Таңғы асқа дастарқан жаю үшін бәліш тәрелкесі, тісбасарлық аспап, шай қасық, фужерлар және мата майлықтары қолданылады (3-сурет). Таңғы ас мәзірінде сары май қосылады, сондықтан үстел жабда майға арналған пышақ қосымша қойылады.
Оң қолға бәліш тәрелкелерін алып, сол қолмен үстел шетінен 5-10 см жерге қояды. Содан кейін тісбасарлық аспаптар және шай қасықтар салынған
кішкентай ас тәрелкесін немесе подносты алып, оң жағына оң қолмен тісбасарлық пышақтарды бәліш тәрелкесінен 26-25 см және үстел шетінен 2 см қашықтықта қояды және шай қашықтықтарды үстел шетіне параллель сабын оң қаратып қояды (б). Содан соң даяшы тәрелкені немесе подносты оң қолына алып, сол қолмен сол жақтан бастап үстелге тісбасарлық шанышқыларды қойып шығады. Майға арналған пышақты әтбір бәліш тәрелкесінің оң жақ шетіне қояды. Пышаұтың сабын оң қаратып немесе тісбасарлық шанышқыға параллель орнатады (в). Үстелге фужерларды подностан алып қояды. Фужерді оң жаққа оң қолмен шай қасықтың алдына немесе пышақ жүзіне қарсы қояды (г). Мата майлықтарды бәліш тәрелкесінің үстіне немесе әр қонақтың алдына қояды.
Дәмқосарларға арналған аспапты (тұз, бұрыш сауыттыры) қағаз майлықтарды ұстағышпен бірге бір түп қоймада үстел өсі бойымен орналастырады. Үстел ортасына гүлмен құмыра қояды (д).
Бизнес - ланч үшін дастарқан жаюда бәліш тәрелкесі, ас аспаптары (пышақ, қасық, шанышқы), тісбасарлық аспап, фужер, мата майлық, дәмқосарлар аспабы (тұз, бұрыш сауыттары), гүл салынған құмыра қолданылады (4- сурет). Алдымен үстелге таңғы асқа үстел жайғандай бәліш тәрелкелерін қойып шығады (а). Содан кейін даяшы ас және тісбасарлық аспаптар салынған подносты сол қолына алып, оң жақтан оң қолмен үстелге ас пышақтарын, ас қасықтарын, тісбасарлық пышақтарды бәліш тәрелкесінен 33- 35 см қашықтықта және үстел шетінен 2 см қашықтықта қойып шығарады (б). Содан соң даяшы подносты оң қолына алып, үстелге сол жақтан бастап сол қолмен ас және тісбасарлық шанышқыларды қойып шығады (в). Үстелге фужерларды подностан қойып шығады. Фужерді оң қолмен оң жаққа пышақ жүзіне қарсы қояды (г). Мата майлықтарды подностан қойып шығады, оларды бәліш тәрелкесіне (д) немесе қонақ алдына орналастырады.
4- сурет. Бизнес - ланч үшін дастарқан жаю
Дәмқосарлар аспабын (тұз, бұрыш зауытын) және күлсалғышты бір мезгілде қоюға болады. Ол үшін кішкентай ас тәрелкесіне конверт түрінде
бүктелген мата майлықты төсеп, ішіне дәмқосарлар аспабын салып, майлықтың жоғарғы шетін кері қаратады да, тәрелкеге күл салғышты қояды. Үстелге дәмқосарлар аспабын бір жағына, күл салғышты қарама-қарсы жағына қояды. Үстел ортасына гүл салынған құмыра қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |