Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Бөлім қызметкерлері 1983-1986 жж. аралығында "Кеңестік Қазақстандағы тарих ғылымының дамуы" атты мемлекеттік тапсырыстағы тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылады. Алға қойылған басты міндет республикадағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын; тарих, өлкетануды зерттеу саласындағы ғылыми қоғамдар мен мекемелердің құрылуын; тарихшы ғалымдарды даярлау, басты ғылыми-зерттеулердің бағытын анықтау болып табылады. Осылардың ішінде қазақстандық археология және этнография, ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәселелердің зерттелуі мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихы, революциялық қозғалыстар, қазан революциясы мен азамат соғысы тарихнамасына, Ұлы Отан соғысын кезеңдеу мәселелеріне, тың және тыңайған жерлерді игеру мен қайта құру, қазіргі заман тарихының көптеген өзекті мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігі күн тәртібіне қойылады.
Зерттеу мәселелерінің жиынтығы бойынша КСРО ҒА мүше-корреспонденті Б.А. Төлепбаевтың редакторлық етуімен 1983 ж. "Вопросы историографии Казахстана" атты үлкен монографиялық жинақ жарық көреді.
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кеңестік дәуірге дейін және сол кеңестік кезеңде қордаланып қалған тарихи білімдер жарыққа шығару мен өңдеу, сараптаудан өткізілді. Тәуелсіздік жылдары жүргізілген ғылыми ізденістер отандық тарихымызды дүниежүзілік даму, түркі әлемі аясында, жалпы Дала өркениеті мәдениетінің даму жүйесінде қарастыру қажеттігін көрсетеді. Айтылған тұжырымдар "Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихнамасың тақырыбы аясында жүргізілген кешенді іргелі зерттеулердің нәтижесі. Тақырыпты орындаудың ақырғы нәтижесінде 3 монографиялық еңбек: Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 2-кітап. -А., 1998; Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ вв. -А., 1997; Абылхожин Ж.Б. Страна в центре Евразии. -А., 1998 және 1 құжаттар жинағы "Қаћарлы 1916 жыл" жарияланды.