Кенеттен ортаға шығатын шұғыл істер. Бұл түрдегі істерге
алдын-ала
жоспарланбай, ортаға шығатын жағдайлар жатады:
кенеттен
келген
адамдарды
қабылдау,
жат
жұрттық
қонақтардың зияраты, қажеттілігі болғандардың қажеттілігін
өтеу.
Мұндай істердің нақты жоспарлануы қиын болғанымен,
мүмкіндігінше күн тәртібіне енгізуге тырысқан. Ол үшін
мұндай кенеттен ортаға шығатын істерді тұрақты түрде
қайталанатын істерге арналған
уақыттардан бөлек уақыттарға
белгілеген. Әсіресе, Мәдинаға шеттен келетін топтарды
уақытында
қабылдауға
тырысқанымен,
тұрақты
түрде
қайталанатын істері болған кезде белгілі бір уақыт қонақтап
қалуларына жағдай жасайтын. Мүмкіндігі
болған уақытта
оларды зиярат етіп не жанына шақырып, оларға көңіл бөліп,
қажеттіліктерін өтеп, сұрақтарына жауап беретін. Солайша
өзінің жоспарындағы тұрақты істерімен бірге кенеттен ортаға
шыққан жайдайларды да бірге алып жүретін.
244
Күнделікті тұрақты түрде қайталанатын істер. Күнделікті
істер ретінде негізге алынатыны – осы тұрақты түрде
қайталанатын істер. Бұлар – күнделікті
орындалуы міндетті,
салғырттық танытуға болмайтын өмірлік маңызды істер және
олар
жоспарға
тәуелді
болып
келеді.
Бұлардың
жоспарлануында намаз уақыттары ең басты назарға алынады.
Алла Елшісі (с.а.с.) бұл түрдегі істерін екі қағидаға
байланысты жоспарлаған:
Күнделікті белгілі бір уақытта тұрақты түрде орындалатын
істер;
Әрбір іске арналған уақыттың өз мөлшері бар. Ол іс
күнделікті белгілі бір
уақыт ішінде тамамдалуы тиіс,
үйреншікті уақыт мөлшерінен асып кетпеуі қажет.
Риуаяттар Алла Елшісінің бұл істердің жоспар бойынша
орындалуында кемшіліктер болмауына мұқият болғанын
көрсетеді. Кейбір жағдайларға байланысты мәжбүрліктен орын
алған ауытқушылықтардың сирек кездесетіні сонша –
бірден
айналасындағылардың назарын аударатын болған.
245
Күндізгі және түнгі жоспарына кіретін тұрақты істері
осындай сипатта болатын.
Достарыңызбен бөлісу: