«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы» (2)


Майлар жемістермен көкөністерде өте аз мөлшерде (0,1-0,5%) болады. Ол жаңғақ ядроларында (45-65%), сүйекті өрікте 20-50% көп болады. Фитонциттер



бет61/94
Дата08.02.2022
өлшемі432,13 Kb.
#98787
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Байланысты:
acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы
0006e459-e16cf466
Майлар жемістермен көкөністерде өте аз мөлшерде (0,1-0,5%) болады. Ол жаңғақ ядроларында (45-65%), сүйекті өрікте 20-50% көп болады.
Фитонциттер бактерицидтік қасиетке ие, токсинді ұшқыш заттарды бөліп, микрофлораның тіршілігін жояды. Пияз, сарымсақ, түбіртамыр фитонциттері активті болып табылады.
28. Тақырып. Көкөністер
Дәріс жоспары:

  1. Түйнекжемістілер.

  2. Картоп сапасына қойылатын талаптар.

  3. Тамыржемістер

  4. Орамжапырақ көкөністері.

Өсімдіктің қай бөлігі тамаққа қолдануына байланысты көкөністер екі топқа бөлінеді: вегетативті және генеративті.


Вегетативті көкөністердің жапырақтары, тамырлары, сабақтары, түйнектері тамаққа қолданылады. Бұл топқа:

  • Түйнекжемістілер (картоп, топинамбур, багат);

  • Тамыржемістілер (қызылша, сәбіз, тұрып, шалғам, шалқан, тарна ботташық, балдыркөк, ақжелкен);

  • Орамжапырақ көкөністері (ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, кольраби, гүлді);

  • Пияз көкөністері (басты пияз, порей пиязы, шалот пиязы, батун пиязы, сарымсақ);

  • Салат- шпинатты көкөністер (салат, шпинат, қымыздық және т.б.);

  • Татымды көкөністер (аскөк, балдыркөк, ақжелкен, чабер, эстрагон, түбіртамыр, базилик);

  • Десертті көкөністерге (спаржа, рауағаш,артишок т.б) жатады.

Генеративті көкөністерде тамаққа тұқымдары, жемістері, гүлдері қолданылады. Оларға:

  • Асқабақты (қияр, кәді, асқабақ, патисондар, қарбыз, қауын)

  • Томатты (қызанақ, баклажан, бұрыш)

  • Астық көкөністері (жүгері) жатады.

Жетілу мерзіміне байланысты көкөністер ерте, орташа, кеш пісетін болып бөлінеді. Қолдануына қарай көкөністер асханалық (тамаққа қолдану үшін) техникалық (крахмал, кант және басқа өнімдерді алу үшін) және әмбебап болып бөлінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет