Қосымша аспаптар тағамдарды кесуге және салуға арналған. Оларға :
Ірімшікті кесу мен салуға арналған пышақ–шанышқы – ұшында тістері бар орақ тәрізді пішінге ие.
Лимон кесуге және салуға арналған пышақ пен шанышқы – шанышқы екі өткір тісшеден тұрады, ал пышағында зигзаг тәрізді жүзі бар, бұл лимонды кесуді тездетеді.
Екі мүйізді шанышқы – майшабақты салуға арналған, ал қалақша– шанышқы – майдағы балық консервілерін (шпрот, сарбина) салуға арналған. Шанышқы өзара байланысқан бес тісшеден тұрады, бұл балық ұшасының деформациялануын болдырмайды,.
Бөлшектеу пышағы мен шанышқысы тұтынушы көзінше бүтін кесекпен қуырылған етті порцияға кесуге арналған. Ас пышағына қарағанда пышақ өлшемі үлкенірек және жүзі ұзынырақ, ал шанышқысында екі ұзынша тісі бар.
Балық пышағы мен шанышқысы – бүтін түрде даярланған балық тағамдарын порцияға бөлу үшін қолданылады.
Фондю шанышқысы – ұзын сапты және екі өткір тісшесі бар.
Салатқа арналған қасық ас қасығына қарағанда үлкенірек. Домалақ пішінді.
Ожау бірінші және кейбір тәтті тағамдарды порциялап құға арналған. Соус қасығы соустарды порцияға бөліп салу үшін созылмалы ұшы бар. Ұзын сапты қасық аралас сусындарды, коктейль, содамен виски
даярлауда қолданылады.
Фигуралы қасық қайнатпаларды розеткаға бөліп салуға арналған.
Үлкен кондитерлік қысқыштар ұннан даярланған кондитер өнімдерін салып алуға, ал кішкентай кондитерлік қысқыштар қант, шоколад ассортиін салып алуға арналған.
Жаңғақ шағуға арналған қысқыштар жайпақ бұдырлы тістері бар.
Қант кесектерін шағуға арналған қысқыштар өткір және берік жүзді болады.
Мұзға арналған қысқыштар тот баспайтын металдан (тот баспайтын болат, мельхиор) жасалады, екі қалақшасы бар қысқыш болып табылады.
Спаржаға арналған қысқыш тәрелкеге спаржаны салып алуға қолданылады, спаржаға арналған тормен бірге жинақта шы,арылады.
Уылдырық қалақшасы жайпақ күрекшеге ұқсас, уылдырық салғыштан тәрелкеге түйірлі немесе кета уылдырығын салуға арналған.
Паштет қалақшасы паштет, турамаланған майшабақ салып алуға арналған.
Тіктөртбұрышты қалақша ет және көкөніс тағамдарын салып алуға қолданылады.
Кесіктері бар фигуралы қалақша балық ыстық және суық тағамдарын, құймалы балық салып алуға арналған.
Үлкен фигуралы қалақша кондитерлік өнімдерді салуға арналған, үшбұрышты пішінді болуы мүмкін.
Тапсырма: асханалық аспаптармен танысу, оларды ажырата білу және тағайындалуын анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |