Балдыркөктің (сельдерей) үш түрі бар: тамырлы - тағамдарға дәмқосар ретінде қолданылатын домалақ тамыржеміс; салатты - жасау үшін қолданады; жапырақты - балғын және кепкен түрде татымдық ретінде қолданады.
Тамыржемістердің аурулары мен зақымдануы. Тамыржемістер көбінесе ақ, сұр, қара бактериалды және өзекшелі шірікпен бактериозбен зақымданады.
Ақ шірік саңырауқұлақ текті ауруға жатады. Ол сәбізді, ақжелкенді, шалқанды, ботташық пен балдыркөкті зақымдайды. Бұл кезде тамыржемістерді ақ мамық басады да, онда майда қара склероцийлар дамыйды және жұмсағы шырышты массаға айналады. Сақтау кезінде сау көкөністерге беріледі.
Сұр шірік сәбізді, қызылшаны, балдыркөкті, ақжелкенді сақтау кезінде пайда болады. Алдымен тамыржеміс бетінде күл түсті налет пайда болады, содан соң зақымданған жерлер шырыштанады.
Қара шірік сәбізді зақымдайды. Сәбіз бетінде қара дақтар пайда болады содан кейін ол тамыржемістің бүкіл бетін жабады.
Бактериалды шірік сәбіз бен қызылшаны зақымдайды. Тамыржеміс бетінде сары-қоңыр түсті жұмсақ бөліктер пайда болады да, ткань жағымсыз иісті шырышты массаға айналады.
Өзекшелі шірік (фомоз) сәбіз бен қызылшаның ауруы. Тамыржемістердің өзекшелері қарайып, шіри бастайды. Ауру сау тамыржемістерге беріледі.
Бактериозбен шалғам, тұрып, шалкан, тарна зақымданады. Тамыржемістердің тамырлы жүйесі қараяды, ал айналасындағы жұмсағы жағымсыз иісті массага айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |