Тақырыптың өзектілігі


Семестрлік жұмыстың мақсаты –



бет4/10
Дата14.12.2021
өлшемі42,54 Kb.
#126557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-88275

Семестрлік жұмыстың мақсаты – XX ғасырдың 80-90 жылдары коммунистік партия жүзеге асырған қайта құру кезеңін зерттеу.

Соған сәйкес мынадай міндеттерді шешуді көзделді:

  • қайта құру идеясының әлеуметтік-экономикалық өміріне тигізген әсерін талдау;

  • қайта құру кезеңдерін ашып көрсету;

  • 1985 жылы жарияланған қайта құру бағытының белгілерін қарастыру.


I.Қайта құру кезеңі

XX ғасырдың 80-жылдарының басында одақтас республикалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мүшкіл болды. Қайта құру процестерінің тактикасын айқындауда өрескел қателіктер жіберілді, бірақ қайта құруды бастаушылар өздерінің кемшіліктерін дер кезінде мойындамады. Экономика мен саясаттағы дағдарыс өрши түсті. Кейбір аймақта саяси талап қойған кеншілердің ереуілдері болды. Осындай жағдайда орталықтың позициясы әлсірей берді. Бүкіл экономикалық саладағы және барлық қоғамдық жүйе мен жеке адамдардың өміріндегі орталықтандырылған басшылық, партия және мемлекеттік аппарат іс-қызметтерінің қосақтасып-қабысуы, оның бюрократтығы заңдылықтардың аяққа тапталуы, қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері бойынша жариялықтың жоқтығы сияқты көлеңкелі құбылыстардың шешімін таппағандығы былай тұрсын, оны шешудің қажеттілігін түсінбей, мемлекет басшылары дәрменсіздік, солқылдақтық танытты. Өзгеріссіз қатып қалған экономикалық формалар, тұнып тұрған қоғамның саяси-ұйымдастырушылық құрылымы орын тепкен қайшылықтарды шешуге бөгет болды. Ел қоғам дамуының жаңа тұжырымдамасын қажет етті.



1985 жылғы наурызда К.У.Черненко өлгеннен кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды, қайта құруды жеделдету тұжырымдамасына сәйкес 1985-1987 жылдары қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалынды. Бірақ М.С.Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен шұғылданудың орнына 1987 жылы негізінен сыртқы саясатпен айналысты. Ол өзін реформалаушы ретінде көрсетіп, Батысқа ұнамақ болды, ал олар болса «Горбачевке көмектесу» жөнінде бәрі бір пікірге келіп: реформа араны ашылған әскери алпауытты ауыздықтайды деп білген. Сол жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы болып өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. 1985 жылғы сәуірде партия қоғамды демократияландыру жіне оны жариялылық негізінде қайта құруды жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өзіне алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Бұл стратегиялық бағыт 1986 жылғы 25 ақпан – 6 наурызда өткен партияның XXVII съезінің құжаттары мен сонда қабылданған КОКП жаңа Бағдарлармасында өзінің көрінісін тапты. Кеңес Одағында 1985-1991 жылдардың арасы қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның белгілері төмендегідей:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет