Ислам тарихында жас болғанына қарамастан бас бола
білген әрі көптеген шыңдарды
бағындырған жандар көп
болған. Мысалы, Алла Елшісі (с.а.с.) сахаба Усәмә ибн Зәйдті
(р.а.) 16 жасында көптеген белді сахабалардан тұрған әскерге
қолбасшы етіп тағайындаған және оның мемлекет басшысы
болуға да лайық екендігін айтқан.
264
•
ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ІЗІМЕН
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, кешегі өткен ғұламаларымыз
өз уақыттарын тиімді пайдалана білгеніне куә бола аламыз.
Олар Құран және намаз оқумен, зікір етумен, ілім үйретумен
және
ілімдерін арттырумен айналысып, көптеген баға жетпес
пайдалы еңбектер қалдырып кеткен.
Уақытты бағалау мен оны орынды жұмсауға ерекше мән
беруімен ғұламалар арасында ең танымал болғаны – имам
Ибнул-Жәузи (һижри 508-597 жж.). Ол 89 жыл өмір сүрді,
бес жүзге жуық ғылыми еңбек жазып қалдырды. Өзінің «Сайд
әл-хатыр» атты кітабында имам былай дейді:
«Өзім туралы айтар болсам: мен бала кезімнен ғылымға
қызығып өстім, содан өсе келе ғылыммен айналыса бастадым.
Және бір ғана ғылым саласын емес, барлық ғылымды бірдей
ұнаттым. Әрі ғылымның бір бөлігін ғана емес, оны толығымен
зерттеп шығуға асығатынмын.
Себебі уақыт көп емес,
қашанда аз ғой».
«Уақыттың зор құндылық екенін және оны ізгі істерге арнау
қажеттігін түсінгеннен кейін, мен ол нәрсені (адамдардың
пайдасыз кездесулерін) ұнатпайтын болдым. Сонда да өзімді
екі нәрсенің ортасында қалғандай сезіндім: егер адамдармен
мүлде жолықпайтын болып,
маған келулеріне тыйым салсам,
онда қоғамдағы салтты бұзғаным үшін жалғыздықта қалар ма
едім, ал егер адамдармен бас қосатын болсам, бар уақытым
солармен өткелі тұр. Соңында,
шамам келгенше адамдармен
жолығудан ұзақтайтын болам деп шештім. Ал олай болмаған
жағдайда, кездесу уақытын созып алмау үшін, көп сөзден
қашып, ойымды қысқа жеткізетін болдым. Әңгімеге кедергі
болмаса, сол аралықта, өз ісіммен де айналысып үлгеретінмін,
өйткені бос отыруға мүлде болмайды. Сол кездесулер үстінде
қағаз қиып, қалам ұштап, кітапшаларды түптеп отыратын едім:
бұлай істеу ол іске ойыңды жинақтауды қажет етпейді. Осы
секілді
кейбір
істерді
арнайы
кездесу
уақытына
қалдыратынмын, есесіне, уақытым зая кетпейтін».
Сонымен қатар имамның кітабындағы
мына сөздерге аса
мән бергеніміз жөн: «Менің түйгенім, Алла Тағала уақыт пен
денсаулықтың құндылығын түсінуді тек Өзі жәрдем беріп,
нығметтерді қалай пайдалы жұмсау керектігін ұғындырған
пенделеріне ғана береді».
Ғалым бұл сөзінде Құранның мына аятын меңзеген:
Достарыңызбен бөлісу: