Картоп сапасына қойылатын талаптар.
Азық-түлік балғын картопты ерте және кеш пісетін болып бөлінеді. Ерте пісетін картоп сапасына қарай жай және іріктемелі; ал кеш пісетін картоп- жай, іріктемелі және жоғары құнды сорттары іріктелген болып бөлінеді. Картоп партиясы, әсіресе іріктелген бір ботаникалық сортты болу керек, картоп түйнектері бүтін таза, зақымданбаған, құрғақ, өніп кетпеген, солмаған, пішіні мен түс бойынша біртекті, бөтен дәм мен иіссіз бөлу керек. Түйнектердің өлшемі өсіру ауданына, пішініне және тауарлық сортына байланысты ең үлкен көлденең диаметрі арқылы анықталады және ол ерте сорт үшін 35-40мм, ал кеш үшін 40-50мм. Стандартен түйнектердің ауруы, механикалық зақымдануы, зиянкестермен зақымдануы шектеледі. Картоп партиясында массасы бойынша 1-тан аспайтын топырақтың болуы рұқсат етіледі. Езілген түйнектер, түйнектердің жартысы және бөліктері, кемірушілер мен зақымданған, үсіп қалған картоптар рұқсат етілмейді.
Картопты жәшіктегі, қаптарға, торларға буып түйеді, сонымен қатар ыдыссыз-үйіп жинайды. Іріктелген жоғары құнды картоп жуылған және топырақтан тазартылған және өлшеп буып түйілген болу керек.
Тамыржемістер
Тамыржемістерге қызылша, сәбіз, шалғам, тұрып, шапкам, тарна, ақжелкен, ботташық, балдыркөк жатады. Тамыржемістер, әсіресе қызылша және сәбізде көмірсулар, сонымен қатар минералды тұздармен витаминдер көп мөлшерде болады. Балдыркөк, ақжелкен және ботташық эфир майларға бай, сондықтан оларды дәмдік көкөністер ретінде де қолданады. Тұрып, шалғам, шалқан, тарна, гидролизге бай, ол өткір дәмді негіздейді.
Сәбіз (морковь) - шатыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдік туысы. Тағамдық және мал азықтық сорттары бар. Тағамдық сәбіздің құрамында 88,8% су, 1,1% азотты заттар, 1,2% май, 9,2% көмірсу және витаминдер бар. Құрамындағы пектин заттардың болуына байланысты сәбіз маңызды орын алады, олар адам организмдегі зат алмасуға және организмнен радиоактивті заттардың бөлініп шығуына қолайлы әсер етеді. Сәбіз каротиннің көзі, ол негізінен каротин түрінде болады. Минералды заттар кальций, калий, темір, фосфор микроэлементтер тұздарынан тұрады.
Сәбіз ерте пісетін (70-100 күнде жетіледі), орташа пісетін (125 күнге дейін), және кеш пісетін (125 күннен жоғары) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |