі септасыз, бір үлкен тармақталған клеткадан тұрады.
Актиномицеттердің гифасының диаметрі 0,1-1,0 мкм, бактериялардың клетка қабығына ұқсас, яғни белок, липид және мукополисахарид компон-енттерінен трады.
Ультрамикроскопиялық анализде актиномицеттердің цитоплазмасын-да ЦПМ байланысқан мезосомалар байқалады. Цитоплазма түйіршіктерден тұрады, олар полифосфат, полисахарид түйіршіктері, кейде май тамшыла-ры. Қоректік ортаға байланысты полифосфат, РНК- дан тұратын волютин-дәндері кездесуі мүмкін.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, ересек, яғни қартайған культураларда қор заттар орнына вакуоль кездеседі.
Актиномицеттердің ядролық заттары тармақталған жіңішке жіпше-лерден тұрады, цитоплазмадан арнайы ядролық мембранамен қоршалмаған. Дамыған ядроның кездеспеуі зең саңырауқұлақтардан ерекшелендіріп, бактериялармен біріктіреді.
Актиномицеттердің колониялары тығыз, түссіз немесе пигменттелген. Колония түсі көк, күлгін,қызыл, сары, қызғылт, жасыл болады.
Актиномицеттердің субстраттары қоректік ортаның ішіне қарай еніп өседі, оларды субстратты мицелий деп атайды. Субстрат (қоршаған орта) үстіндегі мицелийді ерекше ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет