Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет3/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Сурет 1. Микроскопиялық техника
Модуль 1. Микроорганизмдер морфоцитологиясы


Зертханалық жұмыс №2
Микроскопиялық зерттеулерге қажет препараттарды дайындау техникасы. Микроорганизмдер препараттарын бояу техникасы.
Препаратты әзірлеу үшін зерттелетін материалды алдын-ала спирт шамында стерильденген бактериологиялық ілмешекпен немесе стерильді пипеткамен алады.
Материалды ішінде бактерия культурасы бар пробиркадан алар алд-ында, оң қолмен ілмешек ұстағышынан ұстап ілмешекті спирт шамы-нының жалынында қызарғанша қыздырады. Сосын сол қолмен про-бирканы спирт шамы жалынына тап, ішіндегі қоректік ортаның беткі қабаты толық көрінетіндей етіп алып, оның тығынын оң қол саусағымен қысып алып, пробирка шетін жалынға қариды. Материал алу кезінде пробирканы жалынға тиертимес етіп, көлбей ұстаған дұрыс. Жалынға қарылған ілмешекті пробирканың ішіне кіргізіп,оны пробирка қабырға-сының ішкі жағында ұстап суытады, сосын егу материалын алып, ілме-шекті пробиркадан шығарады, пробирканың шетін, тығынды қайтадан жалынға қарып, тығынды жабады. Препарат даярлап болған соң ілмешекті жалында стерильдейді.
Материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоп, заттық және жабын шынылар, бактериологиялық ілмешек, спирт шамы, микроорга-низмдер культуралары, бояулар метилен көгі,сулы фуксин, сүзгіш қағаз, иммерсиялы май.





Сурет 2. Микроскопиялық техника



    1. Тірі (витальды) препарат

Жұмыс барысы: Таза заттық шыны бетіне су тамшысын тамызады. Сосын оған микробиологиялық ілмешекпен зерттеу материалын салып, оны мұқият араластырады. Бактериальды суспензияны жабын шынымен жағып, сосын оны микроскоптайды.
Микроорганизмдердің «жаңшылған» тамшы препараттарын дайындау және оларды микроскоппен қарау (Saccharomyces, Bacillus туыстары).
Препараттарды микроскоппен қарап болған соң, обьектілердің сурет-ін салу керек. Сурет астына культура атауын жазу керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет