Батат (тәтті картоп) – көп жылдық шөптесін өсімдік. Отаны Орталық Америка. Түйнектердің массасы 10 кг дейін болады. Оның құрамында 24-28% крахмал және 2-9% қант, 2-4% азотты заттар бар. Бататтан ұн, жарма, крахмал, спирт, қанттар алады және жем есебінде пайдаланады. Қазіргі кезде бататты Қытайда, Индияда, Индонезияда өсіреді. Өнімділігі гектарынан 100-120 центнер.
Картоптың зақымдануы және аурулары. Картоп саңырауқұлақтармен, бактериялармен, сонымен қатар физиологиялық аурулармен, зиянкестермен зақымданады.
Саңырауқұлақ және бактериалдық аурулардың ішінде төмендегілер кең тараған:
Фитофтора - картоптың көп шығынына алып келетін қауіпті ауру. Түйнектердің бетінде ірі тегіс, ал содан кейін терең қою қара дақтар пайда болады. Ауруды фитофтора саңырауқұлағы тудырады. Сақтау кезіндс сау түйнектерге ауру берілмейді.
Фузариоз (құрғақ шірік) картоптарды үлкен шығынға ұшыратады. Түйнекте алдымен қою қоңыр дақтар пайда болады да, ұлғайып картоп қабығы жиырылады да, томпайып қызғылт түске енеді. Картоп жұмсағы кеуіп, қоңыр түске боялады. Сақтау кезінде ауру түйнектерге беріледі.
Кәдімгі парша — өсу кезінде негізінен түйнектің қабығын зақымдайды да, қабығында язвочки немесе бура дақтар пайда болады. Олар картоп сапасын төмендетпейді, тек сыртқы түрін нашарлатады.
Ұнтақ парша түйнек қабығында пайда болады. Әсіресе жаңбырлы кезеңде және сақтау кезінде пайда болады. Түйнек бетінде алдымен қоңыр дақтар түзіледі, содан соң қатты өскіндерге айналады, олар жұлдызша тәрізді жарылып, оның ішінде споралар қара ұнтақ масса ретінде жиналады.
Kapmon рагы - өте қауіпті саңырауқұлақты ауру. Түйнектерде әртүрлі формалы ірі өскіндер пайда болады. Олар қарайып, ыдырайды да, спора бөле бастайды. Өскіндер ұлғайып түйнекті толығымен жоюы мүмкін. Ауру топырақ, түйнек, ыдыс, көлік арқылы беріледі. Бұл ауру карантиндік ауруға жатады. Ракпен зақымданған картопты карантинді ауданнан тыс сәйкес ережелерді қадағаламай шығаруға болмайды. Бұндай картопты тек техникалық мақсатта қолдану қажет.
Сақиналы шірікті бактериялар тудырады да қара сақина түрінде түйнектің тамырлы жүйесін зақымдайды. Ткань жұмсарып, шіри бастайды.
Ылғалды бактериалды шірікті бактериялар комплексі тудырады. Зақымданған түйнектер жұмсарып, ылғалданады, содан соң жағымсыз иісті шырышты массаға айналады. Ауру зақымданбаған түйнектерге беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |