«Егер олардың біреуіне
ажал жетсе: «Уа, Раббым, мені дүниеге кері қайтара
гөр! Игі істер істеп, зая болған ғұмырымның орнын
толтырайын», – деп жалбарынады. Жоқ, ол мүмкін
емес, бұл оның айтқан құр сөзі ғана, енді олардың
артында қайта тірілетін күнге дейін өткел бермес
бөгет (қабір әлемі) бар»
268
аятын оқып, мазардан
шыққаннан кейін өз-өзіне:
«Ей, Рабиғ! Қара, бүгін кері қайтарылдың. Бұл талабың
қабылданбайтын, дүниеге кері қайтарылмайтын уақытың да
келеді. Қазірден қамданып, ізгі амалдарыңды Алла жолындағы
талпынысыңды және ақыретке әзірлігіңді арттыр!» – дейді
екен.
Имам Шафиғи былай дейді:
«Сопылармен жолдас болып көрдім және олардан екі
маңызды қағида үйрендім:
Уақыт қылыш секілді, сен оны бөлшектемесең, ол сені
бөлшектейді.
Нәпсіңді Хаққа қарата алсаң, жарадың, әйтпесе ол сені
жалғанға қаратады».
269
Қады Шұрәйһ бос сандалып жүрген кейбір көршілерін
көргенде, «Не істеп жүрсіңдер?» деп сұрайды. Олар «Бүгін
боспыз» дегенде, «Бос болсаңдар, осылай жүру керек пе
екен?!» деп ренжіген екен.
Қырық бес жасында қайтыс болған Ислам ғұламасы Имам
Нәуәуидің артқа тастап кеткен еңбектерін есептесеңіз, 45
жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені ол уақытын қалай
үнемдеуді жақсы білген. Ғылым-білім алуға, құлшылықтарын
атқаруға уақыт жеткізу үшін ол кісі тек сәске уақыттарында
ғана бір-ақ рет тамақтанған екен.
Шейх Фахраддин «Аллаға ант етейін, тамақ жеген
уақыттарымда ғылыммен айналыса алмағаныма қатты өкінемін.
Өйткені уақыт қашан да қымбат қой» деген.
Имам Әбул Уәфә Али Ибн Ақил былай деген: «Мен тамақ
уақыттарын қысқарту үшін қолымнан келгенді жасаймын. Тіпті
көп шайналатын тамақтан гөрі тез жұтылатынын таңдаймын.
Неге десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан жазуға,
оқуға көп уақыт таба алам». Ибн Ақил ешқандай бос уақыт
жібермейтін. Тыныққан уақыттарын ол былай деп суреттейді:
«Қолым қалт етіп демалған кездерімде мен аяқты созып құры
жатқаннан гөрі терең ойға беріліп, ойша шешілетін біраз
мәселелерді шешумен айналысамын. Жазатындай бірдеңе есіме
түсе қалса, дереу тұрамын да жазамын. Сексен жасымда
ғылымға деген менің ынтам жиырма жасымдағы кезіме
қарағанда
әлдеқайда
жоғары
болатын».
Айтқанындай
осыншалықты ынтасының арқасында Ибн Ақил ғылымның 20
шақты әртүрлі саласында өте құнды еңбектер қалдырған.
Имам Малик болса, көбірек ғылым-біліммен айналысу үшін
үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай тамақ жеуді
қысқартқан.
Фәхраддин Рази дастархан басында да бір жағынан тамақ
жеп, екінші жағынан шұқшия кітап оқитын.
Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, қан
айналымын тұңғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибн Нәфс жазу
кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып
уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам алып қойып,
солардың кез келгенімен жалғастыра беретін.
270
Ислам ғұламаларының әрбір сәтті оның алдындағы уақытпен
салыстырғанда тиімдірек пайдалануға тырысқандығын Разидің
«Аср»
сүресінің
тәпсірінде
келтірген
мына
сөздерінен
жақсырақ ұғына түсеміз:
«Уақытты тиімді пайдалану тұрғысынан адамдар зиян шегуде,
өздерін бұл залалдан сақтап қала алмайды. Залал – қазынаны
уыстан шығарып алу. Адам баласының қазынасы – өмірі.
Адамның өмірін бос өткізіп алмауы – қиян іс. Себебі адам
әрбір сәт өткен сайын өмірінің бір бөлігімен қош айтысуда.
Адам уақытын жағымсыз істермен өткізіп жатса, залалы анық.
Не пайдасы, не зияны жоқ мүбәһ істермен өткізсе де залалы
бар, себебі мүбәһ істен артына ешбір пайдалы із қалмақ
емес. Сонымен қатар сол мүбәһ істермен айналысқан уақытты
артынан із қалдыратын пайдалы іспен шұғылданып өткізуге
болар еді. Тіпті құлшылықпен әрі сауапты амал етумен
өткізсе, әлі де залалы бар. Себебі әрбір құлшылықтың одан
да асқан сауапты түрін жасауға мүмкіндік бар еді. Алла
Тағаланың алдындағы ғибадат пен мойынсұнушылықтың
дәрежесі шексіз-шеткіз. Әрі Алланың қаһары мен азабы да
ауыр. Адам бұл жайттарды білген сайын Алладан қорқу
сезімі күшейе түседі. Солайша Аллаға арнаған құлшылығы мен
тағзымы кемелдене түспек. Сондықтан абзалы бола тұра оны
тәрк етіп, дәрежесі төменімен қанағаттану өкінішті әрі
зарарлы нәрсе. Осылайша адам баласы қандай жағдайда да
зиянда болып қала бермек».
271
Әбу Абдурахман Әс-Суләми уақытты зая кетірудің және
дүниеден басқа уайымдары болмаған адамдармен қоян-қолтық
болудың нәпсінің ең үлкен айыбы екендігін айтып, оның
дауасын былай түсіндіреді: «Уақытты өмірдегі ең құнды нәрсе
деп білу және аса құнды болған уақытты тағы сондай құнды
істермен, яғни Алланы зікір ету, тұрақты құлшылық ету және
ықыласты нәпсіге орнықтыруға тырысумен өткізу керек».
1848 жылы туылған Ханафи мәзһәбының Абдулхай әл-
Ләкнәуи атты ғалымы 1886 жылы 38 жасында дүниеден өтті.
Ғұлама өзінің 38 жылдық өміріне 120-ға жуық ғылыми еңбек
сыйғызыпты. Бұлай ету уақытын ұтымды пайдаланған жанның
ғана қолынан келеді.
Уақытты
жоғалтуға
себеп
болатын
жайттардың
бірі
адамдармен қарым-қатынас екендігін жақсы білген Ислам
ғұламалары бұл мәселеде де қырағылық танытқан. Алдыңғы
қатарлы
табиғин
Амр
ибн
Абдул-Қайс
өзіне
келіп,
сұхбаттасуды ұсынған адамдарға «Күнді тоқтат» деп айтатын
болған. «Яғни, күннің қозғалысын тоқтата алсаң, сенімен
сөйлесейін. Анығында, уақыт әрдайым қозғалыс үстінде. Өтіп
кеткеннен соң қайта айналып келмесі анық. Оны жоғалтатын
болсақ, ешқашан қайтарып алу мүмкін болмайды». Алғашқы
буын мұсылман ғалымдар шәкірттеріне жеке қалуды кеңес
етіп: «Дәріс біткен соң менің жанымнан кетіп, үйлеріңе бет
алғанда топтанып бірге емес, жеке-жеке қайтыңдар. Себебі
бірге қайтсаңдар, жолда әңгімелесіп, уақыттарыңды босқа
кетіресіңдер. Жалғыз болсаңдар, Құран оқып, ой жүгіртіп,
жолдағы уақыттарыңды да тиімді пайдалана аласыңдар»
дейтін.
Сүлеймен Әр-Рази уақытына өте мұқият қараған және бұл
тұрғыда өзін әрдайым сұраққа тартып, есеп алып жүретін
болған. Ол жөнінде былай делінген: «Бір сәтінің де пайдасыз
өтуіне жол бермейтін. Кітап жазатын, сабақ беретін не кітап
оқитын. Қандай да бір себеппен негізгі шаруасы болған кітап
жазудан қолы қалт еткенде бірден еріндерін жыбырлатып,
ешбір сәтін бос жібермеу үшін зікір айтуға кірісетін. Ешқашан
уақытының
ізгі
амалсыз
не
ғибадатсыз
өтуіне
жол
бермейтін».
272
•
БАТЫСТАН ДА БІРЕР ҮЛГІ
Әйгілі адамдардың өмірлері бізге өз өмірімізді қалай қолға
алу керектігі және күнімізді қалай жоспарлау қажеттігі
жөнінде қызықты кеңестер бере алады. Олардың барлығы да
өткен күннің қадіріне бара білген және әрбір күнін мұқият
жоспарлайтын болған. Олар бұл әдетінің өмірде өздері
қалағандай тұлға болып қалыптасу жолының ажырамас бөлігі
екендігін ұғына білген.
Бенджамин Франклиннің белгілі «Франклин жоспары»
бойынша оның «жақсылық жасау күнделігінде» оның күнделікті
таңертең сағат 5-те тұратындығы жазылады. Ең алдымен
Жаратушыға бет бұрып, өз-өзіне «Бүгін қандай ізгі істер
жасаймын?» деген сұрақ қойып, күні бойы атқарылатын
істерді ойластыратын болған. Күн ұзаққа атқарылған шаруалар
аяқталып, ұйқыға жататын уақыт таяғанда өз-өзіне «Бүгін
қандай ізгі істер жасадым?» деген сауалын қойып, күнін
қорытындылайтын. Таңертең ерте тұруды жөн көретін
Франклин ұйқыға да ерте жататын.
273
Кез келген сәтсіздікте мойымайтын Авраам Линкольн бала
кезінде бір шаруаның көмекшісі болып жұмыс істейді. Жайып
жүрген малдарын тынықтырар уақытты ұтымды пайдаланған
ол кітап оқып жүріп, біраз оқу орындарын сырттай оқып
бітірген екен. Кейінірек ол бір асханада жұмыс істеп жүріп,
қолы босай қалғанда кітабын парақтап оқи жөнелетін. Ол
сөйтіп жүріп, алғашында лицейді, содан кейін Құқық
факультетін тамамдап, Баро сынағынан сүрінбей өтіп,
адвокаттық қызметке кіреді. Міне, осындай ерен еңбегінің
арқасында Авраам Линкольн АҚШ-тың 16-президенті болып
сайланды.
Адам уақытының баға жетпес қазына екендігін білген Томас
Эдисон ғылыми жаңалық ашу барысында жиырма сағаттан
жұмыс істеген күндерінің бірінде қатты шаршағандықтан
ұйқыға бет алып, көмекшісіне жарты сағаттан соң оятуын
тапсырады. Көмекшісі Эдисонның тәтті әрі терең ұйқыда
жатқанын көріп, қимай бір сағаттан соң ғана оятады. Эдисон
ояна сала сағат қанша екендігін сұрап біліп, көмекшісіне
қатты ұрсып, «Менің жарты сағатымды ұрлауға қандай ақың
бар еді?» дейді.
Англияның әйгілі басшыларының бірі Уинстон Черчилль
шетелдік іссапарға шығатын уақыттарында алдын-ала оқитын
кітаптарын
дайындатып
қоятын
болған.
Осы
әдетінің
арқасында алты томдық екінші дүниежүзілік соғыс тарихын
жазып, сол арқылы Нобель сыйлығын алғаны белгілі. Оның
мынадай ой саларлық сөзі де бар: «Өткен шақты талқылауды
ұнатпаймын, себебі ондай пікір-таластармен уақыт өткізетін
болсам, болашақтан құр қаламын».
Атақты жазушы Агата Кристи үй шаруасындағы әйел
болғанына әрі арнайы бөлмесі мен жұмыс үстелінің
жоқтығына қарамастан, шығармашылығын шыңдап, көптеген
кітаптар жазып қалдыра алған. Күнделікті үй тірліктерінен
уақыт тапқанда оңаша қалып, бірден жазуға кірісетін
болған.
274
Доктор Бурней музыка пәнінен дәріс беру үшін бір
оқушысының үйінен екінші оқушысының үйіне барар жолдағы
уақыттың өзін пайдаға асырып, атының үстінде француз тілі
мен итальян тілін меңгеріпті.
275
Джон Мейсон Гуд Лондонда науқастарын зиярат етіп жүріп,
жолда көлік ішінде Лукрецийді аударған.
Генри Керк Уайт бір адвокаттың кеңсесіне барып-келіп
жүріп, жолда грек тілін меңгерген.
Францияның танымал басшыларының бірі Анри Франсуа
д’Агессо уақытты дұрыс пайдалана білгені үшін тамақтың
дайын болғанын күткен кездерінде көптеген бөлімнен тұратын
қалың кітап жазып шыққан.
Франциялық жазушы Графиня де Жанлис өзі сабақ беретін
әрбір ханшайымды күткен уақыттарында бірнеше том
кітаптарын жазып бітірген.
Элиу Буррит өзін жетілдіру жолында қол жеткізген алғашқы
жетістіктерін ешқандай да кемеңгерліктің себебінен емес, «бос
уақыт» деп аталған маңызды сәттерді дұрыс қолдана алуының
пайдасы екендігін айтады.
276
•
ҚОРЫТЫНДЫ
Уақыт – шартты түсінік, оның нақты пішіні жоқ. Уақытқа
қадір-қасиет, жан мен рух беретін нәрсе – сол уақыт ішінде
атқарылған істер. Мысалы, біз «аср сағадат»
277
(бақыт ғасыры)
деп белгілі бір кезеңді қошеметтеген кезде негізінде қандай
да бір уақытты емес, сол уақыт ішінде өмір сүрген жандар
мен ол кісілердің атқарған істерін назарға ала отырып «бақыт
ғасыры» деп атаудамыз. Уақыт тек қана сол кезеңде
атқарылған істер арқылы белгілі бір бояуға еніп, құлпырып
сала береді. Солайша толыққанды өткізілген уақыттың әрбір
сәті басқаларының жүздеген жылына татитындай бола алады.
Сонымен, уақытқа шынайы пішін беріп, оны қадір-қасиетке
ие қылу адамдардың ол уақыт ішінде атқаратын істеріне тура
пропорционал.
Біздің 24 сағаттық қазынамыз бар. Сол 24 сағатты соңғы
күніміз болуы мүмкін деген түсінікпен қолға алып, оны
намазға байланысты реттеп, әрбір бөлігін толы өткізуге
тырыссақ, сонда шынайы құндылыққа ие болған болады. Сол
кезде бүкіл өміріміз нұрға бөленіп, нағыз мәңгілікке лайықты
түрде өтетін болады.
Егер адам уақытын осылай тиімді өткізе білсе, бір жағынан
уақыт құндылығын түсініп, оның қадірін білгенін шынайы
дәлелдейді. Солайша бір күн қалай ізгілікке толы өтетін
болса, апта бойы да сондай жақсылықтарға кенелетін болады.
Артынан нұрланған ай және сондай айлардан құралған нұрлы
жыл келеді. Сонда адамның бар ғұмыры бір күнді қалай
өткізгеніне байланысты болмақ.
Тайм-менеджмент табиғатымыздың бір бөлігіне айналған
уақытта біз де соған қарай бейімделіп, оның әрбір бөлігін
тиімді өткізуге бар жанымызды салып, бір сәттің де жансыз
өтуіне рұқсат бермейтін боламыз.
Өткені бар, бүгінгісі бар, ақылды жандар қысқа ғана уақыт
бөліктерін
тиімді
пайдалана
отырып,
бүкіл
өмірлерін
нұрландыра білген.
Күнімізде осы таптырмас құралды мұсылмандарға қарағанда
батыстықтардың
көбірек
қолданып,
уақыт
мәселесінде
қырағылық танытып отырғанын жоққа шығара алмаймыз.
Алайда өткен кезеңдердегі мұсылман атаулы уақыт жайын
дұрыс ұғынып, мұқият болғанын тарих беттері дәлелдеп отыр.
Соны қорытындылайтын бір мысал келтіре кетуді жөн көріп
отырмыз.
Ислам үйреткен уақыт тиянақтылығы
Германияға тіл үйренуге барған бір кісі әңгімелейді:
«Неміс тілінен сабақ беретін мұғалім уақыт мәселесіне келгенде өте
тиянақты болатын, ешкімге жеңіл қарамайтын. Кімнің қанша минут
кеш келгенін белгілеп отырып, дәрістен соң оларды сонша минут оқытып
жіберетін. Әрине, оның бұл ісі бізге онша ұнай қоймайтын.
Бір күні он сегіз минут сыныпта қалып дәріс оқу жазасын алған бір
жолдасымыз ұстазға қарсы шығып ашуланды. Ұстаз оған былай деді:
– Жолдастар! Сендер уақытты дұрыс пайдаланбайсыңдар. Онымен
қоймай маған ренжисіңдер. Бірақ мен дұрыс істеп жатқаныма сенемін.
Содан соң сөмкесінен пойыз кестесін шығарды.
– Өтінемін, мынаған назар аударыңдар! – деді.
Пойыздардың жүру және жету уақыттары 7:17, 11:43, 15:19, 19:31
секілді минут-секундына дейін есептелген болатын. Бұл уақыттардың неге
бұлай жарым-жарты қылып белгіленгенін сұрап едік, ұстаз былай деді:
– Пойыздың жүру кестесі Исламның уақыт түсінігіне байланысты
түзілген. Біз уақытты пайдалануды мұсылмандардан үйренгенбіз.
Сендердің құлшылықтарыңда орын онша маңызды емес. Таза болса
болғаны, дүниенің кез келген бұрышында құлшылық жасауға болады. Бірақ
уақыт өте маңызды. Өйткені әр ғибадаттың өзіне арналған белгілі
уақыты бар. Тіпті уақыт ғибадаттың шарты болып саналады. Яғни,
уақытсыз, бейуақта ғибадат жасасаңыз, ол қабыл болмайды.
Ғибадаттардың уақыты да пойыздың кестесі секілді ылғи 18:17, 13:11
дегендей минут-секундына дейін белгіленген сандар болып келеді.
Адам баласы өзінің қолындағы бүкіл дүниесін бодау қылып берсе де, ажал
келісімшартының мерзімін бір секундқа да ұзарта алмайды, оны кері
жылжыта да алмайды.
Оның үстіне бұл сағаттар үнемі ауысып отырады. Бүгін таң намазын
6:22-ге дейін оқуыңызға болады. Бірақ ертең 6:21-ге дейін ғана оқи
аласыз. 23 минут өткенде оқи алмайсыз. Тек намаз ғана бұлай емес.
Оразаның басталуы мен аяқталу сағаттары да осы секілді.
Ал енді бұл неге осылай? Мұның қандай пайдасы бар? Осының
арқасында мұсылман күн сайын ауысып отырған уақытқа көңілі ояу болып
жүреді. Осы арқылы уақыттың қадірін біліп, оны тиімді етіп
пайдалануға әзірленеді. Ғибадаттарын үнемі тәртібімен орындап жүрген
әр мұсылман күнделікті ауысып отыратын уақытпен бірге жүріп, өмір
сүруге мәжбүр. Міне, біздің уақытқа деген көзқарасымыздың қайнар көзі –
Исламның осындай сезімталдығынан бастау алған».
Міне, күн намаз уақыттарына бөлініп, әрбір азан арқылы
бір уақыттың келмеске кетіп, екінші бір уақыттың есік
қаққаны еске салынып, уақыттың қадірін білу жолы
көрсетілуде, қараңғылық біткен жойылып, нұрға бөленген
жолға, пайғамбарлар жүріп өткен даңғылға бағыттауда.
Уақытты жоспарлау мен қатаң тәртіппен өмір сүру адамды
жалықтырып, шаршатып, өмірдің қызығынан айыратындай
болып көрінуі мүмкін. Ереже бойынша, адамға ұнамсыз болса
да, алдымен барлық мәселелерді шешіп, тапсырмаларды
орындап, мақсатқа жету қажет болмақ. Мұның жолы адамды
жалықтыратындай, ешқашан бақытқа қол жеткізбейтіндей
болып көрінуі мүмкін. Алайда мұсылман жан « Жаннат адамның
Достарыңызбен бөлісу: |