Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет9/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Жұмыс барысы:
Волютинді анықтау. Идентификациялау
Микроорганизмдердің культураларынан тірі препарат дайындап түй-некайдынды микроскопиямен анықтау барысында ірі волютин дәндерін цитоплазмадан бақылауға болады.
5.1.1.Волютинді Омелянский әдісімен бояу
Заттық шыныға қақталған препарат дайындалып, 30-40 секунд ара-лығында карбол фуксинімен боялып, сумен шайылады. Жұғындыны 1%-ті күкірт қышқылына 20-30 секунд батырып, жылдам сумен қайта шаяды. Күкірт қышқылы цитоплазманы түссіздендіріп, волютин дәндері фуксин түсімен боялып қала береді. Препаратты соңынан 20-30 секунд метилен көгімен бояп, сумен шайып, ауада кептіреді. МИ-90 объективімен бақы-лағанда волютин дәндері қызыл түске, цитоплазма – көгілдір түске боя-лады.
5.1.2. Волютинді Леффлер әдісімен бояу
Микроорганизм культурасынан қақталған препарат дайындалып Леффлер метилен көгімен 3 минут боялады. Жұғындыны сумен шайып, кептірмей жабын шынымен жабады. ВИ-40 объективімен зерттеу бары-сында цитоплазма көгілдір, волютин дәндері қызыл-күлгін түске боялады.
Волютин дәндерін анық дифференциялау үшін жабын шыны астына 1 %-ті күкірт қышқылдың бір тамшысын тамызып, фильтр қағазбен ығыс-тырады. Волютин дәндері түсін сақтап, цитоплазма түссізденеді. Керсінше нәтиже алу үшін, жабын шыны астына 5%-ті сода ерітіндісін тамызады. Волютин түссізденіп, цитоплазма көгілдір түсін сақтайды.
5.1.3.Гранулезаны бояу
Заттық шыныға микроорганизмдер суспензиясы дайындалып бір тамшы төменгі концентрациядағы Люголь ерітіндісі тамызылады. ВИ-40 объективімен зерттеу барысында гранулеза қара-көк түске боялады.
5.1.4 Гликогенді бояу
Гликогенді анықтау үшін жоғарғы концентрациядағы Люголь ерітін-дісі пайдаланады. Жұғынды препараты дайындалып, Никифоров ерітіндісі-мен 5 минут аралығында қақталады. Жұғынды 30-40 секунд Люголь ерітін-дісімен боялып, сумен шайылып, жабын шынымен жабылады. ВИ-40 объективімен зерттеу барысында гликоген түйіршіктері қызыл-қоңыр түске боялады.
Егер препаратты 600С-ге дейін қыздырса гликоген көрінбей, пре-парат суығаннан кейін қайта қалпына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет