қоғамды демократияландыру. Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
елде жариялықты қамтамасыз ету. Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру. Ел ішінде жариялылық негізінде сын айту бостандығы орын алды, жаңа партиялар, түрлі қоғамдық қозғалыстар құрыла бастады, кооперативтер, т.б. құрылып жатты. Батыстың іскерлеріне бірлескен кәсіпорындар құру және т.б. сол сияқтылар арқылы кеңестік экономикаға өз капиталын жұмсауға біршама еркіндік беру көзделді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы М.С.Горбачев «Күшті орталық және күшті республикалар» деген ереже ұсынып, өзін сталиндік үлгідегі күшті орталықтың нағыз қолдаушысы ретінде көрсетті. Әзірленген жобада республикалардың жалпымемлекеттік маңызы бар істерден өзге мәселелердің бәрін орталықсыз өздері шешпек болған ұмтылысы ескерілмеді.
Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де заңды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы да белең алды.
Қайта құру жылдары 3 кезеңнен тұрады:
|