2-кезең. 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры.
Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған “косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.
Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.
3-кезең. 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың тамызы.
Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған органға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.
Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының «қарапайымдылығы мен демократтығы» айтылып жатты.
Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде “қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз” деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде “құрғақ” тойлар өткізілуде болды, ал милиция болса тіке ресторан залдарынан ішкендерді аулап жүрді десекте болады. Алкоголизм бәрібір азаймады. Бұл ауруға ұшыраған адамдар есірткіқұмарлыққа көшті,самогон қайнатумен айналысып кетті және т.б.
Осылайша республикада байқалған қоғамдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |