Физиологиялық аурулардың ішінде қуыстылық (түйнек тамырында жырықтары бар қоңыр дақ түзіледі), түйнектердің таттануы (түйнектің тамырлы жүйесінде таттанған бура дақ пайда болады), жұмсағының қараюы (қара-сұр тығыз дақ пайда болады), тұншығу (оттегі жетіспегеннен түйнек әр жерінен жұмсара бастайды, ол қимасында ақ борпылдақ, ботқа тәрізді масса түрінде болады) пайда болады.
Түйнектердің зиянкестері колорадтық және мамыр қоңыздары, нематодтар, зауза қоңыз, көбелектер, кенелер, сонымен қатар тышқан тәрізді кемірушілер болып табылады.