«Алма тілектері» Мақсаты: Оқушылардың ойларын жинақтату, сыныбына, сынып жетекшісіне тілектерін білдіру.
Рефлексия (ой қорытындылау). «Аяқталмаған сөйлемдер».
Бүгінгі сабақта менің түсінгенім…
Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…
Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны…
Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Қорытынды: 5 сынып оқушыларының дамуы , одан әрі қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының , ұстаздарға жеңіл бейімделуге , оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы
№105 орта мектебінің
педагог-психологі
Күзембаева Сәулегүл Сәндібекқызы
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз.Өйткені,олардың пән мұғалімдері өзгереді,жаңа пәндер қосылады,жаңа сынып жетекшісі болады,оқу бөлмесі өзгеріп,оқу бағдарламасы күрделене түседі.Осының барлығы баланың жан-дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіреді де,осы 5-ші сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады.Бұлар:
-балалардың мінезі өзгереді;
-тез шаршайды;
-көңіл-күйлері тез бұзылғыш келеді;
-оқу үлгерімдері төмендейді;
-мазасыздық,қобалжу сезімдері жиілейді.Сондықтан осы ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп,балада кездесетін сәтсіздіктерді болдырмаудың жолын іздестіру мақсатымен кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Психологиялық тұрғыдан қарастырылған салалар:
-баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы;
-оқу үлгерімі,жаңа пәндерге бейімделуі;
-танымдық процестер:оның ішінде ойлауы,логикасы;
-жаңа сынып жетекшісімен,пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы;
-оқу мотивациясы.
1)Дж.Мореноның «Социометрия» әдісінің мақсаты:ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және тетулығын өлшеу.Тесті орындап,жауап парағын толтырған соң,нәтижесін талдау арқылы жиналған материалдардан «социоматрица» жасалады.Кестеге зерттелінушілер тізімі түсіріледі және олардың қалаулылары жоғарғы қатардағы олардың нөмірімен қиылысқан жеріне түсіріледі.Кестенің төменгі қатарына әрқайсысының жинаған қалауларының саны жазылады.
Бағалау шкаласы:
6 және одан да көп-жұлдыздар
3-5-қалаулылар
1-2-қалаусыздар
0-шектеулілер.
Кейбір балалар бір баланы қалағанмен ол оны таңдамай отыр, яғни бірін-бірі таңдау бар да, өзара таңдау жоқ. Сондықтан осындай балаларға тәрбие саласы бойынша көмек берілуі керек. Бір-бірін таңдау стрелкасы бойынша қарай отырып, балаларды тапсырма орындау кезінде немесе партаға отырғызу кезінде болса да көмектесуге болады, сол кезде ондай балалардың мазасыздануы коэффициенті азайып, психологиясында жеңілдіктер пайда болады.
Ал енді лидерлерге келсек- лидердің негізгі сипаты топ мүшелерінің таңдауына байланысты болады. Лидер бұл, топтың басқа мүшелері жауапкершілікті талап ететін өз мүдделері және топтың іс-әрекетінің бағыты мен сипатын анықтайтын шешімдерді қабылдау құқығын иеленуге рұхсат берілетін тұлға. Сонымен, беделді тұлға бола тұрып, лидер топтағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру мен өзара қарым қатынасты реттеуде орталық жетекші рөлде болады. Дегенмен кейбір лидер балалар сынып ұжымының ауызбіршілігін кері бағытқа бұру кезінде де маңызды роль атқарады. Сондықтан бұл балаларды сынып ұйымшылдығын сақтауға пайдалана отырып, көп мақтап жіберуге де болмайтындығын ескеруіміз керек. Мақтаудың өте көп болуы баланың біріншіден мінез-құлқына әсер берсе, екіншіден өзін-өзі бағалауы жоғарылап ешкімді тыңдамай кетуіне, айтылған ескертулерді мойындамауға әкелуі мүмкін.
2) Кондаш тесті бойынша оқушылардың темперамент типтері анықталды.
3)Сонымен қатар балалардың ассоциациясының көрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқан анықтау мақсатында 5 «А,Б» сынып оқушыларына «ассоциативтік ес көлемін анықтау» әдістемесімен жұмыс жүргізіліп,нәтижесі шығарылды.
4) «Менің мектепке деген көзқарасым» сауалнамасы алынды. Бұл тестті алудағы мақсат баланың оқу мотивациясын анықтау.
• Мектепке деген ықыласы жоғары, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа көңілі толатын жақсы көзқарастағы балалар - 30
• Бала мектепке қызығып келеді. Бірақ мектеп оны оқу процесінен басқа жақтарымен қызықтырады. Мектебін жек көрмейтін орташа көзқарастағы балалар. Бұл балалар мектепке сыныптастарымен ойнау үшін де келеді -5
• Мектепті жек көретін, мектепке қызығушылығы жоқ төменгі көзқарастағы балалар –жоқ.
5) Пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын анықтау мақсатымен «Мұғалім- оқушы көзімен» сауалнамасы алынды.
6) Жаңа сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын анықтау және пәндерге деген қызығушылығын зерттеу мақсатымен «Оқушының оқу пәндеріне деген қарым-қатынасы мен қызығушылығын зерттеуге арналған сауалнама» алынды.
Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап жаңадан енген бірнеше пән мұғалімдерінің төмендегідей мақсатта сабақтарына қатыстым:
-оқушының пәнге деген қызығушылығын байқау;
-сабақ барысында оқушы іс-әрекетінің қалыптасуын бақылау;
-орта буынның ғылым негіздерін игеруін бақылау;
-зейін тұрақтылығының қалыптасуын бақылау;
-мұғалім әс-әрекеті мен тапсырмасының оқушының жас және психологиялық ерекшелігіне сәйкестігін және пән мұғалімінің сабақ барысында оқушылардың орындаушылық іс-әрекетінің қандай тәсілдермен ұйымдастырылғандығын бақылау, т.б. Бұдан қорытынды:Екі сынып оқушыларының да оқу пәндеріне деген қызығушылықтары жақсы,сабақ барысында оқушылардың іс-әрекеттері қалыптасқан,зейіндері тұрақталған, ғылыми негіздегі пәндерді игеруге мүмкіндіктері бар. Осы зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе 5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі «қанағаттанарлық» деп есептеледі.
Ұсыныс:
1. 5 «А,Б» сынып жетекшілеріне «социометрия» әдісімен жұмыс нәтижесіне орай сыныптағы балалардың сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі де болса әлсіз екендігін ескере отырып, сынып оқушыларымен достық, бірлік тақырыптарында тәрбие сағаттары мен ойындар өткізіп отыру тапсырылсын.
2. Сыныптағы ассоциативтік ес көлемі төмен оқушылармен дамыту жұмыстарын жүргізу пән мұғалімдеріне ескертілсін «Қарабұта орта мектебі» КММ-сі