Тапсырысқа берілетін тағамдар ас мәзірі бойынша түскі асқа дастарқан жаюда әзірлеу, тісбасарлық және бәліш тәрелкесі, ас және тісбасарлық аспаптар, фужер, мата майлықтар, дәмқосарлар аспабы (тұз, бұрыш сауыттары), гүл салынған ваза қолданылады (6- сурет).
Даяшы үстелде әзірлеу тәрелкелерін қойып шығады (оң жақтан бастап оң қолмен) (а), содан кейін сол қолға тісбасарлық тәрелкелермен конверт түрінде бүктелген мата майлықта ас және тісбасарлық пышақтар, ас қасықтар салынған кішкентай ас тәрелкесін алып, оң жақтан оң қолмен тісбасарлық тәрелкені сервировочный тәрелке үстіне қояды, үстел шетінен 2 см қашықтықта ас пышағын, ас қасығын және тісбасарлық пышақты қояды (б).
Бұл кезде даяшы үстел бойымен сағат тілі бойымен қозғалады. Үстелге бәліш тәрелкелерін, ас және тісбасарлық шынышқыларды даяшы бәліш тәрелкесімен шанышқылар салынған кішкентай ас тәрелкесін оң қолда ұстап, үстел бойымен сағат тіліне қарсы жылжып қояды (в), фужерларды кейде шарап рюмкаларын мата майлық төселген подностан оң қолмен алып оң жақтан бастап қояды. Үстелге алдын-ала, ерекше бүктелген майлықтарды да подностан алып қояды (д).
Дәмқосарлармен аспап пен күлсалғышты үстелге конверт түрінде бүктелген мата майлық төселген кішкентай ас тәрелкесіне қойып, бизнес- ланчқа дастарқан жаюда қолданылатын техникалық тәсілдерді қолданып қояды (е).
6- сурет. Тапсырысқа берілетін тағамдар ас мәзірі бойынша түскі асқа дастарқан жаю
Достарыңызбен бөлісу: |