III. Халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы
60 жылдың ортасында аз елдің партиялық-мемлекеттік басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстады. Мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 жылдар мен салыстырғанда артыуында белгілі дәрежеде оң рөл атқарды. 70 жылдың бірінші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа ставкамен жалақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. 1977—1978 жж. өндірістік емес салалардың қызметкерлері үшін жаңа өлшемдер мен жалақылар белгіленді. Егер 1965 жылы халықтың 4% ғана табысы айына жанұя мүшелеріне шаққанда 100 сомнан және одан жоғары болса, ол 1977 жылы олардың саны 40% жетті. Тұтас алғанда республика жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа айлық табысы 1971—1989 жж. 89%, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы осыған сай 93,6% 133,9 сомнан 259,3 сомға дейін өсті. Совхоздар қызметкерлерінің жалақысы да елеулі түрде — 121 сомнан 247 сомға дейін өсті. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті. (100 сомнан — 210 сомға) халықтың төмен айлық алатын өкілдері орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Жасына қарай төленетін айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін көтерілді.
Жалақының осындай дәрежеде өсуі жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келеді деп санады, ал шын мәнінде бұл шындыққа сай емес еді. Мемлекеттің және монополист кәсіпорындарының бағаны көтеруі, товарлар сапасының төмендеуі, тапшылықтың өсуі, жалақы көлемін қолдан төмендету, ақы төлеудегі теңгермешілік сияқты факторлар халықтың тұрмыс дәрежесінің құлдырай беруіне әкеп соқты. Өнеркәсіптегі таза өнімде жалақының үлесі үнемі төмендей берді, 1927 жылы ол 58% болса, 1985 жылы 36% болды.
Халықтың нақты табысының төмендеуіне ақшаның құнсыздануы да әсер етті, мұны көп уақыт бойы мемлекеттік органдар халықтан жасырып келді. Құнсыздану қарқыны жылына 4% (ғалымдар есебі бойыншаша) екенін есептегенде нақты жалақы 1970—1986 жж. 20% төмендеді. 1985 жылы 1 сом 60 жылдың ортасындағы 1 соммен салыстырғанда 54 тиынға тең еді. ОКП ХХV съезінде партия басшылығы ақшалай табыстың жеке өзін алып қарағанда тұрмыс дәрежесінің нақты өсуі емес екенін мойындауға мәжбүр болды.
Қарастырылып отырған осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем зейнетақы және степендия төлеуге, тегін білім алуға,денсаулық сақтауға, мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972—1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33% көбейтілді. 1975 жылы Отан соғысы мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Ана мен баланы қорғау жөніндегі шаралар белгіленді. Отан соғысы на қатынасқандардың материалдық-тұрмыс жағдайы жақсартылды, бала кезінен мүгедек болғандарға жәрдем көбейтілді. Алайда бұл шаралардың халықтық тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді.
Зейнетақылардың, жәрдем ақының ең аз мөлшері мардымсыз өсірілді, себебі оны өсірудегі негізге алынған мөлшері одан да мардымсыз болатын. Халықтың едәуір бөлігінің, әсіресе зейнеткерлердің, көп балалы жануялардың табысы төмен күйінде қалды, ол көбінше күнкөру минимум да қамтамасыз етпеді. 70—80 жж. көпшілік қолды көптеген тауарлар бағасының тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсетудің, көліктің көптеген түрлері бағасының ресми және ол сияқты жасырын түрде жоғарлатылуы халықтың нақты табысын едәуір төмендетті.
Тапшылық күшейе түсті. Сатудан балаларға, қарттарға арналған арзан тауарлар жоғалып кетті, көптеген азық-түлік түрлері жетіспеді. Тамақ өнімдерінің сапасы нашарлады. Сонымен қатар олардың бағасы қымбаттады. Сағаттап кезекте тұру — кеңестік құрлыстың айнымас серігі, үйреншікті әдетке айналды.
70—80 жж. адамдардың көпшілігі кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты еді. Мұндай артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін тұғызды, іс жүзінде алып қарағанда, сомның сатып алу құны әртүрлі тұтыну рыноктарын қалыптастыру болды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендікпринципті қатаң сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.
Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі еді. Қаралып отырған дәуірде оны шешуде кейбір алға басулар байқалды. 2208,7 мың пәтер салынып, 13 млн. адам жаңа пәтер алып, өз үйін сатып немесе пәтер кеңейтіп өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Алайда халық санының өсуіне байланысты олар тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеді. Үй салуға бөлінген күрделі қаржы азайды, сол себепті салынған пәтер саны да азайды, тұрғын үй құрлысының жоспары орындалмады. Тек он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Осындай жағдайда 70—80 жж. басында республиканың орталығында және облыс орталықтарында құны қымбат әкімшілік үйлері салынып жатты.
Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағыныштылығы, әлеуметтік-мәдени салалардың проблемаларын бағаламау, олардың дамуына ресурстарды қалдық принцип бойынша бөлу мына жағдайға әкеліп соқтырды: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесін белгілейтін көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы одақтың көрсеткіштерден артта қалып қойды. 70—80 жж. Одақтас республикалардың даму дәрежесін жеңестіру туралы жарияланған ереже іске аспады. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық полигонының зардабы тараған аймақ, Арал өңірі адам баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы селолық аудандар қалыпті дәрігерлік көмекпен, ауыз су мен, көкөніс және жемістермен қамтамасыз етілмеді, оларда бала бақшалар, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Осы жағдай республика мен орталық арасында қарама-қайшылықтың шешеленісуіне объективті негіз болды.
Республика халқының тұрмыс дәрежесінің жағдайын қарастыра отырып, 70—80 жж. соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың негізгі бөлігінің жағдайының жақсарғанын мойындау қажет. Жанұялардың көпшілігінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, үй жиһаздары жәнебасқа ұзақ пайдаланылатын заттар пайда болды. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тұрмыстық көріністері — жер кепелер, барактар көзден кете бастады, коммуналды пәтерлерде тұратындардың саны азайды. Түристік сапармен шет елді, елді аралаушылардың, санаторийлер мен демалыс үйлерінде дем алушылар саны көбейді.
Бірақ та әлеуметтік саланың проблемалары оларды шешу қарқынынан тез көбейді, оны қалдық принцип бойынша қаржыландыру дәрігерлік қызмет, мектепке дейінгі тәрбие, білім беру сапасының артта қалуына әкеліп соқтырды. Жағдай, көбінесе ауылдық жерлерде нашарлады. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс объектілерін салу, қызмет көрсету саласын дамыту халықтың қажетінен барған сайын артта қалды, осының барлығы халықтың заңды наразылығын туғызды. Азық-түліктің, сапалы өнеркәсіп тауарларының тапшылығы күшейді, адамдар өмірінің орташа ұзақтығы қысқарды. Еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды, “қылмысты экономика” дамыды. Осының барлығы әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйесі күйретуге әкелген объективті себептер болды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреп, нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауы әлеуметтік әділеттікті орнатпады, керісінше оны күшейтті. Осы нығаюдың орнына соңына дейін оның күйретілуі болды. Әлеуметтік қарама-қайшылық шиеленісті, экономика одан әрі күйреді. Өндіріс өсудің орнына құлдырай түсті, осыған байланысты еңбек өнімділігі және тұтыну дәрежесі төмендеуде, әлеуметтік-әділеттілік балаларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын әлеуметтік қорғау проблемасын туғызды. Еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік жойылды, бірақ ақы төлеудің ауылы әділеттіктеналмақ. Шаруашылықта жүргізудің жаңа түрлері—мердігерлік, жалға алу, кооперативтер, бірлескен кәсіпорындар, жеке меншік кәсіпорын, коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар осы ұжымдарда жұмыс атқаратын адамдар үшін орынсыз жоғары табыс беруде. Сауда-саттық кооперативтердің мүшелері шексіз байып жатыр. Әлеуметтік жіктелу процесі күшейюде, көпшіліктің табысы тұтыну минимумынан төмен дәрежеде. Ақшаның құнсыздануы, бастала бастаған жұмыссыздың адамдардың келешекке сеніміннен айырды, халықтың материалдық жағдайын құлдыратуға әкеліп соқты.
Қорытынды
Қайта құру алғашқыда қоғамдағы істің жағдайын тез арада жақсартып жіберетіндей көңіл-күй туғызғанымен үміт ақталмады. Өйткені қайта құрудың мақсат, міндеттері айқындалмады. Әдіс-тәсілі талданып, шешілмеді. Ол құрғақ сөзбен басталып, дауға ұласты. Елді басқарып отырған адамдардың мемлекеттік оргаңдарды жоғарыдан төмен қарай қайта ұйымдастыру шараларының салдары экономиканы басқару мен халықтың әлеуметтік жағдайына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуге әкелді. Орталықта және жергілікті жерлерде бұрынғы басшылардың беделін түсіретін материалдар іздестіріліп, ол бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы жария етіле бастады. Жаңа басшылық өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келді. Алайда биліктің тізгінін өз қолдарына «берік ұстағанымен» экономиканың тұралауына, қылмыстың күрт көбеюіне және дүкен сөрелерінің каңырап бос қалуына бұрынғы және жаңа басшылық та жауапты еді.
М. Горбачевтің «Қайта құру» саясатының мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату еді. Бірақ, бұл саясат өз мақсатын іске асыра алмады, керісінше, экономикалық тоқырау нәтижесінде әлеуметтік жағдай күрт шиеленісіп, ақыры КСРО-ның күйреуіне әкеліп соқты. Бұл тарихи оқиғадан шығатын басты түйіндердің бірі мынау – мемлекет тарихы, ұлт және ұлттар тарихы мемлекет басында тұратын билік иелерінің саясатына бағына бермейді. Кез-келген мемлекеттің, ұлттың өзіне ғана тән объективті тарихы бар. Мемлекеттің және ұлттың мұндай тарихы жеке адам үшін оған сырттан таңылған «әлеуметтік тағдыр» есебінде көрініс табады. Себебі, жеке адам өз ата-анасын өзі таңдамайтыны сияқты, өз ұлтын, өз мемлекетін, өз Отанын да өзі таңдамайды. Соған сай өзінің қоғамының тарихын да өзі таңдамайды. Мемлекет және ұлт тарихы жеке адамға сырттан танылады. Енді, осы сырттан таңылған тарихқа қалай қарау керек? Тек шүкіршілікпен қарап, имандық тұрғысынан бағалау керек. Сонда ғана біз «қайта құрудың» қазаққа берген жемісін және жетістігін көре аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғарғы оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық/Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2010. – 448 бет
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова және т.б. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2011. – 376 б.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. IV томдық. Алматы; 1996, 1999, 2002.
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы. 1993 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |